Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 19:07, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР экономиканың дамуына әйелдердің үлесі және қалыптасуы мен дамуы, оның қоғам өмірінен алатын орны, шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызы, солардың қатарында әйел-аналардың ынта-жігерлері мен төзімділіктерінің, еңбексүйгіш қабілеттері және гендерлік саясаттың мәні. Маңғыстау өңіріндегі әйел-аналардың қоғамдағы рөлі, статистикалық мәліметтер, салыстырулар. Сол қалыптастасқан үрдісті тереңінен зерделеу үшін алдымызға төмендегідей мақсаттар қойылды.

Файлы: 1 файл

статья МАН конф .doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

Маңғыстай өңірінде  ел дамуына, халқымыздың әл-ауқатының  артуына үлестерін қосып, отбасыларының  тұтқасын берік ұстап, бала-шағасына ұлттық тәрбие берумен қатар, қоғамда орны ерен асыл жанды аналарымыз бен ардақты апаларымыз аз емес. Саясатқа белсенді араласатын әйелдердің саяси ортада топтар арасын бітістіруші және жұмсақтық пен нәзіктік беретін тұлға ретіндегі өзіндік орны ерекше.

Іргелі елдіктің мәйегі мен ұлттық болмыс-бітім жайлы сөз қозғадық. Бұлар отан ұғымымен парапар дүниелер, әрине. «Отаншылдық отбасынан басталады» дейді қазақ. Мыңдаған отбасы қазақ қоғамын құрап,  түтіндерін түтетіп отыр. Ал отбасының береке-құты мен ұйтқысы, тағы айналып келіп қазақ әйелінен бастау алмақ.

Менің сөз еткім келіп  отырған бір мәселе, әйелдердің зейнеткерлікке шығу туралы қозғалып жатқан әңгіме.  Қазақстанда әйелдер 58 жастан, ер-азаматтар 63 жастан зейнеткерлікке шығады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде елде 8 млн әйел заты бар болса, оның 3 млн 700 мыңы еңбекке жарамды. Ал зейнет жасын арттыруға оралсақ, статистика агенттігінің 2011 жылғы мәліметтері бойынша, еліміздегі ерлердің болжаулы өмір ұзақтығы 64,23 жыл, әйелдердің өмір ұзақтығы – 73,79-ды құрады. Зейнеткерлік жастағы салымшылары бар қордың консервативті қоржынын сараптай еле, әйелдердің жинағы ер адамдарға қарағанда едәуір төмен болғандығы байқалған. Бұдан шығар қорытынды, әйелдер төмен деңгейлі зейнетақы жинағымен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Соған қарамастан тез қартаяды. Мен қазірдің өзінде зейнеткерлік жасты ұзарту емес, керсінше  әйелдердің 58 жастан зейнетке шыққанын төмендету керек деп есептеймін. Бүгінде елімізде әйелдердің барлығы бірдей ой еңбегімен шұғылданбайды, жайлы қызметтерде істеп, жылы орындарда отырмайды. Ғұмыр бойы ауыр жұмыс істеп келе жатқан нәзік жандылар жеткілікті.  Өйткені қазақ халқының басым бөлігі ауылда тұрады. Ауыл халқының тұрмысы тағы белгілі. Өз басым бұл ұсынысты «ақылға сыйымсыз» деп ойлаймын. Еуропа елдеріндегі орташа табыс көрсеткіші мен біздің елдегі орташа табыс көрсеткіші мүлде салыстыруға келмейді. Еуропада қарапайым қызметкердің жалақысы бізден бірнеше есе көп. Олардың ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзі біздің елдің орташа жалақысымен теңдей. Ендеше, бұл жерде зейнеткерлік жасын өсіру туралы сөз қозғаудың өзі – ұят нәрсе. Ауылды жерде бір ғана зейнетақымен бір үйлі жанды бағып, тірлік кешіп отырған ағайындар бар. Біз зейнетақы жасын өсіру жайын сөз еткенше, неге халыққа төленетін әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақыны сол еуропалық деңгейге жеткізуді ойластырмаймыз?!  63 жасқа, 58 жасқа жете алмай бақилық болып кететіндер қаншама?! Ресейде осы күнге дейін әйелдер 55, ерлер 60 жаста зейнетке шығады. Мұның өзі өмір сүруді қиындатып алмаудың қамы екендігін көрсетпей ме? Мен, осы жайттарды тереңінен ойлану қажет деп есептеймін.

Бесік ана қолында, тіл ана көмекейінде, діл ана  сүтінен дариды, шаңырақ әйел берекесімен биіктейді, ендеше, қазақ әйелін пір тұтпай, қазақ әйелін қадірлемей, қазақ қыздарының, аруларының сұлулығын танып жетпей тұрып, өзге дүние жайлы ауыз ашу артық болар. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп М. Әуезов те тегін айтып отырған жоқ.

Енді бір  он жылдан кейін Қазақстан Республикасын жаңа әлемде орнықтыру үшін үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып әлеуметтік тиімділікті күшейтуді, инвестициялық жобаларды іске асырып, индустрияландыру үшін қолайлы орта жасауды қамтамасыз ету міндетін ұлттық рухы биік, ішкі мәдениеті зор толерантты жас буын атқарады. Олай болса, Қазақстанның әлемдік беделіне өзіндік үлес қосатын, ынтымақ пен бірлікті ту етіп ұстанатын ұрпақ тәрбиесі ер мен әйелдің домбыраның қос ішегіндей жарасымды үйлесімінен, отбасының бүгінгі береке-бірлігінен бастау алады демекпіз.

Отбасының тірегі – әйелдің қоғамдағы рөлі әрқашан  жоғары бағаланған. Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» дегенге сай, олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе гендлік теңдік стратегиясын басшылыққа ала отырып, менің негізгі ұсынысым:

  1. Әйел-аналардың қоғамдағы және  отбасында   тәрбиесін тең дәрежеде алып жүруі үшін олардың бала күтімімен отырған уақыты назарда ұсталып, ай сайынғы еңбек жалақысының үштен бір бөлігі тұрақты еңбек ақы ретінде төлеу;
  2. Отбасының ұйытқысын сақтап, балаларын тәрбиеліп отырған аналарды шағын мелекет отбасының экономикасын дамуына үлес қосып отырғанын мемлекет қаперінен шығармай әлеуметтік қолдау көрсету;
  3. Бизнес туралы семинарлар, оқу тренингтерін ауыл әйелдеріне жүйелі өткізу;
  4. Отбасы институтын нығайтатын отбасылық бизнесті нығайту үшін қандай да болмасын еңбек режимінде  еркін еңбек кестесі мен еңбек бөлісінің жаңа нысандары бар "үйдегі" жұмыс орындарының кең желісін құру; 
  5. Зейнеткерлікке байланысты жасты ұзарту емес, керсінше  әйелдердің 58 жастан зейнетке шыққанын төмендету керек;
  6. Әлеуметтік серіктестікті және өзара көмек рухын дамыта отырып, бизнесті басқару саласындағы шешім қабылдаудың күш қолдану және әміршілдік әдістерін экономикалық әдістермен ығыстырып шығаруға бағытталған әлеуметтік бағдар алған кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 
  7. Экономиканың түрлі салаларындағы және түрлі басқару деңгейлеріндегі гендерлік теңсіздіктің себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеулер жүргізу.  

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы
  2. Қазақ тарихы 1994; № 6
  3. «Түркістан газеті» 21.03 №11(973) 2013
  4. «Сыр бойы» газеті №41-42
  5. Маңғыстау облысының статистикалық мәліметтері
  6. «Президент және халық» газеті  Р. Қаршалова Әйел қоғамның қуатты күші 2013ж наурыз №7(389)
  7. «Егеменді Қазақстан» газеті Д. Шәженова Әйел кәсіпкерлігінің әлеуеті зор №04. 2011 шілде
  8. «Дала мен қала газеті» Д.Быкай Әйел мүдесіне мүлги қарауға болмайды№11-12(492) 24.03.2013ж
  9. Радыгин Б.Л., Махмутова М.М.. Переходная экономика. Учебное пособие., 2003г.
  10. Г.Н Франовская. Малый бизнес. Учебное пособие для вузов 2007г.
  11. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  12. «Актөбе» газеті А Байменова Іскер әйелдердің үлесі  12.03.2013ж

 

 


Информация о работе Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі