Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуына, ой-санаға, жалпы таным-түсінікке өзгеріс әкелген ел тәуелсіздігінің ақиқатқа айналып, тарихи орнығуы - өткендегі рухани мұрамыздың тұңғиығына қайта үңіліп, жаңа таным тұрғысынан зерделеуге зор мүмкіндік туғызды. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп бағдарламасына енгізілді. Мұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз»[1].

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ......................................................9
1.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы ............................................................... ...........................9
1.2 Дәнеш Рақышевтің ғылыми-педагогикалық қызметі және шығармашылығы.............................................................................................30
2 ӘНШІ-САЗГЕР ДӘНЕШ РАҚЫШЕВТІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ..............................................................................43
2.1 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасын музыка сабағында қолданудың әдістемесі..........................................................................................43
2.2 Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасының музыка сабағында қолданудың іс-тәжірибесі ....................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................61

Файлы: 1 файл

Д.Ракишев.docx

— 166.94 Кб (Скачать файл)

          Дәнеш Рақышевтың әнші–сазгер ретінде қалыптасуына оның табиғатынан еңбекқорлығы, өз бетімен ізденгіштігі ықпалын тигізбей қойған жоқ. Әншінің өзі айтқандай: «Әншілік жолына мен кейінірек ойыстым. Арнайы әншілік мектептерден білім алмау, нота білмеу, өнер жөнінде кәсіби білікті, білімділермен сұхбат құру мүмкіндігінің бола бермеуі кәсіби әншіліктен көп кенже қалдырды деп ойлаймын.

Адам  басына түссе, әрі білгісі келіп  құмартса өзіне-өзі ұстаз да, шәкірт те бола ала ма, деймін. Өз-өзіммен  ән жөнінде сабақ өткізген кездерім аз болмапты. Көрнекі құрал ретінде  белгілі әншілер Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифоллалардың күйтабақтарын  сатып аламын да, соларды мұқият тыңдаймын. Олардың ән айтудағы әдісі, еркін шырқатқанда әдемі ырғақтарды қалай сақтауы – осыларға зер  саламын. Өз даусыма өзімше, өзіндік  өрнекпен қайталауға тырысамын.

Үлкен қалаға апаратын сара жолға түскенше ауылдың  маңындағы талай жолмен жүріп  өтетініміз сияқты мен де әншілік  жолды сан алуан соқпақтардан бастадым.

Әуел  баста әкем мен шешемнің айтыс  өлеңінің жолын таңдамақ болдым. Соны әуес көріп, бірер рет айтысқа  да түстім.

Кейін гармоньмен ән айтып, әндерді күйтабақтардан, радиодан үйреніп жүрдім. Көрген, кездескен,  араласқан әншілерімнің ықпалы болған шығар, біртіндеп, қисса, терме, айтыс  дегендерден алыстап, біржола әнге ауыстым. Ауыл арасында гармоньмен, домбырамен ән салып жүріп, кейін театрға  шақырылып, әнімді сахналардан, дүйім  жұрттың алдында айту кәсібіме айналды.

Сонда қарап  отырсам әншілік даму тек ізденістерге байланысты екен.

Радиодан, теледидардан, үнтаспалардан өзім орындаған  әндерді сын көзбен тыңдаймын. Міне, сондайда қай жерінде не олқылықтары  бары өзіме айқын естіліп, «мен мұндалап»  тұрады. Кейде асығыс, кейде жеткізбей  қысқа қайыру, кейбір иін, әдемі ырғақтары  өз көңілімдегідей болмай жатады. «Жөндеу  керек» деген жерлерін белгілеймін. Бұл кәдімгі бақылау жұмысынан  кейінгі «қателерді жөндеу сабағы»  іспеттес көрінеді.

Менің ес білгеннен кейінгі өмірім өнермен, әнмен сабақтас болып келеді. Соның  өзінде үйренерлік тұстары қандай көп.» [96,-64б.]

Дәнеш Рақышевтың сазгер, әнші, педагог ретінде қалыптасуында  өз бетімен білім жетілдірудің осы салалары бойынша практикалық тәжірибе жинақтауының мәні зор болды. Өз бетімен жетілу арқасында арнайы оқу орнында оқымай-ақ өнер, мәдениет, педагогикалық ортада өзіндік тұжырымдар қалыптастыра білді және оның пікір-пайымдауларымен, өнерімен көрнекті ақын–жазушылар, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері санасатын дәрежеге қол жеткізді. Өз бетімен іздену шығармашылықты тұлғаның Қазақстандағы әншілік дәстүрінде өзінің педагогикалық өрнегін ерекше педагогикалық тұжырымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

          Қазақтың халық музыка классикасын құрайтын көптеген халық таланттарының, басқаша айтқанда халықтың кәсіби музыканттарының қалыптасу ерекшеліктері әлі де болса ғылыми зерттеулерде қарастырылмай келеді. С.Елеманова олардың қалыптасуының үш кезеңін атап көрсетеді. Біріншісі – дамыған музыкалық ортадан шыққан жас талант (әнші немесе күйші) болашақ ұстазының шеберлігін эмпирикалық жолмен қабылдайды, екіншісі – ұстазынан тікелей үйреніп, оның білім – танымымен, тәжірибесін орындау үлгісін қабылдайды. Бұл кезеңде шәкірт ұстазының ел қыдырып, өнер көрсеткен сапарларында бірге болады, халықтың әр түрлі әлеуметтік ортасындағы өнерге деген құштарлығымен танысады. Үшінші кезең -  шәкірттің халық алдында өнер көрсетуі, тікелей айтыстарға қатысуы [98].

Біздің пікірімізше  С.А.Елеманова қорытындылаған бұл  үш кезең Дәнеш Рақышевтың кәсіпкер әнші ретінде қалыптасу процесіне  сәйкес келеді.        Д.Рақышевқа тағдырының берген сыйы іспеттес оның атқарған қызметі қандай қиыншылықтарға тап болғандығына қарамастан, үнемі өзін өзі жетілдіруге және өз бетімен білім ізденуге үйретіп отырды [99]. Дәл осы өз бетімен білім ізденуі арқылы Д.Рақышев арнайы музыкалық оқу орнында нота сауатын, кәсіби әншілік жөнінде білім алмаса да, өз кезінде халық сыйлап, әдебиет, музыка саласынадағы ғұлама ғалымдардан, ел басқарған азаматтардан ең жоғары баға алатындай, мемлекет деңгейінде атақ - даңққа бөленген өз заманының мыңсайрам бұлбұлы, шоқтығы биік әншісі, өнерпазы бола білді. Дәнештің өз бетімен білім жетілдіруі оның Қазақстандағы ән, әншілік өнеріндегі аса белгілі муызкант-педагогтардың деңгейінде терезесі тең өзіне меншікті педагогикалық тұжырымдамасын жасауға қол жеткізді.

«Балам  өнерге бейім» деп бала күнінен әнге баулыған әкесі, ағайын-жекжаттың: «Өлеңшілік не абырой әпереді, жұмысқа үйрет» дегенін елең қылмай, ән жолына түсіріп, бөгет болмағанының арқасында алаңсыз ән жолында өзін-өзі баптап, талаптанған еді. Алайда, арнайы мектептің жоқтығы, оның бағына кездестірген тікелей Әсеттей дүлдүл ақынның шәкірттері Қадырихан, Мәмет сияқты ұстаздарға тап келтірді. Осылайша, әншілік деген өнер қамалына жас өрім бетпе-бет жалғыз төтеп беріп, қажымай, талмай, әншілік шығармашылықпен белсенділікпен айналысып, мақсатты бағыттылықпен өзін-өзі жетілдіре берді. Ол тойымсыз ашқарақтықпен халық әндерін, Әсеттің әндерін үйренді, үйреніп қана қоймай, әншіліктің қыры мен сырын, әдіс-тәсілдерін өз бетімен, ерекше көрегенділікпен бойына сіңіре бастайды. «Өнер, ән өнері көп еңбектенуді қажет етеді. Музыка, саз мектебіне барғам жоқ, өнер институтына түскем жоқ. Бастауыш мектебім – қазақ ауылының ойын-сауық пен бас қосулары болды», - деп өзі түйіндеген [96,-65б.].

Д.Рақышев болашақтағы өнер жолын жоспарлай отырып, өзі пір тұтқан Әсеттің, ұстаздарының өмір тәжірибесін қайталау қажет екендігін байыптайды. Сөйтіп барлық жан-тәнімен беріле ән теңізіне батуды өзіне міндет, парыз санайды. Әрдайым ұстаздарына жақын болып, кездесуге, әндерін тыңдауға, тәлім-тәрбие алуға талпынады. Әндерін тыңдап қана қоймай, әншілік шеберлігін бойына сіңіруді өзіне мұрат тұтады. Әншінің естелігінде: «Тәрбие деген - көз алдыңда болып жатқан құбылысты көңіл көзімен қарау, бойыңа сіңіріп, жан-жүрегіңе дарыту», - деп өзі айқындағандай, ұстаздарының бойындағы асыл адами қасиеттерін де өз бойына тоғытуды басты міндеттерінің бірі деп таныды. Мысалы, әншінің өзі Мәмет ақын туралы: «Ағалық ықыласы ағыл-тегіл ақтарылып тұр. Өте кішіпейіл, ерекше ақ жарқын кісі екен... мақтануды, даурығуды білмейді. Білгірсіп, бөсіп те кетпейді. Парасатпен байыптап сөйлейді. Сыпайы, сылқым кісіні төбесіне көтереді. Өте бауырмал, ақ жарқын» деп бағаласа, Қадырихан ұстазын: «Өжет, сөзі өткір... Қадырихан әншіні қазақ тұрғай, ұйғыр, қытайың ұйып тыңдап, табан аудармай, тылсым күйге енетін...» деп оның ғажап өнеріне тәнті бола отырып, айрықша құрмет сезіміне бөлеп, мінез-құлқының, қам-қаракетінің қалыптасуының бірден-бір таңдамалы құралы екендігін тани біледі. Танып-білумен ғана шектелмей, «Болмасаң да, ұқсап бақ» деп Абай айтқандай, еліктеді. Сөйтіп, ұстаздарының үлгі-өнегесі, өнердегі шеберлігі балаң әншінің дүниеге көзқарасының көкжиегін кеңейтуінің, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының бастау бұлағына айналды.

Болашақтағы шығармашылық іс-әрекетіне дайындалу үстінде ол өзінің музыкалық-педагогикалық көзқарасында және педагогикалық практикасында шешуші роль атқарған өзінің философиялық пікір-пайымдауларын тұжырымдайды. Әсіресе, Әсет әндерін үйрене жүріп, өзінің назарын «Мақпал», «Ардақ», «Қаракөз», «Қысмет», «Жай қоңыр» және т.б. әндеріне аударып, қоршаған әлемнің адам жанының қалыптасуына ықпал әсерін бағамдайды. Естелігінде жазылғандай: «Өз-өзіммен ән жөнінде сабақтар өткізген кездерім аз болмапты. Әншілердің ән айтудағы әдісі, еркін шырқатқанда әдемі ырғақтарды қалай сақтауы – осыларға зер саламын. Өз дауысыма өзімше, өзіндік өрнекпен қайталауға тырысамын... Кейде асығыс, кейде жеткізбей қысқа қайыру, кейбір иін, әдемі ырғақтар өз көңілімдегідей болмай жатады. «Жөндеу керек» деген жерлерін белгілеймін. Бұл кәдімгі бақылау жұмысынан кейінгі «қателерді жөндеу сабағы» іспеттес көрінеді», - деп өзіндік дидактикалық талаптар қояды [96,-10 б.]. Сөйтіп, әнші қандай әншілік әдіс-тәсілдерді меңгеруі тиіс, өзін халыққа танымал болғаннан соң, қандай қасиет-сапаларға иеленуі, өзін-өзі қалай ұстауы керек деген сұрақтарға жауапты сол әндерден, ұстаздық еткен әншілердің шығармашылығынан, мінез-құлқынан, кісілік сипатынан іздейді. Әсеттің өнер биігіндегі шығармашылығы, әндерінің құпия сырларына үңілудегі мәселелері оның келешектегі бүкіл өмірі бойы талмай іздеп, зерттеуіне өзек болды және сол ізденістердің нәтжесі әншінің сөзімен айтқанда: «Жалпы пайымдап қарасақ парыз, қарыздың өзі үш түрлі сияқты. Алдымен, алдыңғы буын ата-анаң, Отаныңа қарыздарсың, сүйеніш, парыздарсың. Одан соң өз басыңды, отбасыңды алып жүруге міндеттісің. Үшінші – ұрпағыңның қандай болмағына жауаптысың. Үшеуі құдды бір ошақтың үш аяғы іспетті, бірін қисайтып алсаң – қара қазандағы ас төгілмек» [96,-69 б.]. Осы ретте жеке адамның іштей жетілуінің логикалық мүмкіндігі, сонынмен бірге өзінің алдындағы және өзін қоршаған ортадағы адамдар алдында жауапкешілігі нақты байқалады. Д.Рақышев өз бетімен білім алу, өз бетімен жетілу процесінде өзі үшін, кейін оны өзінің педагогикалық жүйесінің мақсатына айналдыруда ең бастысы – ізгіліктілік, рахымшылық, адамгершілік проблемасын алға тартады. В.И.Дальдің түсіндірмелі сөздігінде ізгіліктік, рахымшылдық, адамгершілік ұғымы «қажыр-қайрат, жанның мақтаулы сапасы, жақсылыққа талпыну, жамандықтан аулақ болуға талпынушы әрекет» ретінде түсіндіріледі [83].

Д.Рақышевтың ізгілік пен адамгершілікті іздеу проблемасы үнемі адамның, соның ішінде өнерді қуған адамның мәні неде болмақ, адам бойындағы табиғи дарын мен кәсіби жетілу, табиғи дарын мен қоғамдық-әлеуметтік мән-жайдың ара салмағын байыптаумен тығыз байланысты болды. Ол жөніндегі ой таразылауы С.Буратайдың әдеби өңдеп, баспаға әзірлеген «Өнермен өзектес өмір. Өткеннің бәрі – аяулы» атты күнделік-естелікте көрініс тапқан.Әнші үшін «Күнделік» әрдайым өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі талдау, рефлексия жасаудың ең ұтымды құралы болды. Оның беттерін парақтап отырып әнші өзіне-өзі сұрақ қоятын: «Мен қандаймын? «Ән айтсын, өзгенің өнерін көңіл көзімен көре білсін» деп, табиғат-ана өзгелерден айрықша қабілет, тіпті дарын сыйлады. Соны аңғара алдым ба? Оны жұрттың пайдасына асыра алмасам маған серт қой.  Өнер адамы да өз ұлтының жанашыры болуы парыз. Ұлтшыл емес, ұлтжанды, халқын сүйген перзенті болмаққа керек», - деп ән, өнер жайлы өз-өзімен де, өзгелермен де сырласып, пікір таластыратын [96,-71 б.].Осындай көзқарас тұрғысынан әнші «Өнерде кешірім жоқ», - деп түйіндеп, шексіз табандылықпен, қажырлылықпен еңбектенетін.Дәнеш халық әндерін, әйгілі сал-серілердің әндерін тек үйреніп қана қоймай, «Сайып келгенде, өнер көрсету – еңбек. Ал оны жетілдіруі - ойлау, ойлану дегеннің өзі орасан еңбек қой. Жұмыс адамға азап емес, қуаныш әкелетіндей болсын. Бізге өнерді көркемдеу қуаныш, шаттық әкеліп, адамдардың арасын жақындата түседі»,- деп, ұстаздарын, әйгілі ақын-әншілерді, сазгерлерді қадір тұтып бас иіп, өз-өзіне үнемі жоғары талап қоятын. Басқа әншілерді тыңдағанда үнемі өз пікір-пайымдауларымен таласып, егеске түсетін, сәйкес келмейтіндерін қабыл алмай, қарама-қайшылықтарының аражігін ашып пайымдауға тырысатын, ал терең де дұрыс ойларды жинақтап, әншілік шеберлікке байланысты дүниені пайымдап, өз қорына қосатын. Оған Ғарифолла Құрманғалиевті алғаш тыңдағандағы күнделігіндегі сөздері дәлел бола алады. Ол «Он алты қызын» құйқылжытып, ойнақтатып орындағанда да өз өнеріммен өлшеймін. «Жоқ, мен бұлай орындай алмаймын, бұл әнге өзіндік мінез керек» деймін іштей.»

Күнделіктегі  жазбаларды оқи отырып, басты назарында адам тұлғасының мінез-құлқындағы күрделі де қарама-қайшылықтарды, олардың күшті және әлсіз жақтары болған Рақышевтың әртістік, педагогикалық этикасын, педагогикалық жүйесінің құндылықтарын аңғартудың кілтін тапқандай боламыз.Оның бұл қасиеттерін зайыбы, өнер жолындағы серіктесі Рахила Имярова: «Дәкең ешкімді, руға, жүзге немесе өз көзқарасымен астаспағандығына қарап бөлектемейтін. Арамдық жасап, қулық ойлау дегнеді білмеуші еді. Айтқан сөз, берген уәдесін дер кезінде бұлжытай орындауынан танбай кетті. Мәселен, дәрігер «мына дәріні пәлен сағатта ішіңіз» десе, сол уақытты минутына дейін сақтайтын. «Ой, соны дәрігер көріп тұр ма, іше бермейсің бе?» - дегенде, «Жоқ-жоқ, көзінше «жарайды» деп, сыртынан олай етуге болмайды», - деп, болмашы нәрсеге де адалдық сақтайтын. Кейде жұмысқа баруға денсаулығы келіңкіремей тұрса да, әдейі барып, жүзбе-жүз айтып келетін. «Телефонмен ескертсең де түсінеді ғой, әуреленіп несіне барасың?»,- дегенге, «Қой еңбек етіп, нанын жеп жүрген жерім ғой, өйтіп керілмейін», - деп, барып жөнін айтып келетін» [100,-96 б.]. Әншінің осындай өз ісіне деген үлкен жауапкершілігі туралы Д.Рақышев атындағы мектеп-интернатының директоры (мектепке Д.Рақышевтың есімі 1993 жылы берілген) Р.К.Дүйсембінова былайша жалғастырады: «1991 жылдың күзінде Алматы облысының делегациясы Моңғол елінің Баян өлгей аймағына іссапарға баратын болды. Олардың құрамында Қазақстан Республикасының халық әртісі Дәнеш Рақышев та бар екен. Сол сапарға  шығар алдында аға мектепке келіп, істің мән-жайын айтып, жұмыстан сұрана келіпті. Сондағы ағаның атақ-дәрежесіне, ақсақалды жасына қарамастан, үлкен басымен келіп рұқсат сұрауы мені таңқалдырды. Иә, «Ұлық болсаң, кішік бол!», - деген осы, нағыз кішіпейілділік, жауапкершілік, кәсіби этика сақтау. «Шәкірттеріммен өтілмей қалған сабақтарды мен іс-сапардан оралған соң, қосымша өткіземін», - деп тағы да ескертті. Содан кейін өзі дәріс беретін балаларды жинап алып, оларға жеке-жеке тапсырмалар берді. Әрқайсының маңдайынан сипап, беттерінен сүйіп, хош айтысты. Бір ғажабы, ән үйрену сабақтары кесте бойынша 14.00-де, 15.00-де тіпті одан кешірек болса да, оқушылар аға келердің алдында, бәрі жиналып мектеп-интернат ауласында күтіп тұратын. Содан аға асықпай аяңдап келеді, балалар ол кісіні қаумалап, қоршап алады. Аға оларың әрқайсысын кеудесіне басып, беттерінен сүйеді. Сөйтіп, әншілік сыныбына қарай беттеп, аса бір байсалдылықпен сабағын бастайтын. Әрдайым осылай болушы еді. Жасыратыны жоқ, жас мұғалімдер жағы сабақтың соңына қарамай, әкімшіліктен біреу көріп тұрмаса, ерте  кете беретін. Ал енді аға болса, сол сабағын, күн кешігіп кетсе де минутына дейін өткізуші еді» [100,-97 б.].

Қ.Толыбаев өзінің «Дәнештің үш құпиясы» атты еңбегінде Қасымның «Өзім туралы», Жәнібек Кәрменовтің «Жәнібектің толғауы», «Аңшының әні» туралы сыр шертеді. Автордың айтуынша «Өзім туралы» туындысының әні Д.Рақышевтікі, ағасына қиғаны емес, атап тұрып, халқымыздың салты бойынша еткен тартуы екен. Осы әнді алғаш естігенде Жүсіпбек Елебеков таңдай қағып, қайран қалады. «Қасымда мұндай ән жоқ сияқты еді ғой», - деп таңданады. Мұның сыртында Әсеттің «Ақырғы сөзі», ақын Таңжарықтың «Елмен амандасу» өлеңі әуенмен айтылып жүр. Сол әуендердің әнін шығарған Дәнеш екенін көп адам біле бермейді. Ал бұл әндерді менікі деп даурыққан Дәнеш тағы жоқ. Қазір ауызекі Әсеттің және Таңжарықтың әндері сияқты аталып жүр.

«Аңшының  әнін» Қазақстанға алғаш жеткізуші де, таратушы да Д.Рақышев. Аты жоқ бұл әнді алғаш Алмасбек деген ағасынан естіген. Сонда «тым шолақ, өте қысқа екен», - деп түйген. Кейін сол ағасының «Мұның толық әуенін Байбазар Үстеміровтен сұра» дегені бойынша, арнайы барып тыңдайды. Әуеннің жеңіл, сырғыма, тынысты тарылтып, шаршатпайтындығына назар аудара отырып, әннің олақтығына көңілі толмай қалады. Сөйтсе де, шолақ сарынды ырғақтың өзі Дәнешті баурап алып, домбырамен шыр айналдыра береді. Сөйтіп, ширыға келе әнші: «Өлеңнің бас-аяғын желілеп, бір ізге салып жетілдірейік. Содан кейін әуеннің ырғағын өрге сүйреп, дауысын көтеріп жүйелеп көрейік», - деп, бір түйінге келеді.»

«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, жігіттің бұған құмар өнерпазы» деп  басталатын жолдардың толықтырылған  шумағын бас жағына орналастырып, одан әрі өлеңнің ара-арасына  желіні ширататын шумақтар мен жауап  қосты. Сөйтіп ойды жетелейтін жүйелі желі пайда болды. Осы желі Дәнештің ән әуенін өңдеп, жоғары сатыға шығаруына, үнін өрлетуне, ырғақ тынысын кеңейтуге  жол ашты. Ақырында: «А-хау» деп тік  шырқайтын асқақ екпіні орынды ән әуені туды да, негізгі желігі лекіген  желдірме сарын қосылды. Ән аяқтала  келе «аха-ха-ха» дейтін үйірімді қайырма сорғалады. Ішкі ырғақтың да көп бұралаң дыбыстарының шырқ үйірілген бұлтарыстары молайды. Енді жәй ғана қоңыржай лекіме сарын емес, көтеріңкі дауыспен шырқата айтатын аңғарлы қалыпқа түсті. Осылайша тап-тамаша, әсем де сұлу, жаңа бір ән дүниеге келді. Бұл жай әуенді өңдеудегі және жаңа ән шығару талпынысындағы Дәнештің тұңғыш әні еді.«Аңшының әніне» жармасқан дау әлі де тынар емес. Әр түрлі жорамалдар да айтылады. Алайда, осы әнді Дәнештің төл әндерімен салыстыра зерделесек, өмірмен табиғи диалектикалық байланысынан көп сырды аңғаруға болады. «Аңшының әнін» дәл Дәнештей қайталап салу мүмкін емес. Себебі, әннің де, Дәнештің де табиғаты егіз. Халықтың есіне Дәнеш десе, «Аңшының әні», «Аңшының әні» десе, есіне Дәнеш түседі.  Сондықтан осы әнге байланысты Дәнештің еңбегін айрықша бағалап, «Аңшының әні» оның қазақ музыкасына қосқан сүбелі үлесі деп танығанымыз абзал [95,-61 б.].

Информация о работе Дәнеш Рақышевтің шығармашылық мұрасы