Әлемдік валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі.

Содержание работы

1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3

3
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Әлемдік валюта жүйесі курсовая.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Бұл жүйеге алтын стандарты  мен еркін баға жүйелерінің жақсы  жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.

Бұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

1 АҚШ екінші дүниежүзілік  соғыстан экономикасы ең сау  ел болып шықты.

2 Алтынның үлкен қоры  құрап алды.

Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағамен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігн жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.

Бұл жүейні «реттеулі ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дүрыс болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.

Осы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары да болған. Жақтаушылардың келтіретін дәлелі :

- сауда көлемінің өсуі;

- келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.

Қарсыластары бұл жүйенің  келесідей кемшіліктерін айтуда :

- ауыспалықпен бейімделу.Валюта  бағамы экономикалық көрсеткіштер  бірқалыпты болған жағдайдың  өзінде де өзгеріп отыруы ;

- «жүйелі еместігі».

Үшінші халықаралық  валюталық жүйенің құрылымы 1976 жылдын қантарында Ямайканың Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды. Осы валюта жүйенің негізі еркін айналымдағы валюталық бағам және көп валюталық стандарт болды.

 

 

1.2 Халықаралық валюталық  қор

 

Халықаралық валюталық қор дегеніміз  ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.

Халықаралық валюталық қордың басқару  жүйесіне тоқтала кетсек, Халықаралық  валюталық қордың басқару жүйесі Басқарушылар кеңесі, уақытша комитет, даму комитеті, атқарушы кеңес, басқарушы, персонал кіреді:

- басқарушылар кеңесі - әрбір мүше-елдің  бес жылға тағайындалатын өзінің  басқарушысы мен оның орынбасарынан  құралатын Халықаралық валюталық  қордың жоғарғы басқару органы.Әдетте  оларға қаржы министрлері немесе орталық банктердің басқарушылары жатады және олар сессияға жылына бір рет жиналады.

- уақытша комитет. Атқарушы кеңестің  шешімдерін іске асыру қызметін  атқарады. Халықаралық валюталық  қордың 24 басқарушысынан тұрады. Уақытша  комитет жылына 2 рет жиналып, Басқарушылар кеңесінің алдында істелінген жұмыс нәтижелері мен болашақ жоспарлар туралы жауап ұстайды.

- даму комитеті. Уақытша комитет  сияқты Халықаралық валюталық  қордың 24 басқарушысынан тұрады  және Халықаралық валюталық қордың  Басқарушылар кеңесінің алдында жауап ұстайды.

- атқарушы кеңес. Басқарушылар  кеңесінің өкілеттіліктерінің едәуір  бөлігін атқарады. Сонымен қатар  Халықаралық валюталық қордың  мүше-ел қатынасында саясаттың  кандай да бір мәселелерін  шешумен айналысады.

- басқарушы. Атқарушы кеңеспен ұйымның персоналына басшылық етеді. Басқарушы Халықаралық валюталық қордың күнделікті жұмысына жауапты. Басқарушы Атқарушы кеңеспен бес жылға тағайындалып,содан кейін қайтадан келесі мерзімге тағайындалуы мүмкін. Халықаралық валюталық қордың әр мүшесі СДР түрінде көрсетілген, квотаға ие. Квота мүше-елдер мен Қор арасындағы қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы қарым-қатынастардың негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар ол ХВҚ мүшелерінің дауыс саның анықтайды және әрбір елге 250 базистік дауыс беріледі. Әрбір елге 1 млн. СДР үшін 1 дауыс қосылып отырады.

2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды. Ол  қордың мүшелерінің жарналарынан  құралады. Әдетте, әрқайсысы өз квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің  валютасында, ал қалған 75%-ын өзінің ұлттық валютасында төлейді. Қор мүшелері арасындағы дауыстар әрбір мүшенің квотасының мөлшеріне байланысты бөлінеді. 2006 жылдың 16 маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:

1 США-17.8%;

2 Германия - 6.99% ;

З Жапония-6.13%;

4 Ұлыбритания - 4.95% ;

5 Франция - 4.95% ;

6 Италия-4.18%;

7 Сауд Арабиясы - 3.22% ;

8 Ресей - 2.74% .

ХВҚ-дың негізгі функциялары:

- халықаралық сауданы  кеңейту;

- несиелендіру;

- ақша айырбастау бағамдарын  тұрақтандыру;

- дебитор елдерге кеңес беру.

Қазақстан Республикасы мен Халыкаралық Валюта Қорының  арасындағы кредиттік келісімдерге тоқталуын маңызды деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қорының  арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:

1 1993 жылғы 2 ақпанда макроэкономикалық тұрақтылық және жүйелі қайта құру (SТF) үшін Қазақстан Республикасында 123.75 млн. СДР сомасына ресурстар беру бағдарламасы қабылданды.

2 1994 жылғы 26 қаңтарда  ХВҚ Қазақстандағы макроэкономикалық  тұрақтылық және құрылымдық реформалар бағдарламасын мақұлдады және осы бағдарламаны қолдау үшін резервтік капитал (Stand-by) туралы алғашқы Келісімді жасады. 185.6 млн. СДР сомасына  1995-1996 жылдарға жаңа Келісімге қол қойып, Stand-by бағдарламасын кеңейту туралы шешім қабылдады.

3 1996 жылғы 17 шілдеде EFF Келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес Қазақстан EFF бағдарламасының іс-әрекет ету кезеңі ішінде Үкімет пен ҚҰБ қандай да бір валюталық шектеуліктерді енгізуге немесе күшейтуге, қандай да бір болмасын көптеген валюталық бағамдарды қолдануды тәжірибеге енгізуге немесе модификациялауға, Келісім Баптарындағы VIII Бапқа қайшы келетін. кез келген екіжақты төлем келісімдерін жасауға немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізуге немесе күшеитуге тиіс емес деген міндеттеме алады.

4 1999 жылғы 13 желтоқсанда  329,10 млн. СДР сомасына EFF -2 Келісіміне  қол қойылды. Оның мақсаты мемлекеттік  бюджет тапшылығын қысқарту және  халықаралық резервтерді жинақтау  болып табылады.

2000 жылғы 24 мамырда  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ кредиттік желісі бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі өз міндеттемелерін уақытынан бұрын өтеді.

Ұлттық Банк ХВҚ-ына  апта сайынғы және ай сайынғы негізде  монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ының АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуірдегі) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері бойынша (сұрақтарға жауап беру) ұсынылады.

ХВҚ Статистикалық Департаментінің  Сарапшылары ақша-кредит статистикасын  жасау жөнінде әдіснамалық мәселелер  туындаған кезде консультациялық көмек береді.

Халықаралық Валюта Қоры үш жылда 1 рет макроэкономикалық  статистикаға, оның ішінде акша-кредит статистикасына 2003 жылы Қазақстанға  қосылған ДТАС («Деректер таратудың  арнайы стандарттары») жүйесіне сәйкес бағалау жүргізіледі. Бағалаудың негізінде «Стандарттарды және кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

Соңғы рет ХВҚ-ның Стандарттарды  және кодекстерді сақталуын тексеру  жөніндегі миссиясы Алматыда 2006 жылғы  караша желтоқсанда жұмыс істеді.

2004 жылы ХВҚ-ның миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру миссиясы бойынша техникалық көмек көрсетті.

2008 жылы мынадай жұмыстар  жүзеге асырылды:

- Қазақстандағы ХВҚ  миссиясының жұмысы шеңберінде (21-30 сәуір) миссия мүшелерімен ақша-кредит  статистикасы мәселелері жөнінде талқылау өткізілді, миссияның жұмысы үшін материалдарды тексеру және дайындау жүзеге асырылды;

- ROSC есебінің ақырғы  нұсқасы тексерілді және оны  жариялауға келісім берілді;

- монетарлық статистика  мен осы мәселеде техникалық  көмек көрсету деректеріндегі айырмаға қатысты ХВҚ миссиясының басшысымен және мүшелерімен хат жазысу жүргізілді;

- ХВҚ мен Әлемдік  Банктің «Қаржы секторын бағалау  бағдарламасы» деген бірлескен  баяндамасындағы ақпаратты тексеру  жүргізілді;

-  ХВҚ мен Даму  Банкінің экономика секторын  нақтылау жөнінде хат алмасу жүзеге асырылды;

- ұлттық шоттардың  жаңартылған жүйесі жөнінде, ұлттық  шоттар бойынша деректер ұсыну  жөнінде ХВҚ-ның сұратуы бойынша  есептер ұсынылды, ҚРҰБ деректемелері  жөнінде ақпарат ұсынылды;

- «ХВҚ-ның мүше  мемлекеттермен өзара іс-қимылын бағалау: елдердін ресми органдарымен байланыс жасау» сауалнамасын толтыру бойынша ХВҚ-ның сұратуына жауаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да, ХВҚ-да, РФ оқу орталығының базасында  ақша-кредит статистикасының негіздерін жасаудын әдіснамалық негіздеріне оқытуды жүргізеді.

ХВҚ миссиясы ХВҚ  Келісімі Баптарының IV Баптарына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды жүргізу үшін жыл сайын Қазақстанға келеді.

2008 жылғы 7 қарашада  Банктік қадағалау жөніндегі  жобаны қаржыландыру туралы Ұлттық Банк пен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы  Қазақстан Республикасының квотасын ұлғайту мәселесі жөнінде.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта қоры (бұдан әрі -- ХВҚ) Келісімдерінің Баптарына 1992 жылғы 15 шілдеде қосылды. 1992 жылғы 11 қарашадан бастап Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының квотасы 247 500 000 СДР құрады. Осыған байланысты Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының жазылу шотына 247 500 000 СДР сомасына №1 Қазынашылық векселі шығарылды (1995 жылғы 27 ақпандағы №1 Қазынашылық векселі).

ХВҚ Басқарушылары  Кеңесінің «ХВҚ мүше елдердің квоталарын ұлғайту жөнінде 11 жалпы шолу» 1998 жылғы 30 қаңтардағы №53-2 шешіміне сәйкес ХВҚ жарғылық капиталы 146,2 млрд. СДР-дан 212,0 млрд. ҚАҚ-ға дейін немесе 45% ұлғайды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, квоталар есептеу кезінде 1994 жылғы статистикалық деректер пайдаланылды. Қазақстан Республикасы үшін есептелген квота 365,7 млн. СДР күрады. СДР жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы квотасының үлғаюына байланысты 1999 жылғы 11 ақпанда ¥лттық Банк 118 200 000 СДР мөлшерінде квотаның жалпы үлғаю сомасына пайызсыз, берілмейтін №19018/50 векселін шығарды.

Қазақстан Республикасының  ¥лттық Банкі Қазақстан Республикасынын  ХВҚ жарғылық капиталындағы квотасын 62 100000 СДР мөлшеріне дейінгі сомаға вексель шығаоүлы камтамасыз етүі кажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Валюта бағамы: негізгі түсініктер

 

 

2.1 Валюта бағамы  және оған әсер ететін факторлар

 

Валюта - бұл тауар  жэне эрбір тауардың бағасы болады .Влюта тауарының бағасы - валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір  елдің ақша бійлігін қандай да бір  басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы. Валюта бағамының негізгі рөлі:

1 Халықаралық операциялар  жүргізген кезде белгілі бір  ақша бірліктерін баскшварға  айырбасталу кажеттілігімен ;

2 Халықаралык тауар  нарығындағы бағалардың салыстыруымен,  сонымен қатар әр түрлі елдердің  көрсеткіштерімен ;

Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен  байланысты.

Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :

- валюта нарығындағы  сүраным жэне ұсыным;

- елдің төлеу қабілеттілігі;

- төлем балансының сальдосы ;

- инфляция.

Бұлардың ішіндегі маңыздылары:

- инфляция екпіні;

- пайыздық қойылымның  өзгеруі ;

- елдің төлем балансы  ;

- ұлттық табыс ;

- жағдаятты факторлар  .

Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең  жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.

Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Информация о работе Әлемдік валюта жүйесі