Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

Файлы: 1 файл

физвоспит.doc

— 516.50 Кб (Скачать файл)

    Тәрбие – халықтың ғасырлар боиы жинақтаған, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

    Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. «Отан – отбасынан басталады» демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше, бұл дәлелденген. Олай дейтініміз, отбасы – күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының, әдеп-ғұрпының іргетасын қалайды.

    Ұлы Абай атамыздың қандай өлеңін алсақ та білімділікті меңзей отырып, адамгершіліктің ұстаздық жолын көрсеткен. Осыған орай данышпан Абай атамыз «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп  тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі – білсем екен деп тұрады. Не көрсе соған талпынып, қызығып, көргенінің бәрін сұрап тыныштық бермейді, мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...». Бастауыш сынып оқушыларының бойында жақсы мінез қалыптасып, дені сау, жаны сау жеке тұлғаның тәрбиеленуінде дене тәрбиесінің атқаратын ролі зор.

Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.

Дене тəрбиесінің негізгі құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əр тараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.

    Дене тәрбиесі ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесімен бірлесе отырып, баланың жан-жақты дамуының негізін құрайды. Дене тәрбиесінің бастапқы нышаны алғашқы қауымдық құрылыста әр түрлі ойын , жарыс, аң аулау, күш сынасу сияқты дәстүр және салт түрінде көрініс тапса, құлдық қоғамда, әсіресе, ежелге Греция мен Римде,  дене тәрбиесі мемлекеттік сипат алып, феодалдық қоғамның дамуы кезеңінде жастарға дене тәрбиесін беру атқа міну, күресу, жүзу, сайысу, садақ тарту, аң аулау түрінде жүргізілді.

     Дене тәрбиесі саласында алдыңғы қатарлы теориялар шықты. Францияда Ф.Рабле  және М.Монтень дене тәрбиесін ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарау керек дегенді ұсынды. Я.А.Коменский дене тәрбиесін педагогикалық процестің негізгі бір бөлігі деп қарап, өзінің “Ұлы дидактика”, “Аналар мектебі” сияқты еңбектерінде балалардың күн тәртібі, тамағы, тазалығы, ойындары, дене шынықтыру жаттығулары мәселелеріне үлкен мән берген. Дене тәрбиесін сәбилік шақтан бастауды ұсынған.

     Ағылшын философы Дж.Локк, француз философы Ж.Ж.Руссо дене тәрбиесіне ерекше мән берген. Неміс педагогы Ф.Ян, швед педагогі И.Г.Песталоцци, чех педагогі М.Тырш т.б.дене тәрбиесінің әр қилы жүйелерін құрған. Ф.Фребель  өзінің әйгілі «Адамды тәрбиелеу» атты педагогикалық  еңбегінде   адамның ішкі әлемінің диалектикалық түрде сыртқа айналатынына ерекше көңіл бөлді.  Тәрбие мен білім беру жұмысы   барлық жастағылар үшін педагогикалық мекемелерде  жүйелі  іске асырылуы керектігін қарастырды.

     Алдыңғы қатарлы орыс педагогтары мен қайраткерлері де дене тәрбиесі мәселесіне көп көңіл бөлген. В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Ушинскийлер мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі туралы айта келіп, оны еңбекпен байланыстыру мәселесін қозғаған.

Сонымен қатар, дене тәрбиесін балалардың ақыл-ойы мен адамгершілігін дамытудың қажетті шарты деп тапқан. Адамтанушы және педагог П.Ф.Лесгафт өзінің оқушысы В.В.Горниевскиймен дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрған. Сондай-ақ, бала денесі  дамуының заңдылықтарын, тұқым қуалаушылық қана емес, орта мен тәрбиенің   ықпалын да атап көрсеткен. Дене тәрбиесін ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбиелерімен байланыстырған. К. Д. Ушинский «Тəрбие iсi бiршама жеңiлдеу көрiнедi. Тəрбиеге шыдамдылық керек екенi баршаға аян, кейбiреулер ол үшiн тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума қабiлет жəне ептiлiктерден басқа арнайы бiлiмдердiң де қажет екенiн бүгiнгi күнi мойындап отыр» - деген. Тəрбиелiк қызметте ептiлiк, дарын (талант) жəне теориялық бiлiмдер бiрдей керектi екенiн П. П. Блонский ескерген. Ептiлiк күнделiктi тəрбиеде ұшталады, дарын тəрбиелiк жұмыс барысында шыңдалады, теориялық бiлiмдер адам дамуы мен тəрбиенiң мəн-мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар түрiнде бiрден бiрге өтедi деген. А. С. Макаренко ықпалды тəрбие жүргiзу үшiн əрбiр мұғалiм-тəрбиешi педагогикалық шеберлiкке бейiмделуi тиiс, ал сол шеберлiктiң астарында мiндеттi түрде игерiлген теориялық бiлiмдер болуы шарт деп өте дұрыс пайымдаған. Адам қызметiнiң əртүрлi саласында теорияның маңыздылығын ежелгi ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор «Практикалық iс-əрекеттiң еркiн өрiстеуi мен үнемдi болуы тек қана теориялық танымнан», -деген. «Əркiм жақсы бiлгенiнен данышпан»,- деп Сократ та текке айтпаған. Теориялық бiлiмдердiң маңыздылығы бүгiнгi ғылым мен техниканың, өмiрдiң барша тармағында кең орын алуына орай ерекше артып отыр. Сондықтан да, педагогиканың мəнiн түсiнiп, дене тəрбиесіне байланысты негiзгi теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте маңызды.

   Дене тәрбиесіне үлкен мән беріп, еңбек еткен педагогтар Н.К.Крупская және А.С.Макаренко болды.

  Дене тәрбиесі ағзаны шынықтырып, бала психикасының дамуына үлкен әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, көп қырлы педагогикалық іс.

    Дененің дамуы – тәрбиенің және бізді қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі және өсуі.

     Дененің жетілуі - өмірге, Отан қорғауға, еңбек етуге қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетуі.

      Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгеруімен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына өтуге, ауысуға әкеліп тірейді. Жас шамасына қарай әр баспалдақтағы даму сапа жағынан бір-бірінен өзгеше. Әрбір жаңа баспалдақ келесі баспалдаққа өтудің дайындығы болып табылады. Адамның жеке басының дамуы да жас шамасына қарай баспалдақтарға бөлінеді.

    Қазақстан Республикасының Ата Заңында мемлекетімізде бірте-бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық-демократиялық қоғамның ең құнды байлығы адам екендігі баса айтылған. Қазіргі уақытта қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты білім жүйесін жеке тұлғаның дамуына бағыттау арқылы жаңалаудың тиімді жолдары қайта қаралып, жаңа көзқарастар қалыптасуда. Соның бірі – негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру мәселесі. Жас ұрпақтың дене дамуын жетілдірудің тәлім-тәрбиелік мәнін, білімділік маңызын Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Иассауи т.б. ғұламалар жан-жақты талқылап, жеке тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің маңызына тоқталған. Ал көрнекті педагогтар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци және орыс педагогтары К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегер, В.А.Сухомлинский дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс жаттығуларының тәрбиелік мәні мен қоса балалардың өз халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретіні жөнінде айтылған (4.Б.6).

    Белгілі қазақ зиялылары Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың  балалардың дене дамуын жетілдірудегі ұлттық ойындар мен жаттығулардың  маңызы туралы айтқан пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

     Бастауыш мектеп балаларының психологиялық дамуы  А.Люблинскаяның,  Д.Б.Элькониннің, В.С.Мухинаның, М.М.Мұқановтың, Х.Т.Шериязданованың   еңбектерінде қарастырылған (5).

   Бүгінгі бастауыш мектеп мекемелер алдында тұрған басты міндет – тәрбиелеу және білім беру үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, бастауыш сынып балаларының дене дамуын жетілдіруге жағдай туғызу болып отыр.

Бастауыш мектептердегі тәрбие ісі дене шынықтыру бағытындағы мақсаттары мен дене саулығы жəне тəн сұлулығы тəрбиесi мiндеттерiнен туындайды. Олар:

1) Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуiне көмектесу;

2) Спорт – дене тəрбиесi бiлiмдерiн меңгерту;

3) Қозғалыс дағдылары мен бiлiктерiн дамыту;

4) Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептiлiк т.б.);

5) Адамгершiлiк қасиеттердi тəрбиелеу (ерлiк, тұрақ-тылық, тəртiп, ұжымшылдық);

6) Эстетикалық қасиеттердi қалыптастыру (дене түзулiгi, жүрiс-тұрыс мəдениетi);

7) Дене шынықтыру мен спортпен үнемi айналысуды əдетке айналдыру;

8) Гигиеналық дағды мен ептiлiктi қалыптастыру.

Дене тəрбиесi бағытындағы тәрбие ісі жан-жақтылығы алға қойылған мiндеттердi адамгершiлiк, ой-сана, эстетика, еңбек тəрбие түрлерiмен бiрге шешуге көмектеседi.

    Бұл бағыттағы тәрбие ісінiң көп тараған түрi - сабақ алдында мектептегi еңбек күнiн бастайтын дене машықтары.

    Тәрбие ісі дене тəрбиесi бағытындағы дене шынықтыру сəттерi, шаршағанда сергiтушi   бiрнеше  жаттығулардан тұрады.

    Тәрбие ісінде - «қозғалысты үзiлiс» оқушылардың күнделiктi сабақ арасында таза ауамен тыныс алуына жəрдемдеседi.

    Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, денесінің дұрыс дамуын қаматамасыз ету, өйткені бастауыш сыныпта баланың дамуына дұрыс жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Бастауыш сыныпта бала ағзасы әлі де әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени гигиеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше. «Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететінт жағдайдың бәрін пайдалану қажет»,-деп И.П.Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты.

  Ғалымдар Ж.Б.Қоянбаев және Р.М.Қоянбаевтар оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйене отырып, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырған. Мәселен, «...оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызыд кепілі»,-деген.

    Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүру, жүгіру, қарғу, секіру, жүзу, лақтыру, еңбектеу, шаңғы, шана, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу жасау т.б.

   Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың дене дамуын жетілдіріп, қозғалу тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.  Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті болса, ептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.

   Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. оқушылар нақты білім алады.

   Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды. Мектептегі дене тәрбиесі жұмысының мазмұнына төмендегідей мәселелер кіреді:

-         оқушыларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;

-         мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру;

-         оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізу.

   Сондай-ақ, дене тәрбиесін мектептен тыс оқу орындарында, спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегідей талаптарды ескеру қажет:

-         оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;

-         оқушылардың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;

-         спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығушылығын және қабілетін дамыту;

-         негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

     Дене тәрбиесінің  арнаулы міндеттерін шеше отырып, қоғамдық тәрбиенің барлық жағынан өсу, даму байланыстарын жетілдіреді. Адамның жан-жақты дамуы, дұрыс тәрбиеленуі педагог - маманның іс-тәжірбиесіне творчестволық жағынан жұмыс жасауына байланысты.

     Дене тәрбиесі мамандығының жұмысы қоғамдық тәрбиелеу жүйесіне сүйене отырып, барлық мүмкіндікті қолдануды талап етеді. Біздің елімізде дене тәрбиесі қайта өркендеу үшін, ең алдымен дене дайындығы, жоғары сана сезімі мен әрекетіміздің бірге даму қажеттілігіболу керек. Тек сонда ғана адам біздің қоғам мүшесі ретінде көрінеді. Дене тәрбиесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – арнайы, жалпы дене дайындығының бірлігінде. Денені тәрбиелеу заңдылықтарында жан-жақты даму қағидасын іске асыру үшін әдістер мен құралдар қолданылады. Адамның негізгі дене күшінің сапасын дамытатын, жеке дене мүмкіншіліктерін көрсетуіне жағдай жасайтын әдістемелік дұрыс бағыт болуы қажет. Бұл қағида дене тәрбиесінің басқа тәрбиемен байланысты ғана емес, сонымен қатар өзінің арнайы жан-жақты дамуын талап етеді. Жан-жақты дамудың тағы да бір маңызы – эволюцияның дамуына байланысты биологиялық ортаны өзгертіп сыртқы ортаға сай қалыптастыру.

Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру