Білім берудегі ақпараттық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

Технология пәні мұғалімінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда үздіксіз педагогикалық білім алуының маңызы мынадан көрінеді: кәсіби даярлық кезеңінде оның бойына педагогикалық тәжірибенің шынайы жағдайларында қажетті білімдер мен дағдыларды өз бетінше алуға мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыру; өзінің кәсіптік-шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқушылардың мектепте технологиялық білім алу жағдайлары мен мазмұнын дамытуға ықпал ету. Мұндай жағдайларда технология мұғалімінің жетекші кәсіптік қасиеттеріне мыналар жатады: шығармашылық ойлауын дамыту; кәсіби белсенділік; ақпаратпен жұмыс істеудің әдіснамалық білімдері мен тәсілдерін меңгеру; іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге дайындығы мен қабілеттілігі; кәсіби-тұлғалық даму мен жетілуге деген қажеттілік.

Файлы: 1 файл

Білім берудегі ақпараттық технологиялар.docx

— 23.80 Кб (Скачать файл)

Білім берудегі ақпараттық технологиялар

Технология пәні мұғалімінің  оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда үздіксіз педагогикалық білім алуының маңызы мынадан көрінеді: кәсіби даярлық кезеңінде оның бойына педагогикалық тәжірибенің шынайы жағдайларында қажетті білімдер мен дағдыларды өз бетінше алуға мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыру; өзінің кәсіптік-шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқушылардың мектепте технологиялық білім алу жағдайлары мен мазмұнын дамытуға ықпал ету. Мұндай жағдайларда технология мұғалімінің жетекші кәсіптік қасиеттеріне мыналар жатады: шығармашылық ойлауын дамыту; кәсіби белсенділік; ақпаратпен жұмыс істеудің әдіснамалық білімдері мен тәсілдерін меңгеру; іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге дайындығы мен қабілеттілігі; кәсіби-тұлғалық даму мен жетілуге деген қажеттілік. Осы үдеріс педагог тұлғасын әлеуметтендіру мен кәсіптендіруге, үздіксіз дамуға бағыттаудан, барлық деңгейде (орта, жоғары) педагогикалық білім беру мазмұнының өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстанда үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасын әзірлеуден көрінеді.Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдірудің басты заманауи үдерістерінің бірі педагогикалық білім беруді  ізгілендіру болып табылады,  ол  өз пәнінің құралдары арқылы оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға, оқытудың заманауи формалары, әдістері мен құралдарын жүзеге асыруға кәсіптік деңгейде дайын болып келетін болашақ маманның субъектілік дамуы мен өзін-өзі дамытуын қарастырады .Ізгілендіру бағытында педагогикалық білім беруді дамыту тұлғаға бағдарланған ұстаным негізінде, педагогтарды кәсіби даярлаудың мақсаттарын, мазмұнын және шарттарын жетілдіруден көрінеді. Оларды жүзеге асыру бітірушінің кең мәдени, ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетке ие тұлға ретінде кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етеді.Білімді гуманитарландыру ізгіліктендірудің құралы бола отырып, ең алдымен, педагогикалық білім берудің мазмұндық  сипатын өзгертуге қатысты болып келеді. Мұнда оқу жоспары құрылымындағы гуманитарлық пәндердің үлесі ұлғайтылмауы ескеріліп тұрған жоқ, өйткені олардың саны барлық кезде сападан артып түсе бермейді. Көбіне студенттерді мәдениетке, өзінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін, педагогикалық тұлғааралық қатынаста, педагогикалық іс-әрекетте өз орнын тануға әкелетін алуан түрлі ғылыми элементтерді, категориялар мен деректерді енгізу арқылы оқу пәндерінің мазмұнын жетілдіруді қарастырады. Педагогикалық теория мен практикада әдіске ерекше мән беріледі өйткені, атап айтқанда, әдіс өз бойына білім берудің тиісті стратегиялық доктриналарын жүзеге асыратын әдіснамалық бағдарларын жинақтайды. Қазақстандағы педагогикалық білімнің қазіргі даму үдерістеріне жасалған талдау оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерін дамыту іс-әрекетіне технология мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен шарттарын жетілдірудің негізгі тәсілдері туралы жалпы түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Технология мұғалімдеріне кәсіби білім беру барысында осы әдістерді пайымдау мен теориялық негіздеу үшін, көрсетілген аспектіде кәсіби дайындықтың шынайы ахуалына проблемалық-бағдарланған талдау жасау қажет.Болашақ технология пәні мұғалімдері отандық білім берудің үздік дәстүрлері мен әлемдік тәжірибені сақтау және оны арттыру негізінде еңбекке баулу мен тәрбиелеу жүйесінде жаңару идеяларының жаршысына айналуы керек. Сондықтан, бүгінгі күнде технология мұғалімдерінің отандық білім беру жүйесіндегі жаңа идеялар мен өзгерістердің маңызын түсінуі және оны жастардың еңбек дайындығы барысында жүзеге асыруы  ерекше сипат алып келеді.Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша  классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің  дидактикалық бағыты бойынша классификация  белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер  арқылы берілетін білімді келесідей  классификациялау керек. Біріншіден, білімді  анықыталған және анықталмаған деп  бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек  жасанды интеллект аумағында  зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше  бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын  және оңай құралатын білімдер.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде  құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық  есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

- компьютерлік оқулықтар;

- оқытылатын мәліметтер  қоры;

- үйренушілерге белгіленген  ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін  тексеретін, сақтауға мүмкіндік  беретін мәтіндік және бақылау  бағдарламалары мен басқа компьютерлік  құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді  құруда және білімнің артикулденбеген  бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп  аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді  және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде  құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар  жатады:

- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

- компьютерлік тренажерлер (КТ);

- зертханалық практикумдер;

- ойындардың бағдарламалы;

- үйренушілерге зерттеу кезінде  оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.

Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында  білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар  көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі  жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.

Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде  оқытушылардың тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.

Бүгінгі күні білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды  пайдалану бұл оқытушының білімі мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық  шеберлігінің элементі ретінде қарастыру  қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат  қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі  білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды.Білім беру үдерісін ақпараттандыру бұл жаңа ақпараттық  технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлға    бағыттап  оқыту мақсаттарынжүзеге асыра отырып,   оқу тәрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздесе, білім беруді ақпараттандыру бұл танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және білімгерлердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпараттарды тарату құралдарының, сондай-ақ осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу болып табылады.Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген [2]. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Қазіргі таңда, әрбір жеке тұлға үшін компьютерді және ақпараттық технологияларды игеру оқу мен жазу қабілеті сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар білім беру үдерісінде ең тиімді оқыту құралдарының бірі болып табылады. Олай болса, ақпараттық технологияларды және олардың негізінде оқыту технологияларының қалай қалыптасатынын бақылайық. Сонымен қатар, оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялар арасындағы байланысты да анықтау маңызды.Технология ұғымы ақпараттық технологиялар саласынан келіп шыққан. Нақ осы сала техникалық тұрғыдан едәуір көбірек зерттелген сала болып табылады. Оқыту технологиялары мен ақпараттық технологиялардың бірдей емес екенін ескерте кетейік. Себебі, біріншіден – оқыту технологияларына ақпараттық емес технологиялар (мысалы, сыртқы бөлімдегідей оқытушының қатысуынсыз, дербес оқу жоспарына сай оқулықтар бойынша оқыту технологиясы) да жатады. Екіншіден – ақпараттық технологиялар оқу үдерісіне тікелей қатысы жоқ көптеген мәліметтерді (мысалы, мәліметтерді кодтау және өңдеу, желі бойынша мәліметтерді беру, магниттік таратушыларға мәліметтерді жазу механизмдерін және компьютерлік техниканың көптеген басқа да ерекше элементтерін) қамтиды. Сондықтан, ақпараттық технологиялар мен оқыту технологиялары кішкене ауданда өзара қиылысқан екі түрлі салалар болып есептеледі.Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жоғары деңгейде дамуы оларды білім беру саласында да қолдануға мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялардың білім беру саласында қолданылуы маңызды обьективтік себептермен дәйектелген.

Қазіргі заман талабы бойынша  білім беруді ақпараттандырудың  негізгі талаптарының бірі – оқу  үрдісіне электрондық оқулықтарды  енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы  білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықтарды  пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды  пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту  үрдісін технологияландыру мәселесін  қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің  тәжірибесіне енуде.Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан  Республикасының Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – комууникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез – келген ақпарат көзін — анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Еңбекке баулу пәндері бойынша проблемалық дәрістерде оқушылардың эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әр түрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланылады.. Көрмеге қойылған бұйымдар – қазақтың ұлттық салт – дәстүрін, ырым – жораларын бүгінгі ұрпаққа жеткізуде бірден – бір құрал. Оқушылардың өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне талпындырады.


Информация о работе Білім берудегі ақпараттық технологиялар