Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 07:46, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бсқару органдары мен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 17.86 Кб (Скачать файл)

                 Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері 
 
Мемлекеттік бсқару органдары мен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады. 
 
Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі Оның өкілеттігі өте кең; жалпымектептік конференция мектеп кеңесін , оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдйға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді.Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу– тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия ,штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата–аналар жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғарғы басты органнның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. 
 
Мектеп кеңесінің қызметі мынандай негізгі бағыттарда іске асады: 
 
- конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады ; 
 
- мемлекеттік және қоғамдық органда оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата – аналармен бірге оқушылардың әлеуметік қорғалуын қамтамасыз етеді; 
 
- бірінші сыныпқа оқушылар ќабылдағанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді. 
 
- бюджет шығындарын есебін талқылайды, оқу орнының жеке ќорын қалыптастырады, оқу орнның бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысының жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды; 
 
- мектеп директорының, оның орын басарларының, жекелеген мұғалімдерді есептерін тыңдайды; 
 
- Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата–аналарға педгогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата–аналар өкілдерінің бірі басқаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоѓамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді.Кеңестің шешімі ата–аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.  
 
Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді. 
 
Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мелекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер,оқушылар мен ата–аналар өздерінің жеке мүдделері , аймақтық, ұлттық,кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда–көптүрлілік, дамудың жан–жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бір қатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырылады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің бсшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады. 

           Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары 
 
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бір қатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелеу және нақты іске асуын танытады. Мектепшілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару ќызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп диреторының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу ; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі ; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі ; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының обьективтілігі және толықтылығы.

            Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.

Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызмет-терінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.

 


Информация о работе Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері