Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 19:07, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі: ҚР экономиканың дамуына әйелдердің үлесі және қалыптасуы мен дамуы, оның қоғам өмірінен алатын орны, шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызы, солардың қатарында әйел-аналардың ынта-жігерлері мен төзімділіктерінің, еңбексүйгіш қабілеттері және гендерлік саясаттың мәні. Маңғыстау өңіріндегі әйел-аналардың қоғамдағы рөлі, статистикалық мәліметтер, салыстырулар. Сол қалыптастасқан үрдісті тереңінен зерделеу үшін алдымызға төмендегідей мақсаттар қойылды.

Файлы: 1 файл

статья МАН конф .doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

Қазақ әйелі бұрын-соңды  тарихымызда дәл қазіргідей қайраткерлік жасампаздық дәрежеде болып көрген жоқ. 20 жылға толар-толмас мерзім аясында саяси аренада, мемлекеттік басқару саласында талай аруларымыз дара тұлға ретінде көрінді. Іскерлік әлемінің тамаша тәжірибесінен өтті. Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан, экономикалық-саяси тұрғыдағы әйел мәртебесін көтеруді тұңғыш жүзеге асырған – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ел ішіндегі тұрақтылық пен халықтар достығын әлемге паш етті. Әр шаңырақтағы ана үшін балаларының тыныш ұйқысынан артық бақыт бар ма?! Ана мен баланың жағдайын жақсартуға, отбасын қамсыздандыруға арналған кешенді іс-шаралар жыл сайын біз күткендегіден де жоғарылай түсуде. Табысқа жетудің нақты көрсеткіштері 2020 стратегиясында айқындалған. Бұл құжатта сондай-ақ гендерлік тепе-теңдік нығайтуға да баса назар аударылуда. Әйелдердің саяси-экономикалық ілгері жылжуы үшін еліміздегі гендерлік саясаттың ұлттық моделі әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа белесін ашты десек қателеспейміз. Өйткені, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның табанды іс-әрекеті арқылы гендерлік саясат жөнінде тұтас жүйе қалыптасқан. Осы тұрғыда Қазақстан гендерлік саясаттың тұжырымдамалық базасын қалыптастырды деп айтуға негіз бар. Мемлекеттік және қоғамдық саладағы гендерлік тепе-теңдіктің басты принциптері мен нормалары бекітілді. Заңдылық тұрғысынан алғанда елімізде гендерлік балансты сақтаудың барлық шарттары қарастырылған. Ендігі жерде Қазақстан үшін дәл осы кезеңде қабылданған заңдардың тетіктерін іске қосу аса өзекті болмақ.

Әйел табиғатында тұрақтылық пен келісімнің рухы бар. Сол қабілетімен республикадағы еңбек ресурсының 50%-ға жуығын құрап отырған Қазақстан әйелдері үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға, сөйтіп ұлттық экономиканы инновациялық жолға қоюға өзіндік үлес қосары сөзсіз. Сәл шегініс жасасақ, Қазақстан әйелдерінің белсенділігінің өтпелі кезеңде артуының объективті себебі меншік пен ресурстардың қайта бөлінуімен байланысты еді. Қалыптасқан жағдайды саралай келе әйелдердің экономикада, үкіметтік емес ұйымдарда белсенділігін байқаймыз. Қазір республикада 300-ден аса үкіметтік емес ұйымдар болса, оның тең жартысын апа-аналарамыз   басқарады. Олар қоғамның қуатты күші, тәуелсіздік жемістері. Десек те билік органдарындағы гендерлік ассиметрияға қатысты дәстүрлі стереотиптерді еңсеру өте күрделі өтуде.

Әйелдердің саяси шешім  қабылдау деңгейінде ілгерілеуі олардың жеке басының кірпияздығы немесе өзін-өзі көрсетуге талпынысы емес. Ол жаһандану кезеңіндегі қоғам императиві дер едім. Статистика агенттігінің Қазақстан әйелдері мен ерлері атты статистикалық жинағына үңілсек, Сенат депутаттарының арасында әйел депутаттар – 2 (бар-жоғы 4,3%); Мәжілісте – 18 (небары – 17%); барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ішінде әйелдер саны 567 (17,1%), барлық мемлекеттік қызметшілер санатында әйелдер 58% болғанымен, саяси мемлекеттік қызметшілер қатарында – 7%, сот жүйесінде, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының ішінде бірде-бір әйел жоқ, Жоғарғы Соттағы әйел судьялардың саны – 10 (28,6%), облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының 100%-ы ер адамдар, мемлекеттік басқару саласындағы әйелдердің үлес салмағы – 40,2%.

Жоғарыдағы деректерді келтіргенде қайткенде әйелдер, ер-азаматтармен қатар билікті қолына алу керек деген ойдан аулақпыз. Керісінше, Батыстағы өркениетті деген мемлекеттердің өзінде әйелдердің саяси шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігі төмен. Мәселен, Ұлыбританияға әйелдер осыдан 80 жыл бұрын сайлауда дауыс беру құқығын иеленгенін ескерсек, қазіргі күнде бұл елдегі анағұрлым ірі компаниялардың директорлар кеңесінде бірде-бір әйелдің болмауы қарастырылып отырған мәселенің әлемдік келбетін көрсететіні белгілі. Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасындағы депутат әйелдердің саны – 63 (14%), бірақ, судьялық корпуста әйелдердің саны басым.

БҰҰ-ның индикаторы бойынша  небары төрт қана мемлекет гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізген екен. Олар: Швеция, Дания, Финляндия, Норвегия. Балтық жағалауы елдерінде бұл мәселеде жақсы көрсеткіштер бар.

Мемлекетіміз қай салада болмасын әлемдік стандарттарға сәйкес даму жолын таңдағанымен, өз менталитетін, дәстүрін сақтап отыр деп сеніммен айта аламыз. «Біз батыстық позитивті құндылықтарды – демократияны, толеранттылықты, заңға, еңбекке, тұлғаға құрметті оң қабылдаймыз, бірақ батыстық үлгідегі елге айналуды мақсат етпейміз», деген Елбасының ұстанымы осыған саяды.

Қазақстанда да әлемдегі барлық мемлекеттегідей жоғары білімді  әйелдердің саны көп. Тағы да статистикаға жүгінсек, жоғары оқу орындарындағы білім алушы контингенттің 55-62%-ы қыз балалар. Ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары да, профессор-оқытушылар құрамының басым бөлігін құрайды. Бір ғана Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің контингенті туралы ғана айтсақ, біздің университеттегі 8 мыңға жуық студенттер мен магистранттардың 65%-ы бойжеткендер. Жуырда жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша техникалық мамандықтарды меңгеруге деген қыздардың құлшынысы ерекше екендігі байқалды.

Солай бола тұра еңбек нарығында әйелдерге деген сұраныстың немқұрайлығы жасырын емес. 45 жастан асқан орта арнайы білімі бар әйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі аз. Әйелдердің еңбекақысы ерлер еңбекақысының 61 пайызын ғана құрайды. Әйелдер денсаулық сақтау мен оқу-ағарту саласында ғана істейді. Неге мұғалімдік қызметте ер адамдар аз? Оларды сол салаға тарту механизмдері керек. Тек қана әйелдің тәрбиесін алған ұлдарымыз ел қорғаны бола алар ма?

Тағы да бір алаңдайтын жәйт, әйелдердің саяси күрес пен  құқық саласындағы біліктіліктері әлі де жеткіліксіз. Осы мәселе Президент  жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссияның  күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Ана мен баланың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы жайына арналып үстіміздегі жылда өткізілген бірнеше халықаралық конференциялар, ірі жобалар соның айғағы.

Президент пәрменімен құрылған Ұлттық комиссияның құзырлы мәртебесі әйел-анаға, отбасына қатысты өзекті проблемаларды жоғары мемлекеттік деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Бұл конституциялық орган шын мәнісінде мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы көпір іспеттес. Комиссияның тікелей ықпалымен отбасы институтының беделін арттыру бойынша жүйелі түрде атқарылып жатқан істердің тиімділігін айтуға тиіспіз. Қазақстан Үкіметіне жас отбасыларын қолдау, бала асырап алған азаматтарға нақты жанашырлық таныту сияқты демографиялық саясаттың маңызды тұстары бойынша ұсыныстар енгізді, еңбек туралы заңнамаға әйел еңбегін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететін нормалар енгізілген. Бірқатар аймақтарда үй шаруасындағы әйелдердің қашықтықтан жұмыс істеу жобалары жүзеге асты. Бұл әйел қауымының табиғи миссиясы – тұтас ұлттың тәрбиешісі болу деген ізгі ойдан туындап отырғаны белгілі. Осының барлығының түп мақсаты – қазақстандық эгалитарлық отбасының ұлттық моделін қалыптастыруды негіздеу.

Әйел-ана жағдайын жақсарту жөнінде   іс-қимылдардың ұлттық жоспары   жасақталды. Онда «Елорда экономикасының дамуының негізгі басымдылықтары шағын және орта бизнеспен байланысты.  Бұл ретте әйелдер кәсіпкерлігі -  ерекше назарда тұрған дүние. Ол туралы Елбасының өзі Үкіметке “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп әйел кәсіпкерлігін қаржыландырудың арнайы бағдарламасын әзірлеу мәселесін қойғаны белгілі. Соның нәтижесінде бүгінде іскер әйелдер жобаларын шағын несиелеуді қамтамасыз ету кеңінен қолға алынуда. Себебі, тәжірибе көрсеткеніндей, әйелдер әлдеқайда тиянақты және қаржыны қайда жұмсауды біледі, сондықтан да шағын несиелерді нақ әйелдерге беру көп тиімділік келтіретіні талассыз ақиқат. Жаһандық дағдарыстың салдары әлемде жұмыссыздыққа жол ашып, экономиканы әлсіретіп кеткені белгілі. Сол себепті шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызы артып отыр. Дегенмен, еліміз әлемдік дағдарыстың алғашқы қиындығына шыдамдылық көрсете білді. Солардың қатарында әйел-аналар да өз ынта-жігерлері мен төзімділіктерінің, еңбексүйгіш қабілеттері мен Елбасына деген сенімдерінің арқасында еліміздің дағдарыстан табысты шығу жолында және әрі қарай инновациялық индустрияландыру бағытында, жаңа экономиканың өрлеуінде маңызды рөл атқарып келеді», - деп көрсетілген. Iскер әйелдер қауымдастығы «Әйел және экономика», «Әйел және бала» секiлдi бағдарлама жүзiнде жұмыс iстейдi. 2001-2003 жылдары Қазақстан Iскер әйелдерiнiң форумы өткiзiлдi. 1999 жылы алғаш рет “Әйелдер және саясат” бағдарламасының арқасында Қазақстан әйелдерiнiң альянсы құрылды.              2002 жылы осы альянс «Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы» болып қайта құрылды. Iскер әйелдер қауымдастығы өз қызметiн одан ары қарқынды жүргiзуге мемлекет аралық қорлар грант беру арқылы демеушiлiк жасады. Олардың iшiнде елге танымал «Сорос Қазақстан», «Каунтрпарт концорциум», «Евразия» ұйымдарын айтуға болады. Бiрақ, бағдарламаларға арналған гранттар шектеулi түрде аз уақытқа берiледi. Ал ұзақ мерзiмдi мәселелер, әлеуметтi қорғансыз әйелдерге көмек көрсетудiң нақты жобалары жеткiлiксiз, аз. Сондықтан Гендерлiк саясаттың 3-бөлiмi түгелдей экономика саласында гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу, әйелдер арасындағы кәсiпкерлiктi одан ары дамытуға, олардың еңбек нарығындағы қабiлетiн арттыруға арналған. Шағын бизнестті дамыту бойынша біздің Маңғыстау облысында да барлауымша,  өз кәсібін ашып, іскер әйел атанған қыз-келіншектердің   2000 жуығы  орта және шағын кәсіпорындарды басқарады.

Былтыр аймақта 206 адам шағын несие алса, оның тең жартысы  әйел азаматтар екен. Жаңа бизнес бастауда әсіресе ауыл әйелдері белсенді. Бір  Мұнайлы ауданының өзінде 2012 жылы 45 жеке шаруашылық пен шағын кәсіпкерлік ашылса, оның 90% қыз-келіншектер үлесінде екен. Ұлтық киімдер тігетін шеберханалармен қатар, ұлтық тағам өнімдерін өндіруде, балық және мал  шаруашылығын өсіруде де әйел азаматтар алдыңғы қатарда. Маңғыстау облысында 2011 жылы әйелдерінің тұңғыш форумы өтті. Оның  аясында әйелдер идеясы мен әйелдер өндірген тауарлар көрмесі ұйымдастырылды. Облыста әйелдер қоғам өміріне неғұрлым белсендірек қатысады. Атап өтерлік бір жайт, Түпқараған аудандық мәслихатында депутаттардың 36% пайызы әйелдер екен. Осы өңірде «Әйелдер басқаратын кәсіпорын» атты  жарыстар өткізіліп тұрады. Әйел-аналарымызды қолдау мақсатында осындай шараларды өткізіп тұру арқылы қолдау көрсету өте маңызды.

Қазақстан бойынша шағын бизнеспен айналысатындардың денi — әйел. Олардың көбi кiшiгiрiм кәсiп пен тiркелмейтiн секторда жұмыс iстейдi. Бiрақ әйелдердiң, оның iшiнде ауыл әйелiнiң көбi патент дегендi бiлмейдi. Егер патент алсақ, салықты көп төлеймiз деп ойлайды. Олай емес. Патент — мемлекеттiң берiп отырған жеңiлдiгi. Оны тек өзiнiң табатын табысына байланысты тоқсанда немесе жылына бiр-ақ рет төлейдi. Сонда ғана ол келешекте өз жұмысының жемiсiн көредi. Себебi, патент алғанын растайтын қолында қағазы болса, ертең ипотекаға үй алатын жағдайда мiндеттi түрде ескерiледi. Екiншiден, шағын несие алатын кезде де, алған патентi оған кiредi. Сондықтан әйелдер өздерiне қатысты заңды бiлу керек.  
 Тариха жүгінсек, заман өзгерісіне қарай әйелдер қауымы мемлекет пен қоғам өміріне араласудан шет қалып жатқан жоқ. Жалпы, әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріне белсене қатысуы өткен ғасырда айқын көрніс тапты. Әйелдердің саясатқа белсене араласуы тек дамыған Еуропада ғана көрніс тапқан жоқ. Ол халқының 100 пайызы мұсылман Пәкстанда да салтанат құрды. Билікте әйелдер шығыстық әдет-ғұрып пен салт-сананы сақтай отырып, әлемдік саясатта өз елінің игілігі үшін жан аямай еңбек етті. Дүниежүзілік саясат әлемінде өз есімдерін алтын әріптермен жазып кеткен қайраткер әйелдер аз емес. Пәкстанның премьер-министрі болған Беназир Бхутто мен Түрік елінің мерейін аспандатып кеткен  Тансу Чиллер, Украинаның экс-премьер-министрі Юля Тимошенко, Индонезия Республикасын  басқарған Сукарнопутри мен  Бангладеш Үкіметінің тізгінін ұстаған Халида Вазет, ұзақ жылдар Никарагуаның Президенті болған Виолетта Чаморра, Филиппин елін басқарған Карасон Акинодан кейінгі биліктің шыңына шыққан Глория Арройо, Шри-Ланка елінің билігін қолына алған Чандрика Кумаратунга, Африка құрылығындағы Либерияның Президенті болып сайланған Эллен Джонсон Серлиф елді ең қиын-қыстау  сәттерде басқара білді. Мемлекет мүддесінде АҚШ мемлекеттік хатшысы болған Кондолиза Райстың, Үндістан Ұлттық Конгресінің жетекшісі Соня Гандидің саяси ықпалы орасан зор. Ұлттық мүдде мен ұлт дәстүрін үнемі бірінші кезекке  қойып, шиеленісті жайттарды  парасаттылық тұрғысынан шешетіні үшін ирландықтар өз таңдауларын Мери Робинсонға берді. Ал, Финляндия мен Норвегияда әйелдер өз елдерінің әскери ведомстволарын басқарады. Әлемдік саясатта жарты әлемге өз ықпалын жүргізген Маргарет Тэтчер мен Үлкен сегіздіктің жуан ортасында Германияның канцлері Меркель ханымның ғаламдық мәселелерге араласуы нәзік жандардың осал еместігін көрсетсе керек. Ендігі кезекте  Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы ықпалын сөз етер болсақ,  мемлекеттік және мемелекеттік емес органдар мен ұжымдарды  басқарып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Алғаш Қазақстанда әйел денсаулығы мен өмірге ұрпақ әкелу тұрғысында медицинада жаңалық ашқан Ұлттық комиссия мүшесі, “Экомед” клиникасының жетекшісі Салтанат Байқошқарованы танымайтын жан кем де кем. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  халқының мақтанышы -  Роза Рымбаева аналар мерекісіне орай биылғы жылы «Жан анам» жаңа әндер топтамасын ұсынды. Жерлесіміз Тамара Асар өзінің мүгедектігіне қарамастан күміс көмей әншілігімен дүйім жұртты тәнті етуде.  Фарида Мерхамитқызы болса қазақ сән үлгілерінің небір ғажап формасын жасап, сән әлемінде жұлдызы жанды. Маңғыстаулық Тәрбие қызымыз да көптеген өнер жұлдыздарына өз үлгілерін ұсынып, шеберлігімен тәнті етуде.  Қазақ поэзиясының қыранын әлі күнге дейін биікте қалықтатып келе жатқан Фариза Оңғарсынова мен айтыс өнерінде халықтың мұң-мұқтажын тайсалмай бетке айтып, шындықтың томағасын сыпырып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның есімі жалпы қазаққа таныс. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы әйелдер мәселесін жаңа заман талабына орай жаңаша қырынан көтере бастады. Нәтижесінде саяси, қоғамдық және экономикалық жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кеңесші   орган  – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғаны белгілі. Осы комиссия аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қабылданып және іске асып жатқан игі шаралар ұшан-теңіз. Демек, қазақ әйелінің тағдыры мемлекет назарынан қалыс қалмайды.  Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен билікте  - абыройлы басшы, шебер маман. Қазақстан әйелдері қонақ үй және мейрамхана сияқты қызмет көрсету орындарында көптеп жұмыс істеуде. Осы саладағы әйел азаматтардың көрсеткіші 63 пайыздан асып отыр. Одан кейін қаржы және әлеуметтік қызмет көрсету ошақтары келеді. Жалпы, отандық шағын және орта бизнесте кәсіпкер әйелдердің үлес салмағы 31 пайыз - жеке кәсіпкерлік - 65 пайыз, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты ұйымдарда 52 пайызды құрап отыр.

Елімізде 2020 жылға дейін қабылданған «Гендерлік теңдік стратегиясы» аясында әйелдердің қоғамға белсене араласуына зор мән берілмек. «Стратегиядағы жоспарлар бойынша әйелдердің жалақысын ер азаматтар  жалақысы  деңгейіне жеткізу де  көзделген. Қазіргі кезде әйелдер ерлердің орташа жалақысының 64 пайызы көлемінде айлық алады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 80 пайызға жеткізіледі», – дейді  ұлттық комиссия қызметкерлері.

Еліміздің кейбір азаматтар  Қазақстанға гендерлік саясат қажет  емес, әйелдің орны үйде десе, енді бірі әйелдердің жай-күйін нәзікжандылар ғана түсінеді, сондықтан билікте олардың саны артқан сайын, әйел затының өзекті проблемалары да лайықты шешіледі дейді.

Десе де, қазақ халқы: «Әйелдің бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететінін» ықылым заманнан бері жақсы білген. Қашанда отбасының бірлігін ойлаған қазақтың қыз-келіншектері ел басына күн туғанда қолдарына қару алып, жауға қарсы шыққан. Оған тасқа қашалған шежірелі тарихымыздан белгілі Сақ патшайымы Томирис, мәңгілік махаббатына адалдықтың айнымас үлгісін көрсеткен Айша бибі, өн бойына ақылдылық пен парасатты жиған Домалақ ана, Отан үшін отқа түскен Әлия мен Мәншүк ерліктері куә. Бүгінгі қазақ қызының бойынан жоғарыда есімдері аталған қаһарман әжелеріміздің өрлігі мен данагөйлігінің ұшқыны ұшырасып жататынын мақтанышпен айта аламыз. Ғасырлар бойы тәуелсіздігін аңсаған, қазақ елі талай қилы кезеңдерден мұқалмай өтіп, егемендікке қол жеткізді. Бұған қаракөздеріміздің қосқан үлесі зор.

Мемлекеттік қызметтерде  әйелдердің рөлі мен үлесі ерекше. Қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тапқысы келеді. Әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел – саясаткер, әйел – заңгер, әйел – экономист, әйел – бала тәрбиелеуші, әйел – мұғалім, әйел – үй күтуші, әйел – көлік жүргізуші. Әрине, әйел ең бастысы – ана. Бірақ соған қарамастан, нәзік- жанды әйел қоғам көшін алға сүйреуге белсенділік танытуда. Бұған соңғы он шақты жылдан бері гендерлік саясатты жолға қою мәселесі де себепші болды. Гендерлік саясат негізі әйелді атқа мінгізіп, оның қоғамдағы орнын ер азаматтан биіктету емес. Бұл екі жұптың теңдігін әспеттеу, ақылды да әрі іскерлік қарым-қабілеті мол әйелге қолдау көрсету.

Тәуелсіздік жылдары  Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. Еліміз 1998 жылы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы» конвенциялары да бекітілді. 2003 жылы Қазақстан Үкіметі гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдаманы бекітті. 2005 жылы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия жемісті жұмыс атқарып келеді.

Информация о работе Әйелдердің қоғамдық рөлінің өлшемі және экономикалық дамуға үлесі