Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)

Туристік пакет (туристік өнімнің) өңдірісінін тұйық айналымын қамтамасыз ету үшін негізгі, қосымша және қосалқы туристік қызмет түрлерін қалыптастырудың технологиялық процесіне ресурстар қажет. Бұл қызметтерді атқаратын ресурстарға финанстық, экономикалық, еңбек және қызмет етудің әлеуметтік ресурстары — тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру және сауықтыру орындары жатады. Бұлар туризм индустриясы кұрылымының негізгі элементтері болып табылады.

Әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық туристік ресурстарды класификациялау күрделі, бірақ қажетті нәрсе. Ол бұл қызмет құралдарын белгілі-бір тәртіпке келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге туристік қызметтер өндірісі процестерін ұйымдастыру — құқықтық жағынан қамтамасыз ету және оларды стандарттау мен сертификациялау үшін қажет. Әлеуметтік-мәдени-экономикалық туристік ресурстардың жай ғана жасалған тізімі туристік қызмет жүйесінің жалпы көрінісін береді, бірақ халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейді.

Туризм мақсаттарына қажетті әлеуметтік-экономикалық ресустарға, яғни адам қолымен жасалынған объектілер — су қоймалары, саябақтар т.б. жатады. 1)  Тасымал  құралдары,  яғни  автотуристерге  қызмет  көрсететін  нысандары бар автомобиль жолдары, теміржолдар, транзитгік сапалы  қызмет ету нысандары бар жергілікті, республикалық және халықаралық маңыздағы әуе жолдары, автовокзалдар, теміржол вокзалдары, өзен және теңіз порттары, туристерді қабылдау жөне оларға қызмет ету пункттері бар аэропорттар, автобустар, поездер, өзен және теңіз кемелері, ұшақтар, экзотикалық туризм үшін кажетті қозғалыс құралдары — катамарандар, дельтопландар т.б.

2)   Орналастыру немесе қонақжай орындары: қонақ үйлер, отелдер, мотелдер, флотелдер, пансионаттар, хостелдер (жастар үйі), демалыс үйлері, кемпингтер, орналастырудың экзотикалық орындары: таудағы альпілік жатын жайлар, киіз үйлер т.б. түрлері.

3)   Тамақтандыру орындары: мейрамханалар, кафе, бар, асханалар, буфеттер, ұлттық тағамдар орындары т.б.

4)     Қайтадан салынған және қайта жарақталынған тарихи объектілер және туристік-этнографиялық орталықтар діни, кажылық, рәсімдік орындар, тұрмыстық және мейрамдық әдет-ғұрыптар, салт-саналар орталықтары, сувенирлік (әшекей) заттар шеберханалары, танымдық және сауықтыру орындары, мұражайлар, мәдени-қойылымдық орындар мен театрлар, сурет галереялары, филормониялары, концерттік жөне көрмелік залдар, стадиондар, клубтар, казино, ұлттық мәдени орталықтар. Түрлі форумдарды, ойындарды, қауымдық мейрамдар мен шерулерді, конкурстарды, халыкаралық фестивальдарды т.б. сауықтыру қызметтерін ұйымдастыратын орындар.

5)     Жарнамалық-ақпараттық, қосалқы және қосымша қызмет түрлерін көрсететін,     туристік     кәсіпорындарды     азық-түлік     өнімдерімен камтамасыз ететін шағын және орташа бизнес орындары.

Туристік индустрия мен инфрақүрылымды дамыту үшін туризм үшін қызмет ететін банктер жұмысын қамтамасыз ететін финанстық  ресурстар, Шетел инвестицияларын тарту, халықаралық туризм бойынша қызмет ету сапасын жақсартатын дисконттық карточкаларды, түрлі халықаралық чектерді енгізу кажет.

Әлеуметтік-мәдени қызмет нысандарын салу және туристік индустрияны дамыту мақсаттарында көгалдандыру, көркейту нысандарын, ірі құрылыстар мен кешендерді, үйлерді салу, жобалау, қайта жөндеу және қайта жарықгау, жаңалау, өндіріс күштерін, өндірістік, әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымдарды, адамның толық мәнді демалысы мен өмір сүруіне қажетті басқа да архитектуралық-құрылыс әрекеттері осы сала бойынша қабылданған заңдар мен заң актілеріне т.б. мемлекеттік талаптарға, аумақтардың жобалану және салыну жағдайларына қайшы келмеуі керек. Бұл жүмыстар архитектуралық-құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, қабылданған құжаттар мәселелерін сақтаумен, архитектуралық-құрылыс саласы бойынша бақылау мен баскару жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ереже-талаптарын орындаумен үштасуы тиіс.

       Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру тарихи-мәдени мүра және табиға-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікгі түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттердің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонтальды және вертикальды өзара байланыстарын басқару құрылымын құру бойьнша оңтайлы шешімдерді талап етеді.

      Туристік-рекреациялық кеңістікті шаруашылык жағынан игерудің үзақ мерзімдік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін белгілі-бір аумақтық құрылым жүйелері керек. Өзара бірлесе әрекет жасайтын және өзара байланысты, меншік формасы, мамандану деңгейі, дәрежелері жағынан әр түрлі туристік-рекреациялық шаруашылықтардың түрлі моделдерін қүру — оларды басқарып, жұмыстарын ұйымдастырудың сапалығын көтеру үшін қажетті жұмыс болып табылады. Туризм сияқты әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ауқымды бірыңғай түтас жүйе құрайтын құбылыстың ішкі құрылымын талдау кезінде оның жеке бөліктерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттерін бөліп көрсету керек. қалыптаскан рекреациялық география дәстүрлері бойынша мемлекеттердің туристік-рекреациялық шаруашылығын, ресурстарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін ірі туристік-рекреациялық аймақтар туристік-рекреациялық жүйелер бөлініп көрсетілуі тиіс.

      Бірыңғай басқару инфрақүрылымы бар туристік-рекреациялык жүйелер көлеміндегі функционалдық белдеулердің, демалыс орындары мен туристік маршруттар топтарының шоғырлануы және кеңістікте ұйымдастырылуы (жобалау, салу, инженерлік-коммуникациялык кешендерді орналастыру) қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Аумақтық - рекреациялық жүйелер рангалық дәрежелер жағынан әр түрлі, олар: халықаралық, мемлекеттік, регионалдық, жергілікті және микро деңгейдегі жүйелер. Халықаралық дәрежедегі таксономикалық жүйеге Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның қатысуы мен шешімдері бойынша қабылданып, жобаланатын (туризмді дамыту үшін) аумақтық кеңістіктер жатады.  Мысалы, Үлы Жібек жолы бойыңда туристік инфрақұрылымды дамыту  жобасы. Ұлы-Жібек жолы жоғарғы тартымды табиғат кешендерімен, халықтардың тарихи-мәдени мұралары нысандарының мәліметтілігімен және өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған шетел инвестицияларын тарту және шетел туристерін қабылдау үшін қажетті халықаралық талаптарға жауап беретін жоғарғы дамыған индустрия мен қызмет көрсету керек.

       Мемлекеттік аумақтық-рекреациялық жүйелер — аудандық, жергілікті және локальдық (микроаудан) деңгейлердегі, мамандандырылуы әр түрлі және туристік - рекреациялык шаруашылықгар инфрақұрылымдары дамуының әр түрлі деңгейіндегі аумақтық - рекреациялық жүйелердің жиынтығы. Қазақстан мысалында мемлекеттік аумақтық - рекреациялық жүйелерге Солтүстік Казақстан (Көкшетау және Ақмола туристік-рекреациялық кешендері), Шығыс                       

         Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аумақтық-рекреациялық жүйелері жатады.

Аймақтық аумақтық - рекреациялық жүйелер өзіне бірыңғай ин-фрақұрылымдарды және жалпы аумақтық маңыздағы объектілерге бірыңғай қызмет жасайтын локальды туристік-рекреациялық микро аудандарды біріктіреді. Бұл жүйелер туристерге қызмет көрсететін кәсіпорындар мен туристік кешендерді қосып алгандағы бір немесе бірнеше аудандарды біріктіреді. әрбір жеке облыс туристік шаруашылықгы дамыту үшін жеткілікті жағдайлар бар болған жағдайда. осы дәрежелік деңгейге ие бола алады.

Жергілікті    немесе    аудандық   аумақтық-рекреациялық   жүйелерге жергілікті халыққа туристік-рекреациялық қызмет көрсету үшін кажетті, жергілікгі    маңыздағы   ескерткіштер   мен   табиғи   ландшафтарды біріктіретін аумақтарды жатқызуға болады. Олар шағындылығымен

ерекшеленеді. Қазақстанның мысалында бұндай аумактық-рекреациялық жүйелерге Орал, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Семей, Қызылорда жатады.

              Туристік-рекреациялық микро аудан туристік және рекреациялық арнайы мекемелер топтарын, инфрақұрылым нысандарын, сондай-ақ қызмет етуші адамдар үшін тұрғын үйлер белдеуі бар қызмет жасайтын және қосымша өндірістер кешендерін және тағы басқаларды біріктіретін өндірістік бірлік.

      Аймақтық және жергілікті деңгейлердегі аумақтық-рекреациялық жүйелердің қалыптасу жағдайлары өздерінің мүмкіндіктері мен сипаты жағынан әрқалай. Мысалы Алматыдағы, Тараздағы, Түркістандағы халықаралық және жалпы республикалық маңыздағы тарихи калыптаскан туристік-рекреациялық кешендер бұған дейін қызмет еткен аумақтық-рекреациялық жүйелерді дамыту және қайта жарақтау нәтижесіңде пайда болса кейбір туристік рекреациялық кешендер бұрын туризм мен демалыс мақсаттарында пайдаланылмаған аумақтарда қалыптасқан. Туристік-рекреациялык кешендердің игерілген аумақтарға қарағанда әлі игерілмеген аумақтарда қалыптасқаны қолайлырақ өйткені, бұл жағдайда қажетті қасиеттер мен сапалық деңгейдегі олардың түрлі моделдерін эко-номикалық жағынан негіздеуге және жобалауға болады. Аумақтық-рекреациялық жүйелердің қалыптасуы жүретін жағдайларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. 1)           

      Базистік-ресурстық жағдайлар. Туристік-рекреациялық жүйелердің дамуына   ықпал   жасайтын   локалдық  табиғи   және   тарихи-мәдени ресурстарды қалыптастыратын жағдайлар (Сарыағаш,Түркістан).

2)      Кеңістіктік-экономикалық  жағдайлар.   Аумақтық-рекреациялық жүйелер  кешендері  жоғарғы  экономикалық  даму  деңгейіндегі  ірі урбандалған агломерациялар негізінде немесе белгілі-бір аумақтың географиялық   жағдайының   ерекшеліктеріне   байланысты   дамитын жағдайлар (Алматы кешені).

3)  Әлеуметтік-экономикалық   жағдайлар.   Туристік-рекреациялық кешендердің   орналасуы  мен  деңгейі  ұлттық,   әлеуметтік,  тарихи-архитектуралық,    археологиялық   г.б.    факторлармен    анықталатын жағдайлар.   Мұнда туристік  шаруашылықтың  дамуы  халықаралық маңыздағы бағалы тарихи-мәдени нысандардың болуына негізделеді.

Аумақтық-рекреациялық жүйе туристік - рекреациялық қызметтерді тұтынушылар тобын, табиғи және тарихи - мәдени шаруашылық кешендерін, туризм инфракұрылымы нысандарын және басқару органдарьн біріктіретін өзара байланысты ұйымдастыру-кеңістіктік, әлеуметтік-медени жүйе болып табылады. Аумақтық-рекреациялык, жүйелердің көп функционалдылығын көп жағдайда туристік-рекреациялық қызметтердің тұтынушылары анықтайды. Ол туристік қызметтер рыногының сыйымдылығын, туризм мен демалысқа деген қажеттілік құрылымы мен көлемін белгілеп, туристік сұраныстың таңдамалылығымен және таралуымен, туристік ағындардың маусымдылығымен, көп түрлігімен, рекреациялық іс-әрекеттердің айналымдылығымен ерекшеленеді. Негізгі анықтаушы ретінде ортада тұ рып ол аумақтық-рекреациялық жүйелердің басқа элементтерінің конкуренттілігін (бәсекелестігін) және өзара байланысын қамтамасыз етеді.

     Табиғи   және   тарихи-мәдени   шаруашылықгың   кешендер,   жүйе, элементтері ретінде, заң актілеріне негізделінген жеке дара субъектілер

болып табылады. Ресурстар, туристік-рекреациялыққа қажеттіліктер мен қызмет түрлерін қанағаттандыру, өндіру үшін керекті жағдайлар аумақтық-реқреациялық жүйелер нысандарының орналасуы мен ресурстарды пайдаланудың ұйымдастырушылық-кұқықтық негізін анықтайды. Табиғи және тарихи-мәдени кешендер белгілі-бір сыйымдылыққа, қолайлылыққа ие және олар қолдану қорлары көлемімен, таралу аумағымен, маусымдық-климаттық кезеңдерімен және пайдаланудың құқықтық режимімен сипатталады. Жүйелер құрамына кіретін туризмнің инфрақұрылымдық нысандары туристік сұраныстың негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерін (тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру) және қызмет етушілер санын да, арнайы бағыттағы қызмет түрлерін де (емдеу-сауықтыру, курорттық, спорттық) қамтамасыз етеді. Территориялық-рекреациялық жүйе инфрақұрылымы туристік-рекреациялық және шаруашылықтың нысандардың жиынтығы болып табылады және сыйымдылық, көп түрлілік, қолайлылық, толымдылық, экологиялық және технологиялық талапқа сайлылық көрсеткіштерімен сипатталады. Басқару органдары жүйелердің қызмет сапасын және оның жеке элементтерінің үйлесімділігін қамтамасыз етіп, жоспарлау, бағдарламалар жасау, маркетингтік зерттеулер арқылы оның кешенді дамуын, мамандануын жүргізеді, туристік ағынның біркелкі келуін бақылайды. Мемлекеттік басқару органдары сондай-ақ жалпы жеке аумақтар брйынша туризмнің дамуын жоспарлайды. Ол мынадай бағыттар бойынша жүзеге асуы тиіс:

1)  Аймақтың табиғи мүмкіндіктерін  анықтау;

2) Аймақтың    материалдық-техникалық    мүмкіндіктері    (туристік ,  кешендер саны, инфрақұрылым жағдайы);

3)  Жоспарланып отырған, қабылданатын  туристер саны;

4)   Қосымша кұрылыстар және  күрделі жөндеу үшін шығындар;

5)  Қажетгі қызметшілер саны;

6) Туристік қызмет ету нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін ақша көлемі.

        Туристік ресурстар мен мүмкіндіктердің таралуына табиғи (теңіз жағалауларының, көлдер мен су қоймаларының болуы, жер бедерінің сипаты, радиация, температура, ландшафт жағдайы т.б.) және әлеуметтік-экономикалық (демографиялық жағдайлар, халықтың материалдық, әлеуметтік, мәдени деңгейлері, мемлекеттердің жалпы экономикалық даму деңгейі т.б.) факторлар әсер етеді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуіріндегі ірі өндіріс орындарының қауырт дамуына байланысты табиғат байлығын игеру мәселелерінде қоршаған ортаның бұзылуы ескерілмей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы