Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

Жаңа технологиялық  біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылар бойындағы еңбекке деген  алуан түрлі қабілеті ерік-жігердің дамуына әкеледі.  Сол жаң технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан түрі- ақпараттық технология болып табылады. Ақпараттық технология арқылы мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар кәсiби шеберлiгiн, мобильділігін  қалыптастырумен байланыстыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, ақпараттық технология арқылы болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру мәселесі өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтерудiң негiзгi шарттарының бiрiне айналмақ.

Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық технологияның  құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары  кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.

Қазір білім беру мекемелерінің алдында күрделі инновациялық міндеттер тұр. Білім беру жүйесін түбегейлі түрде ғылымға, теорияға, тәжірибеге негіздеп, ізгілік және педагогикалық қарым- қатынаста болатын, тұлғаның ішкі сұранысын қамтамасыз ететін, қоғамға қажет, бәсекеге қабілетті мамандарды жетілдіріп, бейінді білім беруге жағдай жасау. Егер де осы міндеттер толығымен орындалып, практика жүзінде іске асса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

СӨЗДІК

 

 

Кәсіптік лицей - бұл  жалпы орта білім берудің жалпы  білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету  еңбегінің білікті кадрларын  даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Сабақ- оқу үрдісін  ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ оқу- тәрбие барысының  нақты түрі.

Сабақ беру- білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған  мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі.

Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі.

Саяхат - пәндер бойынша жоспарланып, мектептің  жалпы іс жоспарларына кіреді.

         Семинар сабағы – бұл арнайы  немесе жекелеген  пәндер бойнша өткізіледі.              

         Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын зертханалық жұмысының кешендісі.

          Факультативтік сабақтар – оқудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі.

          Үй жұмысы – бұл жұмыста  оқушылардың дербес қасиеті және  қабілеті байқалады. 

          Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.

          Білім берудің мазмұны – мектеп оқушыларының ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының, мінезқұлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдылардың жүйесі.

          Кәсіби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әр түрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.

          Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.

          Ақпараттық технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.

 

1. Қазақстан  республикасының “Білім беру  туралы” заңы. А. 2007 
2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Орталық Қазақстан газеті, 28 қазан, 2004 ж. 
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003. 
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаева Р.М. Педагогика. А., 1998ж. 
5. Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003ж. 
6. Ахметова Г.К., Таубаева Ш.Т. Педагогика. А., «Қазақ университеті», 2006. – 336 бет. 
7. Жарықбаев Қ., Қалиев У. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995. 
8. Осипова М.П. Методика воспитательной работы. Минск, 1991ж. 
9. Болатина Л.Р., Латышина Д.И. Методика внеклассной воспитательной работы в начальных классах. М., 1978ж. 
10. Воспитательная работа с учащимися вне школы/под ред. Л.М. Николаевой. М., 1981. 
11. Куцтьев В.О. Внеурочная деятельность школьников. М., 1983. 
12. Калечиц Т.Н., Кейлина З.А. Внеклассная и внешкольная работа с учащимися. М., 1982. 
13. Школа полного дня / под ред. Э.Г. Костяшкина. М., 1982. 
14. Работа школы с родителями. М., 1981. 
15. Воспитательная работа в школах, классах, группах продленного дня. М., 1983. 
16. Дубровина И.В. Рукаводство практического психолога: готовность к школе, развивающие праграммы. М., 1997. 
17. Гальперин П.Я., Запорожец А.В. Актуальное проблемы возрастной психологии. – М., 1989. 
18. Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. СПб, 2000. 
19. Уайт Б. Первые три года жизни / пер англ / М., 1982. 
20. Богданова О.С., Петрова В.И. Методика воспитательной работы в начальных классах. М., 1986. 
21. Воронов В.В. Технология воспитания. М.,2000 
22. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері [Электронный ресурс]: научное издание/С.Қалиев,Ш.Майғаранова,Г.Нысанбаева,А.А.Бейсенбаева. - Электрон. текстовые дан. (10.5Мб). - Алматы: Білім, 2001. - 223б. 
23. Педагогика [Электронный ресурс]: Курс лекций/ Г. Т. Хайрулин, Н. Д. Хмель, В. В. Трифонов. - Электрон. текстовые дан. (17.9Мб). - Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 с. 
24. Сейталиев К. Б. Тәрбие теориясы [Электронный ресурс]: научное издание/ Сейталиев К.Б.. - Электрон. текстовые дан.(1.21Мб). - Алматы: Мектеп, 1986. - 150б.. - (Болашақ педагог кітапханасы)

 


Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру