Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:20, доклад

Описание работы

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 31.27 Кб (Скачать файл)

4. Ұлттық жоспарды  іске асырудан күтілетін нәтижелер 
Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Ұлттық жоспардың негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады. 
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету: 
1) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, құзыретті білім беру парадигмасында мектепті басқару жүйелері анықталды; 
2) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды ғылыми-зерттеушілік, сараптамалық-талдамалық алып жүру қамтамасыз етілді; 
3) балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп оқушыларының өмірлік бағдарының мәнін, ата-аналардың рөлін диагностикалау қамтамасыз етілді. 
2. Білім беру мазмұнын жаңарту: 
1) мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді; 
2) оқу жоспарлары тұлғалық жетілуді қамтамасыз ететін білім беру вариативтілігін, коммуникативті дағдыларды қалыптастыратын білім алудағы дербестікті, ақпарат пен технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды қарастырады. 
3. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету: 
1) практикаға бағдарланған оқулықтар әзірленді; 
2) жаңартылды, мектеп оқушыларының тұлғалық бағдарын, білім берудің саралануын, практикалық бағытын, дифференциациясын, тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтердің практикасына табысты енгізілді; 
3) мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейі артты; 
4) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға қойылатын талаптар мен тәсілдердің кешенділігі және біртұтастығын қамтамасыз ететін мектептің, отбасы мен қоғамның әлеуметтік өзара әрекетінің мазмұны мен нысаны жаңартылды; 
5) тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қосымша білім берудің беделі қамтамасыз етілді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 50 %-ы қосымша біліммен қамтылды; 
6) ата-аналардың алғашқы кезекте балалардың білім алуға және тұлғалық қызығушылықтарын қамтамасыз етуге назарын аударуды және белсенділігін арттыруды туғызатын ата-аналардың функционалдық сауаттылығы артты. 
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі: 
1) білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізілді, сыни тұрғыда бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізілді; 
2) стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдамалар әзірленді; 
3) жазбаша тапсырмаларды қоса алғанда білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды; 
4) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламада (PISA) 50-55 орындарға және 4, 8-сыныптардағы оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалау бойынша (TIMSS) 10-15 орындарға қол жеткізілді. 
5. Материалдық-техникалық база: 
1) білім беру мазмұнының стандарттары мен сабақтан тыс іс-әрекет бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылды; 
2) базалық мектептік білім берумен біріктіру міндеттерін шешу үшін қосымша білім беру ұйымдарының қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуы және балаларға негізгі: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетанушылық, оқу-сауықтыру және т.б. бағыттар бойынша қосымша білім беру мазмұнын дамыту мәселелері шешілді. 
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жалпы әлемдік үрдістер мен ХХІ ғасырдың білім беру мазмұнына және функциялық сауаттылықтың дамуына қойылатын талаптар контекстінде арттыруға мүмкіндік береді.

5. Қажетті қаржы  ресурстары 
Ұлттық жоспардың іс-шараларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі 24,6*млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,7 млрд. теңгені құрайды: 
2012 жылы – 1,3 млрд.теңге; 
2013 жылы – 6,6 млрд.теңге; 
2014 жылы – 4,6 млрд.теңге; 
2015 жылы – 5,7 млрд.теңге; 
2016 жылы – 4,5 млрд.теңге. 
Ұлттық жоспардың іс-шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттен білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады. 
*Ұлттық жоспарды қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

6. Мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамыту  үшін жағдайлар жасау жөніндегі  іс-шаралар жоспары 
№    Іс-шаралар    Аяқталу нысаны    Жауапты орындау-шылар    Іс-шараларды іске асыру мерзімі    Ұсынылатын шығыстар (млн. теңге)    Қаржылан- 
дыру көзі

1    2    3    4    5    6    7 
1.Ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету 
1    «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының білім деңгейлері бойынша ғылыми-әдістемелік негізі» 
зерттеуін жүргізу    Талдамалық баяндама    БҒМ    Желтоқсан 2013-2014 жылдар     40,0    Республи-калық бюджет 
2    «ХХІ ғасыр мектебі:басқару проблемалары мен келешегі (Білім беру сапасын функционалдық сауаттылықты дамытуды қамтамасыз ету факторы ретінде басқару)» 
зерттеуін жүргізу    Талдамалық баяндама    БҒМ    2013 жылғы желтоқсан 
46,0    Респуб-ликалық бюджет 
3    «Педагогтің кәсіби тұлғалық құзыреттілігін анықтау» атты 
зерттеу жүргізу    Баяндама    БҒМ    2014 жылғы желтоқсан 
3,5    Респуб-ликалық бюджет 
4    «Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарын мониторингілеу және бағалау» 
әлеуметтік зерттеуін жүргізу    Баяндама, әдістемелік ұсынымдама    БҒМ    2013, 
2016 жылдар, желтоқсан 
153,6    Респуб-ликалық бюджет 
2. Білім беру мазмұны: стандарттар, оқу жоспарлары, бағдарламалар 
5    Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын қалыптастырудағы әлемдік және отандық әдістерді зерделеу    Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс    БҒМ    2013 жылғы, маусым     76,9    Респуб-ликалық бюджет 
6    11 жылдық мектепке арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту    Бұйрық    БҒМ    2012 жыл    114,4    Респуб-ликалық бюджет 
7     «Негізгі ережелер», 12 жылдық бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру» МЖБС түзетулер енгізу    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы    БҒМ    2012-2013 жылдар    16,8    Респуб-ликалық бюджет 
8    12 жылдық мектептерге, оның ішінде 3 тілде білім беретін мектептерге арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту     Бұйрық    БҒМ    2013 жыл    65,8    Респуб-ликалық бюджет 
9    «Бейіндік мектепке» арналған (11-12 сынып) бейіндік оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту    Бұйрық    БҒМ    2013 жыл    2,2    Респуб-ликалық бюджет 
10    Шетелдік әріптестермен бірлесіп, Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын (оқу бағдарламалары, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді оқу жоспарлары, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар, сынақтан өткізу, мұғалімдерді әдістемелік қолдау) әзірлеу. НЗМ тәжірибелерін еліміздегі 35 жалпы білім беретін мектепке енгізу    БҒМ-ге ақпарат    НЗМ ДББҰ    2013-2016 жылдар    7548,1    Респуб-ликалық бюджет 
11    Оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру    Оқу бағдарламалары, технологиялар    БҒМ, ҮЕҰ    2012-2016 жылдар    Қарастырылған қаражат шеңберінде    Респуб-ликалық бюджет 
12    Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға арналған семинарлардың бағдарламаларынәзірлеу    Семинарлар бағдарламасы    БҒМ    2013 жыл    1,5    Респуб-ликалық бюджет 
3. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 
13    Функционалдық сауат- 
тылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру (білімнің деңгейлері мен бағыттары бойынша) әдістемелік нұсқаулығын әзірлеу    Нұсқаулық    БҒМ    2014 жыл    18,0    Респуб-ликалық бюджет 
14    Халықаралық тәжірибені ескере отырып оқулықтарды және ОӘК әзірлеу     Оқулықтар макеті    БҒМ    2012-2015 жылдар    Көзделген қаражат шегінде    Респуб-ликалық бюджет 
15    Оқулықтарға жөне ОӘК оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту критерийлеріне сәйкес сараптама жүргізу     Сараптамаға техникалық тапсырма    БҒМ    2012-2015 жылдар    Көзделген қаражат шегінде    Респуб-ликалық бюджет 
16    Қосымша білім беру ұйымының (жас натуралистер, техниктер бекеті және т.б) қызметін бейіндік мектеп бағдарламаларымен біріктіруді қамтамасыз ету     Әдістемелік ұсыным    БҒМ    2014 жыл    3,5    Респуб-ликалық бюджет 
17    «Отанымыздың елордасы – Астанамен танысамыз» атты өлкетану жобасын жаппай оқу қорының қаражаты шеңберінде іске асыру    БҒМ-ге ақпарат     ЖАО    2013-2016 жылдар    330,0    Жергілікті бюджет 
18    Мектеп оқушыларының функционалдық сауатты- 
лығын дамыту бағдарламасы бойынша ата-аналарға семинарлар өткізу    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
ЖАО    2013-2016 жылдар    20,0    Респуб-ликалық бюджет 
19    «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсын ұйымдастыру    БҒМ-ге ақпарат    ЖАО    2012-2016 жылдар    1260,7    Жергілікті бюджет 
20    «Білім» телеарнасында «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы» бағдарламалар топтамасын шығаруды ұйымдастыру     Телебағдарламалар топтамасы    МАМ БҒМ    2013-2016 жылдар    Көзделген қаражат шегінде    Респуб-ликалық бюджет 
21    «Темірқазық», «Экоәлем» балалардың ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық журналдарын әзірлеу және басып шығару     Журналдар    БҒМ    2012-2016 жылдар    12,0    Респуб-ликалық бюджет 
22    Балаларға арналған www.ziyatker.kz ғылыми-танымдық сайтын құру және қолдау көрсету    сайт    БҒМ    2012-2016 жылдар    15,0    Респуб-ликалық бюджет 
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі 
23    «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 6,10-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» атты тәуелсіз мониторингтік зерттеу жүргізу    Талдамалық есеп    БҒМ    2013 жыл    28,6    Респуб-ликалық бюджет 
24    «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау» атты тәуелсіз мониторингтік зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу     Талдамалық есеп    БҒМ    2013, 
2014 жылдар    55,9    Респуб-ликалық бюджет 
25    Жыл сайын оқу жетістігін сырттай бағалауға (ОЖСБ), ҰБТ және халықаралық зерттеулерге мониторинг жүргізу    Талдамалық есеп     БҒМ    2012-2016 жылдар    Көзделген қаражат шегінде    Респуб-ликалық бюджет 
26    Математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығының қалыптасуын тексеру үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру (9-10 сыныптар)     Мониторинг бойынша есеп    БҒМ    2013 жыл    71,0    Респуб-ликалық бюджет 
27    Оқушылардың бейімділіктерін бейіналды диагностикалауды, педагогтер мен психологтардың кәсіби құзыреттіліктеріне консультация жүргізуді және дамытуды қамтамасыз ету    БҒМ-ге ақпарат     БҒМ 
ЖАО    2012-2016 жылдар    1250,0    Респуб-ликалық бюджет 
28    «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналардың ықпалын бағалау» зерттеуін жүргізу 
Талдамалық есеп    БҒМ    Желтоқсан 
2015 жыл    22,7    Респуб-ликалық бюджет 
5. Мектептердің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасы 
29    Жалпы білім беретін мектептерді әмбебап техникалық зертханалармен қамтамасыз ету    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымины 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    4000,0    Респуб-ликалық бюджет 
30    Аудандық әдістемелік кабинеттерді жабдықтар кешенімен қамтамасыз ету    БҒМ-ге ақпарат    ЖАО    2013-2015 жылдар    365,4    Жергілікті бюджет 
31    Астана қаласы оқушылар сарайының құрылымында балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік парк құру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ, Астана қаласы әкімдігі    2012 жыл    870,0    Респуб-ликалық бюджет 
32    Алматы, Павлодар, Өскемен, Жаңаөзен, Шымкент, қалаларындағы оқушылар сарайларының құрылымында балалар мен жасөспірімдерге арналған 5 ұлттық зияткерлік паркін құру     БҒМ-ге ақпарат    БҒМ, ЖАО    2013-2016 жылдар    2175,0    Респуб-ликалық бюджет 
33    167 үйді, шығармашылық орталықты, жас техниктер бекетін «Робототехника» кешенімен жарақтандыру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымині 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    734,9    Респуб-ликалық бюджет 
34    18 жас натуралистер бекетін жылыжайға арналған жабдықтар кешенімен жарақтандыру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымині 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    45,0    Респуб-ликалық бюджет 
35    20 балалар мен жасөспірімдер туристік бекетін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымині 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    324,0    Респуб-ликалық бюджет 
36    Астана, Алматы қалаларындағы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарындағы 5 жыл бойы сауықтыру орталығын қазіргі заманғы тренажер залдарымен жарақтандыру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымині 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    25,0    Респуб-ликалық бюджет 
37    202 балалар музыка мектебін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру    БҒМ-ге ақпарат    БҒМ 
Қаржымині 
ЭДСМ 
ЖАО    2013-2015 жылдар    4678,8    Респуб-ликалық бюджет

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: 
НЗМ ДБҰ    – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 
МЖББС    – Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты 
ЖАО    – жергілікті атқарушы органдар 
БҒМ    – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Қаржымині    – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 
ЭДСМ    – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда 
министрлігі 
МАМ    – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
НЗМ    – Назарбаев Зияткерлік мектептері 
ҮЕҰ    – үкіметтік емес ұйымдар 
ОҚО    – Оңтүстік Қазақстан облысы 
ОӘК    – оқу-әдістемелік кешені

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы