Шет елдердің конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2015 в 17:09, реферат

Описание работы

Қазіргі уақытта жүзден артық әрекет етуші конституция саналады. Олардың кейбіреулері жүз жылдар бұрын қабылданған. Ең ескі конституциялар болып: АҚШ-1787ж., Норвегия-1847ж., Бельгия-1831ж., Люксембург-1868ж., Шейцария-1874ж.саналады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өзге де әрекет етуші Австралия, Мексика, Ирландия конституциялары қабылданған.

Содержание работы

1.Шет елдердің конституциясы………………………………………………..2

2.Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі…..5



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….7

Файлы: 1 файл

шетел конституциясы.docx

— 25.19 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

 

 

1.Шет елдердің конституциясы………………………………………………..2

 

2.Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі…..5 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шет елдердің конституциясы

 

Қазіргі уақытта жүзден артық әрекет етуші конституция саналады. Олардың кейбіреулері жүз жылдар бұрын қабылданған. Ең ескі конституциялар болып: АҚШ-1787ж., Норвегия-1847ж., Бельгия-1831ж., Люксембург-1868ж., Шейцария-1874ж.саналады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өзге де әрекет етуші Австралия, Мексика, Ирландия конституциялары қабылданған. Дегенмен конституциялардың басым көпшілігі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шыққан, соның ішінде Азия, Африка, Америка мемлекеттерінің конституциясы. Соғыстан кейінгі кезенде көптеген Америка мемлекеттері (Бразилия,Боливия,Гондурас,Доминика Республикасы,Сальвадор,Канада), Азия мемлекеттері (Жапония, Түркия, Корея, Филипины), Еуропа мемлекеттері (Италия, Франция, ФРГ, Дания, Греция, Испания, Португалия) конституциялары қабылданды немесе елеулі өзгерістерге ұшырады.             

Қазіргі әрекет етуші конституция жеке өзіне тән белгілерге ие. Оларда әкімшілік, ұлттық, саяси, тарихи, діни және өзге де сәйкес мемлекеттердін ерекшеліктері көрініс табады. Сол сәтте конституцияға кейбір міндетті элементтері тән:

1)       Қай нысандағы конституция болмасын халық егемендігі ұраның жариялайды. Бұл көзқараста конституцияның ескісі болсын жаңасы балсын ортақ. АҚШ конституциясының проблемасы: «Біз, құрама штаттар халқымыз... осы конституцияны салтанатты түрде жариялаймыз және бекітеміз...» деп айтады. Әрі қарай «жетілген одақ құру мақсаты» деп тізбектеледі, бірақ билік туралы және оның тасымалдаушысы туралы ештене айтпайды.

2)       Қай нысандағы болмасын барлық конституциялар жеке меншік институтын бекітеді.

3)       Конституцияларда әдетте билік бөліну қағидаларының негізі бекітіледі.

4)       Барлық конституциялар мемлекеттін республикалық немесе монархиялық басқару нысанын    белгілейді және бекітеді. Бұл сұрақ бойынша конституциялық ұйғарымдар әр түрлі болуы мүмкін. АҚШ конституциясы бүкіл одақтық басқару нысаны туралы ештене айтпайды, бірақ штаттар үшін республикалық басқару нысанын бекітеді: «Осы одақтағы әр штатқа құрама штаттар республикалық басқару нысанын қамтамасыз етеді...» (5 б.4 тарау)

5)       Конституциялар  мемлекеттік құрылым нысанын-унитаризм немесе федерацияны орнатады және бекітеді, дегенмен негізгі заңның мәтінінде  тікелей ол туралы ұйғарылымның болмауыда мүмкін (Франция, Жапония). Конституцияда мемлекеттік құрылым нысаны туралы үнсіздіктін болуы унитаризм екендікті білдіреді. Дегенмен федеративті мемлекеттерде  де «федерация» термині кездесе бермейді. Бір қатар конституцияларда синонимдер қолданылады. Мысалы, АҚШ және Индия конституциялары Одақ туралы айтады,ал Австрия конституциясы  «Одақтық мемлекет» терминің мазмұндайды.

6)       Барлық конституциялар қай нысанда болмасын азаматтар мен қол астындағылардың демократиялық бостандықтарын жариялайды және бекітеді. Әдетте негізгі заңның мәтінінің өзінде осындай тарау немесе бөлімдер бар. Жаңа конституцияларда, әсіресе латын американдық-конституцияларда көптеген бөлшектер мен техникалық-заңды тұрғыдан адам және азаматтардың құқықтық жағдайы байымды өңделген. Конституцияларға жаңа құқықтар мен бостандықтар енгізіледі (мәлімет алу құқығы, қоршаған ортаны қорғау т.б құқықтар).

Осы сәтте бір қатар конституциялардың негізгі мәтінінде құқықтар және бостандықтар тарауының болмауыда немесе айтылмауы да мүмкін. Мұндай конституциялар қатарына АҚШ, 1958ж. Франция және кейбір франко тілдес Африка мемлекеттерінің конституциясы жатады.

7)       Барлық конституциялар жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдастыру қағидасын және оның жүйесіне бағыныштылардың қызмет тәртібін белгілейді. Олардың қатарына мемлекет басшысы, үкімет және парламент кіреді. Сонымен қатар конституцияларда сайлау, референдум және заң шығарушылық сияқты маңызды саяси үрдістарді реттеу негіздері бекітіледі. Кейбір конституцияларда мемлекеттің сыртқы саясатын реттейтін нормалар болады. Индия конституциясында халықаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттің бейбітшілік қалау бағытының толық сипаттамасы берілген. Мұндай ұқсас ережелер Греция, Португалия, Испания конституцияларының мәтінінде мазмұндалады.

Конституциялармен реттелетін сұрақтар шеңбері әр алуан. Бірақта белгілі жақындау денгейі мен жалпы заңдылыққа шығуға болады, әдетте ескі конституциялар жалпыланған сипатта болады. Бұған мысал ретінде болып, өзінде тек Одақ және штат арасындағы құзыретті бөлу және орталық мемлекеттік билікті ұйымдастырудын жалпы қағидаларын мазмұндайтын АҚШ конституциясы табылады.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі қабылданған конституциялар тәртіпті түрде бөлшектеніп өнделген.

Конституциялық құқық ғылымында конституциялар әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеу әрекеттері бір неше жүргізілді. Мемлекеттік құрылым нысанына байланысты конституцияларды унитарлы және федеративті деп бөлуге ұсынылған. Ал, конституциялық әрекет ету немесе қолдану ұзақтығына байланысты тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Уақытша конституциялар белгілі бір мерзімге немесе белгілі оқиға болғанға дейін қабылдану мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Тайландтың 20 баптан тұратын конституциясы құрылтайшылық жиналыспен тұрақты конституция жобасы әзірленгенше дейін әрекет етті. Көпшілік конституциялар тұрақты болып табылады. Мысалы, 1917 ж. Мексика конституциясы көптеген түзетулер  енгізілгенімен тұрақты болып табылады.

Негізгі заңды объективтеу әдісі бойынша, яғни құрылтайшы еркінен тыс объективті көрінуі бойынша, конституция 2 топқа бөлінеді. Жазылған конституциялар белгілі жүйе бойынша құрылған бір тұтас құжат түрінде құрастырылады. Әдетте жазылған конституциялар преамбуладан, негізгі мәтіннен және өтпелі ережелерден немесе қосалқы жолдамадан тұрады.

Әдетте преамбула конституцияны жариялаудың салтанатты формуласын, конституцияны қабылдау мақсатын, алғашқы конституцияға сілтеулерді және кейбір өзге де құжаттарды мазмұндайды. Жалпы ереже бойынша преамбула конституциялық мәтіннің ұштас бөлігі болсада нормативтік сипаты болмайды. Оның ережелері сілтеме нормаларды қоспағанда таза мәлімдемелік болып саналады (Франция конституциясының преамбуласын қараныз). Көптеген қазіргі конституциялардың (Австрия, Бельгия, Дания, Исландия, Италия, Латын Америка елдерінің көпшілігі) преамбуласы жоқ, бірақ жалпы үрдіс жаңа конституциялардың (Бангладеш, Африка мемлекеттерінің көпшілігі)  преамбуламен басталатындығына әкеледі.

Негізгі конституциялық мәтін әдетте бөлімге, тарауға, баптарға бөлінеді. Мысалы, Италия конституциясының мәтіні «Негізгі қағидалар»тарауынан, «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері», «Республиканың мемлекеттік құрылымы»деген екі бөлімнен тұрады. Мұндай ұқсас құрлымға ГФР, Жапония, Франция, Индия, Малазия және кейбір өзге мемлекеттер конституциясы ие. Әдетте мәтіннің ірі құрылымдық бөлімдерінің атауы болады, сонымен қатар болмауыда мүмкін (АҚШ). Кейбір конституциялар (Индия, Бангладеш) жекелеген сұрақтар бойынша конституцияның жалпы ережелерін нақтылайтын және анықтайтын толықтырулар мен қосарласуы мүмкін. Жекелеген конституцияларда өтпелі ережелер бар (Италия).

Жазылмаған конституциялар өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта олар тек Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда қолданылады. Жазылмаған конституцияларда жазылған конституция сияқты құқықтық реттеу пәнінің дәл сондай көлеміне ие. Өзге сөздермен айтқанда, жазылмаған конституция басқару нысанын, мемлекеттік құрлым нысанын, мемлекеттік биліктін жоғарғы органының құрлымын, тұлғалардың құқықтық жағдайын және т.б. бекітеді, бірақ оның ұйғарымы бір тұтас құжат емес, құқықтың бірнеше қайнар көздерінде мазмұндалады. Осылайша жазылмаған конституцияның объктивтілік нысаны анықталмаған. Мысалы, британияда қысқа мерзім ішінде (1653-1660 ж) О.Кремвелдің басқару құралы-жазылған конституция әрекет етті, бірақ ол британдық конституционализмнің дамуында елеулі ізін қалдырған жоқ. Британияның қазіргі жазылмаған конституциясы әр түрлі қайнар көздерін күрделі конгломератын көрсетеді. Бұл конституция үздіксіз толықтырылып және өзгеріп отырды. Ол өзінің жазылған ағайындарына қарағанда толықтырулар және өзгерістер енгізудің күрделі процедурасын қажет етпейді, тәжірибелік тұрғыда ол икемді және ынғайлы болып табылады. Парламенттік заңдардан бастап жаңа прецедент шығару үшін бір неше қарапайым әдістер бар.

Конституцияларға толықтырулар иен өзгерістер енгізу әдісі бойынша да екі топқа бөлінеді.

Қатан конституциялар-кәдігімгі заңшығарушылық роцедура үшін қабылданғаннан күрделі және өзгерістер мен толықтырулар енгізу ерекше тәртіпте жүргізіледі. Конституцияның қабылдануында, өзгертілуінде заңшығарушылық билік құзыретіне жатады, ал әрекет етуі заңшығарушылық билікке қарағанда қатан процедуралық ережеге сәйкес жүзеге асады.

Икемді конституциялар кәдімгі парламенттік заңдар сияқты тәртіпте өзгертіледі және толықтырылады. Бұндай жағдай үшін ерекше процедура қарастырылмаған. Бұндай түрге Ұлыбритания және Жаңа Зеландия конституциялары жатады.

 

3 . Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.  

 

Конституцияның маңызды ерекшелігінің бірі - адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесін жариялауы болып табылады.Адам және азаматтардың құқықтары мен міндеттері 1789 жылы адам және азаматтардың құқықтары жөніндегі француз декларациясынан бастап көптеген елдердің конституциясы осы екі субьектінің (адам, азамат) құқықтық жағдайына қатысты нормаларды қамтыған

Адам құқықтары –табиғи, оған тұлға ретінде тумысынан берілген ажыратылмайтын құқығы ретінде есептеледі.

Азаматтың құқықтары азаматтылық, мемлекет пен заңдық байланыс, саяси қауым фактілеріне байланысты туындайды..Мұсылман құқығында адам құқықтары діни және жынысына байланысты болып келеді. Мыс: Сирия конституциясы (1973 ж)бойынша Республика президенті тек мұсылман ғана бола алады. Әйел мұрагерлер, ер адамдар алатын мұра үлесінің жартысына ғана құқылы.

Тропикалық Африкада тұлғалардың құқықтық мәртебесі оның белгілі бір тайпаға жататындығына байланысты.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы оның статусына: азаматтығына, шетел азаматтылығына, азаматтығы жоқ тұлғаға, көп (екі) азаматтығына байланысты болады. Белгілі бір мемлекеттің азаматтары азаматтығы жоқ адамдарға, шетел азаматтарына қарағанда көптеген құқықтарды иеленеді. Азаматтығы жоқ тұлғалар шетел азаматтары мен салыстырғанда қандай да бір мемлекеттің дипломатиялық қорғалу құқығын иеленбейді.Сондықтанда халықаралық құқықта азаматтығы жоқ тұлғалардың азаюына шаралар қолдану тенденсиясы жүруде.

Көп азаматтылығы бар тұлғалар 1995 жылы Польшада,  1997жылы  Литвада,  1999жылы Латвияда республика президентінің сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынды.

Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, көп азаматтықты иеленген  тұлғалар сол елдің азаматтары сияқты келген елінің заңын сақтауға міндетті және заңды білмеуі жауапкершіліктен босатпайды.

Жазба конституциялардың бәрінде де мемлекет құқық пен бостандықты жариялай отырып  іс жүзінде кепілдік береді. Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші,т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мұндай институттар әлемнің 40-астам елдерінде құрылып, жұмыс істеуде.

Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғандығы үшін жауапкершілік тағайындайды. 1798жылғы Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген  мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас табиғи адам құқығын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, бостандық, жеке меншік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

1.            Богданова Н.А. Конституционное право (общая часть). Учебное пособие в двух частях. М. Юрид. колледж. МГУ, 1996 г.

2.            Евдокимов В.В.  Партии в политической системе буржуазного государства. Свердловск, 1990.

3.            Еремин В.Н. Политическая система современного японского общества. М. 1992 г.

4.           Зарубежное законодательство о политических партиях: Сб.нормативных актов. М. ВУЗ. 1993 г.

5.             Маклаков В.В.  Иностранное конституционное право. М. Зерцало,1999 г.

6.             Мишин Е.А. Конституционное право зарубежных стран. М. Белые альвы, 1998 г.

7.                              Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. Учебник., 2-е изд., перераб. М.: Юрист, 2000. 600 с. 

 

Қосымша әдебиеттер 

 

  1. Чиркин В.Е. Нетипичные формы правления в современном государстве //Государство и право. –1994г. -№ 1.

Юдин Ю.А. Новое законодательство о политических партиях (Политико-правовой анализ) //Государство и право. –1992. -№ 7. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шет елдердің конституциясы