А.С. Макаренконың ұжымды қалыптастыру теориясын жалғастырушы ғалымдар және олардың қосқан жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 06:12, реферат

Описание работы

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт — өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады

Файлы: 1 файл

реферат макаренко.docx

— 59.37 Кб (Скачать файл)

Шәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы “Үш анық”, “Қазақ айнасы”, “Анық пен танық”, “Мұсылмандық шарттары” атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген.

Шәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады.   Оның “Жастарға”, “Дүние мен өмiр”, “Ар”, “Арман” т.б. өлеңдерiнен көруге болады. Жастарға “өзiңе-өзiң сын көзiңмен қара, өз мiнiңдi өзiң түзей бiл” дей келiп:

Ерiнбесең еңбекке дәулет дайын,

Жаратқан жоқ тек жат деп бiр құдайың.

Ойлансын деп ой бердi, көруге көз

Аяқ бердi, тапсын деп басқан сайын

Бiреуге телмiрiп көзiң сатпай, еңбектен, тер төк, iзден, адалдан тапқан мал тәттi дегендi айтады. 

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.

А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.

Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.

Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды.  Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты.  Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен  қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.

А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы”  деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.

А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың  бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi. 

Халел Досмұхамедов ( 1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, “Орал”, “Пiкiр”, “Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.

1917 ж. бастап  Алашорда үкiметiнiң басқару жұмыстарына белсене араласады. Батыс Қазақстан өлкесiндегi  Алаш партиясының белсендi қайраткерлерiнiң бiрi болады.

1924 ж. Орта Азия университетiнде  ординатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық  институтында проректор, кейiнне  педалогия кафедра меңгерушiсi, профессорлық  қызметтер атқарады.

Жаратылыстану ғылымы саласында тұңғыш “Адамның тән тiршiлiгi” (1927) “Сүйектiлер туралы” (1928) Жануарлар (1929) атты оқулықтар жазып шығарады. Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық ғылыми терминдердi қалыптастыруда елеулi еңбек етедi.

Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: “Қазақ халық әдебиет”, “Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы”, “Кенесары-Наурызбай”, “Шатай қозғалысы туралы” еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы “Тiлләқари” және “Ширдар” медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар берген.

Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi… Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды” … дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате” – дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.

Мiржақып Дулатов (1885-1935)

1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ  мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған  Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы  қалаларына барады. 1909 ж. Уфада “Оян, қазақ” атты еңбегiн, кейiн “Бақытсыз  Жамал” романын бастырып шығарады. “Айқап” журналына әртүрлi тақырыпта  мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж  Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге  “Қазақ” газетiн шығарады.

Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов  сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен “Қирағат” атты кiтабының алғы сөзiнде “балаларды – дейдi ол – оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада… мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек”. Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, “Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi”…. деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды.

М.Дулатов өзiнiң “есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.

Нәзипа Құлжанова (1887-1934)

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.

Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.

1924 жылы “Ана мен бала”  атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке  алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.

Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.

Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)

Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К  қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының  коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.

1918 ж. “Абай” журналының  бас редакторы бола отырып, тәрбиемен  байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады.  Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.

Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.

Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.

Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.

Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.

Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.

Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.

Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.

Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.

Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.

“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.

Ж.Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.

Информация о работе А.С. Макаренконың ұжымды қалыптастыру теориясын жалғастырушы ғалымдар және олардың қосқан жетістіктері