Қоғамдық өндірістің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 17:25, доклад

Описание работы

Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызмет,өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін,еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады,оларды қарапайым еңбек процесі элементтері деп атайды.
Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді, қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.

Содержание работы

1. Қоғамдық өндipicтiң нeгізгі факторлары, өзара байланысы
2.Қоғамдық ұдайы өндіріс
3.Қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы.

Файлы: 1 файл

Қоғамдық өндіріс негіздері.doc

— 89.00 Кб (Скачать файл)

    Өндіріс пpoцeciндe өндірістік күштер мен өндірістік  қатынастардың өзара ықпалдасуы  жүзеге асады. 

 

Қоғамдық ұдайы  өндіріс

Қоғамдық жай  ұдайы өндірістің дамуы

 

   Қоғамдық ұдайы өндipiм қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы npoцeci болып табылады, оның нәтижесі - қоғамдық өнім. Ұдайы өндіріс - бұл өндipic процесінің қайталануы.

    Қоғамдық ұдайы  өндipicтің eкi түрі ажыратылады:

жай ұдайы өндіріс;

ұлғаймасы ұдайы өндіріс.

    Әрбір қоғамдық - экономикалық формацияда өндіріс  құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын  ұдайы өндірумен қатар сол  формацияға тән өндipicтiк қатынастарды  ұдайы өндіру ici де жүзеге асырылады.

    Жай ұдайы  өндipic бұр өндіріс процесінің бұрынғы аукымда қайталануы; сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

    Жай ұдайы  өндірістің мәнici жолдана жұмысшылар  жасайтын бүкіл қосымша құн  өндірістің жеке тұтынуына түседі  де, өндіріс процесі. Әр жолы  өзгepicciз көлемде жаңарады деген сөз. Жай ұдайы өндipicкe талдау жасау қоғамдық өндірістік қатынастарға тән айрықша белгілері неғұрлым терең айқындауға мүмкіндік береді.

    Ең алдымен  мынаны атап көрсеткен жөн:  кәсіпкердің өндіріске авансқа  берген капиталы оны жұмысшы еңбегін иемденуінің нәтижесі болып табылады. Жұмыс күшін сатып алу-сатудың жеке фактісін қарастырған кезде өзгермелі капитал өндірістің жеке қорынан авансқа берген ретінде көpiнедi. Шын мәнінде icтің жайы басқаша болады: жұмысшыға қарыз беретін кәсіпкер емес, қайта жұмысшы кәсіпкерге қарыз береді. Алайда мұның өзi жұмыс күшiн сатып алу - сату жеке акт емес, қайта ұдайы қайталанып отыратын құбылыс ретінде қарастырылғанда аңғарылады. Бұл орайда өзгермелі капитал жұмысшының тipшілік ету қаражаттарының қоры көрініс беретін айрықша тарихи форма екендігі анықталады. Жұмысшы өзi жаңадан жасаған құннан өзінің жұмыс күшінің құнын ғана алады, бұл құнды жұмысшы өзi өндірген өнімдерді өндірістен сатып алуға жұмсайды.

   Өндірістегі сияқты, ұдайы өндірісте әрдайым қоғамдық сипатта болады, өйткені, адамдар материалдық игіліктерді өндіреді және шығарады, оларды бірлесіп пайдаланады.

 

Қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы.

 

   Ұлғаймасы ұдайы  өндіріс - бұл өндіріс процесінің  ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың 6ip бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процес ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

   Ұдайы өндірістің  ұлғаймасы түpi үшке бөлінеді:

интенсивті;

экстенсивті;

аралас.

   Интенсивті ұлғаймасы  ұдайы өндіріс - техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту болып табылады.

   Экстенсивті ұлғаймасы  ұдайы өндіріс - өндіріс қуатын  пайдаланылатын өндipic факторлары  санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

   Аралас  ұлғаймасы  ұдайы өндіріс - өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.

 

   Ұлғаймасы ұдайы  өндірістің жай ұдайы өндірістен  айырмашылығы мынада: ол қосымша  өндіріс құрал-жабдықтарын және  қосымша жұмыс күшін сатып алу арқылы қосымша құнның белгілі 6ip бөлігін пайдаланудағы капиталға ұдайы қосып отыруды көздейді.

   Ұлғаймасы ұдайы  өндipic қоғамның жиынтық капиталы  ретінде, сондай-ақ жеке капитал  ретінде егер нарықта: а) қосымша  өндіріс құрал-жабдықтарының қажетті мөлшері болған жағдайда; б) қосымша тіршілік ету қаражаттары; в) басы бос жұмыс қолының қажетті мөлшері болған жағдайда жүзеге асырылады.

   Қосымша құннан пайда болған жаңа капитал өзгенің төленбеген еңбек ақысын иемденудің нәтижесі болып табылады.

   Ұлғаймасы ұдайы  өндipic, материалдық игіліктерді,  жұмыс күшін және өндірістің  қатынастарды өскелең көлемде   ұдайы өндіру болып табылады.

   Ұлғаймасы ұдайы өндipic кезінде қосымша құн қорлану қорына және өндірістің тұтыну қорына бөлінеді. Қосымша құнның қорланатын бөліп қосымша өндipic құрал-жабдықтарын сатып алуға және қосымша жұмыс күшін жалдауына жұмсалады, яғни қорлану қоры тұрақты және өзгермелі капиталға бөлінеді.

     Қорлану    қорының    мөлшepi    қосымша    құнның    жалпы    санасын анықтайтын бірқатар факторларға; біріншіден, жұмыс күшіне, екіншіден, еңбектің   өндіргіш    күшін    арттыруға,   үшіншіден,    жұмсалатын    және тұтынылатын    капиталдың    арасында    пайда    болатын    айырмашылыққа байланысты.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімi:

1.Абсалямов Н.Экономикалық теория негіздері/Оқулық.-Алматы, 2001-480 6.

2. Аубакиров Я. Экономикалық теория / Оқу құралы. - Алматы, 1999. -310 б.

3. Булатов А.  Экономика  / Учебник. - М. «Бек», 1999. - 300 с.

4. Боисов Е.  Экономическая теория / Учебник. - М.  «ЮРИСТ», 1997. - 310 с.

5. Крымова А.  Экономикалық  теория / Кестелі оқу құралы. -Алматы,2004.-21 6. Мәденов К. Нарықтық экономикаға кipicпe. - Алматы, «Экономика»,

2000.-100 6.

7. Мәуленова С. Экономикалық  теория. Оқу құралы, Алматы, 2003. – 215

8. Мамедов О. Современная  экономика. Учебник. - М: «Бек», 2004. – 480

9. Нуриев Р. Курс  микроэкономики. - М, «Инфра», 1998. - 430 с. 

10. Ю.Осипова К. Экономикалық  теория / Окулық. - Алматы, «Экономика»,  2004.-310 6.

11 .Райзберг К.  курс экономики / Учебник. - М: «Инфра», 1999. - 540 с.  12.Сахариева С. Жаңа кезең экономика теориясы / Оқу құралы. -Алматы,

«Экономика», 2004. - 270 б.

13.Экономическая теория/Учебник.-Под.ред. Н.Николаева.-М:«Инфра»,2000. - 310 с.

14.Шеденов О.  Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе: «А Полиграфия»,

2004. - 455 б.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қоғамдық өндірістің негіздері