Өшетін және еріксіз (механикалық және электромагниттік) тербелістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 16:08, курсовая работа

Описание работы

Мамандық бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6D030100 - Заңтану» мамандығы бойынша докторантурада оқу үшін және «PhD докторы» дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау. Докторантураға түсу емтиханының нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.

Файлы: 1 файл

юрфакказ.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

«Бекітілді»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында

хаттама №___ «___» _______ 2012 ж.

_________________________

 

 

 

 

 

 

 

«6D030100 - ЗАҢТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН  ЕМТИХАН  СҰРАҚТАРЫНЫҢ

 

 БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2012

«6D030100 - Заңтану» мамандығының бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

 

 

 

Факультеттің әдістемелік  бюро отырысында келісілді

Хаттама № _____  «____»  ___________ 2012 ж.

 

Әдістемелік бюро төрайымы   _________________ Даубасова С.Ш. 

 

 

 

Бағдарлама заң факультетінің  Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама  № ____   «____» ___________ 2012 ж.

 

Факультет деканы    __________________ Байдельдинов Д.Л.

 

Ғылыми хатшы       __________________ Атаханова Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Мамандық бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6D030100 - Заңтану» мамандығы бойынша докторантурада оқу үшін және «PhD докторы»  дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау. 

Докторантураға түсу емтиханының  нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.

 

2. Докторантураға түсушілерге қойылатын талаптар: талапкер мемлекет және құқық теориясы (құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары), азаматтық және қылмыстық құқық (жалпы және ерекше бөлім)  пәндер бойынша жақсы және терең білімдерін көрсету керек.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім  стандартына сәйкес «Юриспруденция» мамандығы бойынша докторантура оқу бағдарламасын игерушілер келесідей мамандықтар бойынша «магистр» дәрежесіне ие болу керек: 6M030100 – Заңтану, 6М030300 – Құқық қорғау қызметі, 6М011500 – Экономика және құқық негіздері, 6М020200 – Халықаралық қатынастар, 6M030200 – Халықаралық құқық, 6М030400 – Кеден ісі.

 

3. Оқу бағдарламасының пререквизиттері:

Мемлекет және құқық теориясы (Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары)

Азаматтық құқық

Қылмыстық құқық

 

4. Емтихан тақырыптарының тізімі:

Пән «Мемлекет және құқық теориясы (Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары)»

1. Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдісі

Мемлекет және құқықтың теориясының  әдіснамалық негіздері.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының  нысаны – мемлекет және құқықтың пайда  болуының, дамуының және жұмыс жасауының негізгі заңдылықтары. Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы.  Мемлекет және құқықты оқып үйренудің материалистік және диалектикалық жолдары. Мемлекет және құқық теориясының әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқықты оқып үйренудегі жалпы гуманистік, әлеуметтік және философиялық көзқарастар.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің  таптық көзқарасына осы заманғы  түсінік. Мемлекет және құқықты зерттеудегі  таптық және жалпы гуманитарлық көзқарастардың арақатынасы.

Мемлекет және құқықты танып  білу үдерісінің логикасы. Ғылыми ойлау  амалдары. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің  нақты әдістері. Формальдық логикалық  әдіс. Салыстыру әдісі. Мемлекет және құқықты зерттеудің социологиялық (әлеуметтанулық) әдістері: анкеттеу әдісі, сұхбат, әлеуметтік тәжірибесі. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелік әдісі.

Мемлекет және құқық теориясының  заң ғылымдарының жүйесіндегі орны, рөлі мен атқаратын қызметі. Мемлекет және құқық теориясының жалпылаушы және әдіснамалық қызметтері. Мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының тарихи-теориялық, салалық және арнайы қолданбалы заң пәндерінің жүйесіндегі орны. Олардың ортақтығы, айырмашылығы, өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалдастығы. Мемлекет және құқық теориясы мен саясаттанудың арақатынасы.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясының  осы заманғы заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

Мемлекет және құқықтың отандық  теориясы, оның дамуы. Оны дағдарыс жағдайынан шығару жолдары.

2. Мемлекеттің пайда  болуы

Алғашқы қоғам. Алғашқы қоғамның иемденуші  экономикасына сипаттама. Рулық  құрылыс. Рулық құрылыстағы басқару  органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыстағы қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Иемденуші экономикадан өндіруші экономикаға көшу. Жеке меншіктің пайда болуы. Қоғамның жіктелуі, әлеуметтік теңсіздік пен шиеленістердің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет алғашқы таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аймақтық ұйымы ретінде.

Мемлекеттің әлеуметтік мәніндегі  дуализм: мемлекет қоғамды басқару  тетігі және таптық шиеленістерді шешудің  құралы ретінде.

Мемлекет өндіруші зкономиканы  қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, зорлық теориясы, психологиялық теория, теологиялық, технократтық, патриахалдық, шарттық және басқа да теориялар.

3. Мемлекет туралы түсінік және оның белгілері

Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніндегі  жалпы әлеуметтік және тапттық сипаттар. Мемлекет жария-құқықтық қауымдастық  ретінде. Мемлекеттік егемендік. Ұлт  және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әртүрлі халықтардағы мемлекеттілік дамуының әртектілігі. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы: жариялық билік, мемлекет бағыныстыларының аумақтық бөлінуі, салықтар, қарыздар, мемлекеттік борыштар. Мемлекеттілік және егемендік. Құқық шығармашылық мемлекеттің белгісі ретінде. Мемлекет белгілерінің қалыптасуының дәйектілігі. Әртүрлі халықтарда мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері.

4. Мемлекеттің мәні  және қызметтері (функциялары)

Мемлекет функцияларының түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік тағайыны, мемлекеттің міндеттері мен  функциялары. Мемлекет функцияларының түсінігі және оларды жіктеу. Мемлекет функцияларын жіктеудің әртүрлі  амалдары мен негіздері. Мемлекеттің  негізгі ішкі және сыртқы функциялары. Мемлекеттің тұрақты және уақытша функциялары. Мемлекеттің гуманистік, экономикалық және саяси функциялары.

Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының эволюциясы. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік функциялары. Азаматтарды әлелуметтік қорғаудың, адам құқытарын қорғаудың, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың функциялары. Экологиялық функция. Мемлекеттің мәдени-тәрбиелік функциясы. Мемлекеттің сыртқы функциялары. Отан қорғау функциясы, бейбітшілікті сақтау жөніндегі функция. Мемлекеттің әлемдік экономикаға кіруін қамтамасыз ететін өзге мемлекеттермен экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастығының функциялары.

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру  нысандары мен әдістері. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқық шығармашылық, құқық атқарушылық және құқық қорғаушылық нысандары. Мемлекет функцияларын ұйымдастыру нысандары.

Мемлекеттің функциясы және мемлекеттік  органның функциясы. Демократиялық  жаңару, нарықтық экономикаға көшу, әлемдік өркениетке қосылу кезіндегі мемлекет функцияларының эволюциясы.

5. Мемлекет механизмі  (тетігі)

Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен  жұмыс жасауының негізгі қағидалары: билікті бөлу, интернационализм, демократизм, кәсібилік, мемлекеттің егемендік билікті ңхалыққа қатыстылығы, адам құқығын қорғау, заңдылық және т.б. мемлекеттік аппараттың билікті басып алуына жол бермеуі. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі бюрократизммен, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасының бұзылуы, оны жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекеттік қызмет туралы заң. Мемлекеттік қызмет кадрлары, оларды жіктеу. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу қағидалары және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік орган және оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары  және құзыреті. Мемлекеттік органның өктемдік өкілеттіктері. Мемлекеттің  заң шығарушы, атқарушы, сот органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары. Жалпы және арнайы құзыретті органдар.

Қазастан Республикасының мемлекеттік  органдарының жүйесі. ҚР Президенті. ҚР заңнамалық билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. ҚР атқарушы билігі. Үкімет. Премьер-министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.

Қазақстан Республикасының сот  билігі. ҚР Жоғарғы Соты және ҚР жергілікті соттары. Қазақстан Республикасындағы  сот әділдігі. Сот әділдігінің  бұзылуы және оның алдын алу жолдары. Сот реформасы. Азаматтарды сот  арқылы қорғау  және соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекетке көшу жағдайында адвокатураның орны мен рөлі. Қазақстан Республикасында соттарды іріктеу қағидалары. Қазақстан Республикасында Жоғарғы сот кеңесі. Әділеттің біліктілік алқасы.

6. Мемлекеттің нысаны (формасы)

Мемлекет мәнінің, әлеуметтік мұратының және нысанының арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылым нысаны, мемлекеттің саяси режимі.

Мемлекет нысанын айқындайтын  мән-жайлар. Географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, климаттық. Мемлекет нысанының сабақтастығы. Атақты тұлғаның, белгілі бір мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, табыс пен діннің мемлекет нысанына ықпалы. Мемлекет нысаны мен типтерінің өзара қатынасы.

Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік монархия. Шектеулі монархия. Шығыстық озбырылық (деспотия). Ерте феодалдық, сословиелік-сайланбалы. Дуалистік, парламенттік монархиялар.

Республика. Аристократиялық. Демократиялық. Парламенттік. Президенттік. Кеңестік. Халықтық-демократиялық. Аралас.

Мемлекеттің құрылым нысаны. Унитарлық  мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық-мемлекеттік  құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздегі  федерациялар. Аралас федерациялар. Конфедерациялар. Конфедкрацияның түрлері. Конфедерацияның  федерациядан айырмашылығы. Өзге де мемлекеттік және мемлекетаралық құрылымдар: қауымдастықтар, достастықтар, империялар, ассоциациялар.

Мемлекеттік-саяси режим. Демократиялық  және антидемократиялық саяси режимдер. Антидемократиялық режимдер: озбырлық, фашистік, тоталитарлық, авторитарлық, теократиялық, нәсілдік, әскери диктатура,. Демократиялық мемлекеттік-саяси режимдер: патерналистік, либералды-демократиялық, формальді-демократиялық, діни-демократиялық. Кеңестік мемлекеттегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі. Осы заманғы мемлекет нысандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  сәйкестігі. Егемендік параметрлері. Жаңа үлгінің инварианттары.жетістіктер  жолында. «Қазақстан-2030» және кәсіби мемлекет.

7. Мемлекет және құқы  типологиясы

Мемлекеттің типологиясына негізгі көзқарастар.мемлекеттің марксистік типологиясы. Құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи үлгілерінің алмасуы және бір үлгіден екіншісіне ауысуы. Өтпелі (транзиттік) даму кезеңіндегі мемлекет.

Мемлекетті кезеңдеуге хронологиялық көзқарас. Ежелгі ғасырлардағы, орта ғасырлардағы, жаңа және жаңаша уақыттағы мемлекет.

Кеңес мемлекетінің дағдарысы: пайда  болу заңдылығы, даму кезеңдері, мәні. ҚР қазіргі мемлекеттенуінің өтпелі жағдайы.

Мемлекет типологиясындағы өркениетті көзқарас. Өркениеттің типологиясы және мемлекеттендірудің негіздері.

Құқық типтерінің түсінігі. Құқық  типтерінің әлеуметтік экономикалық құрылымымен  арақатынасы. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуаздық және құқықтың кеңестік типі.

Құқық типтерінің  хронологиялық  жолы: ежелгі ғасыр құқығы, орта ғасыр  құқығы, жаңа ғасыр құқығы, жаңаша ғасыр  құқығы.

8. Мемлекет қоғамның  саяси жүйесінде  

Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оны басқару. Билік  әлеуметтік құбылыс ретінде және оның әлеуметтік, саяси және ұйымдастырушылық аспектідегі мәні. Биліктің түрлері және типтері. Билікті шектеу, оны жеңудің жолдары мен әдістері. Саяси билік және тұлға. Биліктің қағидалары, оның құрылу жүйесі, негізгі белгілері. Биліктің легитимділігі.

Саяси жүйе, оның мәні, пайда болуының объективтік маңызы және қоғамның саяси өмірдегі  рөлі.  Жүйенің құрылымы, олардың элементтерін топтастыру, оны бағалаудың  белгілері.

Информация о работе Өшетін және еріксіз (механикалық және электромагниттік) тербелістер