Алғашқы медициналық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 13:27, статья

Описание работы

«Алғашқы медициналық көмек», «Жедел жәрдем» ұғымдарымен таныстыру, білімдерін толықтыру.
Уақытында дұрыс көрсетілген медициналық көмектің маңызын түсіндіру, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
Тиым салынған заттарды жасамауға, өзгелерге көмек көрсетуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: дидактикалық құралдармен жұмыс, ойын сабақ, саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: жедел жәрдем көлігі, 103 телефоны, тиым салынған заттар, жабайы аңдар суреттері және медициналық құрал-жабдықтар.

Файлы: 1 файл

айболит 2.doc

— 8.21 Мб (Скачать файл)

Айтбаева  Гульжихан Абдуллақызы

Дефектолог  маманы

 

Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы медициналық көмек», «Жедел жәрдем».

Мақсаты:

  1. «Алғашқы медициналық көмек», «Жедел жәрдем» ұғымдарымен таныстыру, білімдерін толықтыру.
  2. Уақытында дұрыс көрсетілген медициналық көмектің маңызын түсіндіру, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
  3. Тиым салынған заттарды жасамауға, өзгелерге көмек көрсетуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: дидактикалық құралдармен жұмыс, ойын сабақ, саяхат сабақ.

Көрнекіліктер: жедел жәрдем көлігі, 103 телефоны, тиым салынған заттар, жабайы аңдар суреттері және медициналық құрал-жабдықтар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтарымыздан өзгеше болмақ, себебі біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Қане, сол қонақтарымызбен амандасайықшы:

Қуан, шаттан, алақай.

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн.

- Өте жақсы. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алғашқы медициналық көмек» және «Жедел жәрдем». Біз бүгін жарақат алған, науқастанып, ауыр жағдайда қалған адамдарға уақытында алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету, жедел жәрдем көлігін қалай шақыру керек екенін және тиым салынған заттар жайында білеміз. Қазір сендермен «Ойыншықты тап» ойынын ойнайық. Суретте әртүрлі жабайы аңдар бейнеленген. Сендер осы суретке қарап мына ойыншық сөресінен дәл осындай ойыншықты табу керексіңдер.

Баяу  әуен ойналып, балалар ойыншықты  табуға кіріседі.

  • Балалар қолы, аяғы жараланған, басы таңылған ойыншықтарды алып орындарына келіп отырады.

Мұғалім: - Балалар, біздің ойыншықтарымызға не болған?

Балалар: - Ойыншықтарымыз жарақат алып, ауырып қалыпты.

Мұғалім: - Енді оларға қалай көмектесу керек екенін білесіңдер ма?

Балалар: - Дәрігерді шақыру қажет

Мұғалім: - Дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса 103 телефонына қоңырау шалып жедел жәрдемді көмекке шақырайық.

Оқушы дәрігергерге қоңырау шалады:

- Дәрігер, сәлеметсізбе! Біздің ойыншықтарымыз ауырып  қалды. Тезірек келіп көмектесіңіздерші.

Сиренаның дауысы шығады.

Мұғалім: - Балалар, бұл ненің дауысы білесіңдер ма?

Балалар: - Жедел жәрдемнің.

Мұғалім: - Дұрыс айтасыңдар. Біздің шақырған жедел жәрдеміміз уақытында тез келіпті. Олай болса ойыншықтарымызды жедел жәрдем көлігіне отырғызып жіберейік. Ойыншықтарымызды ауруханада дәрігер қарап, емдеп берсін.

 

Сиренаның дауысы шығады.

Жедел жәрдем көлігі ойыншықтармен шығып  кетеді.

Мұғалім: - Шаршадыңдар ма, балалар?

Балалар: - Ия.

Мұғалім: - Олай болса, сергіту жаттығуын жасап бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Шықты үйрек шалғынға – кря – кря – кря ...

(қолдарын  белдеріне қойып, бастарын екі  жаққа теңселтіп)

Көңілді қоңыз ұшады – ж – ж – ж ...

(қолдарын екі жаққа жайып, қозғалтады)

Мойынын созып қаз шықты – га – га – га ...

(қолдарын  артқа қарай қайырып, мойындарын  алдыға созып)

Бұтақтары жел шайқап – у – у – у ...

(қолдарын  жоғары көтеріп, тербелтіп)

Суда қамыс шулады – ш – ш – ш ...

(қолдарын  төмен түсіріп, шайқап)

Тағы да тыныштық орнады – тш – тш – тш ...

(тізерлеп  отырып, қолдарымен «тыныштық» белгісін  көрсетіп)

- Ал, енді, балалар мен сендерді сиқырлы шатырдың астына барып, «Тентек аңдар» мекеніне саяхат жасап келуге шақырамын.

Сиқырлы әуен ойнайды

  • Барлығы бірге қол ұстасып шатырдың астына көздерін жұмып тұрады.

Барысы:

Мұғалім: -            Ерте, ерте заманда,

Шағын бір арал болыпты.

Ол  аралда:

Бал десе жаны қалмайтын,

Биіктен еш қорықпайтын. 

Ағашқа  ылғи шығатын,

Араның  ұясын бұзатын.

Тентек қонжық бар екен.

Осы аралды мекендеп,

Өмір  сүреді секеңдеп 

Кәмпитке  қарны тойматын

Қой, десе де қоймайтын

Тәттіқұмар қоян бар.

 

 

Осы аралдың еркесі

Бұлаңдатып құйрығын. 

Өзі айлакер, өзі бір қу.

Жүрген  жері түлкінің айқай да, шу.

 

Тырнағы өткір орақтай,

Көздері жанған шырақтай 

Аңдардың  ол қас жауы

Орманға өрт төндіріп

Сіріңкемен  ойнайтын

Қасқыр бар ғой, қырсықты – ай.

Аңдарды таныстырып келе жатқанда жолдан іші ауырып, көмекке  шақырып отырған маймылды жолықтырады.

Маймыл: - Ай-ай, ішім-ай, ауырып бара жатыр. Көмектесіңдер.

Мұғалім: - Балалар, бәріміз бірге Қайырымды дәрігер Айболитті көмекке шақырайықшы.

Оқушы: телефонмен дәрігерді көмекке шақырады.

Телефон шылдырлайды

- Сәлеметсіз бе, ата, мұнда тезірек жетіңіз. Маймыл ауырып қалды. Көмегіңіз керек.

Айболит пен оқушының диалогы ...

Сиренаның дауысы шығады.

Маймылды жедел жәрдем көлігіне отырғызып жіберу.

Маймыл: - алмаларды көп жеп едім, ішім ауырып отыр.

Айболит: - Алмаларды жуып жеп пе едің? Алманы жеместен бұрын қолыңды жудың ба?

Маймыл: - Жоқ

Айболит балалардан сұрайды: - Балалар жемістерді жумай жеуге болады ма?

Балалар: - Жоқ

Айболит: - Ай-ай. Міне, көрдің бе, сондықтан да ішің ауырып жатыр. Өйткені жуылмаған жемістер кір болады, қолда микробтар болады. Сондықтан әр тамақ жердің алдында үнемі қолды сабындап жуу қажет. Қазір сенің ішіңе жылы грелканы қоямыз. Балалар грелканы ұстап көріп, дәрігерге көмектеседі. Дәрігер маймылға іштің дәрісін беріп, жатқызып қояды.

Сол кезде: - Аяғым-ай, аяғым деп аюдың айқайлаған дауысы естіледі.

Бәрі: не болып қалды, бұл кімнің дауысы? Деп дауыс шыққан жаққа қарай жүреді.

Аю ағаштан  құлап қалып, аяғын ауыртып алыпты. Оны телешкаға салып, дәрігер алғашқы көмек көрсетеді.

Айболит пен аюдың диалогы ...

Айболит балалардан сұрайды: - балалар, ағашқа шығуға болады ма?

Балалар: - Жоқ.

Мұғалім: - балалар, аяғымыз ауырып қалған жағдайда қалай көмек көрсетуге болатынын қарап отырайық.

Аюға көмек  көрсетіліп болғаннан кейін жағын  ұстаған қоян келеді.

 

Айболит: - Не болды?

Қоян: - Тісім ауырып тұр.

Айболит: - Айттым ғой саған тәттіні көп жеуге болмайды деп.

Айболит балалардан сұрайды: - балалар, тәттіні көп жеуге болады ма?

Балалар: - Жоқ.

Айболит пен қоянның диалогы ...

Осы кезде: Түлкі келді қолын ауыртып:

Айболит: Не болды?

Түлкі: Сынық ойыншықтармен ойнап, саусағымды кесіп алдым.

Айболит балалардан сұрайды: - балалар, сынықтармен ойнауға болады ма?

Балалар: - Жоқ.

Айболит пен түлкінің диалогы ...

Осы кезде ұлып, көмекке шақырған қасқырдың  дауысы шығады.

Айболит: - Бұл қасқырдың дауысы ғой. Не болды екен, барып көріп келіңдерші деп, көмекшілерін жібереді.

Қасқырды оқушы  мен дәрігердің көмекшісі арбаға салып алып келеді.

Айболит: - Ия, қасқыр не болды?

Қасқыр: - Сіріңкемен ойнап, аяғымды күйдіріп алдым.

Айболит: - Ой, бұның жарамады. Балалар, сіріңкемен ойнауға болады ма?

 Балалар: - Жоқ.

Айболит пен қасқырдың диалогы ...

Балалар дәрігердің қасында оған көмектесіп, сұрақтарына жауап береді.

Айболит: - Балалар, сендерге рахмет! Маған көмек бердіңдер. Біздің аңдарымыз сияқты тентек болмаңдар. Біздің аралға осылай қонаққа келіп тұрыңдар. Бәрілеріңді ортаға биге шақырамын.

Бәрі бірге  дос болып. Қоштасу сәтінде «ЧУНГА-ЧАНГА» биін бірге билейді.

Мұғалім: - Ал, балалар аңдарымызбен және Айболит дәрігерімізбен қоштасатын кез де келді. Бәрі сиқырлы шатырдың астына барып, өз сабағына қайтып оралады.

Сиқырлы әуен ойнайды

Қорытынды:

Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Балалар: - Ия.

Мұғалім: - бүгінгі сабақта біз жедел жәрдемді шақыру үшін 103 телефон номеріне қоңырау шалуға болатынын және «Тентек аңдар» аралына саяхат жасау арқылы алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету керек екенін, сонымен қатар: ағашқа шыққанның, тәттіні көп жегеннің, жеміс – жидектерді жумай жеудің, сынықтармен, сіріңкемен ойнағанның ақыры неге апарып соқтыратынын көрдік. Бүгінгі біздің саяхатымыздан «Тентек аңдардың» қателіктерін қайталамауға тиіспіз.

 

 

- Ал, енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді  біз құрайық.

Көріскенше  күн жақсы

Сау – саламат болайық.

  • Біздің «Тәттіқұмар қоянымыздың» өзінен қалған тәттілері бар екен. Соларымен өз достарымен боліспекші екен. Қоян балаларға кәмпит таратады.
  • Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Орындағандар:

Мұғалім: дефектолог мұғалімі Айтбаева Г.А.

Дәрігер Айболит: тәрбиеші Мадиева Р.

Дәрігердің  көмекшісі: Саваровский А.

Оқушылар: Жумабаева Т., Буланов М., Аскарова Д.

Қоян: Алемсейтова А.

Аю: Бейсенов Е.

Қасқыр: Бедашева А.

Түлкі: Қасенова А.

Маймыл: Журавлев А.

«Үржар тірек – қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар  балаларға арналған медициналық - әлеуметтік мекеме» КММ

 

 

 

Жауапты маман: Айтбаева Гульжихан Абдуллақызы

 

 

Ақжар 2012


Информация о работе Алғашқы медициналық көмек