Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 13:54, реферат

Описание работы

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Содержание работы

І. Кіріспе
1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
3 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
4 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.
5.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренканның рөлі
6.Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттісігі.Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
7.Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 71.08 Кб (Скачать файл)

в) Үшінші кезең - бұдан былай белсенділердің және ұжымның (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі фактілерді, құбылыстарды бағалауға ұжымдың пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, жалпы ережеге бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.      

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым кейбір ұжымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымда талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік - қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі.      

Оқушылар  ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты (перспективаны) талдау.      

А.С.Макаренко  мақсаттың үш түрін атайды: жақын, орта, алыс.      

а) Жақын мақсат (перспектива) - бұл күнделікті өмірде пайда болып, жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш дейді. Жақын мақсатқа: жарыс, саяхат, серуен, көрмеге немесе театрға бару, үйірмелерге қатысып, өзінің жақсы көретін ісін, т.б. орындау.       

б) Орта мақсат (перспектива) - бұл жақын уақытта атқарылатын қызықты іс, әр түрлі байқау, эстетикалық, этикалық тақырыптағы сұхбат, пікір сайыс. Мұндай іс-шаралар оқушылар үшін өте қуанышты болуға тиіс.      

в) Алыс мақсат (перспектива) - бұл ұжымның немесе жеке оқушының бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Бұған болашақ мамандықты таңдау, білім алу, өз бетінше еңбек ету, алдындағы үлкен мақсатқа ұмтылу жатады.      

Жалпы адам баласы мақсатсыз болмайды. Мақсат - ойлау процесі нәтижесінде болашақты алдын-ала болжау арқылы туатың мұрат, ішкі қозғаушы күш. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады

 

 

 

 

 

 

 

6.Педагогтар мен  оқушылардың өзара әрекеттестігі  сыныптан тыс жұмыстарда әр  түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық  іс-әрекетіне педагогикалық басшылық  жасау.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

1.      Педагогикалық  жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен  саналы байланыстыру;

2.      Ұжым —  динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады  және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық  жетекшілер қарым-қатынас және  әсер ету жобаларын жиі өзгертіп  отыруы

міндетті.

3.      Сынып  жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер  тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен  үнемі бай-ланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі  лазым.

Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

Жекеше қарым-қатынас жасау;

Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені, бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;

Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;

Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;

Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжы

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері 
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:  
- білім беру – бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:  
- тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.  
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.  
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды  
Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).  
Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.  
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс..  
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез – құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.  
Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының ОТҚ мүмкіндікгеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.  
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.  
Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы – құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс.  
Жалпы заңдылықтар:  
- оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру, 

- қоғамдық -тарихи білімдері  көлемі мен оқушының оны меңгерген  көлемі арасында;  
- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;  
- оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері арасында;  
- жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;  
- бұрынғы білім деңгейі мен оны «жататын» жаңа білім арасында;  
- білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;  
- оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және кажетті қатынас деңгейі арасында;  
- күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.  
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.  
Педагогакалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістін ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші – бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.  
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін  
мәнді болып, оқьпудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі – олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқьпудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты – оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана «ұстап қалмауы», соған «тіреліп» қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін табу үшін, оқыту процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.  
Оқытудың принциптері оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мекгептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.  
Принциптері – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.  
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.  
Оқыту принциптері – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан, оларды» әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:  
1)Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік принциптері оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәінін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына қабілеттендіреді.  
2)Оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.  
3)Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.  
4)Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл – ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.  
5)Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.  

 

7.Өзін-өзі басқару-тұлға  мен ұжым қалыптасуы жетекші  факторы.

 

Ұжым мен тұлға арасындағы факторлар — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиет-терде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогика-лық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.

Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды — болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесін-дегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:

1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм);

 

2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен  үйлесімді қатынаста (гармония) болады;

3) Тұлға ұжымды өзіне  бағындырады (лидерлік).

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:

1) Тұлға өз тәуелсіздігін  барынша сақтап ұжым талаптарына  сырттай бағынады;

2) Тұлғаның кейбір өзіндік  іс-қимылы ұжым талаптарына сай  келмейді.

Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құнды-лықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжым-ның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туын-дайды: көбіне өзін-өзі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Қорытынды      

Балалар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.  
      Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы  жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің  маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.      

Информация о работе Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі