Қазіргі білім беру парадигмасындағы теориялық бағыттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:22, реферат

Описание работы

Қазіргі білім беру парадигмасы.
Қазіргі білім беру парадигмасындағы теориялық бағыттар.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 23.57 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  Магистратура және PhD докторантура институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазіргі білім беру парадигмасындағы теориялық  бағыттар»

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  А.М. Қилыбаева 

 

      Тексерген: Т.Н. Жүндібаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2013 жыл

Жоспары:

 

  1. Қазіргі білім беру парадигмасы.
  2. Қазіргі білім беру парадигмасындағы теориялық бағыттар.

 

 

ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің  тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік  нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы  орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша  маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесінде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.

Білім беру  - тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың  кәсіби негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының жоғарғы  деңгейіне жету болып табылатын  үздіксіз  процесс.

Білім беру қызметі –  білім беру процесінің нәтижесі, ол осы қызметпен құрылған, ол білім  алып жатқандардың қызметінің мақсатын ашады.

Білім беру қызметі –  бекітілген ережелерге сәйкес категориялар мен критерийлер арқылы профессионалды деңгейге жету.

Білім беру мазмұны - жеке адамның  біліктілігі мен жан-жакты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын  білім берудің әрбір деңгейі  бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарттары негізінде  әзірленетін білім беретін оқу  бағдарламаларымен әзірленеді.

Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары

 «Парадигма» - латынның  мысал деген сөзінен шыққан. Бұл  білімнің концептуалды моделі  ретінде пайдаланылады. Білім  парадигмасының көп тараған түрлері  аз емес. Оларға мыналар жатады: 
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); 
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); 
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); 
4. Технократтық; 
5. Эзотерикалық. 
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады. 
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді. 
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.  
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады. 
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс.  
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Біліктілік арттыру жүйесінде  педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның  нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім  оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен  келеді.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында  мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен  меңгерген зерттеу біліктері  мен дағдылары нәтижесінде проблеманың  шешімін таба алатын, ақпараттық –  коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы  құзыреттілікті меңгере отырып тек  « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк  – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай  айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп  аталады. Таным теориясының басқа  ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң  жалпы ұстанымдарын, объективтiк  қатынастарды қалыптастырады.

 

Қазіргі кезеңде Республикасызда  білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік  білім беру кеңістігіне енуге  бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім  моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 18 қаңтар 1992 ж.
  2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы  // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1, 3-18 б.

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі білім беру парадигмасындағы теориялық бағыттар