Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:28, доклад
Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алеппода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.
Исламмен, араб халифатымен байланысты
барлық қалаларда болған. Ол сарайлық
әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн
көріп, ғұмырының соңғы жылдарын
Сайф ад-Дауль Хамиданың
Фараби өз шығармаларында араб
Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық кемелділік, нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған "Мемлекет қайраткерінің афоризмдері", "Азаматтық саясат", "Бақыттың жетістіктері" атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт - абсолюттік игілік. Адам кейбір заттарды (ақша, даңқ, қажеттілік және т. б.) өмірдің негізі деп ойлайды. Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық жағын әбден жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады.
Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады. Ойшыл "Әлеуметтік-этикалық трактатында": "Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады" - деп есептейді. "Музыка туралы үлкен трактатында" музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектейді.
Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар "ең биік игілікке", яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін "келісімге көшуіне тура келеді". Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің "Әлеуметтік-этикалық трактатында" ғалым: "Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады", - деп жазды.
Фараби "Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап" деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді.
Сайып келгенде, Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "Өлең сөз және шешендік туралы", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика", т. б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.
Әл - Фараби нағыз ғалым принципшіл, қулық-сұмдықпен, ұсақ-түйекпен, өсек аяңмен ісі жоқ, жұртты алдап, арбауды білмейтін, басқаларға асқан ілтипатпен қарайтын, ерекше кішіпейіл болуы керек, білімділік, оның өнегелі мінез-құлқымен ерекше безендіріл тұрмаса болмайды - дейді.
Фараби еңбектерінде ұстаз бен
шәкірттің арақатынасы, бұл екеуінің
психологиялық қасиеттерінің
Әл-Фарабидің ұғымында ізгі, қайырымды қаланың басшысы да, медресе имамы да жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі.
Мінез-құлықты тәрбиелеу
Ғалымның “Музыканың үлкен кітабы”
және тағы басқалар еңбектерінде эстетикалық
тәрбие, сондай-ақ музыканы қабылдау психологиясы
мәселелерін жан-жақты
Ұлы ғұлама әрі ақын да болған. Оның туған жерге, туған елге арналған сағыныш сазды өлеңдері қазақ поэзиясының арғы тегіндегі ұлттық калориттерімен ерекшелінеді.
Оның педагогикалық мұрасының ішінде ерекше орын алатын “Математикалық трактаттар” Әл-Фараби геометриялық есептерді шешу әдістерін көрсетуде өзін өте үздік әдіскер ретінде танытқан. Ойшылдың көптеген принципті педагогикалық ойлары өз уақытынан бері асып, бүгінгі күні де мәнін жоғалтқан жоқ. Әл-Фараби мұрасы қазіргі заман ғылымы үшін аса зор құндылық болып есептеледі және жан-жақты терең үйренуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспар