Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2015 в 09:27, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.

Файлы: 1 файл

Дип.-Мектептегі-оқыту-процесін-жақсартуға-ықпал-ету.doc

— 270.00 Кб (Скачать файл)

  ІІ, ІІІ сынып оқушыларының үй тапсырмасын орындау кезінде суретпен жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру үшін бұл икемділікті мынадай құрамды бөліктерге бөліп, оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігі былай анықталады:

   І.   Кітаптан сурет мазмұнына жақын келетін тексті оқу.

   ІІ.  Суреттегі оқиғаның  мезгілі мен орнын анықтау  үшін онымен тұтас танысу.

   ІІІ. Суреттің алдымен көзге  түсетін бейнелерін қарау.

   ІV. Оның соңғы шепте бейнеленген бөліктеріне көңіл бөлу.

   V.  Балалардың суреттен алған әсерлерін қорытындылау.

   Ойлауға негізделген икемділіктердің тұтас топтарын бір мағыналы және нақты іс-әрекет түрлеріне ажырату қиынға түседі. Сондықтан мұғалімдерге көмек беру мақсатында әрбір пән бойынша логикалық ойлау икемділігін қалыптастыруды жеңілдететін нұсқаулар үлгісін жасадық. Мысалы ІІІ сынып оқушыларын қазақ тілі сабағында талдаужасай білу икемділігіне үйрету үшін мыналарды ескеру керек.

    1. Сөзді дыбыс пен  әріпке талдау (жеке сөздегі дыбыстарды атау, олардың айтылу ерекшеліктерін байқау, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың өз ішіндегі түрлерін айыра білу, сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін санай білу).

   2. Сөзді буынға талдау (сөздерді буынға бөліп айту және жазу, буын санын анықтау, дауыс екпіні түсетін буынды бөлу, екпін түсіре айту т.с.с.).

   3. Сөйлемді талдау (сөйлемнің  тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу, сөз таптарына талдау, сөйлем  түрлеріне талдау).

   4. Суреттерді талдау (сурет  бойынша әңгіме құру, сурет мазмұнын  текст бойынша талдау).

   5. Тексті талдау (тексте  нүкте, сұрақ, леп белгісі т.б. белгілерді қою).

   6. Сөз мағынасын талдау (дыбыс  өзгерісіне қарай сөз мағыналарының  өзгеруін талдау, мағыналас, қарама-қарсы  сөздерді табу).

   7. Дауыс екпінін айыра білу (хабарлы, сұраулы лепті сөйлем. Сөйлем мағынасына сәйкес екпін түсіре білу).

   8. Сөз немесе сөйлемді  талдау арқылы ереже, қорытынды  жасауға үйрету.

 

  Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастырудың үшінші кезеңіне, жаднама, заңдылық, алгоритмді түсіндіру жатады. (Мысалы, қайшымен немесе инемен жұмыс істеу тәсілдері). Ережелерді, алгоритмдерді түсіндіргенде, оқушылардың жалықпауы үшін көптеген мұғалімдер ойын сценариін жасап, рольдерге бөліп орындатқызады. Мысалы, мұғалім оқушылардың күн режимін орындаудағы психологиялық ерекшеліктерін байқау мақсатында жаднама, ереже, заңдылықтар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру үшін рольге бөліп, қиын ойын өткізеді.

    Егер икемділік пен машықтың үлгісі көрсетілсе, онда оқушы оның мәнін терең ұғынатын болады. Демек, оқушыларға икемділік пен машықты қалыптастыратын іс-әрекеттің орындалу тәртібін үйрететін кезең – төртінші кезең. Мысалы, оқушының партаға қалай отыруы керектігін бейнелейтін плакат мұғалімдердің бәріне белгілі. Ал, біздің сөз етіп отырған мәселенің тұрғысынан алғанда, яғни жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру ісінде бұл плакатты пайдаланудың маңызы ерекше. (Мысалы, мұғалім оқушылар жазуға кірісер алдында, «Балалар, маған қараңдар!»деп, оқушылар назарын өзіне аударады да, әлгі плакатты нұсқайды. Оқушылар сол сәтте мұғалімнің үнсіз айтқанына түсінеді.)

   

   Қазақ тілі сабағында  оқушылар түрлі кесте-өрнек үлгілерімен танысады. Мысалы, сөз құрамы мен сөз таптарын өткенде мынадай кесте-өрнектер пайдаланылады:

 

 

СӨЗ  ҚҰРАМЫ



  

 


ТҮБІР




ЖАЛҒАУ




 

ЖҰРНАҚ




                                                             

    

 

 

 

 

 

САН ЕСІМ




СЫН ЕСІМ




ЗАТ ЕСІМ




ЕТІСТІК Т.Б.




СӨЗ ТАПТАРЫ





 

 

 

 

 

 

   Немесе хабарлы, сұраулы сөйлемдерді мынадай қарапайым өрнекпен түсіндіруге болады:

 

    1.______________________________?

     2.______________________________.

     3.______________________________?

     4.______________________________.

 

    Үшінші сыныпта екінші жартыжылдықтан бастап жоспармен жұмыс істеу күрделене түседі. Бұл кезде оқушылар жай жоспардың түрлерімен, ауызша жауап, мазмұндау, тексті талдау жоспарымен танысады. Сондықтан мұғалім оқушыларға көрсету үшін жоспар үлгілерін дайындайды.

    Әрбір икемділік бойынша  оқушыларға көрсетілетін үлгілерді  таңдау да – шығармашылық жұмыс, сондықтан кейбір мұғалімдер  алғашқыда қиындықа кездеседі. Бірақ  кейіннен қажетті үлгілер мен  көрнекі құралдар қорын жинап тәуір нәтижеге жетеді. Біз оқу икемділіктерін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибе барысында мынаны байқадық: белгілі бір икемділікті орындау үлгісін көрсету оқушының оқу еңбегінің ретін және оның орындалу мақсатын тез түсінуіне мүмкіндік береді.

   Икемділіктер мен машықтар қалыптастырудың келесі бесінші кезеңінде оқушылар алдымен үлгі бойынша жұмыс істейді, кейін шығармашылық деңгейде өз бетімен жұмыс істеуге машықтанады. Бұл кезеңде оқушыдан ереже, таблица, сурет, сызбаға негізделген тірек материалдарды еске түсіру, жаңғырту талап етіледі. Сондықтан дайындық жаттығуларын бастамас бұрын, мұғалім оқушыларға олардың ойлау қызметін жеңілдету үшін алдын ала даярланған жоба-сілтемелер мен бағдарды ұсынады. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, түсінікті, қарапайым болуға тиіс.

    Үйрену, байқау жаттығуларын орындау кезіндегі қызмет әр түрлі болады, солардың бірі – талдау –дәлелдеу (І, ІІ сыныптарда-түсіндірмелі жазу, ІІІ, ІV сыныптарда-дәлелдей отырып жазу). Мысалы, «үшінші сынып оқушылары біріккен сөздер тақырыбын өткен кезде, алдымен сөйлемнен біріккен сөзді табамыз, содан соң сол сөздердің қандай түбірлерден тұратынын ажыратамыз, түбірлерді жазып, араларына ажырату белгілерін қоямыз»,- деп талдайды.

  Түсіндірмелі жазу жүйесімен қатар дайындық және байұау жаттығуларын орындау кезінде мұғалімдер оқушылардың ақыл-ой қызметін жандандыру құралдарының басқа да түрлерін пайдаланады.

    Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру процесінің алтыншы кезеңі - өз бетімен жаттығу комплексін қамтиды.

     Бұл кезеңде оқушының икемділіктер мен машықтарды қалай меңгергендігі және оларды қалай қолданатыны байқалады. Осы кезеңнің бір ерекшелігі сол – жаттығу жұмыстары меңгерілген икемділіктерді бекітуге, одан әрі жетілдіре түсуге бағытталады.

    Оқушының сабақтағы іс-әрекетін, қызметін ұйымдастырудың айқын жоспары енді бұрынғыдай талдап түсіндірілмейді, тек қана оқушы қандай жағдайда  не істеуі керектігіне қысқаша нұсқау беріледі. Тәжірибе жүргізілгенсынып мұғалімдері дайындық және байқау жаттығуларымен қатар оқу-ұйымдастыру, оқу-информациялық, интеллектуалдық, коммуникативтік икемділіктерін бекіту мақсатында шығармашылық жаттығулар үлгілерін де жинақтап дайындайды. Мұндай жұмыстың көп пайдасы болады.Ол кез келген жаттығуды пайдалана салудан сақтандырады. Мысалы, мұғалім оқушылардың жаттығуды өз бетімен талдай алатындықтарын байқаған соң, «жұмысты неден бастаймын, одан соң не істеймін, жазылғанды қалай тексеру керек?» деген қорытындыға негізделген тапсырма береді. Талдауды осылай ұйымдастыру арқылы оқушы оқу еңбегі ретін қатаң сақтау керектігін түсінеді.

    Тағы бір мысал, І-ІІІ  сыныптарға арналған қазақ тілі  оқулықтарындағы жаттығуларда көбіне  «көшіріп жазыңдар» деген тапсырма  беріледі. Сондықтан мұғалім оқушыларды  көшіріп жазу машығына үйрету  үшін, сөздің графикалық бейнесін есте сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, алдымен оларды орфографиялық байқағыштыққа үйретіп, мына ережелерді мүлтіксіз орындауды талап етеді: 1. Сөзді оқы; 2. Әр сөздің жазылуын қара; 3. Жазғаныңды тексер.

    Үнемі жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде оқушылар сөзді ғана емес, сөйлемді түсініп, дұрыс көшіре білуге үйренеді.

  Тәжірибе жұмысы кезінде жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеру жолдарын одан әрі жалғастыру үшін мұғалімдер оқушылардың өз бетімен орындауларына тиісті жұмыстарына мынадай талап қояды:

   1. Мұғалім берген түсінікті саналы қабылдап, дұрыс бағдарлау;

    2. Жұмысты өз бетімен жоспарлау;

    3. Жұмысты басқаның көмегінсіз орындау.

  Осы өлшемдерді басшылыққа ала отырып, мұғалімдер өз жұмыстарында оқытудың саналылық, белсенділік, өз бетімен орындаушылық принциптерін іске асырады, үздіксіз жаттығу арқылы икемділіктің дамуына жетеді. ІІ сыныпта қазақ тілінен тыныс белгісі қойылмаған сөйлемдерді ажырату үшін, алдымен сөйлем деген не екені, әр сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылатыны, әр сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылатыны еске түсіріледі. Сондай-ақ оқушылар сөйлем соңында дауыстың бәсеңдейтінін де білулері тиіс.

  Мұғалімдер оқушыларда, әсіресе, тез оқу, жазу, есптеу машықтарынқалыптастыруға көбірек көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта әдетте текст сабақта бірнеше рет оқылады. Осыған байланысты мұғалімдер алдында «қайткенде оқу әдістерін қайталамауға, баланың ықыласын төмендетпеуге болады?» деген сұрақ тұрады.

    Сабақта әңгімені, тексті оқытудың әр кезеңі жаңа тапсырма, жаңа міндет жүктейді, сондықтан тексті оқыту үстінде оқушылар еңбегінің шығармашылық деңгейін бағдарлау үшін оқудың түрліше әдістерін: жалғастырып оқу, тізбектеп оқу, іріктеп оқу, білімге және рольдерге бөліп оқу, мұғалім мен оқушылардың алмасып оқуы, ақырында, белгіленген нормаға байланысты уақыт белгілеп оқу сияқты түрлерін қолдану керек.

  Жаңа сабақ үстінде мұғалім тексті іштей оқу, сұраққа сәйкес жауапты текстен тауып оқу, салыстырып бөлімдерге ат қойып оқу сияқты оқу әдістерінің түрлерін пайдаланады. Жақсы және орташа оқитын оқушылар кезектесіп оқиды. Әрқайсысына жылдамдық нормасына  байланысты оқу міндеті жүктеледі. Тексті оқу барысында олардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, дамыту сияқты мақсат та қойылады. Мысалы, сабақ үстінде «Бір де бір сөзді өзгертпей кім айта алады?» ойыны өткізіледі.

   Жұмыстың мұндай түрлері көп, мысалы, өлеңнің 1-2 шумағын сыныпта жаттап үйретуге болады; сынып тақтасына сөз немесе сөйлем жазып, оқушыларға оқып беріп, есте қалдыру міндетін шешуге болады. Жазу дереу өшіріліп немесе тақтадағы шымылдықпен жабылады да, оқушылар көргендерін дәптерге жазады.

    Осындай жұмыстарды орындау  үстінде дыбыстарды дұрыс айту, оқу қарқынын жеделдету, тыныс  белгілерін сақтау, дауыстап оқу, кейіпкерлер мен автордың сезімдерін, көңіл-күйлерін дауыс екпіні арқылы білдіру, оқылған үзіндінің мазмұнын баяндай білуге төселдіру сияқты икемділіктерді қалыптастыру іске асырылады.

    Оқушы оқу техникасын  толық меңгеріп, оқу жылдамдығын  арттырғанда ғана тексті түсініп, қатесіз оқуға мүмкіндік туады. Оқушы оқу техникасын меңгере білгенінен гөрі оқығанын түсінгеніне, білгеніне қуанады. Тез оқу икемділігі оны тез жазуға, жалпы рухани дамуының өсуіне жетелейді. Тез жазуға үйренген оқушы жазылғанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды меңгеруге, жазғанын тексеруге мүмкіндік алады.

   Белгілі психолог В.А.Крутецкий  жоғарыдағыдай жұмыстардың тиімділігі  мына шарттардың орындалуына  байланысты болады деп көрсетеді:

   а) оқушы не істеу, қандай  нәтижеге жету керектігін білуге, бір-біріне ұқсамайтын текстер мен мысалдарды орындауға тиіс; ә) өз жұмысын соған ұқсас үлгімен салыстырып, қатесін түзетуі қажет; б) жұмыстың толық орындалғанына көзін жеткізуі керек; в) белгіленген икемділікті меңгеру барысында үзіліс болмауы шарт.

    Жалпы оқу икемділіктер  мен машықтарын қалыптастырудың қорытынды кезеңі олардың қалыптасуын тексеру және анықталған кемшіліктерді жою. Икемділіктер мен машықтардың әр оқушыда қай деңгейде қалыптасқанын ұстаз білуге тиіс.

    Оқушының оқу әрекеті тұрақты және тиімді үлгі ретінде қалыптасты ма? Егер оқушының оқу еңбегінде икемділіктер қалыптаспаса, оның себебі неде? Бұл кемшілікті жою үшін не істеу керек?

    Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру барысында бақылаудың үш бағыты бар:

     1. Мұғалімнің оқушы қызметін қызметін тексеруі.

     2. Оқушылардың бір-бірінің оқу еңбегін тексеруі.

     3. Өзін-өзі бақылау.

    Оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасуын тексеру оқушының оқу әрекетінің әр кезеңінде өткізіледі, ал оның формасы мақсатқа сай түрліше болады І сыныпта мұғалімдер оқушы икемділіктерінің қалыптасу деңгейін бақылау үшін түрлі ойындар өткізеді. Мысалы, ұстаз түрлі ойындар өткізу арқылы оқушылардың көпшілігінің оқу құралдарын сабаққа дайындап, пайдалануын қалай меңгергендіктерін тексереді.

Информация о работе Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері