Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 13:32, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтікжәне экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайыөмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын,қабілетті, дербес келген жеке тұлғаны қалыптастыру.

Содержание работы

Кіріспе
Шағын жинақты мектеп ерекшелігі
Шағын жинақты мектептердегі өздік жұмыс
Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері.docx

— 41.10 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері

 

 

 

 

Тобы: ВПМНО-102

Орындаған: Егеубаева А.Х.

Тексерген: Абитаева Т.А.

 

 

 

 

 

 

Қарағанды-2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Шағын жинақты мектеп ерекшелігі

Шағын жинақты мектептердегі өздік жұмыс

Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, қабілетті, дербес келген жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудегі бірінші сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал етуді көздейді. Әр адамның бастапқы білімге деген құштарлығы, өмірге деген көзқарасы бастауыш сыныптан басталатыны сөзсіз. Бастауыш мектепте оқушыға белгілі бір көлемдегі білім ғана беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға, өз ойын дұрыс еркін айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге үйрету, қажетті біліктер мен дағдыларды игеру, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау белсенділіктерін оқу әрекетін оңтайлы ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш шағын жинақты мектептердің жұмыстарының тиімділігін жалпы және жеке жағдайлармен ерекшеленеді. Біріншісі, оқу тәрбие үрдісінде үлкен нәтижелерге жетудегі мүмкіндіктерді көрсетуі, ал екінші сыныптан тыс және тәрбиелік жұмыстағы нақты сабақты ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Бастауыш мектеп оқушысының білімге деген құштарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныстарын ескеру, шығармашылығын жетілдіруге қолайлы жағдай жасау мұғалімнің үнемі назарында болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шағын жинақты бастауыш мектеп - бұл параллель сыныптары жоқ оқушылар саны аз мектеп. Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді. Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, бұл біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты. Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ғана ауылдарда, уақытша елді-мекендерде қалашықтар да ашылды. Қазір туу көрсеткішінің азаюы, халықтың қалаға орналасуының көбеюіне байланысты олар ірі қалаларда да ашылуда.

Негізгі және орта мектептердің аз қамтылғандармен бірігуі пайда болады. Шағын жинақты мектептердің даму динамикасы тең емес. Бір облыста аз болса, ал басқаларында көп болып келеді. Бұған туу көрсеткішінің азаюымен халықтың орналасуынан басқа өндіріс құрылымдары да әсер етеді. Осы кезге дейін шағын жинақты мектептерге төмен деңгейдей оқу орны деп қарады, онда жоғары деңгейде білім мен тәрбие алу мүмкін емес деді. Қазіргі кезде көптеген мамандар шағын жинақты мектептерде белгілі бір артықшылық бар деген қорытындыға келеді. Басты мәселе – оқушы санының аздығы. Егер мұғалім бұл артықшылықты дұрыс қолдана білсе, онда ол оқыту - тәрбие үрдісін әрбір оқушыға дұрыс ұйымдастыра алады. Шағын жинақты мектеп – бұл әр түрлі жастағы кішігірім ұжым, онда үлкендер мен кішілерді тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер жасалады. 20-30 оқушысы бар мектеп үлкен отбасын еске түсіреді. Бұндағы педагогтар мен оқушылардың қарымـқатынасы басқа үлкен ұжымдарға қарағанда жақын немесе жақсы болып келеді. Бұнда басқа үлкен мектептердегідей құқық бұзушылық орын алмайды. Әрқайсысы бірـбірін біледі, жақсы көреді, сенеді немесе көмектеседі. Біздің шағын кешенді мектепте болған американдық педагог оны батыстың оқу орындарымен салыстырды. Ол тек бір кемшілікті тапты – біздің мектептің бюджеті американдық мектептің бюджетінен 1000 есе аз. Шағын жинақты мектеп көптеген қиындықтармен кезігеді. Солардың ішінде оқушылар санының аздығы. Білімнің негізгі бөлігін оқушылар бірـбірінен алады. Бұл арқылы олар материалды жақсы түсініп, тез қабылдайды. Сыныпта міндетті түрде күшті қабілетті оқушылар болуы керек. Егер сынып кішкентай болса, олар болмауы да мүмкін. Онда ешкімнен білім ала алмайды. Мұғалім шебер болса да, бұл мәселені толықтыра алмайды. Оқушыларды сынып бойынша, қабілеттері бойынша мұндай мектепте жүйелеуге болмайды. Шағын жинақты мектепте 1 немесе 2 мұғалім жұмыс істейді. Кітапханашының, шаруашылық меңгерушісінің, меңгерушінің міндеттері мында қарастырылмаған. Олардың қызметтерін мұғалімдер атқарады. Шағын жинақты мектептің мұғалімдері бір мамандықпен шектелмейді, ол әр істің шебері: оның міндеттері оның терең кәсіби диагностикалау болып есептеледі.

Мектеп – ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы болып есептеледі. Ол әрқашан және бәріне ашық. Шағын жинақты мектеп көптеген әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең азы 2-3 оқушыдан тұратын және көбірегі 40-50 оқушы, 1-2 сыныбы жоқтары да бар. Көптеген мектептің материалдық базасы аз. Сондықтан, олардың қызметтік жағдайы ерекше. Педагогикалық заңдылықтар қайталанбайтын нақты сипаттарға ие болады. Бұл жағдайда педагогикалық жағдай әдіснамалық ұсыныстар шығармашылық қайта ойлануды талап етеді. Бұл жағдай шағын жинақты мектептің әдіснамалық орталықтан алыста орналасуы мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болғанын талап етеді. Қазіргі шағын жинақты мектептің ерекше сипаттамасы – олардың мектепке дейінгі мекемелермен тығыз байланыстылығында. «Мектеп ـ балабақша» деген кешендер таралып және өздерін жақсы көрсетті. Олар әлеуметтікـэкономикалық және санитарлық- гигиеналық жағдайлары бар жерлердің барлығында ашылды. Басқарудың бірлігімен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелейтін орталықтар ашылды. Педагогикалық кеңес стратегияны анықтады. Олардың ішіне меңгерушіден басқа, мұғалімдер, тәрбиелеушілер, әдіскер, музыкалық басқарушы, атаـаналар кеңесінің басшысы кіреді.

Бастауыш шағын шағын жинақты мектептің негізгі компоненті сынып-комплект. Бұл сынып бір ғана педагог-сынып жетекшімен басқарылады. Бұл кешен 2-3 немесе 4 сыныптан тұруы мүмкін. Кешенді сыныптың қосылу схемасы мынадай болуы мүмкін 1-2; 1-3; 2-3; 1-2-3; 3-4; 1-2-3-4. Өте сирек бірақ бір уақыттағы және оқу жоспары және 3 немесе 4 жылдық бағдарламасы бар мектептер кездеседі. Онда сынып-комплект құру қиынырақ, мұғалім сынып жетекшілерінің жұмысындағы қиындық, оған күн сайын 8-12 сабақ дайындау керек, 2-3 кластарға көңіл бөлу керек. Бұл қиындықпен ол ұзақ уақыттың және әр бағыттағы дайындықпен және бірнеше қатардағы кәсіби дағдыларды игерумен шешеді. Мұғалімнің жұмысшының таң қалдырып, олардың оқушылары толық көлемде жұмыстанады. Ал олардың нәтижесі басқаларға қарағанда жақсы болады, жұмысты қиындататын сыныптардың толықтыруының тең еместігі. Мысалы: 1 сыныпта 2-3 оқушы отыруы мүмкін. Келесі жылы бұл жағдай өзгереді. 1-ші сыныпқа 12-14 оқушы келсе, 2-3 сыныпта өзгеріс болмайды. Бұл жыл сайынғы оқу тәрбие жұмысының өзгеруіне әкеледі. Оларды қайталап қолдануға болмайды.

Шағын жинақты мектептердің бастауыш мұғалімдері білім берудің еркін түрін таңдай алады. Алдыңғы орында оқу тәрбиенің сапасы тұрады. Егер ол оқушылардың қиын екенін көрсе, ол оқу үрдісін өзгертеді. Жеңіл тапсырманы шешуде уақытты үнемдеуге болады. Жалпы шарттар мынадай болып келеді:

ـ материалдық (орын, жиһаз, мектеп алдық орын, техникалық оқу-құралдары, әдістемеліктер, оқулықтар т.б)

- экономикалық (қуат көзін  тасымалдаушыларға ақшалай төлемдер т.б)

- санитарлық-гигиеналық (оқу  және басқа да орындардың талапқа сай келу, жиһаз көлемі т.б)

- экологиялық ( мектептің  орналасқан жері)

- мектептің қашықтығы (телебағдарламаларды  қабылдау мүмкіндігі, мұғалімнің классификациясының жоғарылау, әдіскер және инспектор т.б)

- мұғалімдердің шеберлігі.

Айтылған мәселелердің аз ғана қатысы бар. Бірақ олар нақтылы, мектеп жұмысының қаншалықты деңгейді жұмыс жасайтынын анықтауға мүмкіндік береді, білім беру мен тәрбиенің сапа анықтауға мүмкіндік

береді.

Сабақ кестесі қандай да бір кешенді білімдер жүйесіне тәуелді. Аралас сыныптар (1-2, 2-3, 3-4 ) ал кешенді ( 1-3, 2-4, 1-4) және басқа да сыныптарды қарастырады. Тиімді күндер – сейсенбі мен сәрсенбі, бірінші және екінші сабақтар. Бұл күндері оқушылар ең аз көңіл бөлетін пәндерге сурет, ән, дене, еңбек сабақтары жатады. Қандай пәндерді сабақ кестесіне қосуға болады, бірдей, әлде әр түрлі ме? Егер де бірдей пәндерді қоссақ, онда мұғалімге сабақты ұйымдастыру оңай болады, оқушының да бір сабақтан екінші сабаққа ауысуы оңайға соғады. Және де кейде сабақтарды бір тақырыпта да өткізуге болады, әдебиет, дене шынықтыру, дүниетану, еңбек, музыка сабақтарын қосады. Бір мезгілде математика және тіл сабақтарын өткізу өте қиын. Жаңадан бастап жатқан мұғалім оқушының барлық ойын қажетті басқара алмайды. Бір ғана сыныпта математика, тіл, дүниетану сабақтарын өткізуге болады. 1 сынып оқушыларына маңызды көңіл аудару керек. 60 жылдарда 1 сынып оқушыларымен 1-ші жарты жылдықтан бастап жұмыс жасау керек деп ұсынылған. Келесі тәртіп 1 сынып оқушыларына 1-2 сабақты 30 минуттан өткізіледі. Келесі 2 сабақ 40 минуттан басқа сыныптармен бірге өткізіледі. Егер қажет болса соңғы сабақтар 35 минуттан созылады. 2-ші жарты жылдықта 1 сынып оқушылары өздігінен жұмыс жасай бастағанда, олармен уақытты қысқартып, басқа сыныпқа көңіл аудару керек. Шағын жинақты мектептегі білім беру мен тәрбиенің негізгі формасы – сабақ. Әдеттегідей, мұғалім сол оқушылармен сабақ кестесі бойынша оқушыларға сабақ береді. Бірақ сыныпта әртүрлі жастағылар мен бір сабақта көп пәндер болады. Бұл - шағын жинақты мектептегі негізгі сабақтың ерекшелігі.  Әрбір сабақ сыныпта – кешенді, бұл нақты 2-3 сабақ бір тақырыпта байланыстырылады. Ол бір уақытта, бір кабинетте өткізіледі. Сондықтан мұғалім:

- 4-5 рет жұмыста не 1 сыныппен, басқа сыныппен жұмыстануы тиіс, бірақ жұмыстағы басты мақсатты әр сыныпта жоғалтып алмау керек;

- әр сыныпта уақытты  бөлу керек, өйткені сабақтың  басты тақырыбын түсіну үшін;

- логикалық танымын бұзбау  үшін қалай әсер ету керектігін  білу қажет;

- жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын арттыруға қабілетті болу керек;

- барлық сыныпта сабақпен  бірге тәрбие процесінде жүргізу  керек; - базисті компонентті құруға үлес қосады: оқу, жаңа тақырып қажеттілігі және т.б.

Кешенді сыныпта жұмыс жасау тек қана мұғалім үшін қиын емес. Ол оқушыларға да қиындық туғызады. Ерекше қабілетті балалар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Ал қалғандары үйренуі қажет: - тапсырманы орындауға зейінін шоғырландыру;

- басқа сыныпқа мұғалімнің  түсіндіруін тыңдамау;

- өздеріне қатысты емес  суреттерге, басқа материалдарға  зейінін бөлмеу;

- басқа сыныптың оқушыларының  жауабын тыңдамау;

- мұғалім оларға түсіндіре  бастағанда тез зейінін жинақтау.

Бұл қиын білік, бірақ өмір барысында септігін тигізеді. Бірақ оны тез ұғу қиын, көп күш жұмсау қажет болады. Баланың оқуды түсінуі оның зейінінің шоғырлануына байланысты. Сондықтан, мұғалім кешенді сыныпта оқушылардың білімін өзіндік жұмыста тексеріп отыру керек. Жалпы талаптар бастауыш шағын кешенді мектепте қаралған мәселелерден ерекшеленбейді. Үлкен көлемде санитарлық-гигиеналық, психологиялық-физиологиялық, дидактикалық, тәрбиелеу талаптары сақталады.

Сабақ құрылымы шағын жинақты мектепте ерекшеленбейді. Барлық сабақ кешенді сыныптарда бір типті. Олар сабақ жоспарын құруда сыныпты ұйымдастыру, оқығанды қайталау, жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын беру жұмыстары жүргізіледі. Ұйымдастыру формасы әртүрлі болуы мүмкін. Жаңа тақырыпты түсіну шағын кешенді мектепте екіге бөлінеді:

1) мұғаліммен бірге жұмыстану,

2) оқушылардың өзіндік жұмысы.

Шамамен барлық уақыттың 80 – 90 % құрайды. Мұғалімнің басшылығымен немесе қатысымен бәрі жасалады:

- кейбір дайындық жаттығулары;

- өзіндік жұмыстағы жаңа  материалды түсіндіру;

- жаңа материалдың әңгіме-мазмұны;

- анықтама, әңгіме;

- эстетикалық әңгіме;

- дидактикалық ойын;

- бастапқы қабылдау, жаңа  материалды бекіту;

- білімнің диагностикалық  деңгейі;

- материалды жалпылау тематикасы.

Өзіндік жұмыстың негізін жаттығу құрайды. Жаттығудың орындалу саны маңызды. Жаңа тақырыпты түсіндіруге уақыт болмағандықтан, мұғалім оқушыларға өздері түсініп алу қажет және көп ұзамай жетістікке жетеді: шағын кешенді мектептің бастауыш оқушылары өздік жұмысты толық сыныптағы оқушыларға қарғанда жақсы орындайды. Үрдісті түсінудің басқаларға қарағанда 4 формасы таралған:

1) мұғалім жаңа материалды  түсіндіреді, ал оқушылар түсініп  және есте сақтайды;

2) балалар жаңа білімді  меңгереді, эврестикалық әңгімелер, бақылау, анализ, фактілерді мұғалімнің жетекшілігін тексеру;

3) балалар жаңа формаларды  үлгілер мен ұқсастықтар арқылы  меңгереді;

4) балалар жаңа білімді  кітаптағы мәліметтер арқылы  меңгереді.

Оқытушылардағы басты мақсат – екі-үш сыныппен жұмыс жасаған кезде уақытты дұрыс құру және пайдалану. Әрбір минут қымбат. Сондықтан оқытудың нәтижелігіне әрбір минутты дұрыс пайдалану өте маңызды. Сыныптағы уақыт жоғалтудың себебі:

- барлық сыныпта жұмысты  бір уақытта бастамаудан;

- қатысушыларға алда тұрған  жұмыстың тапсырмаларды нақтылап түсіндірудің қажеттілігі;

- алдын-ала өзіндік жұмысты  орындауға арналған дидактикалық материалдардың болмауы;

- ол материалдар сапасының  төмендігі, үнемі мұғалімнің түсіндіруі қажет етуі;

- қате не арнайы белгіленбеген  дидактикалық материалдарды қолдану;

- мұғалімдермен оқушылардың  жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылмауы

- оқу құралдары мен  дидактикалық материалдардың сапасыздығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫС

Шағын жинақты мектептердегі өздік жұмыс – мұғалімнің қатысынсыз білім алуға, үйренуге, оны практикада қолдану тәсіліне бағытталған оқушылар әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, жағымды көзқарастарын құрастырып, қоршаған ортасында өз ісімен айналысуға бағытталады. Өздік жұмыс ойлануды қажет етеді, тапсырманы формальды орындап көшіру сияқты әрекеттер игеріледі. Бұның бәрі маңызды сапаларды дамытады, яғни өздік білімді игеру қабілетін, оқуға қабілетті. Өз беттілік мінез бітісі ретінде қалыптасады. Өздік жұмыс сыныптық жүйеде оқу және бақылау қызметтерін атқарады. Сондықтан оның мақсаты мен тапсырмаларынан оны барлық сабақ деңгейлерінде қолданады. Көбінесе ұстаздар өздік жұмысқа қорытындылау мен қайталау (60% көлем), жиі жаңа материалды игеру (20%), өздік жұмыстың жартысы бақылау қызметтерін атқаруға бағытталады.

Информация о работе Шағын жинақы бастауыш мектепте оқу үдерірінің ерекшеліктері