Әлемдік валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі.

Содержание работы

1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3

3
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Әлемдік валюта жүйесі курсовая.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Теңгенің орташа салмақталған айырбас бағамы 2008 жылы 1 АҚШ долларына  шаққанда 149,45 теңге құрады. 2008 жылы теңге номиналы АҚШ доллары қатынасына қарай 8,03 %-ға нығайды. Саудадағы негізгі серіктес елдердің валюталарының қатынасына қарай теңгенің нақты девальвациясы 2003 жылы 2,5 % құрады. АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің елеулі  нығаюына қарамастан қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай саудадағы негізгі серіктес елдерге ара қатысы бойынша жалпы алғанда 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 2007 жылы тым қолайлы деңгейде сақталды.

Теңгенің орташа алынған  айырбас бағамы 2008 жылы бір доллар үшін 145 теңге болды. Кезең аяғындағы  биржалық бағам бір доллар үшін 149,77 теңге болды. Жыл басынан бері номиналдық көрсеткішпен теңге долларға қарағанда 2,9% әлсіреді. Ең жоғары құнсыздану жылдамдығы наурыз және маусым айларында байқалды (тиісінше 1,82% және 1,95%). 2008 жылы теңгенің еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 6,69% нығайды, ресей рубліне 0,22% құнсызданды.

2008 жылы доллар позициясындағы  биржалық сауда-саттық көлемі 2007 жылы осындай көрсеткіштен 26,3% 11,7 млрд. долларға дейін асып түсті.

Биржадан тыс валюталық  нарықтағы резидент банктердің мәмілелер  көлемі 19,6 млрд. долларға дейін 126,4% ұлғайды (1 сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет  Теңгенің  АҚШ долларына, еуроға және  ресей рубліне бағамның өзгеру  динамикасы

Ресей рублімен және еуромен  жасалған операциялардың валюталық  нарықтың биржалық және биржадан тыс  сегменттерінің айналымында шамалы үлесі болды. Биржалық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың көлемі 11,5% және 62,9% тиісінше 106,7 млн. ресей рубліне және 18,6 млн. еуроға дейін азайды. Биржадан тыс валюталық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған айырбастау операциялардың көлемі 12,1% және 15,4%, тиісінше, 1306,8 млн. ресей рубліне және 87,1 млн. еуроға дейін азайды.

Қолма-қол шетел валютасы нарығында өткен жылдардағыдай  долларға артықшылық берілді және тиісінше нарықтың бұл сегментінде осы  шетел валютасын сатып алу  жөніндегі операциялар басым болды. Мәселен, 2008 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғая отырып, 7087,8 млн. доллар болды.

Бір жылдың ішінде айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 35,4% 523,1 млн. еуроға дейін көбейді.

Айырбастау пункттерінің ресей рублін сатып алу және сату көлемі іс жүзінде өзара сәйкес келеді, мұны жинақ ақшаға қарағанда туристік мақсат және іссапар шығыстары үшін осы валютаға қажеттіліктің басым  болуымен түсіндіруге болады. 2008 жылы айырбастау пункттерінің ресей рублі нетто-сату көлемі 96,0%-ға 1895,4 млн. рублге дейін көбейді.

Алдын ала деректер бойынша  теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2008 жылғы қараша айында 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,8% өсті. 2008 жыл теңгенің долларға және еуроға қатысы бойынша нақты нығаюы тиісінше 1,5% және 15,9% болды. Ресей рубліне қатысы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6% әлсіреді.

Ұлттық Банк 2008 жылы 1960,2 млрд. теңгеге қысқа мерзімді ноталар  шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд. теңге) 2008 жылғы І тоқсанда болды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды (ІІ тоқсанда – 538,3 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда – 645,0 млрд. теңге, IV тоқсанда – 569,3 млрд. теңге).

Жоғары банктік өтімділікпен қатар осындай күрт өзгерудің  себебі қысқа мерзімді ноталардың айналыс  мерзімдерінің қысқаруы және тиісінше бұрын шығарылған ноталардың көлемін  неғұрлым қысқа мерзімге ауыстыру болып  табылғанын атап өту қажет. Осылайша қысқа мерзімді ноталар бойынша дюрацияның көрсеткіші 2007 жылдық аяғында 121,7 күнді, ал 2008 жылдың аяғында 15,2 күнді құрады.

Бұл ретте қысқа мерзімді ноталарды өтеу көлемі есептік кезеңде 2210,3 млрд. теңгені құрады, нәтижесінде  олардың айналыстағы көлемі 2007 жылдың аяғындағы 596 млрд. теңгеден 2008 жылдың аяғында 361 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 3,21%-дан 2,24%-ға дейін төмендеді (жылдың соңғы айындағы орташа алынған кірістілік).

Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта  саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 2-суретте көрсетілген.

 

 

2 сурет  Ақша-несие  және валюта саясатының стратегиялық  мақсаттары

 

Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына  себепші болатын теңгенің еркін  өзгермелі айырбас бағамының  тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл  – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.

Ақша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.

Ақша-несие, валюта саясаты, экономиканың ақша-несие және валюталық  реттеуі қаржы және валюта нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына, банк жүйесінің нығаюына, экономиканың нақты секторындағы банкілердің келешектегі несие беруінің өсуі үшін жағдай жасауға, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Ақша-несие және валюта реттеуінің 2007-2008 жылдарындағы негізгі  құралдары РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды  тартуға арналған қаржы құралы) операциялары және вексельдермен  жасалатын қайта  есептеу операциялары тәрізді ашық нарықтың операциялары болуға тиіс. РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы)  мөлшерлемесі және вексельдер бойынша есептік ставка сияқты ресми ставкалардың реттеушілік ролдерін күшейту үшін Ұлттық банк шара қолдануға тиіс. Бұл 2007-2008 жылдары экономиканы ақша-несие және валюталық реттеудің инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуіне дайындық үшін база болады.

Қайталама нарықтағы  репо операцияларының көлемі есептік  кезеңде 477,4 млрд. теңге болды, бұл  өткен жылға қарағанда 39,0% аз. Осы операциялар бойынша мерзім 1,5 күн, кірістілік – жылдық 1,57% болды. Бұл ретте 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ақ мерзімдері 1 жұмыс күнінен аспағандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Кері репо операциялары 7,9 млрд. теңгеге жүргізілді, олар бойынша  мерзім 3,6 күн, кірістілік – жылдық 6,12% болды.

2008 жыл ішінде Ұлттық  Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды  сату бойынша операциялар жасаған  жоқ. Сатып алу көлемі жылдық 5,38% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 967 млн. теңге болды. Өтеуге дейінгі мерзім 1897 күн болды.

Инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуі Ұлттық банктің 2002 жылы басталған монетарлық саясатының басым бағыты болып  есептелмейді. Ұлттық банк бағалардың әр алуан индекстерін қадағалап, аралық мақсаттарға тіпті ақша агрегаттарын да пайдаланды. Бірақ инфляцияны шектеу жағдайында инфляцияның мақсатты бағдарын  жариялау белгілі кезең ішінде оны ұстау бойынша  міндеттеме  нысанаға ие болып, ол осы процестің өзіне тән бірқатар белгілерге себепші болады. Жалпыға белгілі шарттарды орындауды талап етеді. Солардың ішінде валюта бағамы да бар экономикалық көрсеткіштерді нысаналаудан бас тарту болып табылады. Теориялық көзқараспен қарағанда, яғни инфляцияның мақсатты көрсеткішін жариялау негізінде ақша-несие саясатының түпкілікті мақсаты – баға тұрақтылығына жетудің тиімді тетігі болып саналады. Бірақ, инфляцияның негізгі көрсеткіші тұтыну бағасының серпініне көптеген факторлар әсер етіп, олардың қатарына ұлттық валютаның айырбас бағамы да кіреді. Одан басқа, отандық экономиканың бұрынғыша экспортқа бағдарланған бағытының үстем болуы нарықтың берекесіз жағдайында валюта бағамын қалыптастыруға, монетарлық билікке толық сенуге мүмкіндік бермейді.

Біздің ойымызша, істің нақты жағдайы мынадай: Ұлттық банк қазір инфляция мен валюта бағамын бір мезгілде нысаналайды. Бірақ, бұл инфляциялық нысаналаудың принциптеріне сөзсіз қайшы келеді.

Елдің алтын-валюта резервтері тауар және қызмет көрсету импортының 3 айдан астамын жаба алатын деңгейде ұсталады.

Ақша агрегаттарының болжамды жылдық өсімі болжанған  экономикалық өсу қарқынына бара-бар  болады.  2007 жылы ақша базасының өсімі 12,9%-ға, 2008 жылы 14,7%-ға және 2007 жылы ақша массасы 16,6%-ға, 2008 жылы 15,5%-ға өседі  деп болжанған.  Инфляцияның қарқыны 2007 жылдан аяғына қарай қайта  қаржыландырудың мөлшерлемесін жылдық 6,9%-ға дейін, ал  2005 жылдың аяғына қарай 7,5%-ға өсті. 2007 жылы резиденттердің депозиттері 17,4%-ға, 2008 жылы 15,9%-ға және соған  сәйкес банктердің несие қызметтерін кеңейту есебінен 2007 жылы несие көлемінің өсуі 18,0%-ға, 2008 жылы 17,0%-ға өсетіні  болжанады.

Дегенмен 2007 жылы экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының сақталуына қарамастан ақша ұсынысының ұлғаю қарқыны 2008 жылғымен салыстырғанда біршама қысқарды.

2008 жылы ақша базасы 863,0 млрд. теңгеге дейін 14,7% кеңейді,  бұл Ұлттық Банктің таза ішкі  активтерінің өсуіне байланысты  болды. Дегенмен оның кеңею  қарқыны 82,3% дейін өскен 2007 жылмен  салыстырғанда біршама бәсеңдеді.  Өсу қарқынының төменденуінің негізгі факторы Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің азаюы болды.

Резидент еместердің инвестициялық бағалы қағаздарына  салынған инвестициясында  валюталық  реттеу тәртіптемесін жұмсарту, шетелге  тікелей инвестиция жасау операциясын  ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезіндегі шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою бағыттарында Қазақстан Республикасының валюталық тәртіптемесін ырықтандыруды жалғастыру қажет. Капитал ағынымен байланысты тәуекелдікті төмендету үшін, шоғырландырылған негізде пруденциалық қадағалауды жетілдіру, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында және сақтандыру компанияларында тәуекелдікті басқаратын ішкі жүйе енгізу, ішкі валюта нарығының ірі қатысушылары – қаржыдан тыс ұйымдар тарапынан болатын  алыпсатарлықты бақылау және тежеу тетігін әзірлеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы

 

Қазақстан Республикасының  валюталық саясаты ұлттық валютаның  және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Нарық экономикасына  өту жағдайында және экономикалық    дағдарысты жоюда, макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР  банк жүйесі маңызды роль атқарады.

ҚР  Ұлттық  банкі  түрлі  күрделі  операцияларды  орындайтын  және     ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның  тұрақтылығын     қамтамассыз  ететін негізгі буын болғандықтан бірінші  деңгейлі банк    болып есептеледі.

Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.

Сондықтан да, валюталық саясаттың  мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның  тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.

Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен  валюта нарығының тұрақты жұмыс  істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.

Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық  саясат қалыптасады. Олардың барлығы  өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.

Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе  отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық  саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.

Валюталық саясаттың әдістері, нысандары  мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары.

Информация о работе Әлемдік валюта жүйесі