Этнопедагогика жөніндегі көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:18, реферат

Описание работы

Этнопедагогика ұғымын айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков. Этнопедагогика – халықтың тәрбиелік тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде. Әсіресе соңғы жылдары оның зерттеу пәні, әдістері туралы, халықтық педагогикалық идеяларды бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асыру жолдарының мәселелері туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы мен дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық-әдістемелік мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы зор. Көрнекі қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов халықтық педагогиканың тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берген.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 112.32 Кб (Скачать файл)

Қазақ этнопедагогикасының  қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі  дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің  тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай  тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа  қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде  халықтық педагогиканы қолдану өте  маңызды.

Этнопедагогика ұғымын айналымға  тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков. Этнопедагогика – халықтың тәрбиелік  тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын  ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде. Әсіресе соңғы  жылдары оның зерттеу пәні, әдістері туралы, халықтық педагогикалық идеяларды  бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында  жүзеге асыру жолдарының мәселелері туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда  болуы мен дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық-әдістемелік  мәселелерін анықтауға бағытталған  еңбектердің маңызы зор. Көрнекі  қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов  халықтық педагогиканың тәжірибесін  зерттей білуге ерекше мән берген.

Қазақстанның тәуелсіздік  алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан  нығая бастауы, ұлттық санасының  қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ  халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам  талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі  қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы  мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық  және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен  мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған  Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі  мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына  сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану  проблемасы Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында да жетекші  міндеттердің бірі болып отыр. 

Тарихи-педагогикалық  зерттеулерге жасаған талдау, халық  педагогикасының бала тәрбиесіндегі  озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын  көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы  педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін  және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық  тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі  қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.  
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.  
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған. 

Қазақ халкының өзіне  тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері  оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті  болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде  басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа  айналдырған. 

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының  үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен  ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде  А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды  ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері  де халық педагогикасының қағидаларымен  үндесіп жатыр.

Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға  ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы  баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының  мол екені рас. 

Ата-бабаларымыз  жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде  де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк  ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа  жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған  азғындарды «етегiн кесiп, елден қу»  деген қағидамен аяусыз жазалаған.

Қазақ зиялылары  мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде  мектеп ашу мәселесімен бірге  халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын  қалыптастыру мақсатында пайдалануға  аса мән берді.

Шәкәрім болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің  көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда  ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар  ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды  деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап  армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын  деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

Халық педагогикасында  тәрбие ісін әр баланың жеке бас  ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы  туады екенсің, мінезді тумайды  екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы»  деп ой түйіндеген.

 

 

КІРІСПЕ 
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі жастар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр » 
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Ғасырлар бойы аңсаған  тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ ,ұлтжанды ұрпақ екендігі баршамызға аян. Егеменді еліміздің  тірегі болар азаматтарды оқыту  мен тәрбиелеу көкейтесті мәселелердің бірі. Демек, оқытудың жаңа үрдістерін пайдалана отырып, жан- жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу  әрбір ұстаздың міндеті болып  табылады. Еліміздің мәртебесінің биік болуы- ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі ең іскерлігіне тікелей  байланысты болмақ. Қазіргі таңда  еліміздің келешегі болып саналатын  ұлтжанды, өз елін сүйетін, әдет- ғұрпын, салт – санасын қастерлейтін тұлғаны  тәрбиелеу басты парызымыз.

Әбу Насыр әл- Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте  оның бар өміріне апат әкеледі»- деген еді. Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама халқының тұлымды  ұлының – тұғырлы азамат, бұрымды  қызының – байыпты бойжеткен  болуын армандаған екен.

Елбасы халыққа  Жолдауында кәсіби білім беруді жетілдіру, ұлттық кадрды дайындау жөнінде алға үлкен міндет қойып, «Бізге экономикалық және қоғамдық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім  беру жүйесі қажет»- деген еді.

Осындай ауқымды  істерге өз үлесін қосу заман талабына, уақыт өлшеміне сай тәрбие жұмысын  халқымыздың бай мәдениеті негізінде  жүргізіп , ғылым негіздерін игеріп, ой- өрісі кең шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Кез келген ұлттың түп- тамыры» ауылда жататынын естен  шығармауға тиіспіз», деген сөзі- биік мәтебелі ұғым. Ауыл- біздің тұнық бастауымыз, кәусарымыз, алтын діңгегіміз, балалық, балдәурен, асқақ армандарымыздың  бұлағы десек, елге тұтқа болған, халқының мақтанышына айналған арыстарымыздың түп- тамыры осы ауылда жатыр. Мен  өмір сүріп, еңбек етіп отырған қасиетті де, киелі өлке тарих қойнауынан ойып тұрып өз орынын алған Отырар халқымыздың мақтанышына айналған қайталанбас ұлтжанды тұлғаларды тәрбилеген қайнар бұлақ десем, артық айтқан болмаймын. Мен тәрбиелеп отырған  оқушылар қаймағы бұзылмаған рухани құндылықтарден кенде емес ауылдың  оқушылары. Оқушылармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының негізінде мынандай мақсаттарға жетуді көздеп отырмын:

• өз ұлтын сүйетін, ұлтжанды, отансүйгіштік, ерік- жігері мықты, жаны таза жеке тұлғаны қалыптастыру. 
• Халқының құндылықтарын көз қарашығындай сақтап, өмірге пайдалана отырып, оны мүмкіндігінше қажетіне жарата білетін маман тәрбиелеу. 
• Үшінші, әдепті де парасатты, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын, аға ұрпақтың арналы ісін жалғастыратын тұлға қалыптастыру.

Осы үш арна тоғыса келе ұлтым дейтін ұрпақтың ұстанар  ұранына айналар тұғыры болары сөзсіз. 
Тәрбиенің бесіктен басталатынын ұмытпайық «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген М. Әуезовтың нақыл сөзін санамызда қайта жаңғыртайық. Бұл дегеніміз отбасындағы ұлы тәрбие, ата-әже, әке- шеше, апа- қарындас, аға –іні арасындағы күнделікті қарым- қатынас, олардың бір- біріне деген көзқарасы, үндестікте ғұмыр кешуі.

І

Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы бүгінгі  ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық , ғибраттық әдет- ғұрпымен, салт –  дәстүрімен, тағылым – сабағымен  қымбат. Осы ұрпақ тәрбиесінің  қымбат қазынасын мұралыққа алып, оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек жарақтарымызға жаратуымыз керек.

Осы мақсатта оқушылармен  жүргізетін шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Этнопедагогика элементтерін пайдалана  отырып жоғары мәдениетті ұлтжанды тұлға  тәрбиелеу.»

Халықтық тәрбиенің  тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ. /К.Д.Ушинский/

«Этнос» (грек тілі) халық деген сөз, ал этнопедагогика – халық педагогикасы.

Этнопедагогика  – тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу  бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.

Белгілі жазушы, қоғам  қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан  тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді”  деген.

Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер  мен сүреңсіз іс – қылықтардың  етек жаюы – халықтық тәрбиеден  қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз.

Жас ұрпақтың санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал  ете бастағаны да жасырын емес.

Академик Г.Н.Волков: ”Батыстан келген бұл рухани апаттан  жастарды аман алып қалудың жолын  қарастырыуымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде  қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ” –  деп тұжырымдайды.

Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді  қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда  сыныптан тыс өткізетін шаралардың орны ерекше.

 

 

 

Этнопедагогиканың әдістемелік  негіздері

Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері  
1.1. Этнопедагогика пәні, принциптері, міндеттері мен қызметі  
(4 сағат).  
Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың объектісі және пәні. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың этнопсихология, философия, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.  
Этнопедагогиканың мәдениеттану, философиялық, психологиялық, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.  
Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы.  
 
1.2. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі ( тегі) ( 2 сағат).  
Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А. Коменскийдің қосқан үлесі. К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері. А.С. Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдаланылуы. В.А. Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.  
XV-XІX ғ. Ақын-жырауларының тәрбие мектебі. ( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т.б.) олардың халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаттауы. XVІІІ ғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі. ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).  
Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы. Алтынсариннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы.  
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын терең дамытуға қосқан үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой-пікірлері. XX ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М.Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т.б.  
 
1.3. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты ( 2 сағат).  
Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтастығы. Адамның халықтық идеялары. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымындағы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы. 
 
1.4. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары  
(2 сағат) 
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат-тәрбие құралы. Ойын-тәрбие құралы. Сөз-тәрбие құралы. Еңбек –тәрбие құралы.  
 
Модуль 2. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халық тәрбиесінің негізі 
2.1. Дәстүр және салттардың құрылымы салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы (4 сағат). 
Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалар. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылығы. Рәсімдері және салтаннатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру, жылын беру), қабырдың басына белгі қоюмен байланысты әдеп-ғұрыптар.  
Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар жүретін салттар және әдеп-ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні.  
 
2.2. Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие (2 сағат).  
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.  
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері: ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, адамзаттық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі.  
 
2.3.Халық педаггикасындағы еңбек және дене тәрбиесі (2 сағат).  
Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларына мал бағуды, малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, жүн түту, кілем тоқу, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.  
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, ая-қолын созудың мәні. Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшелігі.  
 
2.4. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі (2 сағат). 
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу олардың халық өміріндегі және тұрмысындағы мәні. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.  
Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға, шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.  
Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдері. Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің және өнердің пвйдасы, тапқыштық және жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері. 
 
2.5. Халық педагогикасының қазіргі қызметі (2 сағат).  
Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы ұлтаралық және жалпы азаматтылық. Символдық тұлғалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.  
 
2.6. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану (2 сағат).  
Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы, жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары. “Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу музыка аспаптарымен, халықтық қолданбалы өнерімен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік “шежірені” зерттеу. 

Информация о работе Этнопедагогика жөніндегі көзқарас