Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 15:33, реферат

Описание работы

Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір адам тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады.

Файлы: 1 файл

бастауыш билим беру.docx

— 81.68 Кб (Скачать файл)

өсімдіктердің өсуіне әсер ететін факторларды; темекі шегу мысалы арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам денсаулығына әсерін; пайдалы қазбалардың шектелгендігі мәселесін; табиғи саябақтар, қорықтар құру идеяларын; қоршаған ортаны ластау көздерінің зиянын; ғаламшарда биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын, адамның қоршаған ортаны сақтау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды.

 

21. «Адам және қоғам» білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

Қазақстан туралы бастапқы мәліметтерді, қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен фольклорын, отбасы, мектеп қоғамы, күнделікті өмірі өтетін басқа да салалардың құрылымын, құрамы мен қызметін; адамның әлеуметтік қызметтері туралы қарапайым мәліметтерді, тұтынатын өнімдердің негізгі түрлерін, олардың құрамын, қасиеттері мен көздерін; қоршаған әлем туралы қарапайым мәліметтерді; «адам-қоғам» өзара байланысы туралы қарапайым мәліметтерді, саяхат мәні мен түрлерін, «қауіпсіздік» және «денсаулық» ұғымдарын және олардың негізгі нышандарын біледі;

Қазақстанның орналасқан жерінің ерекшеліктерін, мемлекеттік нышандар туралы бастапқы түсініктер мен олардың мәнін, туған өлке мен Қазақстанның көрнекі орындарын; қазақ халқы мен Қазақстан халықының мәдениеті туралы алғашқы түсініктерді, адамның ішкі дүниесі мен сыртқы әлеммен өзара байланысы, оның табиғатпен бірлігі, дене мен рухани денсаулықтың өзара тәуелділігін; өмірге деген оң көзқарастың маңыздылығын, айналадағыларға сабырлық көзқарасының қажеттілігін; қауіпсіздік және денсаулық проблемаларын түсінеді;

қоршаған ортамен байланыс жасауда жағдайды талдау, бағалау және шешім қабылдау үшін білімін; кеңістікте қозғалу, бағдарлау үшін қарапайым құралдарды (карта, компас); денсаулық жағдайын анықтау үшін қарапайым құралды (градусник); қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қарапайым құралдарды; саяхат туралы, сатып алулар мен қарапайым қаржылық қарым-қатынастар саласында жеке тәжірибесі мен білімін, қауіпсіздік пен денсаулықтың қарапайым мәселелерін шешу үшін жеке тәжірибе мен білімін; ақпарат беруге арналған шартты белгілер мен нышандарды, қоғам орнында өзін ұстау ережелерін; қоршаған ортаға бейімделуде өз және қоғам тәжірибесін қолданады;

Қазақстанның орналасқан орнын; қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды; денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәжірибені; отбасы, мектеп қоғамы, қоғам мен қоршаған әлем құрылымын, олардың қызметі мен байқалу заңдылықтарын; зерттелетін нысандар, құбылыстар мен үрдістер ролін талдайды;

өзінің жеке мәселелеріне, отбасы, тұлғааралық және қоғамдық салаларда қарым-қатынасты жетілдіру проблемаларына, денсаулық пен қауіпсіздік саласында, саяхаттарды ұйымдастыру мен қарапайым қаржы қарым-қатынастарына қатысты  өз шешім табуда, баламаларын іздестіру, мәселелерді жүйеге келтіруде өз білімдеріне синтез жасайды;

адамгершілік нормалар тұрғысынан өзінің мінез-құлқын; ел, қоғам, отбасы, қоршаған орта, фольклор, тұтынатын өнімдердің мәні- мен маңыздылығын; өзінің даму және білім алудағы ілгерілуін бағалайды.

 

бастауыш мектептің  5-сыныбын бітірген оқушы:

«адам-қоғам» жүйелерінде жеке тұлға-отбасы-мектеп қоғамдастығы-қоғам-жеке тұлға желісі бойынша өзара байланыс туралы қарапайым мәліметтерді, олардың сапа белгілерін; қоршаған орта компоненттерінің құрылымдық байланыстарын; жеке тұлға, отбасы, қоғамдастықтар мен қоғамның адам өміріндегі жалпы мәні мен ролін ерекшеліктерін; Қазақстанның әлемдегі ролі мен орнын; қазақ халқының және Қазақстанда  тұратын басқа ұлт өкілдерінің фольклорының жанрлары мен бағыттарын, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын; саяхат себепті негізі мен түрлерін, олардың өмір мен экономикадағы көрінісін; салауатты өмір салтының негіздерін біледі;

ұлттық салт-дәстүрлердің құндылығы мен мәнін, нәсілдік-этникалық тиесілігіне сәйкес адам тұлғасында сыртқы нышандардың себептік негізделуі, тұлғаның ішкі әлемі, құндылықтар, өмір салты, әрекеттер, қоршаған ортасына сәйкес мінезі мен көңіл-күйін; түрлі тұрғылықты жерлердің қызметтік және құрылымдық ерекшеліктерін; өзін Қазақстанның жас азаматы ретінде сезіну және нақты бір ұлтқа тиесілігін сезіну түріндегі өзінің азаматтық бірегейлігін; өзінің отбасы, туған жері туралы құндылықтарын ; көп ұлтты қазақстандыққоғамның құндылықтары туралы бастапқы және жалпы түсінікті (Қазақстанның өз Отаны екенін); Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің мән- мағынасын; адамның жақсы қасиеттерін; адамның қоғамдағы адамгершілік нормаларын; адамның өзін тану және өзін дамыту қажеттілігін; ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысын; қоғамға қызмет ету мәнін; ой, сөз және әрекеттің сәйкес болу қажеттілігін, оларға жауапкершілігін; Қазақстан фольклорының негізгі жанрларын; саяхат түрлерін; денсаулық сақтау әдістері мен құралдарын түсінеді;

оқу тапсырмаларын орындау кезінде, шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатын орындау кезінде, қосымша ақпаратты жалпылау және қажетті материалдарды іріктеу кезінде, табиғи және қоғамдық нысандардың, үдерістер мен құбылыстардың қасиеттерін, олардың белгілерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау кезінде, табиғат пен қоғам құбылыстары, үрдістері мен нысандарын бақылау кезінде білім мен дағдыларды; құралдар, жұмыс тәсілдері, құралдарды пайдалану ережелері, еңбек қауіпсіздігі техникасы мен жеке тазалық ережелерін; қоршаған ортаны зерттеудің қарапайым ғылыми әдістерін (қарапайым сұлбалар мен графиктерді жүйелеу, әзірлеу, оқиғалар мен құбылыстарды «бұрын-қазір» уақыткеңістігінде орналастыру); жер карталары мен жоспарлары, компас, навигация құралдарын; практикалық қызметте техника-технологиялық тәсілдерін; салауатты өмір салты, жеке тазалық, тамақтану және күн тәртібі нормаларын сақтау білімін; жарақат алу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді білімі мен іскерлігін; жарақат алу кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде қарапайым білімін қолданады;

Қазақстанның әлемдегі ролі мен орнын; Қазақстан халықының салт-дәстүрлері мен ауыз әдебиетінің адамгершілік қызметтерін, құндылықтарын; жеке тұлға, отбасы, мектеп қоғамының, күнделікті өмірі өтетін басқа да салалардың даму факторларын; күнделікті өмірдегі негізгі ресурстарды қызмет, генезис, экологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктеу; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын талдайды;

зерттелетін құбылыстар, нысандар мен үдерістерді жіктеу, жүйелеу, жалпылау және дифференциялау үшін алған білімдері, дағдылар мен білік, түсініктерін; пәннің тақырыптық бөлімдерінің мәселелері мен өз дамуының барынша өзекті проблемаларын шешуді іздестіру бойынша өзінің танымдық қызметін әртараптандыру үшін синтез жасайды;

сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тиімділік тұрғысынан сабақтағы өз әрекетін, жалпы белгілі алгоритмен салыстыру негізінде сабақтағы өз жұмысын; өздері меңгерген/анықтаған критерийлер негізінде пән мен тақырыптық бөлімдер бойынша, саяхат, демалыс, сатып алу, қауіпсіздік және денсаулық мәселелері бойынша өзінің даму деңгейін; өзінің нәтижелері мен жалпы белгілі нәтижелер арасындағы сәйкестікті; бағаланатын үрдістер, құбылыстар мен нысандарды әрі қарай жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін бағалайды.

 

22. «Өнер» білім беру аясы  бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық), материалдардың қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері, заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас, жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен құралдарды; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері (сурет, графика, мүсін, көркем құрастыру, дизайн, сәулет, декоративті-қолданбалы өнер) мен жанрларын (пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт, анималист, ертегі-жыр); сурет салу және көркем жұмыс бойынша қарапайым зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін; материал (табиғи материалдар, ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз, иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау техникасы (коллаж, сомдау, аппликация, оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу, басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.), функционалдық нышандарына (ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай декоративті-қолданбалы өнер жұмыстарының қарапайым техникасын; түрлі өнер салаларындағы қарапайым жұмыс техникасын; қарапайым көркем жұмыс құрастыру үшін қарапайым сандық компьютерлік технологияларды;

негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын; қарапайым музыка формаларын; музыкалық грамотаның негіздерін; музыкалық және шу дыбысы түсініктерін; қарапайым вокалдық жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері, хор және хор түрлері түсініктерін; дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік ишараларды;  музыкалық белгілерді; «композитор-орындаушы-тыңдаушы» моделінің өзара байланысын; халық және композитор музыкасын; музыкалық шу аспаптарын; қазақ халық аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің композиторларының әндік және аспаптық репертуар үлгілерін; музыкалық импровизация жасау үшін қарапайым зерттеу және тәжірибелік, оның ішінде сандық компьютерлік технологияларды пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

Қазақстан мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер, қолөнер, дизайн, мәдениет туындыларының мәнін; көркем шығарма идеяларын, оларда берілетін сезімдерді, күйзеліс пен эмоциялық жағдайды; түс, сызықтар, формаларды қолдана отырып, сезім мен эмоцияны жеткізу тәсілдерін; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтар мәдениетінің көркем құндылығын;

қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың ұлттық музыкалық салт-дәстүрлерінің мәнін; адамның қоршаған ортадағы дыбыстардың алуан түрлілігімен өзара байланысының мәні; музыкалық шығармаларда берілетін идеялар, сезімдер, күйзелістер мен эмоциялық жағдайларды; халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін түсінеді;

визуалды және басқа да ақпаратты жинау, іріктеу және өңдеудің бастапқы дағдыларын; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін шығармашылық идеялар мен материалдарды, оның ішінде АКТ арқылы; негізгі сызық түрлерін, материалдардың қасиеттері мен сапасын есепке ала отырып, бейне жасау үшін тиісті құралдарды, техниканы; көркем және техникалық жұмыс бойынша қарапайым материалдармен түрлі жұмыс істеу техникасын; шығармашылық жұмысты орындау барысында көркем шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін жоспарлау, құрастыру/модельдеуді қолданады және өзі орындаған жұмыстарды ұсынады; қауіпсіздік техникасы ережелерін;

дыбыстық ақпаратты, оның ішінде АКТ арқылы жинау мен іріктеудің бастапқы дағдыларын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, қарапайым музыка формаларын жасау үшін шығармашылық идеяларды, балаларға арналған музыкалық аспаптарды; өздік шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; шығармашылық тәжірибе мен қысқа импровизация жасау үшін музыкалық аспаптарды, сандық технологияларды, графикалық белгілерді; музыкалық аспаптарда ән салу, орындау, музыкалық үзінділерді жасау үшін аранжировка дағдыларын қолданады;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы өнер туындыларын; түрлі ақпарат пен оның көздерін; қолөнер және дизайн бойынша суреттер мен жұмыстарды; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы музыка туындыларын; халық және композитор музыкаларының стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, музыкалық шығармалар туралы түрлі ақпаратты талдайды;

жеке көркем жұмыстарын орындау, шығармашылық жоба жасау үшін, оның ішінде АКТ қолдана отырып, білімі мен дағдыларына; түрлі материалдар мен құралдарды пайдалана отырып, басты және аралас техника бойынша жұмыс істеу тәсілдері мен жолдарына;

үндесіп және партиямен ән шырқау, музыкалық шу аспаптарында ойнау, қарапайым музыкалық шығармалар мен түрлі жобалар жасау үшін алған біліміне, іскерліктері мен дағдыларына; музыкалық сөйлемдер құрастыру және импровизациялау, балалардың музыкалық аспаптарымен ән салу және ойнау үшін білім, дағдылар мен шығармашылық идеяларға синтез жасайды;

өнер туындыларын (пейзаж, натюрморт, графика, мүсін, декоративті-қолданбалы өнер); көркем және техникалық еңбек бойынша өзі жасаған жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді;

негізгі стильдер мен жанрлардағы музыкалық өнер туындыларын; өзі шығарған музыкалық шығармаларды, балалардың түрлі музыкалық аспаптарын қолдана отырып, импровизация мен сахналауды; оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді; тыңдау үшін ән материалы мен репертуарды; түрлі жанрлар мен стильдердегі музыкалық шығармалардың құрылу логикасын бағалайды.

 

бастауыш мектептің  5-сыныбын бітірген оқушы:

сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық); материалдардың қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері, заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас, жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен құралдарды; жазық және көлемді жұмыстар жасауға арналған материалдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері (сурет, графика, мүсін, көркем құрастыру, дизайн, сәулет, декоративті-қолданбалы өнер) мен жанрларын (пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт, анималист, ертегі-жыр); сурет салу және көркем жұмыс бойынша қарапайым зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін; материал (табиғи материалдар, ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз, иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау техникасы (коллаж, сомдау, аппликация, оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу, басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.), функционалдық нышандарына (ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай декоративті-қолданбалы өнер жұмыстарының техникасын; түрлі өнер салаларындағы негізгі жұмыс техникасын; қарапайым көркем жұмыс құрастыру үшін сандық компьютерлік технологияларды;

негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын (мотив, әуен, лейтмотив, ырғақ, метр, қарапайым музыкалық өлшемдер, мәнер, мажор, минор, темп, тембр, динамика); қарапайым музыка формаларын (сөз орамы, сөйлем, кезең, бөлік); музыкалық грамотаның негіздерін (дыбыс, регистр, дыбыс шегі, нота, нота белгілері, нота ұзақтығы, дыбыс қатары, интервал, үш дыбыстылық, нота сызықтары, скрипка кілті, үзіліс және үзіліс түрлері, такт, такт артықтығы, такт сызығы); музыкалық және шу дыбысы түсініктерін; қарапайым вокалдық жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері, хор және хор түрлері түсініктерін; дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік ишараларды;  музыкалық белгілерді (унисон, легато, стакатто, нон легато); халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін; музыкалық шу аспаптарын; қазақ халық аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің композиторларының әндік және аспаптық репертуар үлгілерін; жеке музыкалық импровизация жасау үшін зерттеу және тәжірибелік, оның ішінде сандық компьютерлік технологияларды пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

Информация о работе Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты