Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:25, реферат

Описание работы

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Содержание работы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...........5-7
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.................................................7-8
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.........................................................8
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы....................9-10
7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13
8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17
9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20
10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу педагогтардың басты мақсаты.......................................................................20-23

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың  кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне  байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.

Тәрбие отбасынан басталады  дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат  сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.

Эстетикалық тәрбиеде халық  ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны  халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін  қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.

Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде  ұлттық өнердің орны ерекше:

•  Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.

•  Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз  сырнай, жетіген, үскірік, т.б.

•  Қолданбалы қолөнер  бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу  өнері.

•  Ауыз әдебиеті.

Олар жас ұрпақтың бос  уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

 

Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие

 

Оқушылардың эстетикалық  тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:

Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.

Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.

География - оқушылардың  эстетикалық дүниетінымын дамытады.

Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау  қабілетін дамытады.

Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.

Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

 

Музыка, бейнелеу өнері сабақтары

 

Музыка сабақтары өте  әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал  етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемділікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі төртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.

 

Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар

 

Оқушылардың эстетикалық  тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер  ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.

Саяхаттың негізгі обьектілері  көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып  табылады.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.

Сыныптан тыс эстетикалық  жұмыстың барлық түрлері оқушылардың  еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері  негізінде іске асырылады.

 

Күнделіктегі  өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы

 

Күнделікті өмірдегі адамның  жеке басының эстетикасы:

Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.

Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.

Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.

Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады.

Сыпайылық - ішкі мәдениеттің  сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі  шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей  білуден көрінеді.

Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық  қағидалары.

Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.

 

Оқушыларға эстетикалық  тәрбие беру

 

Еліміздің өркениетті елдер  қатарына қосылу бағытындағы үлкен  мәселелердің бірі-келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасы Н. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың  кең көлемді мэселелерін екшей  келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық  талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың  маңызы ерекше.

Адам баласы қай кезде  болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген. Түркі халқының үлы ғүлама ғалымы Жүсіп Баласагұн «Өнер керек жаһанды ұстап, ұғуга, Гүр арыстан керек құлан қууга» деп өнерге ерекше мән берген.

Өнердің барлық түрі өзіне  тән бейнелі тілін, тәсілдері  мен әсемдік әлемін ашып көрсете  отырып адам сезіміне әсер ететіні  мәлім. Сондықтан да өнерді түсіну, одан ләззат алу үшін оқушының бойындағы  эстетикалық сезімін ояту шарт.

Қазіргі мектептің алдында  тұрған міндеттердің ең маңыздысы-оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді.

Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй іші мен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден, мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшада  алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы  қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың  білімі күн санап, апталап кеңейе, тереңдей түседі.

Адал жарда болмаса ізі күдіктің,

Құлай сүйген, жаны таза ақылды.

Бақыты сол, байлығы сол жігіттің,

Жақсы әйел құрметті етер атыңды.

Жаны сұлу- нұр құяды  жаныңа,

Шын ойласаң ошағыңның  бақытын.

Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа,

Адал жарың - байлығың да, тынысың -

Ж. Баласағұнның осы бәйіттері-ақ отбасындағы татулыққа, адалдыққа - үндейді және онда сақталуы тиіс эстетикалық, этикалық мәселеге қатты көңіл бөліп, адалдық, сұлулық, әдептілік негізін айқын дәлелдеген. Ақын идеяларының негізгі ойы-білім, ақыл, адамгершілік, сұлулық. Ол шынайы көркемдікті адамның рухани жан дүниесі мен эстетикалық сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, оның адам сұлулығын, отбасы берекесін, көркемділігін сезінудегі орнының ерекше екенін атап өтеді. Аса көрнекті ақын, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» поэмасында адам өмірін эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеуге тырысады.

Адамзат баласына үнемі жақсылық жасау қажеттілігі туралы түсіндіруге  ұмтылады. Жас ұрпақты қол өнер мен сан-саналы білімге баулу-ата-ананың басты парызы дей отырып рухани дүниені  білім арқылы жетілдіру, сөз өнері, жақсы, жаман қасиеттері туралы даналық  ойларын айтады.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар» дей келе, дүниенің кілті - білімде деген үлкен ой тұжырымын жасайды.

Бұл тұжырым ғасырдан ғасырға  жалғасып келе жатқан бай мұрамыздың бірі-ауыз әдебиетінде де кеңінен  көрініс тапқан. Бүгінгі таңда  ауыз әдебиетінің озық түрлерінің бірі болып саналатын эпостық жырлар мен батырлар жырын үйрету, оқыту  арқылы эстетикалық тәрбие беру жоғарыдағы айтылған оймен үндестік табады. Ұлттық мұрамыз халықтық педагогиканың  бай мұрасы-батырлар жырында ел қорғау, басқыншыларға қарсы күрес жолындағы  батырлар ерлігі, олардың еліне деген  сүйіспеншілігі, азаттық жолындағы  жан қиярлық құштарлығы бейнелі  түрде баяндалса, эпостық жырларда белгілі жыршылар домбыраға қосып, тартымды әуенмен жырлай білген. Күшті  эмоциямен жырланған жыр тыңдарманның ынтасын арттырып, оны жақсылыққа итермелейді, өнегелі өмір сүруге баулиды. Өнерді сүйе білуге, ізгілікке, отансүйгіштікке  тәрбиелейді. Мұндай жырлардағы қаһармандардың мінез-құлқы бейнеленген сәттері  адам жанын тебірентіп, оның бойында  көркемдік із қалдырады. Сөйтіп, көркем шығарма мен көркем өнердің батыл  ұштасқан тұстары арқылы оқушы бойына эстетикалық сезім ұялап, эстетикалық  тәрбие қалыптасады. Сондай-ақ, ақынның  өнерді эстетикалық құрал деп  қабылдауы беретін кездегі ақын- жазушылардың шығармаларында да кеңінен  көрініс тапқан. Көрнекті жазушы Л.Толстой  өз шығармаларында өнерді эстетикалық  тәрбие мен руханилықтың құралы ретінде  көрсете отырып «Өнер дегеніміз  ойын емес. Бұл тек адамдардың өзара  қарым-қатынасы, бұл қарым-қатынас  оларды сол бір сезімдер арқылы байланыстырады»  деп өз тұжырымдамасын берсе, К. Ушинский «Ана-тілі» мақаласында «Халықтың  тілі- өте тамаша, өшпейтін, мәңгі  жарқырайтын оның рухани өмірінің бояуы. Тіл арқылы бүкіл халық, отан рухтанады, онда халықтық ойдың рухы, оның ауасы, даласы шығармашыл күшке айналады»  дейді. Сонымен қатар ол да эстетикалық-рухани тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін  аударып, оны қоғам дамуымен тығыз  баланыста қарастырады.

Мектеп оқушысының рухани қорын, мәдени- эстетикалық деңгейін кеңейтуге халық ауыз әдебиеті үлгілері, музыка, музыкалық аспаптар мен қолөнер  түрлері де көптеп әсер етеді. Бұл  әсемдік тегін, сұлулық негізін  табиғат жаратылысымен, адам мен  табиғат, өнер құралдары арасындағы байланыспен сабақтастырады. Туған  жер табиғатын қадірлеу, туған  тілді сүю, айналасындағы адамдарға  мейірімділікпен қарау, өзін қоршаған орта сұлулығын сезіну, оны көзінің  қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда  қабылдау азаматтық борышы екендігін  зердесіне құя білген оқушы ғана рухани әсемдікті ұғына біледі және осы сезіммен ер жетеді.

Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында  оқушының эстетикалық көзқарысы  қалыптасқан, эстетикалық мәдениетті меңгерген саналы тұлға етіп тәрбиелеу  үшін эстетикалық тәрбиенің мақсаты  мен міндеттерін, ұйымдастыру формалары  және тәсілдерін жаңаша жүргізу қажет.

Информация о работе Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері