Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)

                                                МАЗМҰНЫ

 

 

  КІРІСПЕ..............................................................................                            3

 I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы

1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы....        5

1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері...............        22

 

 

II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм

2.1  Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы.....................                       30

2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар.....................................                       32

 

III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары   

3.1 Мектептегі  туризм турлері ..............................

3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................                             57

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................                             59

 

 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       Туризм қоғамда белгілі бір орын алатын құбылыс ретінде және термин немесе түсінік ретінде тек ХIХ - ғасырда ғана қалыптаса бастады. Одан кейінгі оның даму тарихы (ХХ ғасыр) өзіндік толығуымен, жетіле, күрделене түсуімен сипатталады. Алайда туризм термин ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да, жанама түрде әсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болады.

        Қоршаған орта туралы жан-жақты мағлұмат алуда, әсем де шипалы жерлерді игеруде, тарихи мағлұматтардың мәнін түсінуде, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып, нығайтуда туризмнің рөлі зор.

Ендеше адам өмірі мен экономиканың маңызды бөлігі – туризмді дамыту  бүгінгі күннің  өзекті мәселесі.

        Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай күйі және оны дамытудың мәселелері тәуелсіздік алғаннан бері туристік қызметті ретттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету істері қолға алынуда.

        Қазіргі кезде республика жоғарғы оқу орындарында 050902 - Туризм және 050116 – География мамандықтары бойынша туризм менеджерлері мен география пәні мұғалімі және туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырушы мамандарын даярлауда. Бір кездерде қаурыт жабылған балалар мен жасөспірімдер станциялары, орталықтары қайтадан ашылуда.

       Республикада балалар мен жасөспірімдер, жастар туризмі оқу тәрбие құралына айналатын кезең туды. Жоғарғы оқу орындарында әсіресе педагогикалық – туризм өлкетану пәндері арнайы курс, негізгі пән ретінде оқытылуда. Бұл жағдай Қазақстан туризмінің даму болашағын көрсетеді.

        Такырыптың     өзектілігі.    Дене     мәдениеті    және   спорт оқушылардың    денсаулығын  нығайту және  жұмысқа  қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды қайнар, өндірістік еңбек  пен  кушті  көбейтудін қоры.

 Қазіргі таңда, дене мәдениеті  қозғалысы миллиондаған еңбекшілерді қамтиды, спорттық сабақтарды қазіргі заманға лайық жабдықтауға ерекше маңыз беріледі, сондықтан да туризм әлемде үлкен дүрбелең тудыруда.

Ол барлық прогрессивті жетістіктер мен техниканы қолданатын туризм өндірісінің арнайы саласы болады. Жаңа спорттық жабдықтарды жасап, қолданыстағылардың нәтижелігін жоғарылату үшін дене тәрбиесі және спортпен етене таныс мамандар қажет.

        Тақырыптың жаңашылдығы – бұл тақырыпқа арналған көптеген мақалалар мен еңбектерден нақты деректер алынылып отырған және өз тәжірибемде кездескен арнайы түрде нақты қолданысқа енгізілген тұжырымдар қолданылды.

Практикалық маңызы: Жүйелі жинақталған материалдарды, мәліметтерді мектеп мұғалімдері және орта, жоғарғы педагогикалық оқу орнының студенттері, ең бастысы туризммен шұғылданушыларға көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Тақырыптың мақсаты:

  - Халық дәстүрінің және мәдениетінің  жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін  дамыту;

- туған жер тарихын, адамдар  тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;

   - туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

  - жаңа жұмыс орындарын құру;

  - халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

  Ғылыми міндетіміз: 

-Туристік қызметке жәрдемдесу  және оны дамуы үшін қолайлы  жағдай жасау;

-Қазақстан Республикасы туралы  туризм үшін қолайлы ел ретінде  түсінік қалыптастыру;  

Теориялық және әдіснамалық негіздер: Туризмнің қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуына белгілі – бір дәрежеде тарихи ғасырлардағы мемлекеттер арасында болған соғыстар да алғы шарт болған. Соғыстар алдындағы стратегиялық және тактикалық жоспарлар кезінде, алдын ала жүргізілген барлау ( әскери барлау, барлау кезінде саудагерлерді пайдалану т.б.) арқылы тек ұрыстар болатын орындардың жер жағдайлары ғана емес, сонымен бірге қарсы мемлекеттердің табиғи ерекшеліктері, мемлекеттік құрылымы, саяси жағдайлары, халқының тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық ерекшеліктері, кәсіби, діні т.б. туралы мәліметтер жиналып қорытындыланып жұмысты жазуға негіз болған.

Дипломның құрылымы. Дипломдық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

 

              I ТАРАУ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1.Туризмнің анықтамасы  және басқа ғылымдармен байланысы

 

 

Туризм қоғамда белгілі бір орын алатын құбылыс ретінде және термин немесе түсінік ретінде тек ХIХ ғана қалыптаса бастады.

Одан кейінгі оның даму тарихы ( ХХ ғасыр) өзіндік толығуымен, жетіле, күрделене түсуімне сипатталады. Алайда туризм термин ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да, жанама түрде әсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болды. Оларға жататындар:

1. Ерте ғасырлардағы, әсіресе, орта ғасырларда (VII-ХIV) болған мемлекеттер мен халықтар арасындағы сауданың дамуы.

2. Орта ғасырларда және  ХIХ  ғасырға дейінгі мемлекеттер  арасында болған соғыс қимылдары.

3. ХV ғасырдан басталған жаңа  жерлердің (Ұлы географиялық) ашылулары.

Сауданың дамуы халықтар мен мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени тағы басқа қатынастарды нығайтты, жолға қойды, басқа мемлекеттер мен халықтар, олардың тілі, діні, салт-санасы, олар мекен еткен жерлердің табиғаты туралы мәліметтердің жиналуына  негіз болды. Халықтар арасындағы сауда қатынастарының дамуы Ескі дүниеде (Еуразия құрылығында, басқа құрлықтар ол кезде даудың «төмендеу» сатысында тұрған) құрлық бойынша да және сонымен бірге су жолдары (кемелер) арқылы да жүрген. Сауда қатынастарының ең айқын айғағы, тарихтағы белгілі, Ұлы жібек жолының болуы. Бұл жол Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропа халықтары арасындағы байланыстарды қалыптастырып, олардың арасына дәнекер болды. Әр түрлі тауарлар тасыған керуендер құрамында 10 мыңға дейін аттар, түйелер болған. Тауарлардың ішіндегі ең бағалысы әрине жібек матасы болған.  Ол матадан Рим, Византия, Батыс Европа, Иран және Араб феодалдар мен атқамінерлері киім киген. Жібектен басқа Ұлы жібек жолы арқылы сол кезде жоғары бағаланған форфор, қымбат бағалы асыл тастар, шәй, қытай қағазы, қымбат металдар, бор, қару-жарақ, оқ-дәрі, жүзім, бұршақ, анар т.б. мәдени дақылдар және заттар, тауарлар тасылған.

Жібек жолы сол кездегі Чанъано (қазіргі Сианнь) қаласынан басталып, ары қарай екіге бөлініп, бірі Турфан, екіншісі Хотон мен Яркенд арқылы Қашқарда тағы түйіскен. Турфан мен Қашқардан Орта Азия мен Қазақ жері арқылы одан әрі Ресейге қарай жолдар кеткен. Қашқардан өткен соң қазіргі Ауғанстаннан жол тағы екіге айрылып біреуі оңтүстікке Үндістанға, екіншісі батысқа Бағдатқа, одан ары қарай Жерорта теңізіне барып тірелген. Египетке, Византияға, Италияға т.б. елдерге жеткен. Керуендер мен бірге жан-жаққа әр түрлі мақсат пен саудагерлер, жихан кездерден басқа (кейде тұтқын түрінде) адамдар да барған. Олар арқылы бір елден екінші елдерге сол кездегі ғылыми, техникалық табыстар, шаруашылық тәжірибелер ауысқан.

Ежелгі Үндістанның ғалымдары математика, медицина, тіл білімі салалары бойынша үлкен табыстарға жеткен. Бұл білімдер мен тәжірибелер Қытайға ауысып қытай ғылымы дамыды, өз кезегінде Қытайдан ғылыми мәліметтер басқа елдерге ауысқан. VII ғасырдағы ұлты қытай ғалым-географ Сюань Цзан Ұлы жібек жолы бойымен бірнеше рет Қытайдан Үндістанға сапары кезінде жолда кездескен қалалармен, өсімдіктермен, жануарлар дүниесімен, адамдар мен олардың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, дінімен, этникалық ерекшеліктерімен т.б. жете танысуға тырысып, мәліметтер жинаған.  

Туризмнің қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуына белгілі – бір дәрежеде тарихи ғасырлардағы мемлекеттер арасында болған соғыстар да алғы шарт болған. Соғыстар алдындағы стратегиялық және тактикалық жоспарлар кезінде, алдын ала жүргізілген барлау ( әскери барлау, барлау кезінде саудагерлерді пайдалану т.б.) арқылы тек ұрыстар болатын орындардың жер жағдайлары ғана емес, сонымен бірге қарсы мемлекеттердің табиғи ерекшеліктері, мемлекеттік құрылымы, саяси жағдайлары, халқының тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық ерекшеліктері, кәсіби, діні т.б. туралы мәліметтер жиналып қорытындыланған. Үшінші алғы шарт – ХV ғасырдан басталған жаңа жерлердің (құрлықтардың, дүние бөліктерінің) ашылуы болды. Мегелланның, Колумбтың, Куктың, Берингтің т.б. саяхатшылардың жасаған экспедициялары жер шарының басқа құрлықтары мен орындары жайлы білімдердің жиналуына мүмкіндік берді. Олар өз кезегінде бұл жерлер мен құрлықтардың болашақта игерілуіне жол ашты.

 

Ең алғашқы саяхатшылар  

Алғашқы саяхатшылар қатарына Океания (Мұхиттық аралдар) тұрғындары кіреді. Олар Оңтүстік-шығыс Азияда Микронезия, Тынық мұхитына, Маркиза аралдарына, Тумату архипелагына (топ аралына) Канос қайықтары мен жүзіп бара алған. Б.з.д. 500 жыл поленезиялықтар 2000 минут қашықтықта орналасқан Гавай аралдарына дейін жүзіп барған. Жүзу барысында арнайы құралдардың болмағандығына қарамастан күн мен жұлдыздардың орналасуын, мұхит толқындарының, бұлттардың қозғалысына және құстардың ұшу жолдарына қарай отырып, көкжиек сызығын бағдарлай білген. Олардың тұщы сулармен тамақ қорын қалай толықтырып отырғандары белгісіз. Жерорта теңізі жағалауы тұрғындары өз саяхаттарын сауда, діни және емдік, мақсатта пайдаланғаны белгілі. Діни кітаптарда керуен жолдарымен саудагерлер, саяхатшылар жүзіп өткен жерлері туралы мәліметтерді кездестіреміз. Ертедегі грек оқымыстылары б.з.д. 5 ғасырдағы Герадот б.з.д. 4 ғасырдағы Пифей т.б. жаңа територияларды ашу басқа елдермен танысу мақсатындағы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқандығы мәлім. Б.з.д. 776 жылдан бастап олипиядалық ойындардың өткізілуі, спорт сүйер қауымның, өнер адамдарының Жерорта теңізі маңы елдерінен көптеп қатысуына байланысты олимпияда өтетін аймақта, демалатын, спорттық жарыс өтетін ареналардың салынуына мүмкіндіктер жасалды. Әртүрлі елдер,  жерлер туралы мәліметтердің жиналуына орай Страбон (63 ж. б.з.д), Потоломей (90-163 ж. б.з.д.) карталарында географиялық тұрғыда картографиялық мәліметтер берілген.

Осы кезден бастап Рим империясы аумағында мемлекеттік демалыс үйлер ашыла бастады. Олардың орналасуының өзі атпен бір күндік жол жүруге есептелінген. Олар мемлекеттің басты жолдар бойындағы қалаларда орналасқан. Саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлер, хат тасушылар рим қаласына Кіші азияға дейін т.б. шет аймақтарға шыға алған. Ұлы Александр тұсында түркі жеріндегі Эффес қаласы ірі сауда орталығына айналған болатын (б.з.д.. 334 ж.). Бұл қалаға жан-жақтан келуші адамдар тобы (туристер) акробаттар және сиқыршылар өнерін қызықтауға, көңіл көтеруге, демалуға келген екен. Рим империясының күйреуі (б.з. 1ғ.) байланысты адамдардың бір қаладан екінші қалаға, бір елді мемлекеттен екінші мемлекетке барып қайту қозғалуы азайды. Инфра құрылымдық салалардың, жолдардың демалыс аймақтарының іске жарамсыз болуы- ұры қарақшылардың көптігінен, саяхат серуен құру адам өміріне қауіп қатер туғызды. Сондықтан да 15 ғ-ға дейін адамдардың көпшілігі киелі жерлерге бару мақсатында жолға шыққан.  Еуропалықтардың крест жорықтары кезінде көрші жерлерді басып алу мақсатында адамдардың бөтен елдің жерін, байлығын басып алу мақсатында әскери жорықтың жолымен жүріп отырған. Нәтижесінде шығысқа қарай дін адамдары мен оны уағыздаушылар Еуропа халықтары, ал ауқаттылар емдік сауықтыру орындарына барып дем алуға мүмкіндіктері болған. Адамдардың әртүрлі мақсатта өздері тұрған жерден шет территорияларға шығуы географиялық білімнің жаңа жер туралы мәліметтердің жиналуына әсер етті. Онда сипаттамалар, жазбалар, картографиялық мәліметтер Афанасий Никитин, Марко Поло, Васка да Гама, Христофор Колумб сияқты саяхатшылар нәтижесінен бастаймыз.

15-17 ғ.ғ. географиялық ашылыстар  туризм тарихындағы қомақты орынға  ие. Құрлықтар мен жаңа жерлердің  ашылуы жиһанкездердің атпен, жаяу, қайық, кеме, темір жолдарды игеруге саяхатпен серуен экспедициялардың қалыптасуымен дамуына туризм түрлерінің шығуына, пайда болуына әсерін тигізді.

Орыс саяхатшыларымен жиһанкездердің географиялық ашылулары евразияның зерттелмеген аймақтарын ашуға, игеруге ат салысты.

1639 ж. В. Поярков, С. Дежнев, И. Москвитин Сібірді кесіп Охота теңізі жағалауына шыққан.

1643-46 ж.ж. В.Д. Поярков Якутск жерінен  Тынық мұхит жағалауына жетеді. Ал С. Дежнев Азия мен Америка  арасындағы бұғазды, ал 1696 ж. В.Т Атласов  Камчатканы ашып, орыс Саяхатшыларын 1711 ж. Курил аралдарына шығарды. 1732 ж. И.Федоров экспедициясы Альяска жағалауына жетеді. В. Беринг әлеует аралын аша отырып Азиямен Америка арасындағы бұғазды анықтаған, картографиялық мәліметтер жинағы ХVIII ғасырдағы орыс саяхатшылары Д.Я Лаптев, Х.П Лактев, С.И Челюскин, Г.И Шелиховтар Америка, Азия жағалауларын, Охота теңіз ауданы Камчатка және Курил аралдарын Жапонияның Солтүстігін көп үлес қосты. ХIХ ғасырдың басына қарай адамдар мекен ететін құрлықтарды ашылу процесі аяқталды. Барлық бір өзендер үлкен көлдер зерттеліп, картаға түсірілді. Адам мекендейтін аумақтардың жер бедерінің негізгі ерекшеліктері айқындалды.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы