Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 02:04, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті (1).

Файлы: 1 файл

физвоспит.doc

— 516.50 Кб (Скачать файл)

    Дипломдық жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сай бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруде  қимыл-қозғалыс ойындарын да тиімді пайдаландық. Төменде тәжірибеде пайдаланған екі ойынның мазмұнын беріп отырмыз. Ойынның аты «Ақсүйек».

    Ақсүйек – қазақ жастарының арасында кеңінен таралған ойындардың бір түрі. Ойын түнде өкізіледі.

    Ойынның ережесі: «Ақсүйекті» ойнауға жиналған жастар сан жағынан тең екі командаға бөлінеді (қыздардың саны командаларда бірдей болғаны жөн).

    Ойын басталардан бұрын жанама ат қойылады. Мәселен: «Жұлдыз», «Жер», «Аспан», «Шолпан» және т.б. осы сияқтылар.

     Ойынды төреші жүргізеді. Төреші екі команданың ойыншыларын ойын алаңындағы көлденең мәре сызығына тұрғызып, қолдағы ақсүйегін ойын алаңына лақтырады. Төреші белгі берген соң, ойыншылар сүйекті іздеуге шығады.

    Ақсүйекті тапқан ойыншы оны қарсыластарына білдірместен, топ жара ала жөнеліп, төрешінің қолына тапсыруға міндетті. Ойын шаты бойынша ақсүйекті тауып алған ойыншы өз командасының жанама атын дауыстап айтуға міндетті. Ойыншының дауысымен естіген өз командасының ойыншылары оның мәреге жетуіне көмектесуге күш салса, қарсы команданың ойыншылары қолынан ақсүйекті тартып алып, төрешіге жеткізуге әрекет жасайды. Ақсүйекке талас кезінде ойыншыларға бір-бірін тек қолдан ұстауға рұқсат етіледі. Денеден, киімнен ұстап, аяқтан шалып, қолмен ұруға болмайды. Сүйектен жолда айрылғандар қарсы жаққа өтіп отырады да, қай команда белгілі уақыт ішінде көп адамнан айрылса, сол команда жеңілген болып есептеледі. Жеңілген жақ жетекшісі не топтың бір мүшесі қарсы жақтың айыбын өтеп, көпті күлдіретін бір өнер көрсетеді, ойын аяқталады.

     Ақсүйек ойынының осыған ұқсас өзге де түрлері бар. Олардың қай-қайсысы да жастарды жылдамдыққа, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа үйретеді.

    Келесі ойынның аты «Соқыр теке».

    Ойынға қатысушылар  жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың не бір баланың көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

              Қараңғыда көзім жоқ,

              Тиіп кетсе сөзім жоқ.

              Қайда кеттің қалқа жан,

Жетектейтін өзін жоқ.

Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп, - деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

    «Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.

     Жоғарыда «Соқыр теке» ойынының бірініші нұсқасы беріліп отыр. Енді назарларыңызға атаплған ойынның екінші нұсқасын ұсынамыз.

    Ойынның аты «Соқыр теке».

    Ойынға қатынасушылар кең алаңға немесе клуб үйіне жиналып, қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын нұсқап-нұсқап:

Бұзау, бота, құлыншақ,

Тоқты, серке, тай, торпақ,

Тана, тайлақ,

Құнан, дөнен, бесті бар,

Малдың жасын айыра біл, естіп ал.

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар.

Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.

Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ»

Соқыр теке қайдан бізді таппақ, - деп мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған ойышы «тентек теке» болады.

    Ойын далада ойналса, шеңбер сызылып, ойынға қатыасушылар осы шеңберден шықпауы керек. Ойынды жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, «тентек теке» былай дейді:

«Әй, қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсем сөзім жоқ.

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріңдер!»

Мұнан кейін «Соқыр текені» айнала қоршағандар:

«Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырағын алайын,

Тотияйы салайын.

Ал ұстап көр, батырым!

Міне, келе жатырмын!»,-

деген өлеңді бәрі қосылып айтады. Өлең айтылып болысымен, «Соқыр теке» шеңбер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі керек.

   Дене тәрбиесі – адам өмірінің бір бөлшегі, дене және рухани күшті дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен спорттық әрекеттер жүйесі. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі дамытушылық, тәрбиелік, білімдік,  сауықтыру-гигиеналық қызметтерді атқарады. Салауаттылық маңызы – дене тәрбиесінің мәнін, оның өмірлік қажеттілігін, барлық дамудың (ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқық) табиғи негізі ретіндегі мәнін түсіну, дене шынықтыру және спорт тарихы ментәжірибесінің әрекет бірлігі мен дағдыларының  қалыптасуына ықпал етеді. Дене шынықтыру сабақтарын өткізу барысында оқушылардың дене шынықтыру-спорттық ойлауы, техникалық шеберлігін жетілдіруге даяр болуға, уақытқа, кеңістікте және ойын жағдайына бағдарлануы, спорттық-ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеттері қалыптасып, дене дамуы жетіледі.

   Мұның бәрі оқушылардың бойында денсаулығын сақтауға қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді.

    Қалыптастыру эксперименті барысында біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне  сай жоғарыда мысалға келтірілгендей дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс шаралар жоспарлап жүйелі өткіздік. Қалыптастыру экспериментінің нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады.

 

2 кесте – Қалыптастыру экспериментінің нәтижесі

 

Р/с

Сыныптар

Бала саны

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төменгі деңгей

1.

4 а

24

32

45

23

2.

4 ә

27

34

44

22

 

    Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті ірге тас - мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы – бастауыш білім.

   Болашақта ел тұтқасын ұстар дені сау азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күнгі мектеппен тікелей байланысты. Олай болса, күн тәртібінен түспейтін маңызыд мәселелердің бірі – дені сау, тәні сау, болашаққа сеніммен баратын ел азаматтарын тәрбиелеу. Осыған орай  бастауыш мектептің Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартында төмендегідей талаптарды   орындауды міндеттейді:

- меншік түріне қарамастан қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында дене шынықтыру сабақтарын өткізу;

- орта арнаулы және жоғары оқу орындарында «Дене шынықтыру» пәнін өткізудің оқу бағдарламасын даярлауда;

- ғылыми-зерттеу институттары мен білім жетілдіру институттарында дене шынықтыру пәнінің мамандарын курстан өткізу бағдарламасын даярлауда дене шынықтыру сабақтарының сапасын тексеру.

    Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт талаптарын орындау мақсатында зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруде дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс жұмыс түрлері (қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық жарыстар, спорттық кештер) тәрбиенің тұлғалық бағыт принципі негізінде   ұйымдастырылды.   Тәрбиенің тұлғалық бағыт принципі тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.

Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:

1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.

   Бастауыш сынып  оқушыларының дене дамуын жетілдіруде әңгімелесу, анкета алу,  бақылау, интервью, кездесулер ұйымдастыру, пікірталастар және экскурсиялар өткізу, дене шынықтыру сабақтары, қимыл-қозғалыс ойындары және т.б. әдістері пайдаланылды.

   Дене тәрбиесі  - оқушылардың дене дамуын жетілдіру мен денсаулығын сақтауға бағытталған  мақсатты, жоспарлы жүзеге асырылатын дене шынықтыру және спорттық әрекеттерінің жүйесі. Дене тәрбиесінің мақсаты әр баланың барлық тәрбие түрлерімен бірлікте үйлесімді дамыту.

   Дене тәрбиесінің тәрбиелілік өлшемі болып баланың жасына сәйкес денесінің дамуы: қозғалыс сапасы, біліші мен дағдысы, ептілігі, төзімділігі, жүгіру, тартылу, жаттығу орындаудағы жүктемені көтере алуы есептеледі. Сондай-ақ, дене мәдениетінің көрсеткіші болып дене жаттығуларын жүйелі жасауы, жеке гигиенаны мұқият сақтауы, еңбек пен демалысты нақты ұйымдастыруы, бос уақытын денесіне және жанына пайдалы етіп өткізуі, жамандыққа төзбеушілік ұстанымын ұстануы, адамның дене әрекетіндегі әдемілікті түсінуі жатады.

Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.

Дене тəрбиесінің негізгі құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əр тараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.

Мектептегi тəрбие жүйесi сонымен бiрге өндiрiс секiлдi қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны iске қосып, оқу-тəрбиелiк мiндеттердi шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзедi, яғни əртүрлi iс-əрекеттерiн басқару ұйымдастырып, сонымен бiрге оларды орындаушыларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететiн коммуникативтi желiнi iске қосады.

   Қорыта айтқанда, еліміздің қазіргі қайта өрлеу жағдайында  оқушылардың дене дамуын жетілдірудің, олардың дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығын қалыптастырудың маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Оқушылардың дене дамуын жетілдіру ата-аналар  мен мұғалімдердің педагогикалық оқу орнынан алған білім, іскерлік, дағдысы деңгейіне байланысты екені белгілі. Ал, мұндай даярлық мектеп пен ата-аналардың арасында тығыз байланыс орнатқанда, оқушы тәрбиесіне қатысы бар үлкендердің дене тәрбиесіне деген көзқарасы өзгергенде ғана  жүзеге асады.

Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру