Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

   А.В.Сиркисян өзінің «О некоторых  вопросах вокальной школы» атты еңбегінде: «Әншілікке тәрбиелеу әдістемесін вокалдық педагогика өкілдерінің көпшілігіне тән сияқты интуицияға, тәжірибеге, әншілік дәстүрге негізделген эмпирикалық сипат тән» [106].

   Дәнеш Рақышевтың вокалдық әдістемесіне  талдау жасауға Л.Б.Дмитриеваның  «Основы вокальной методики»[107], «Рентгенологические исследования строения и приспособления голосового аппарата у певцов»[108], А.Л.Доливаның «Певцы и песня»[109], Б.Органовтың, «Певчиский голос и методики его постановки»[110], М.Л.Львовтың «Из историй вокального искусства»[111], Ф.Лампертидің «Искуство пения»[112], В.М.Морозовтың «Тайны вокальной речи»[113], «Вокальный слух и голос»[114] және т.б. сонымен бірге М.С.Сеченев, И.П.Павловтың физиология саласындағы ғылыми еңбектердегі зерттеу нәтижелеріне сүйендік.

   Вокалдық практикада К.С.Станиславскийдің  актерларды тәрбиелеу әдістемесі  сияқты әншіні оқытудың «бірегей  әдісінің» қалыптаспағаны туралы  Н.М. Малышеваның еңбектерінен  де көреміз.

Дәнеш Рақышевтың әншілікке тәрбиелеу процесінде өзінің ән салудың техникалық тәсілдерін, түйсінгендерін ауызша жеткізді. Бұл  түсіндірмелер әнші даусының әдемі  әуезділігін, әншілік үн шығарудың  түрлі қасиеттерін түйсінуді  сипаттайтын образда бейнелі  сөздер түрінде болады. Ал шәкірттер  болса, осы образды бейнелі сөздерді өзінің бұлшық ет түйсіктеріне және өзіне  тиісті үн шығару ұғым – түсініктеріне  «аударуы» қажет болды.

    Әрине, ән салуға үйренушілердің  үн қалыптастыру процесінде оларды  елестетуді және өзінің ән  салу тәжірибесінде қалыптастыруы  ұзақ та, қиындығы мол әрекет. Мәселен, әдемі «үн қалыптастыру»  , «алған демді үнемдеу», «дыбысты, үнді шығаруға демді тірек  ету» және т.б. түсініктерді  санамен меңгеріп, дауыс аппаратының  бұлшық еттерінің жұмысын дұрыс  бағыттау оңайшылықпен қолға  түспейді. Бұл ретте Дәнеш Рақышевтың  тәжірибесінің құндылығы шексіз. Дәнештің шәкірттерінің пікір  пайымдауларына қарағанда, бұндай  ән салу тәсілдері кейбіреулерінде  ұстаздың бұлшық етті жұмсау  тәсілдерін тікелей көшіру, ал  кейбіреулерінде өзінің елестетуі  негізінде қалыптасқан қайсыбір  әдемі үнді интуиция арқылы  жүзеге асырылған. Ал  шәкірттерінің  көпшілі, олардың ең таланттыларының  бірі Н.Жанпейісов тұжырымдағандай:  «Менің ән салуға машықтанғанымның  алғашқы кезеңдерінде ұстазымның  ән салу тәсілдеріне еліктеуімнің, пайдасы көп болды. Бұдан әрі  бірте-бірте еліктеуден ерекшелік  туады», - деп ұстазымның өзі айтқандай, - Дәнеш Рақышевтың ән салуындағы вокалдық механизімінің мәнін санамен ұстануға, меңгеруге тырыстым» [115].

    «Әнші дауысын қою» термині Еуропада қалыптасқаны белгілі. Қазақ әншілерінің шәкірт тәрбиелеуінде бұндай түсінік қолданылмаған. Бұл термин Қазақстанның орта-арнайы, жоғары оқу орындарында әншілік өнерге баулу тәжірибесінде классикалық әншілікке баулу қолға алынған кезеңдерде пайдаланыла бастады. Біз бұдан әрі Дәнеш Рақышевтың вокалды педагогикасына талдау жасау барысында осы терминді қолданамыз. Және «Әншінің дауысын қою, яки оны кәсіби әншілікке даярлау үшін бейімдеу және дамыту», - деген К.М.Малышеваның түсініктемесін негізге аламыз [116].

Шындығында  да bel canto жөнінде Този айтқандай, ерте итальяндық мектеп: «Бұл мектеп дұрыс интонациялауға, дауысты қоюға сөздерді анық естіртуге үйретті»,- деген тұжырымы Д.Рақышевтың вокалдық педагогикасында көрініс табады[117].

Дәнеш Рақышев  ұстаздық қызметте, ең алдымен табиғи дауысы мен музыкалық қабілеті және белгілі бір ән салу тәжірибесі бар  жастарды таңдайтын.

   Бірінші, сүйемелдеумен ән салатын  әншілер сияқты емес, домбырамен  өзін-өзі сүйемелдеп ән салушының  өзінің дене қалпының қолайсыздығына  қарамастан, дыбыс талшықтарына (голосовые  связки) демді жеткізуді қамтамасыз  ететін бұлшық еттердің (мускулатура)  қалай ширығуы; Домбырамен жерге  жайылған кілемнің үстінде, немесе  орындыққа отырып, немесе микрофон  алдында түрегеп тұрып ән салу  процесіндегі әншінің дене аппараты;

    Екіншіден, үн тербелістерінің  жасалуын тікелей қатысатын көмекейдің, сонымен бірге көмекейге орналасқан  мойынның бұлшық еттерінің кейпі; 

   Үшіншіден, көмекейде пайда болатын  үнді анық айтылатын сөздерге  айналдыру қызметін атқаратын  артикуляциялық аппараттың бұлшық  еттерінің жұмысы. Әнді үйрену  процесінде тек оның мәтіні  мен әуенін дұрыс, таза орындауды  ғана емес, осы аталған бұлшық  еттер жүйесінің бір-біріне бөгет  болып, кедергі жасамай, емін-еркін  қимылдауын қадағалап, үнемі назарында  ұстайтын. Осы бұлшық ет жүйелерінің  біреуінде қысылғандық болған  жағдайда дыбыс талшықтарының  жұмысына әсер етіп, күштеп, зорланушылық  немесе керіліп әрең дегенде созылып күштенуі олардың созылғыштық икемділігіне тікелей әсер ететін мысалдан, «берік, күшті» немесе жақсы «тірекке сүйенген» сыңғыр үннің түрлерін дауысына салып көрсететін. Әрдайым, фонация кезінде өкпеден шығатын демнің қысымы мен дыбыс талшықтарының созылуы бірін билеуге немесе жеңуге тырыспай бір-біріне қарсы тұрғаны абзал екендігін, әнді домбырамен сүймелдеп сала отырып, көрнекі түрде дәлелдеп беретін. Сөйтіп үн шығарудың күші осы екеуінің, яки дыбыс талшықтары мен демді дұрыс қолданудың өзара әрекеттестігіне тәуелді екендігіне көз жеткізетін. Бұл мақпал үнді әншінің педагогикалық көрегенділігі деуге әбден лайық еді» [90].

    Дәнеш Рақышевтың әншінің ән  орындау процесіндегі осындай  аспктілерге назар аударуы   «демі зор әнші», «демі ұзақ  әнші» деп халықтың өзі баға  бергендей әншінің деміне үлкен  көңіл бөлгендігін дәлелдейді. Бұл  туралы В.К. Тевлинаның: «Дұрыс түзу әншілік дем үннің тазалығына және әсемділігіне, орындаудың мәнерлілігіне елеулі әсер етеді. ... Әншінің демін қалыптастыру күрделі әрі ұзақ процесс, сондықтан әншілікке баулудың ең алғашқы кезеңіндегі басты мақсат – музыкалық фразаларды үзіп- жұлмалауды болдырмайтын бірқалыпты байсалды сазды және біркелкі, бірқалыпты демді шығару тәсілін меңгерту болып табылады. Бұндай демді шығару көбінесе  әдемі демді дұрыс, түзу алуға тәуелді. Сондықтан әншілікке баулудың алғашқы қадамы демді дұрыс ала білуге машықтантандыру болуы тиіс. Ондай дем алу сабырлы да байсалды болып, шамадан тыс болмағаны жөн»[118].

    Ән салу процесінде әншінің  көмекейіндегі дыбыс талшықтары  мен дем алуының тепе-теңдігі  жөнінде Н.Жанпейісов былайша  образды түсіндірген екен: «Егер  демді сыртқа шығару мен дыбыс  талшықтарының екеуара жұмысының  тепе-теңдігі бұзылып, сәйкес келмесе, онда желді күні киіз үйдің уықтарды шаншу үшін көтерілген шыңырақтың шайқалғаны тәрізді тепе-теңдік бұзылады, оның желбауларын барынша тартып ұстағанда, уықтарын шаншу әбігерге түсіреді. Сөйтіп, көмекейдегі дыбыс талшықтарының сабырлы да байсалды созылуының тұрақтылығын сақтай алмайды, соның салдары әнші үнінің сапасына жағымсыз әсер етеді»[91].  Яғни, вокалдық педагогиканы зерттеуші Н.М.Малышеваның сөзімен түсіндірсек: «Ондай жағдайда әншінің дауысы тұрақтылығын жоғалтып және «үзіліп» кетуі мүмкін» ... Дауыс талшықтарының жұмысын бірте-бірте жаттығулар арқылы шынықтыру және көмекейдің орнықты тепе-теңдігін өзгеріссіз сақтау барысында әнші бір мезетте өзінің демін де жаттықтырады. Бұл екі факторлар (көмекей мен демнің жұмысы) үн қалыптастыруда да, үн шабуылында да бірдей қажет» [116].

   Жоғарыда айтылғандарды ой таразылай  отырып, әншілік тәжірибесі аз  жастардың осы процесте өздерінің  дауыс аппаратындағы бұлшық еттердің  әрекет етуін әрдайым саралай  алмайтындығына көз жеткіземіз. Дауыс талшықтарының осындай  қыспаққа түсуі орын алатын  жас әншілердің ән салу процесінде  көмекейінің де, жұтқыншақтың да, тілдің де, төменгі жақтың да  зорланушылықты, әрең дегенде керіліп созылуын байқатады. Осы ретте опера театрында репетиция жүргізу кезінде Станиславский үнемі ескертетіндей: «Зорланып, қысылған дене арқылы сезім өте алмайды ...», - дегендей, Дәнеш Рақышевтың аса бір көрегендікпен бақылап, ондай қолайсыздықты болдыртпаудың алдын алып отыратын. Әншінің жастарды әншілікке баулудағы осы тәсілдері туралы әншінің бұлшық ет жұмысының бөлініп дараланбауын Горсияның пікірлерімен толықтыруға болады: «Егер әнші әрбір аппаратын өзіне тән саласы бойынша, өзге ағзаларының жұмысына кедергі келтірмейтіндей мәжбүр етіп әрекет істеткізуге, онда үн әнді орындаудың барлық бөліктерін қанықтырып, нәрлендіреді және әуеннің мелодияларының түрлі бөлшектерін әннің ауқымын құрайтын үздіксіз бір ансамбльге біріктіреді. Егер керісінше болса, онда механизмдердің біреуі өзінің функциясын дұрыс орындамайды: егер кеуде демді итеріп немесе лақ еткізіп лақтырып жіберсе, егер дауыс қуысы жеткіліксіз тұрақты да мығым болмаса, онда үн әрбір буын сайын әлсіреп, үзіліп кетеді [119].

    Вокалдық педагогикада әнші үшін  қалыптастырудың осы принципті  «көмейді тұрақтандыру»  деп  аталады.

    Д.Рақышев сөйлеу дикциясы мен ән салу дикциясының ерекшеліктеріне өте мән берген. Оның себебін А.Яковлевтің : «Әншілік қозғалыстың ерекшелігі жаңа байланыстарда және жаңа проприоцевтивті сигналдар тудырады»,- деп тұжырымдағанындай, Дәнештің әншілік сөйлеудің күрделілігі мен ұзақ процесс екендгін терең пайымдағандығына көз жеткіземіз [121].

          Әнші-педагог әнді әсем салуда дауысты дыбыстардың ролін жақсы түсінгендігі байқалады. Мәселен, С.Н.Ржевкин пайымдағандай : «Жоғарғы әншілік формантаның айқын болуы, әншілік дауыстың дұрыс қойылуының негізгі әрі маңызды белгісі»[122]. Осы ретте дарынды шәкірттерінің бірі Ж.Мырқаев баян еткендей, ұстаздың : «Сен ән салғанда а, и, у, ы сияқты дыбыстарды шүйірлеп, жинақтау айтуға тырыс»,- деуі әншілікке баулудың алғашқы тәсілдерінің бірі екендігіне мән бергендігін, өзінің көп жылғы әншілік тәжірибесінде әнші даусының көркемдік құндылығын арттыратын қасиеті екендігін жете түсініп, дұрыс талап қойғандығын аңғартады. Ұстаздың осы әдісінің қаншалықты маңызды екендігіне Л.Б.Дмитриеваның: «Дәл осы дауысты дыбыстар негізінде дауыстың вокалдық сапа-қасиеті сомдалады: тембр, күші, интонацияның дәлдігі, регистрлік тепе-теңдік, сондай-ақ вокалдық техниканың барлық түрі».        

           Әрбір педагог, жалпы алғанда әнші дауысын қалыптастыруда қайсыбір дауыстылардың әуенінен күш алып, алға жылжиды»[123]. Бұл пікір: «Дауысты дыбыстар да, дауыссыз дыбыстар да сол бір органдардың көмегімен жасалады. Дауысты дыбыстардың белсенділікпен айтылуы ауа қуысының бұлшық ет қабырғаларының күшейген ықшамдалуынан туындайды, сөйтіп салыстырмалы түрдегі берік қабырғаларды резонатрға айналдырады да ән салу кезіндегі дауысты дыбыстардың сыңғырын ұлғайтады. Міне сондықтан да дауысты дыбыстар неғұрлым айқын айтылса, дауыс та соғұрлым анық шығады»,- деген А. Г. Менабенидің әдістемесінде де жақсы айтылған. Автор вокалы жаттығулар ретінде дауыс қатпарлары белсенді жұмыс жасайтын және жоғары үндерде құралған сыңғырлы дауысты дыбыстардан құралатын жаттығулар қолданылады деп түйіндейді. Осы ретте Дәнештің шәкірттерімен ән салу жаттығуларынан көптеп мысал келтіруге болады. Ұстаздың ән сабақтарында жеңіл-желпі әндерді мәтінімен айтқызбай «а», «и» дыбыстарымен ғана ыңылдатып салдыратынының себебі осында болса керек.

Бірінші кезеңде Б.А.Струве айтқандай педагогтың музыкалық шығарманы толығымен  орындап беруі : «оқушылардың музыкалық  шығарманы оны үйренуді бастамас бұрын өте-мөте тиімді болады. Осылайша «көрсету» шығарманың сипаты мен  мәнері жөніндегі жалпы түсінік  беруге көмектеседі, оқушының көркем бастамашылығын ынталандырады, белсендіреді, жұмыс  істеу қабілетін арттырады»[124]. Сонымен бірге бұл кезеңде компазиторлардың шығармашылық өмірімен, әндердің шығу тарихымен таныстырудың пайдалы екендігі байқалады. Педагогтың тек қана шәкірттеріне әннің тарихын өз бетімен зерделеуге бағыт-бағдар беруімен бірге олардың алдында музыкалық туындының мазмұнын, көркем образдардың сипатын ашып көрсеуі оның әдістемелік шеберлігінің тағы бір қырын ашып көрсетеді.

Дәнеш кіші-гірім  әндерді үйретуде шәкірттерінің  санасына шығарманың қарқыны, динамикалық  нюанстары, шарықтау шегі туралы ұғым-түсінік  қалыптастыруға талпынысы «Музыкалық шығарманы алғаш үйренуде оқушылар оның идеясын бүтіндей дерлік пайымдауы  тиіс, оның жалпы құрылымын, фразалардың  бір-бірімен қатынасын тани білуі  тиіс»,- деген Л.С.Ауэрдің тұжырымымен  ұқсастығына көз жеткізеді[125].

Дәнеш Рақышев  шәкірттерін әншілікке баулып, кәсіптік деңгейге жеткізуде белгілі бір вокалдық оқытудың принциптері мен әдістерін ұстанған. Ұстаз байсалды шеберлікпен шәкірттерінің әншілік үн қалыптастыру туралы білімдері мен вокалды-техникалық, көркемдік дағдыларын ғана емес, әншілік дауысын, орындаушылық нышандарын, музыкалық-эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін де дамыта білді: ес, байқампаздық, ойлау, қиял, сөйлеу, эстетикалық сезімі, ерік. Сөйтіп вокалдық білім беру процесінде шәкірттерінің жеке тұлғасы қалыптасты.

Білім берудің тәрбиелілігі жеке тұлғаның жан-жақты дамуының маңызы жоғары мақсаттарының бірінен саналуы.

В.П.Баранов қарастырылып отырған оқыту принципінің  мынадай бағыттарын атап көрсетеді:

- оқу материалының елдің қоғамдық-саяси өмірімен, осы заманғы ғылым мен техника, мәдениетпен байланысы;

- диалектикалық-материалистік дүниетанымды , әлемді және оның заңдарын ғылыми тануын қалыптастыру;

- жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, тәртіптілігін, табандылық пен еңбексүйгіштігін тәрбиелеу;

- оқыту процесінде пайда болатын сезімдердің, күйзелістердің , әсерлерінің қалыптасу процесін басқару;

- балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту және қалыптастыру [126].

Принциптердің бұл қағидалары мұғалімнің жұмысында  белгілі бір талаптар қояды. Д.Рақышевтың шәкірттерін әншілікке баулуда В.П.Бароновтың анықтаған талаптары бойынша, әншілікке баулудың тәрбиелік принципін ұстанғанына сипаттама берелік.

1. Д.Рақышев әншілікке баулуда шәкірттерінің дүниетанымының, олардың көзқарастары мен сенімінің қалыптасуына үлкен зер салатын. Ол әрбір сабағында тыңдаған музыкалық шығармалардағы әлемнің бейнесін сонымен ұғынып, аңғаруына шәкірттерінің тек әншілікпен ғана шектелуін болдырмас үшін алған музыкалық білімдерін өмірмен байланыстырып, әсіресе, шәкірттерінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын, икем- бейімділіктерін, қажаттіктерін есепке алып, оқу материалын бағыттап отыратын.

2. Әрбір сабағының шәкірттерінің жеке тұлғасының моральдық, еңбек, эстетикалық қасиеттерін жетілдірудегі мән-маңызын терең пайымдайтын.

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы