Агроқұрылымдардағы жер кадастры: аудан,қала және облыс деңгейлерінде. Жерді есепке алу есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 20:13, реферат

Описание работы

Мемлекеттік жер кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Zher_kadastry__44 СОЖ Куатканов Назерке.docx

— 32.94 Кб (Скачать файл)

Мемлекетік жер–кадастрлік кітабы 4 тараудан тұрады:

  • бірінші тарауда кадастрлік нөмірі, құқықтық субъект аттары, атқарушы органдардың актлері, құқықтық субъектнің, учаскенің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы  бойынша сервитуттар  және  шектеу-

лер көрсетілген барлық  жер учаскелері есепке алынады;

  • екінше тарауда алқаптар түрлері бойынша және бөлек суарылатын жерлердің аудандары есепке алнады;
  • үшінше тарауда жерлердің кластары мен олардың құнарлығына әсер ететін нышандар, жайылым және шабындақтардың мәдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың сапасы есепке алынады;
  • төртінші тарауда жер учаскесінің және жерді пайдалану құқығының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.

Мемлекеттік жер-кадастрлік кітабын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің аумақтық органдарына жүктелген. 

Бірінші тарау бойынша жер учаскелерін есепке алу – екі кестені толтырудан тұрады: А-меншік иелерінің және азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері; Б-азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері.

Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке алу үш кестеден тұрады:

А – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі және пайдалануындағы жерлердің барлығы;

Б - азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердің барлығы;

В – суармалы жерлер.

Төртінші тарау үш кестеден тұрады:

А - Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және сая-жай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жазылады;

Б –фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылық кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тәжірибелік станциялар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар жазылады;

В - қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.

Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп, жерлерді негізгі және күнделікті есепке алуды, магниттік сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді /топтау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу әдісімен қосу/, есеп беру мәліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді, ақпаратты беруді, учаскенің, кварталдардың, аумақтардың, аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.

Кадастрлік мәліметтерді дәлдеу және жаңарту мақсатында:

  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар, әкімшілік–аумақ  бірліктері әкімінің өкілетті тұлғалары және органдары жылда аудандық агенттікке белгіленген рәсімде жерлер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;
  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі Қазақстан Рсепубликасы аудандары, қалалары, облыстары бойынша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі және пайдалану туралы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй бойынша есеп құрастырады;
  • жылдық есеп беруде ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы және көлемдеріндегі өзгерістері /жеке суармалы және құрғатылатын/, оларды санаттар меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу, мемлекеттік ауыл  шаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген жерлер туралы мәліметтер келтіріледі;
  • бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер үшін, төлем алу үшін қажетті мәліметтер, санаттар, алқаптар, меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық бағалау, аумақтың игерілуі туралы мәліметтер келтіріледі.

Аудан (қала) бойынша есепті агенттік мамандары компьютерде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі және күнделікті есеп мәліметтері мемлекеттік жер кадастрлік кітап формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Учаске иелерінің және жерді пайдаланушылар есептерінің мәліметтері есеп мәліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Содан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толтыру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар текстік  және графикалық бөлікпен (аудан немесе қаланың кадастрлік картасымен) толықтырылады.

 

Жерлерді есепке алу жұмыстары

        Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар кімнің пайдалануы мен және иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кезде пайдаланатынына және пайдаланбайтынына қарамастан есепке алынады.

         Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі жұмыстар туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше мәліметтерді келтіреміз. Қазақстан Республикасы жер қорының жалпы ауданы (272.45 млн.га) есептелінді және 14 облыс, 161 әкімшілік аудан, 302 қалалар мен поселкелер және 7164 ауыл елді мекендер бар (01.01.1998 жылғы).

       Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері 230,5 мың гектар, 100,2 және 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы мен бақша өсіруге бөлінген.

Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары – 63977, ауыл шаруашылық кооперативтер – 3310, шаруашылық серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар – 1594, мемлекеттік ауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.   

        Ауыл шаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр тармақтары бойынша анықталады; топтар, класстар; топ тармақтары құрамы; механикалық құрамы бойынша топтық сипаттама беріледі, барлық ауыл шаруашылық алқаптарын бағалау жүгізіледі.

Алғашқы есепке алу түсірістер мен тексерулерді жүргізуге, жоспарларды құруға, аудандарды есептеуге байланысты. Анықталатын территория жерінің саны мен сапасы туралы толық және жан-жақты мәліметтерін алу үшін оны жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді. Ол келесі кезең жұмыстарына дайындық, далалық есепке алу бойынша нәтиже жұмыстарын рәсімдеуден тұрады.

Осындай жолмен алынған мәліметтерді белгілі бір тәжірибеде қарап шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мәліметтерді қабылдайды және есепке алу құжаттарына еңгізіледі.

Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген және анықталған мәліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа  сай болмай жарамсыз қалады. Шаруашылық пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамында белгілі бір өзгерістер болады. Сонымен, соңғы жылдары жер учаскелерін нақтылауға, шаруа қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағы жерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғны жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтік шаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді мекендер жері құрамында да үлкен өзгерістер болды және басқа жер санаттары жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.

Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген мәліметтер ескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды жүргізуге алып келеді. Күнделікті есепке алу міндетіне жердің саны мен сапасында, бөлінуінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау және жазу, алғашқы есепке алу барысында жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді. Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті есепке алу барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа мен олардың заңдылығы да анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде негізгі есепке алу материалдары қолданылады және тек жердің пайдалану мен жағдайында өзгеріс болған территория бөлігі ғана өзгереді.

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.

Жыртылған жерлерді пайдалану және оларды пайдалану құрылымындағы өнімділік сипатын анықтау бойынша неғұрлым толық және сенімді ақпараттарды алу мақсатында, аудан көлеміндегі мәліметтер және егістік аудандар мен парлар бойынша облыстық нәтижелер мәліметтері келтіріледі.Шабындықтар мен жайылымдарды түбірімен жақсарту мақсатында жүргізілетін аудан көлеміндегі егістік аудандар мәліметтері және облыс бойынша нәтижелер келтіріледі. Анықтама шабындықтар мен жайылымдар бойынша бөлек, одан соң бірге қосылып толтырылады.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. «Қазақстанның жер кадастры» : /оқу құралы/ Ж.Т.Сейфуллин, Г.Н.Нюсупова, Г.Ж.Сейтхамзина.- Алматы: Қазақ университеті, Алматы: Қазақ университеті,2013-240б.
    2. Ресей Федерациясының федеративтік заңы (мемлекеттік жер кадастыры) 2000жыл

 

 

 


Информация о работе Агроқұрылымдардағы жер кадастры: аудан,қала және облыс деңгейлерінде. Жерді есепке алу есебі