Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:03, статья

Описание работы

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып педагогтің оқушылармен өзара қарым – қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.

Файлы: 1 файл

Даримбекова педагогика.doc

— 46.00 Кб (Скачать файл)

Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік

технологияларды қолдану.

Бүгінгі күні педагогикалық процестің  бір маңызды бөлігі болып педагогтің оқушылармен өзара қарым –  қатынас жасауының жеке тұлғаға  бағытталған түрі саналады. Қазіргі  кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.

Соңғы кезде жасөспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», деп Дистервег айтқан болатын.

Сондықтан жас  ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге  жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрыңғы педагог – информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.

Педагогикалық технология – бұл жастарға әсер ету тәсілдері  ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы  саналып, практикада тиімді түрде қолдану  мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және дағдылар кешені.

Қазіргі кездегі  компьютерлік технологияның білім  беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: «Бала  табиғаты көрнекілікті қажет етедіә, - деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар – қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін де және қала мектептерімен қатар ауыл мектептерінде де пайдалануға болады. Олар білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, балаларға біртіндеп дүние жүзілік бірінғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді. Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу денгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс денгейіне де сәйкес келеді. Компьютер мүмкіндіктері мен мұғалім білімін біріктіре алатын мультимедиялық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтар жасауға болатын болады, олар сабақты бұрынғыдан гөрі көрнекті, қызғылықты түрде өткізіп, оқушыларға жаңаша мәлімет беруге жағдай туғызады.[1]

Мұндай оқулықтын  мынадай бөлімдері болады: теориялық  бөлім, бақылау тапсырмалары, лабораториялық жұмыстар, өзін өзі тексеру сұрақтары. Бұлар қалыпты оқулықтарда да болады, бірақ электрондық оқулық көлемі шағын (бір компакт- дискіге толық сияды), оның ішінде балаларды қызықтыратын бейнефильмдер, дыбыстық үлгідегі мәтіндер мен әндер болғандықтан, оның берері мәліметі де толырақ болады. Дискіні пайдалану да жеңіл, түсінбей қалған жағдайда бір оқыған материалға қайтып оралу да қиын емес. Кітапты парақтап отырғаннан гөрі пернелерді басып кез келген тақырыпқа да оңай көшуге болады. Мұндай оқу құралы балаларды қызықтырып, сол пәнді ары қарай терендетіп оқуға итермелейтіні сөзсіз, әрине білім денгейіне әсер етпей қоймайды.

Мұғалім компьютер  желісі арқылы әсер оқушымен тығыз  байланыста болғандықтан, ол оқытуға  тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір  баланың жеке денгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік  болады.

 Мультимедиялық технологиялар  мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің  бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық  түрлерін пайдалануға мүмкіндік  туғызып, оқу материалдарының  басты көлемін бұрынғыша беруді  азайтып, жаңа тәсілдің жақсы  жақтарын кеңіненқолдануға итермелейді.

Жана мультимедиялық технологияларға  байланысты компьютерлік программаларды да көрнекті материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын  есептер шығарып, қашықтан оқыту  сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с. жасау мүмкін болып отыр.

Қазіргі кезде жаңа информациялық  технологиялар енгізу оқушылардың  мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардын білім денгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып,  компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.

Өкінішке орай, біз әзірше компьютерлердің  аздығынан, әртүрлі пән мұғалімдерінің компьютерде жұмыс істеу білмей тіндігінен және оны үйренуге қызықпайтынынан артта қалып жатырмыз. Мұғалімдерді оқыту жүйесінің жаңа талаптарына сай қайта дайындықтан өткізу керек. Педагогтың тәжірибесі мен білімнің компьютер мүмкіндіктерімен біріктіру-білім берудің қазіргі кездегі денгейіне көтерілудің басты мақсаты болуы тиіс.

Ақпараттық технологияларды білім  беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жек игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен  жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында жастар білім алып, оны іс жүзіндеқолданып қана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздері мен қажетті деген құралдарын да өздері ала алады.

Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.

 Компьютер - әмбебап құрал. Онымен жұмыс істеу кезінде программалық оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады., мысалы, ол теледидар мен кинопроектор мүмкіндіктерін көрсетіп, кестелер, көрнекі материалдар, калькуляторды, т.с.с. алмастыра алады. Қазіргі кездегі қоғам индустриалдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.[2]

     Білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдалану әсіресе үстіміздегі компьютерлендіру ғасырында өте өзекті тақырып болып табылады. Біз жаңа цифрлық технологиялар ғасырына кіріп жатырмыз, енді жастарымыз дисплей «терезесі» арқылы Интернет кеңістігіне шыға алады, ал оның қарым – қатынас жасауға, оқуға, әр түрлі мәлімет алуға берері өте мол екендігі белгілі. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Мен «Болашақта білім беру ісіндегі компьютерлердің қолданылуы қандай болады» деген сауалға «Барлық оқу кабинеттері компьютерлермен және электрондық оқулықтармен жабдықталды» дер едім.

 

          Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ұ.Жазықбаева. Оқытудың технологиясы. «Бастауыш мектеп» №3 2003 ж
  2. Ж.Тәттібаева. Педагогикалық технологияны пайдалану ерекшеліктері.

Информация о работе Біріктірілген сабақтарды өткізу кезінде компьютерлік