Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 11:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері.
баланың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;
оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық қимыл

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ................................................................................................................5
1.1 Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы..................................................................5
1.2. Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдануы..........18
2. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ...................................22
2.1 Спорттың ұлттық пен қозғалмалы ойындарының педагогикалық мәні...22
2.2.Қозғалмалы ойындар.......................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................37

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 66.09 Кб (Скачать файл)

Ақсерек-көксерек.Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек –ау  ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып  ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте  алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Аударыспақ. Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантиметрдей бір –біріне қапталдас орналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабандоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұстасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағаш аттың құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Орамал тастамақ. Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

«Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ  халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында «Сақина  салу», «Са­қина тастау» деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ор­таға  бір жігітті немесе бір қызды  шығарып, қолына сақина ұс­та­та­ды.

«Теңге алу» - жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып  іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында  ойнайтын шабандоздық тә­жірибені  қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге бе­ріледі.

«Қыз қуу» - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында  атқа мінген жігіт атпен шауып  бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.  Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Түйілген орамал.Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

«Көкпар» - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы  «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары  мал баққан көшпелі қазақ көк  бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған.

«Күміс ілу» - бұл ойын ептілікті, атқа жақсы отыруды та­лап етеді. Келін түсіру, қыз ұзату  салтанатында қалыңдық ора­малға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін  тастайды. Сон­дықтан да кей аймақта  бұл ойынды «жүзік ілу» деп атайды.

«Бәйге» - бұл жарыстың бірнеше  түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге  жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

«Асық ойыны» - қыз-бозбалалар ойыны. Жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші  ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке  белгі салып алған соң, оны  алысырақ барып лақтырады. Кейде  екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.

«Ақсүйек» - жазғы айлы түнде  ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа  бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған  соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.

Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың  көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп  түртіп қашады. Соқыр теке ұстап  алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сақина жасыру. Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Теңге ілу.Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі сайыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Этнограф-ғалымдардың зерт­теу­леріне  жүгінсек, қазақтың ұлт­тық ойындары аңға, малға бай­ланысты, алуан түрлі  заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік  пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге  бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ  халқының ұлттық ойында­ры түрінің  жүзден асып жығылаты­нын айтады. Мұның  өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша  дарынды білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлт­тық ойындардың, әсіресе, жас­өс­пірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп»  те отырған.

Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз  ойынның эсте­ти­калық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға  деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шы­нықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар ар­қылы жастарды өмір сүруге дағ­дыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тар­ту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере бі­луге, білек күшін дамытуға ба­ғытталған. «Хан дойбысы» ойын түрлерін спорттық,  «Хан талапай»,  «Төрт асық», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Омпы», «Сасыр» ойындары дәлдікті ептілікке, серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының әлсіз және күшті жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда ұлттық қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Қозғалмалы ойындар төрт топқа бөлнеді:

- табиғи заттарды қолданып  ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек  жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;

- жануарлар бейнесін елестетіп  ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр  және т.б.;

- мүліктік бұйымдарды  қолданып ойнайтын ойындар: шалма,  бөрік жасырмақ, түйілген шыт,  тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

- құрал-жабдықсыз ойнайтын  ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

Ойын өнердің түріне, топты  ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан  ойын өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.

 

2.2.Қозғалмалы ойындар

 

Қозғалмалы ойындар көп  жағдайда фронталды әдіспен де өткізіледі. Барлық жаттығушылар 2-3 немесе одан да көп тотарға бөлініп, әр топта  бір ойын өздігінше жүргізіледі.Сонымен  қатар топтарға сан қилы жаттығулар берілетін топтық әдістер де қолданылады.

Қозғалмалы ойындар мен  эстафеталар жаттығушыларға денсаулықты  нығайту әсерін тигізу керек, сондықтан  мұндай ойындар таза ауа мен арнайы алаңдарда өткізілу тиіс. Ал егер жаттығулар мен ойындар спорт залдар мен  жабық ғимараттарда өткізілсе, мұндай жағдайларда барлық жаттығушыларға арнайы жағымды гигиеналық жағдай жасалу тиіс.

«Жұпсыз қалма»

Ойыншылар жұптармен шеңбер бойымен тұрады. Әрбіреуі өз серігін  есте сақтайды. Сигнал бойынша ішкі шеңбер оңға қозғалып, сыртқы шеңбер солға  қозғалады. Келесі сигналды естіген  кезде өз серігін тауып шеңбер бойымен бір біріне арқаларымен  қарап тұру керек. Қай жұп бірінші  орындайды, саол жеңіске жетеді.

«Малақайды жұлып ал»

Бұл жарысқа екі қатысушы немесе екі топ қатыса алады. Ортаға шеңбер сызылады. Шеңбер ішінде оң қолдары  денелеріне байланған, ал бастарында малайлары  бар қатысушылар тұрады.Негізгі  мақсат – қарсыласынан малақайды  шешіп, өзінің малақайын шештіртпеуге тырысу. Қай топ көп малақай  шешсе, соған ұпай беріледі.

«Санмен қателеспе»

Барлық ойыншылар шеңбер бойымен тұрады, 2 немес 4 немесе т.б. сан естіген кезде қатысушылар  санға сәйкес адамдардан өзара шеңбер құрайды. Кімде кім шеңберсіз  қалса, сол ойыннан шығады.

«Маған ... адамдар ұнайды»

Ойыншылар шеңбер бойымен  орындықтарда отырады. Бос орындық  жоқ. Ортада жүргізуші тұрады. Кейін  ол «маған шашы ұзын ададмдар ұнайды»  деген кезде шашы ұзын адамдар  орындарынан тұрып өздеріне  басқа  орын іздестіреді, осы кезде жүргізуші  де өзіне орын тауып отыру керек. Кімде кім орынсыз қалса сол  жүргізуші болып «Маған бүгін  таңертең нан жеген адамдар ұнайды»  деп айтуы мүмкін. Ойын қатысушылар  шаршағанша дейін жалғаса беру мүмкін. Осы ойында жеңілген немесе жеңгендер  болмайды.

«Тимей өт»

Түзу жерде қатысушылар  алдында 10 қалашық (кегли немесе т.б. заттар) қойылады. Қатысушылардың біреуіне көзін жабады, ол осы қалашықтарды тимей өту тиіс. ТОп адамдары оған джауыспен көмектесу мүмкін. Ойын барлық қалашықтарды алып тастаған кезде  қызық өтеді.

«Паук»

Старт линиясында екі шеңбер сызылады. Барлық қатысушыларды тең  санға (10-15) бөліп, оларды белдерінен байлар тастайды. Осылайша сізде 2 топ болды. Олар сіздің сигналыңыз бойынша екінші жерге, финишке жүгірмей, сүрініп, еңбектеп жетеді. Финиште стартта сияқты екі  шеңбер сызылып тұрады, олар осы  шеңберлерге тұру керек.

«Соқыр теке»

Ойынға шүберек қажет. Барлық қатысушылар шеңберге тұрып, қолдарынан ұстайды . Шеңбер ішіне 4-5 адам тұрып, біреуіне көзін байлап тастайды, Қалған адамдар көзі байланаған адамды жан-жақтан түртеді де, ол қалғандарын  ұстап алу керек. Егер көзі байланған  адам біреуді ұстап, оны таныса, сол  адам келесі соқыр теке болады.

Ойын ережесі:1 Ойыншылар  шеңберден шықпау керек. 2 Соқыр текені итеріп, аяқпен бөгет жасауға тыйым  салынады.

«Тырналар»

Қатысушылар екі тең топқа  бөлінеді. Әр топта қыздар мен ұлдар  саны тең болу керек. Осы ойынға ұзындығы 50-60м., ал ені 10-20м-кем болмайтын алң  керек. Әр 10 метр сайын сызықар сызылады. Әр сызық бойында қатысушы тұрады. Сигналдан кейін екі топтың капитандары  алғашқы 10метр жүгіріп, екінші сызықта  тұрған ойыншы қолын созып «Тырау-тырау» деп айқайлайды. Бірінші жүгірген капитан екінші қатысушымен қол  тигізіп, осылайша эстафетаны келесі қатысушыға тартады. Қай топ бірінші дұрыс  жүгіріп келеді, сол жеңеді.

Ойын ережесі: 1.Ойынды тек  сигнал бойынша бастайды. Қателік  жасаған команда штрафты ұпай алады. 2.Жеңіске штрафты ұпайлары аз немесе мүлдем жоқ топ жетеді.

«Ала күшік»

Жребий бойынша қатысушылар  санына ала күшік таңдалады. Ысқырық  бойынша күшік ойыншылардыұстайды. Кімді күшік ұстап алса, сол  күшік атанып басқа ойыншыларды  ұстайды. Ойын шартталған уақытқа дейін  созылмақ.

Ойын ережесі: 1.Ойын басқарушы  сигналы бойынша басталып, аяқталады. 2.Ойыншыларды ұстау барысында  қолмен ұстауға тыйым салынады.

«Ақсерек-көксерек»

Барлық қатысушылар екі  топқа бөлініп, қарсылас жаққа шеренга  бойымен тұрады. Шеренга аралары 30-40метр. Екі топ тұтқындар шеңберін сызады. Топ капитаны таңдалады. Ойын басталмас бұрын жребиймен кім  бірінші бастайтыны анықталады. Ойынды бастаған «А» тобы капитанымен екінші «Б» тобына қарай :

«Ақсерек пен көксерек

Бізден сізге кім керек?»  дейді

«Б» тобы капитанымен бірге:

«Ай көрек-ау, ой керек

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақсерек-көксерек

Сонау тұрған тілегіннің өзі  керек» деп жауап қайтарады.

Информация о работе Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы