Қазақстандағы экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].

Файлы: 1 файл

курс_Қазақстандағы экономикалық өсу.doc

— 912.00 Кб (Скачать файл)

2. Керісінше, егер инвестициялар  жинақтан төмен болса, еңбек  келісімі бойынша бекітілген  жалақыға қарағанда тауар бағасы  тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.

Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.

Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу  және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл  бағыттың өкілдері өндіріс факторларының  иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.

Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалынды. Бұл модельде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қабылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артуына тәуелді емес [5, б.15].

Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өндеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.

Кобб-Дуглас функциясы  экономикалық өсудің жекелеген факторларының  ролін сандық бағалау жұмыстарына  бастама болды. Ол екі бағытта  жүзеге асады:

- өндіріс масштабына  тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту

- ұлттық табыстың өсуіне  әсер ететін үшінші айнымалы  ретінде, дербес фактор ретінде  техникалық прогрестің әсерін  ескеру.

Бұл зерттелер практикалық  қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.

Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына  негізделеді.

Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығы төмен.

Неоклассикалық бағытты  сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы  итальян экономисті Т. Сраффа еркін  бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға тартады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижессіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алады.

Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа  дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Басты еңбектері: «Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арқатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.

Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты. Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ - нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес [6, б.103.

Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 ж.ж  өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарда қарыздық дағдарыстың тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға қанағаттанарлық түсіндірмелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол экономикалық субъектілердің шешіміне мүлдем тәуелді емес. Капиталдың тапшылығы 3-әлемде инвестициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі. Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен Халықаралық валюталық қормен құрылған инвестициялардың өсуіне еркін нарық құру саясаты бағытталады. Инвестициялардың өсуі, күтілгендей, өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда, сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвестицияларын тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуларының мұндай табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе эндогенді өсу теориясының пайда болуына әкелді. Оның пайда болуы даму теориясы аясында 90 ж. маңызды құбылыс болды.

Эндогенді өсу теориясы. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.

Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің  өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.

Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшелінеді. Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффекттілерге көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі емес.

Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың рөлін күшейте отырып, жаңа теория дәстүрлі теорияға қарсы  шығатын бірқатар қорытындылар жасады. Ең алдымен сыртқы экономикалықбайланыстардың болмауынан елдер арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық артта қалуына әкеледі.

У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары. Оның пайда болуы  көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:

1.Дәстүрлі қоғам

2. Жылдам даму үшін  жасалған алғышарттардың жетілуі

3. Өзін өзі ұстап  тұратын өсуге ұмтылу

4. Технологиялық кемелденуге  ауысу

5. Бұқаралық тұтыну  арасы

Льюис моделі. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі – Нобель сыйлығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж. Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.

Льюис моделінде әлсіз  дамыған экономика 2 секторадан тұрады:

  1. Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандыруымен және еңбектің нөлдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор. Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін енгізуге тура келді.
  2. Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады. Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады.Мұнда жалақы дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30% -ке жоғары болу тиіс, өйткені олардың арасындағы мұндай алшақтық миграцияны яғни жұмыс күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады [7, б.156].

Осы жұмыста қарастырылған  негізгі теориялық бағыттардың, өкілдердің көзқарастары мен пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға болады:

- Харрод пен Домар  экономикалық өсуді тек бір  ғана факторға – капитал қорлануға  тәуелді дейді. Харродтың пікірінше  табыс көлемі 1-4% дейін өскен жағдайда  табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге  ұлғаяды дегенді мүлдем елестетуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.

- Неокейнстіктер бойынша,  экономикалық тұрақтылыққа жетуде  тиімді сұраныс проблемасының  маңызы зор, олардың алдындағы  негізгі проблема -өткізу проблемасы, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы  өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе,онда экономика динамикалық тепе-теңдік жағдайда болады. Неокейнстіктің пікірінше ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының функциясы болып табылады. Олар экономикалық өсудің басты факторы – инвестициялар дейді.

- Неоклассиктер өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі – инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, осының негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге шығындардың көбеюіне қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады. Бұл теорияның монетарлық бағытының пікірінше, «ұзақ мерзімді» жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Осы бағыттың көрнекті өкілі Р. Солоу: «пайыз ставкасы халық санының өсу темпі мен бүкіл экономикалық өсу темпіне тең болуы тиіс»

- Өсудің жаңа теориялары, соның ішінде эндогенді өсу  теориясы неоклассиктердің капиталдың  кемімелі шекті өнімділігі туралы  алғышартын теріске шығарады  және капитал салымдарының рентабельділігіне  әсер ететін сыртқы эффектілеріне  көп көңіл бөледі. Экономикалық өсудің тежелуі – адам капиталына, инфрақұрылым мен НИОКР–ға инвестициялардың төмендігі. Олар даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.

Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30% -ке дейін көтеруді ұсынады.

Жалпы экономикалық өсу  проблемаларын былайша көрсетуге  болады:

  • экономикалық өсу факторлары;
  • қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері;
  • экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
  • экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
  • тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары

Информация о работе Қазақстандағы экономикалық өсу