Интеграциялық оқыту
Дипломная работа, 27 Января 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.
Файлы: 1 файл
интегратив.doc
— 4.25 Мб (Скачать файл)Бұл модельдерді іске асыру дефектолог мұғалім тарапынан үлкен бақылауға ие болады.
Интеграцияның шарттары:
Сыртқы шарт - баланың оқу және дамуын іске асыратын шарт жүйесі:
- кемшіліктердін алдын ала анықтау(өмірдің алғаш жылдарында);
- бастапқы айларда түзеу жұмыстарын жүргізу бұл кезеңде баланың жалпылы орындарда оқуына мүмкіндік беріп, баланың принципті дамуына үлес қосу;
- ата - аналардың өз баласын сау балалармен оқуына ниеті және өз баласына көмектесудің шынайы талпынысы мен дайындығы;
- интеграцияланған баласына білікті түрде тиімді көмектесуге мүмкіндік жасауы;
- интеграциялық оқу модельдерін жүзеге асыруға жағдай жасау;
- ішкі шарт - баланың психофизикалық және сойлеуін дамыту деңгейі:
- жас ерекшелік нормасына немесе соған жақын психофизикалық және сойлеу деңгейін дамыту;
- қалыпты дамыған балаларға қарастырылған жалпы білім стандартын игерту мүмкіндігі;
- интеграциялық оқуға психологиялық дайындық.
Түзетіп жетілдіру оқуының принциптері.
Түзетіп жетілдіру жұмыстары баланың білім алу үдерісіндегі мүмкіндіктерін ашып іске асыруға, тиімді дамуына негізгі қосымша әрекет. Түзету жетілдіру жұмыстарында психологиялық және педагогикалық түзетулер басты орын алады. Педагогикалық түзету білімдегі кемшіліктерді, жекелеген оқу пәндеріндегі тарауларды игертуге бағытталады.
Мектепте түзетуді жетілдіру ұйымдастыру барысында мына шарттарды ескерген жөн:
Оқу материалын динамикалық түрде қабылдау.
Тапсырмаларды өсу деңгейі бойынша қолдануды ұсыну. әр түрлі анализаторларды (слуховой, зрительный, кинестетический) қолдану барысында тапсырманы тандай білу қажет.
Ақпаратты продуктивті өңдеудің принциптері.
Оқу барысында ақпараттарды өздері өңдейтін тапсырмалар қосқан жөн. Жобамен мұғалім үлгі, алгоритм, сұрақтар бойынша ақпараттармен жұмыс жасауды үйретеді. Оқушы көрсетілген ақпараттарды өзіндік жұмыс жасағанда іске асырады.
Жоғары психикалық қызметтерді жетілдіру және түзету оқу және ауызша айту дағдыларына негізделген. Қорытынды шығару үшін оқушы не істеу керектігін нақты білуі шарт. Оқушы егер қиналып қалар болса үлгі (ұмыттым, қайталайын, есіме түсірейін, орындаймын) алгоритм бойынша қолдау табуы керек.
Инклюзивті білімнің шешуші принциптері:
- балалар жергілікті (үйдің жанындағы) балабақша мен мектепке барады;
- білім алуда арнайы жетіспеушіліктері бар барлық балалар оқу орындарында орын иеленуге құқы бар;
- методология әртүрлі қабілеттегі балаларды оқытуға әзірленген (осы үлгі арқылы ерекше көңіл бөлінетін балалардың ғана емес басқада балалардың оқу сапасы жақсартар еді);
- барлық балалар иинклюзивті сынып және мектеп ортасындағы барлық іс - шараларға қатысады (спорттық іс - шаралар, таныстырулар, конкурстар, экскурсиялар т.б);
- баланың өзіндік оқуы мұғалімдер, ата - аналар, көмектесе алатын барлық жандардың біріккен жұмысымен қолдау табады:
- инклюзивтік білім беру ерекше қажеттілікті керек ететін балалардың жалпы қоғамда тең болуын қамтамасыз етеді.
2 Мүгедектердің құқық декларациясы
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысына сәйкес Бас Ассамблея
өзіне алған мемлекет-
- «Мүгедек» деп айтылу кез-келген адам, қа<span class="dash041e_0431_044b_
0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; text