Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 11:24, реферат

Описание работы

Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі
2.2Ғұламаның педагогикадағы оқыту теориясы мәселелері
2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар
III.Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 73.95 Кб (Скачать файл)

Фараби  шығармашылығының психологилық тұрғыдан маңызды ғылыми проблемалардың бірі – оның музыка жайлы толғаныстары. Ол өз еңбектерінде, әсіресе  «Музыканың  үлкен кітабында» әуездің адам сезімдеріне қалайша  әсер еткендігі, оның жағымды-жағымсыз  көңіл – күйлерін  қалайша туғызатындығы, адамның  сұлулық талғамы, яғни  әсемдік  пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті бағалай  алуы,  музыканың адам организмін бір қалыпты  күйге келтіруі жайлы сөз қозғайды, эстетикалық  талғам мен этикалық  түсініктің тығыз байланыстылығын айтады. «Бұл ғылым (музыка,ән) ,- деп жазды ол,-  өзінің байсалдылығынан айырылыған адамды түзеуге, қызба адамды бірқалыпты ұстауға  құдіреті әбден жетеді.»  

Музыканың негізгі  мақсаты -  адамның эстетикалық  қажеттерін қанағаттандыру. Бұл поэзияға  да ортақ  қасиет, өйткені поэтикалық  тіл мен музыка тілі бір – біріне  етене қабысқан кезде ғана музыканың әсерлігі  арта түседі. Өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани  нәр алу, нәзік сезімдерді образдар арқылы паш ету  адамға  тән қасиет. Тән ауырғанда  көңілдің күрт төмен түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездерде  сазды әуеннің әсерімен көңіл сергиді де,  адам жаны да  жай тауып, өзінің ауру халін ұмыта бастайтын болады. Музыка адамды  қиындыққа шыдауға, ауыр еңбекке  төзуге көмек береді,  шаршап – шалдығуды  ұмыту үшін, көңілді  жұбату  үшін  ән салу қажет, ал ән  және оған  қатысты нәрселер сезіммен, қиялмен және санамен бірдей  байланысты болады.», - деп түйіндейді ұлы ойшыл.  Ән салудың  түрлері  сан алуан. «Музыка үлкен кітабында» Фараби   оның үш түрі бар екенін айтады. Біріншісі адамда  жай ғана рақат  сезімін тудырады. Екінші түрі -  құмарлық пен іңкәрлікті  тудырады. үшіншісі – қилды оятып, санада  небір ғажайып бейнелердің  тоғысуына  жағдай жасайды. Осы үш  жәйтке ие  болған  музыка кемеліне  келген музыка болады, мұндайда ол бізге әсер етеді. Музыканы қабылдауға  қатысатын  түйсіктер табиғи және табиғи емес болып екіге бөлінеді. Табиғи жағдайда түйсік жанға рақат таптырады. Табиғи  емес (жасанды) жағдайда  музыкалық түйсік көңіл құмарлығын онша  қандыра алмайды.

Фараби түсінігіде, ғылым, өнер, музыка атаулының  бәрі – бәрі зор дарын, арнаулы қабілет, өлшеусіз еңбек етудің жемісі. Дарындылық ақыл – парасат, қиял қиылыса келіп отырса ғана нағыз өнер туындайды, ол адамды  ақиқатқа жетелейді. Ән мен музыка үшін туыстан болатын қасиеттермен қатар оқып – үйрену, жаттығудың  маңызы зор. Музыка  шығарушылық жан – жақты  ізденіп жаттығау, оның  түрлерін ( жанрларын)  бір – бірімен салыстыра, мелодияларды талдап ажыратып, әрбір тонның (саздың, үннің), дыбыстың әсерін мұқият бағалай, зерттей  білу қажет.  Шәкірт өз бетінше жаңа мелодия шығару дәрежесіне жеткенше мұндай жаттығуды үздіксіз жүргізе беруі тиіс.

Ұлы ғұламаның музыка ғылымы туралы айтқандарының қысқа түрде психологиялық талдай  жасай келіп, төмендегіше түйін жасауға  болады: 1) музыка – адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер етуде таптырмайтын құрал; 2) музыкалық әуендер жақсы  мінез-құлық  нормаларын, адамның армандары  мен мұраттарын қалыптастыруда елеулі  рөл атқарады.; 3)  ән мен музык  адамда  көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу  арқылы, кісінің өзін- өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден  арылуына  ықпал етеді; 4) музыкалық дарын туыстан болатын қасиеттермен қатар,  өлшеусіз еңбек  пен үздіксіз жаттығу мен дайындықтың жемісі; 5) музыка теориясының негізгі приниптерін  танып -білуде адамның есту  түйсіктерін дамыту елеулі рөл атқарады.

Әл – Фараби  медицина саласында да өз мәнін күні  бүгінге дейін жоймаған көптеген еңбектер жазды. Оның : «Адамның дене мүшелері хақында», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер», «Түс көру туралы сөз» т.б. трактаттарында медициналық психологияның  біраз мәселелері сөз болады. Фараби түйінділерінің бұл жердегі  негізгі арқауы: адам  нәтижелі  еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүру үшін тән саулығына ерекше назар аудару қажет, яғни тәні саудың – жаны сау дей келіп, «тәнді емдеу, Гиппократтың  сөзімен айтқанда өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс»,  ғұлама адамның психологиялық, әсіресе физиологиялық  әрекетіне ерекше мән береді. Ол тән мен жанның әрекеті үшін аяқ пен  қолдың бірлескен қызметін атай келе бүкіл организмді басқаруда жүрек негізгі рөл атқарады, тіпті жан қуаттарының жұмысына да жүрек басшылық етеді дейді. Ол аяқ пен қолдың организмдегі орнын дұрыс көрсеткенмен, физиологиялық, психологиялық процестердегі мидың рөлі туралы дәйекті пікір айта алмады. Оның пікірінше, жүрек тіршілік атаулының, денсаулықтың, өмір сүрудің негізгі арқауы.

Ғұламаның науқастың көңіл - күйін  арттыру, сөйтіп оның зардаптарын  азайту жайлы  айтқандарының, яғни  қазіргі  ғылым тілімен айтқанда, оның психотерапевтік, психопрофилактикалық тұрғыдан жасаған түйіндерінің мәні ерекше.  Ол адамды хирургиялық жолмен (сою, күйдіру т.б.) емдеуден гөрі  сөзбен  сендіру, иландыру әдістерімен емдеуге ерекше мән берді, кейбір дәрігерлердің адамның көңіл – күйін, психологиялық  ерекшеліктерін  жақсы  білмейтіндігін, тіпті мұнымен жөнді санаспайтындығына қынжылады. Ғалымның пікірінше, дәрігердің медицина өнеріне жетілуі, біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білуден, екіншіден, денсаулықтың өлшемін (критерийін) анықтап, оның дұрыс сақтап, егер бұзыла қалса, қалпына келтіруге қолданылатын шараларды білуден,үшіншіден, аурудың түрлерін, оның тудыратын себептерді, кеселді жоятын тәсілдерді дұрыс айырудан, төртіншіден, сау адам мен науқастың психологиясын салыстырып қараудан, бесіншіден, ауруға  берілетін дәрі – дәрмектің қолдану жолымен, оның  әсерін арттыру (психофармакология) тамақтану режимін белгілі  жүйеге  түсіруден, алтыншыдан, науқаспен, оның  жақындарымен байыппен тілдесе, сөйлесе білу өнеріне машықтана білуден көрінуі тиіс.   

Ғұлама – ғалым жаратылыстану ғалымдарының ішіндегі ең сүбелілерінің бірі -  медицина адамның өмір сүру, тршілік қасиеттеріне жақындата түсуді  ойластырған. Сондықтан да  оны Шығыс әлемінде медициналық  психологияның іргетасын алғаш қалаған әмбебап ғалым деп айтуымызға әбден болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ    

 

 

 Сонымен қорыта келгенде, Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін жасаған шығармашылық, тарихи, ғылыми мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің мәні мен мазмұнының гумандылық маңызы ерекше.     

Әл-Фараби шығармашылығын зерттеудің жаңа көк- жиектерін атауға ең бастысы Батыс пен Шығыстың диалогына, әртүрлі елдер мен халықтардың дүниетанымдарының өзара жақындай түсуіне, адамзат баласы енді аяқ басқан жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына септігін тигізетіні де ақиқат.     

Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі (феодализм, капитализм, социализм) әлеуметтік мәнін ашты. Оның ілімі тәрбие, еңбек, адамгершілік, гумандылық, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.    

Еңбек әр қоғамда қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек-еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.    

Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу, жіктеу арқылы болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Яғни ғылымдарды жүйелеу жөніндегі ілімінің теориялық тарихи мәні -материалдық заттарды адамдардың санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деді.    

Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылымға негізделген теориясын жасай отырып, оны тәжірибеде, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.    

Әл-Фараби ілімі Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуына, дамуына жэне қалыптасуына революциялық төңкеріс болып есептеледі. Педагогикалық тәлім-тәрбиенің дамуында сапа жағынан жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың негізін қалады.   

Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан Әл-Фараби дүниетанымы екі әлемнің — көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманистік (философия, логика, этика, эстететика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.    

Қазіргі таңда Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасын, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігіне негіздеу, оны жүзеге асыру барысында үлкен маңызға ие болды. Оқырман қауым Әл -Фарабидің еңбектері арқылы жан-жақты білім алуға, рухани дүние байлықтары мен дүниетанымын дамытуға өте үлкен ықпал етеді.    

Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастарымен», «Философияның дінді қажетсінбеуі» т.б. философиялық трактаттарында шеңбер-қала болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы -өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары - мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік-имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады. /59/.     

Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.    

Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Әл-Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық - үшеуінің бірлігінде.    

Әл-Фарабидің гуманистік идеялары әлемге тез тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл-Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол - өмір шандығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.     

Әл - Фараби тәрбиеге гумандылық бағыт берді,ол барша адам баласын достыққа, адамгершілікке шақыра отырып, адамзат баласын мұрат - мақсатына жеткізуді көздеді.Фараби ағартушылық пен парасаттылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол халықтарды бейбіт өмір сүруге шақыра отырып, адам баласын білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер.    

Асқар таулар қоршаған қазақ жері, жусан исі аңқыған ежелгі Қыпшақ даласы бұдан оң мың жылдар бұрын жүріп өткен мұз көшкінінен (тарихшыларымыздың айтуы бойынша, мұз дәуірінен) аман қалғаны рас болса, онда адам -заттың өркениеттің туған бесігі — біздің байтақ өлкеміз деуге толық негіз бар.     

Шынында да туған даламыздың құнарлы топырағы рухани суат көзі болып ашылып, әлемде сирек ұшырасатын кемеңгер тұлғаларды жарық дүниеге әкелгені ақиқат.                     

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Көбесов А.

«Әл – Фараби» Алматы «Қазақстан », 1971

2) Көбесов Ауданбек

«Әбу Насыр Әл – Фараби» Алматы – 2004

3) Көбесов А.

«Әл – Фарабидің ашылмаған әлемі» Алматы – 2002

4) Бейсенов А.

«Әл – Фарабидің тұжырымдары» // Ақиқат. – 2006. - № 6. -70 -73б

5) Әуелбеков Ә.

« Әл – Фараби - ұлы ұстаз ғұлама.»

// Оңтүстік Қазақстан. 2006. – 18 наурыз.

6) «Ұлттың ұлы ұстазы: (Әл – Фараби туралы)»

Егемен Қазақстан. 2003- 12 желтоқсан

7) « Әбу Насыр Әл  – фараби» // Алдаспан. – 2003. - № 1-2.- 7 бет.

8) Медетбаев Т.С.

« Әл – Фарабидің әдеби - ғылыми мұрасы».

Автореферат». – Алматы, 1998 ж.

9) Қазақстан ұлттық энциклопедия

10) «Әл – Фараби», 1 том . Алматы, 1998 ж.

11) Қари Қ.

«Әл – Фараби еңбектері елге қайта ма?» // Жас қазақ. – 2006. -27 қазан. 9б.

12) Мұсаева Н.

«Шығыстың Аристотелі (Әл – Фараби туралы)»

// Оңтүстік Қазақстан. -2006. – 16 наурыз

13) Ещанова К.

«Әл – Фараби ұстаз психологиясы хақында»

// Оңтүстік Қазақстан. 1977, 10 желтоқсан

14) Жарықбаев Қ., Алытов  Н.

«Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастары хақында.»

// Оңтүстік Қазақстан., 1971, 9 июль.

15) Кенжебаев Т.

«Әбу Насыр Әл Фараби дидактика туралы»

// Ұлт тағлымы. -2002 ж. -№ 1 28 бет

16) «Адамзаттың бақытқа  жетелейтін - ғылым».

(Әл – Фараби туылғанына 1130 жыл)

// Оңтүстік Қазақстан. – 2001. – 13 қазан 1 бет

17) « Әбу Насыр Әл  – Фарабидің тәрбие және еңбек  тәрбиесінің

теориясын жасауы.» // Ұлағат. – 1997. - №1

18) Көбесов А.

« Әл – Фараби мен Абай арасындағы тарихи- педагогикалық

Информация о работе Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі