Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 17:49, реферат

Описание работы

Жұмыссыздық түрлері және олардың себептері.
Жұмыссыздықтың теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасыдағы жұмыссыздықты талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Экономика.doc

— 394.00 Кб (Скачать файл)

           -  ғылыми – техникалық   процес;

           -  экономикадағы  құрылымдық  және  аймақтық  ілгері  басушылық;

           - сыртқы  экономикалық  бәсекелестіктің  күрт  күшеюі;

Мұндай  жағдайларда   еңбек  рыногы  мынаған  міндетті:

       1.Өте  жоғары  жинақылыққа  жетуге  (кәсіпқойлық,  біліктілік, аймақтық  және  халықаралық  көзқарастар  аясында)

       2.Үлкен  икемділікке  барып, қазіргі  заманғы  жағдайларға  сай  өте  жақсы   бейімділік   танытуға.                                                                                                                                                                                              

       3.Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны  нақтылы  жұмыскердің  ағымдық  еңбек  үлесімін  ғана  емес,  сонымен бірге  адамның  жұмысқа  лайықтылығын,  әлеуметтік  мүмкіндігін  және  біліктілігінің  өсуін  есепке  ала  отырып  құру  керек).

Сонымен  еңбек  рыногын    реттеу  формасы   болып  тек Қазақстан  Республикасындағы  күшінде  бар  жалпы  еңбек  заңнамасы   ғана  емес,  қайта  еңбек  келісімдер  институты   болуға  тиісті.  Қазақстанда  әлеуметтік  еңбек   сферасы  аса  бір  реттелінбеген,  дау  дамайлы  істердің  бірі  болып  табылады. Республика әлдеқашан  басқа  дәуірге  өткен,  ал  әлеуметтік – еңбек  қатынастары  2000  жылдың  1 қаңтарына    дейін  Кеңес  өкіметі  кезіндегі  еңбек  ақымен  реттелініп   келеді. 2000 жылдың  1 қаңтарынан  бастап  Қазақстан   Республикасының “Қазақстан   Республикасындағы  еңбек туралы ”   жаңа  Заңы,   сондай-ақ   Қазақстан   Республикасының  

“Халықты  жұмыспен  қамтылу  туралы ”  және  басқа   заңдары  күшіне  енді.  Ол   заңдар  азаматтардың   Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  еріктілігіне    деген  конституциялық   құқықтарын  жүзеге  асыру  барысында  туындайтын  еңбек  қатынастарымен,  жұмыссыздарды   әлеуметтік  қорғау  шараларымен   қоса   халықтың   жұмыспен  қамтылу  сферасындағы  қоғамдық   қатынастарды  реттейді. Қазіргі  кезде,  әсіресе,  экономиканың   мемлекеттік  емес  секторларында  еңбек  қорғаудағы ,  шеккен  зияндарды  қайтарудағы,  мертігу  немесе  кәсіптік  сырқатқа   ұшырағандағы   көптеген   жұмыскерлер   құқығының   бұзылулары  әдетке  айналып  барады. 1998  жылы  Халқаралық  еңбек  ұйымының  ( ХЕҰ )  басшылығымен  Қазақстанда   алғашқы  рет  ірі  масштабта  жүргізілген  мынаны  көрсетті, еңбек   қауіпсіздігі   болуға  тиісті   тексерілген  кәсіпорындардың  30 % -дан     астамында   арнайы   механизмдер,  техникалар,  аспаптар  туралы  айтпағанның  өзінде,  тіпті  әуелі  олардың  күзет  қызметтері   болмай   шыққан. ХЕҰ   есеп  беру  мәліметтері  бойынша  1998   жылда  Қазақстандық  өнеркәсіптегі   жұмыссыздық  елдегі   еңбек  ресурстарының  41 % -нан  астамынан  асқан. Ал  Қазақстандағы   еңбек  қауіпсіздігінің  жағдайын  ХЕҰ  дабыл   қағарлықтай  деп  бағалады. Өмір  деңгейіндегі   және  әлеуметтік   сфераны   дамытудағы  дағдарыстық жағдайдың   асқынуы,  демографиялық   көрсеткіштердің  нашарлауы әлеуметтік - экономикалық   қатынасты  өзгертудің  объективті   қажеттілігіне  және Қазақстанның    бірқалыпты  әрі  орнықты   дамуын  қамтамасыз   ету   үшін  еңбек  ресурстарының    өндіргіш  күшінің   өсуін  қамтамасыз   ету  үшін    еңбек  ресурстарының   өндіргіш  күшінің   өсуін   қамтамасыз   етуге   институционалдық  және   қаржылық  механизмдердің   талдаулары  себепші  болды. Жұмыссыздық  себептерінің  біріне  жұмыс  күші  құрылымы  мен  бос  жұмыс   орындары  арасындағы  сәйкестікті  орнату  үшін  белгілі  уақыт  кезеңінің  қажеттілігі  жатады. Еңбек  нарығының  тепе – теңдік  үлгісі  жұмысшылар  жұмысшылар  деңгейінің  бос  жұмыс  орындарына  сәйкестігін  болжайды,  жұмысшы  кез  келген  жұмыс  орнына  лайықты. Егер  ол  шынында    солай   болса,  еңбек  нарығы  тепе – теңдік  жағдайда  болып,  онда  жұмыс  орнын  жоғалту  жұмыссыздықты  тудырмайтын  еді:  еңбек  нарығына  шығарылғандар  тез  арада   нарықта  белгіленген  жалақысы  бар  жаңа  жұмыс  табар  еді. Уақытша  жұмыссыздықтың  белгілі  бір  деңгейі  әрқашан   ауысып  тұратын  нарықтық  экономиканың  жағдайында  шарасыз. Әр  түрлі  тауарларға  деген  сұраныс  ұдайы  тербелісте,  ал  ол  осы  тауарларды  өндіретін  жұмасшылар   еңбегіне  деген  сұраныстың тұрақсыздығын  білдіреді. Мысалы,  дербес  компьютерді енгізу  жазу  машиналарына  сұранысты  қысқартты,  ал  ол  жазу  машинкаларын  шығаратан  өндірістегі  еңбекке  сұранысты   төмендетті. Сол  уақытта  электронды  өнеркәсіптегі  еңбекке  сұранысты  төмендетті. Сол  уақытта  электронды  өнеркәсіптегі  еңбекке  сұраныс  өсті. Одан  кейін, ір  аймақ  әр  түрлі  тауар  өндіретіндіктен  еңбекке  сұраныс  бір  уақытта  елдің  бір  бөлігінде  өсіп,  ал  екіншісінде  қысқаруы  мүмкін.  Мысалы,  мұнай  бағасының  өсуі Атырау  сияқты  мұнай  өндіретін  жерлерде   жұмыс  күшіне  сұранысты  арттырады. Экономистер  осындай   аймақтар  мен  салалар  бойынша  еңбекке  сұраныс   құрылымындағы  өзгерістерді  құрылымдық  ығысу  деп  атайды. Құрылымдық  ығысу  ұдайы  болғандықтан  және  жұмысшыларға  жұмыс  ауыстыру  үшін  белгілі  уақыт  қажеттігінен  уақытша  жұмыссыздық  тұрақты  сипатта  болады. Құрылымдық  ығыстырулар  жұмысшылардың  ұдайы  босатылуы  мен  уақытша  жұмыссыздық  жалғыз  себебі  емес.  Одан  басқа  егер  фирма  банкротқа  түссе,  егер  олардың  жұмысының  сапасы  қанағаттандырылмаған   жағдайда  немесе  олардың  нақты  мамандығы  қажет  етілмесе жұмысшылар  аяқ  астынан  жұмыстан  шығарылады. Жұмысшылар  өздерінің  мамандық  қызығушылығын  өзгерткен  жағдайда  немесе  елдің  басқа  ауданына  көшкен  кезде  өз  тілегімен  жұмыстан  шығады.  Еңбек  нарығында  фирмалар  арасындағы  сұраныс  пен  ұсыныстың  тұрақсыздығынан  уақытша  жұмыссыздық  әрқашан  болады.

  • Қазақстан  Республикасыдағы  жұмыссыздықты  талдау 

   Уақытша  жұмыссыздықты  түсіру  жолымен  жұмыссыздықтың  табиғи   деңгейін  төменднту  көптеген  мемлекеттік  бағдарламалардың  мақсаты  болып  табылады .  Мемлекеттік  жұмыс  қызметі  жұмыспен  қамтылмаған  еңбекке  жарамды  халықты  жұмыспен  қамтуда  тиімділікті  көтеру  үшін  бос  орындар  туралы хабарлама  тарады . Мамандықты  ауыстыру  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламалар  жұмысшылардың  кейбір  салалардан  тез  өсетіндерге  өтуін  жеңілдетуге  бағытталған .  Бұл  бағдарламалар  жұмысқа  орналасу  деңгейінің  өсуіне  қаншалықты  мүмкідік  туғызса ,  соншалықты  олар  жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейін  төмендетеді .

Керісінше  жұмыссыздықтан  сақтандыру  жүйесі  жұмыссыздардың  санын  ұлғайтатын  мемлекеттік  бағдарлама  болып  табылады .  Осы  бағдарлама  бойынша  жұмысын  жоғалтқан  жұмыссыздар белгілі  уақытта  шамалап  жалақы  алуы  мумкін .  Бірақ  жұмыссыздық  бойынша  жәрдемақа төлеудің  нақты  шарты  жылдан  жылға  өзгеріп  отыратындықтан   жұмыссыздықтан  сақтандыру  бағдарламасымен  қамтылған  жұмысшылар  әр  түрлі  жалақы  алады .

Жұмыссыздықтан  сақтандыру  жұмысты   жоғалтудың   экономикалық  зардаптарын  жеңілдетіп ,  бір  уақытта  жұмыссыздардың  санын  ұлғайтады  және  жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейін  көтереді .  Жәрдем  алатын   жұмыссыздар  жұмасты  белсенді  іздемейді  және  олар  көбінесе   жалдау  қарқанының  көрсеткішін  түсіретін  көзқарасы  бойынша  ұнамсыз  ұсыныстарды  қабылдамайды .  Одан  кейін  жұмыссыздықтан  сақтандыру  жүйесінің   болуы  кәсіпкерлердің  жұмысшыларды  жұмыстан  шығару   шешімін  тез  қабылдануына  әсер  етеді ,  ал ол  жұмыстан   босату  қарқыны  көрсеткішінің  өсуіне  әкеледі .

Жұмыссыздықтан  сақтандыру  деңгейінің   көтерілуі  туралы  факт ,  бұл  саясаттың   қажеттігін  білдірмейді . Осының  жағымды  жағы – жұмысшылардың  нақты  табыс  алатындығына  сенім  тудырады . Осыдан  кейін   жұмысшылардың  ұнамсыз  жұмысқа  қарсы  болуына  жағдай  жасап , бұл   саясат  мүмкін  жұмыс  күші  мен  жұмыс  орындары  құрылымының  сипаттамасы  арасындағы  тура  сәйкестікті  орнатуға  жағдай  тудырады . Салыстырмалы  нәтижелік  пен  жұмыссыздықтан  сақтандырудың  әр  түрлі  жүйелерінің  құнын  бағалау  қиын  проблема. Жұмыссыздықтан  сақтандыру  мәселесін   зерттейтін  экономистер, көбінесе  жұмысшылар  санын  қысқарту  үшін  бұл  жүйені  реформалау  жолдарын  ұсынады . Сондай  ұсыныстардың  бірі   жұмысшыны  жұмыстан  шығаратын  фирмаға  жұмыссыздық  жөніндегі  жәрдемақыны    толық  көлемде  төлеуді  ұсынады .  Бұндай  жүйе  жүз   пайыздық  өтем  жүйесі  деп  аталады ,  себебі  әр  фирманың   жұмыссыздықтан  сақтандырудағы  жарнасы  жұмыссыздықтың  масштабын  бейнелейді .  Қолданыстағы   боғдарламалардың   көбіішінараөтем  жүйесіне  негізделген .Осығансәкес жұмысшыны   -  жұмыстан  шығаратын   фирмадан  осы  жұмысшыға  жұмыссыздығы  үшін берілетін  демінің тек бір бөлігі ғана алынады .Фирмаға жұмыстан босатылған   жұмысшылардың  өмір  сүру  деңгейін  сақтау  шығынының бір  бөлігі  түсетіндіктен , оған  уақытша   сұраныстың   төмендеуі  кезінде  артық  жұмысшалардан   құтылу  пайдалы .  Өтемақының   өсетіндігі  көбінесе  уақытша  жұмыстан  босатуды  шектеуге  мүмкіндік  туғызады .  

Нақты  жалақының  қатаңдығы  және  жұмыссыздықты  күту. Жұмыссыздықтың  екінші  себебі – жалақының   қатаңдығы ,  яғни  оның  икемді  өзгере  алмайтандығынан .  Тепе – теңдік  еңбек  нарығының  үлгісіндегі  нақты  жалақы  сұраныс  пен  ұсынысты  теңестіруден   өзгеріп  тұрады . Бірақ  шын мәнінде жанақы  әрқашан  икемді  болмайды . Кейде  нақты  жалақы  тепе – теңдіктен  жоғары  деңгейде  болады .

Бұл  мысал  жалақы  қатаңдығы  не  себептен жұмыссыздыққа  әкелетінін  көрсетеді .  Жалақы  сұраныс  пен  ұсыныс  тепе – теңдігіне  сай  келетін  деңгейден  жоғары  тұрғанда ,  нарықтағы  еңбекке ұсыныс  оған  сұраныстан  артық  болады . Фирмалар  тапшы  орын  санын  барлық   талапкерлер  арасында таратуға  мәжбүр  болады . Сондықтан ,  нақты  жалақының  қатаңдығы  жұмысқа   орналасу  ықтималдығының  көрсеткішін  төмендетеді  және   жұмыссыздық  деңгейін   жоғарылатады. Жалақының  қатаңдығы  салдарынан   болатын  жұмассыздық  және  осыдан  шығатын жұмыс   орнының  жетіспеушілігі  жұмыссыздықты  күту  деп  аталады .  Жұмысшылар  жұмыссыз  болуының  себебі  олардың  мамандығына  сәйкес  ең  жоғары  дәрежедегі   жұмыс   іздеуінен  емес ,  берілген  жалақы  деңгейінде  еңбек  ұсынысынан   фирмалар  жағынан  еңбек  сұранысы  артық  болғандығанан .  Жұмысшылар  тек  жұмыс  алу  мүмкіндігін  күтеді. Жалақы  қатаңдығы  және  жұмыссыздықты  күту  ұғымын  түсіну  үшін ,  ең  алдымен  еңбек  нарығы   неге  тепе – теңдік  жағдайға   келмейтінін   білу  керек . Жалақының  нақты  деңгейі  тепе – теңдік  нүктесінен  жоғары  болғанда ,  ал  еңбек  ұсынысы  сұраныстан  көп  болса ,  жұмыс  берушілердің  жалақы  төмендетулерін  күтуге  болатын  еді .Жұмыссыздықты  күту  болуының   себебі ,  еңбек  ұсынысы  артық  болса  да ,  фирмалардың  жалақы  деңгейін   түсіре  алмауын айтады.

 

                              Жұмысқа  жалданған  жұмысшылар  саны .

Ендігі  жалақы   қатаңдығының  үш  есебін  қарастырайық : ең  төменгі  жалақы  туралы  заң  қабылдау ,  кәсіподақтарда  монополиялық  күштің  болуы  және  фирмалардың   ынталандыратын  жалақы  тағайындауы .

Үкімет  жалақы  қатаңдығын  сақтауды ,  оны  тепе – теңдік  деңгейге  дейін   түсіруге  кедергі  жасауға  мүмкіндік  туғызады .  Ең  төменгі  жалақы  туралы  заң  барлық   фирмалар  үшін   міндетті  болатын  еңбекақының  ең  төмен  мөлшерін  белгілейді .

Мысал : 1938  жылы  әділетті  еңбек  жағдайлары   заң  қабылданған  кезде ,  АҚШ – тың федеральді  үкіметі  өнеркәсіптегі  орташа  жалақының   30 бен  50 пайыз  шекарасында  болатын  жалақының  ең  төменгі  деңгейін  тағайындайды . Көп  жұмысшыларға  бұл  деңгей  проактикалық  мағына  бермейді , себебі  олар  белгіленген  төменгі  шектен  анағұрлым  көп  табады .  дегенмен   кейбір  жұмысшыларға ,  әсіресе  мамандығы  және                

тәжірибесі   жоқтарға    белгіленген  төменгі  шек  тепе – теңдік  нүктесінен  жалақыны  көтереді ,  ал  ол   фирмалардың  осындай  еңбекке   суранысын  қысқартады.

Есеп  бойынша ,  жалақының  шегін  белгілеу   жасөспірімдер  арасындағы  жұмыссыздыққа  әсер  етеді , өйткені  әдетте  жасөспірімдер  жалақысының  тепе – теңдік   деңгейі  өте  төмен . Оған  екі  себеп  бар :

 Біріншіден ,  жасөспірімдер  ең  аз  маманданған  және  тәжірибесі  аз  жұмыс  күшіне   жататындықтан , олардың  еңбегінің  шекті  өнімі  де  үлкен   болмайды .

 Екіншіден ,  жасөспірімдерге  көбінесе  ақшалай  түрде   емес,  белгілі  бір  « өтем »   түрінде  өзінің  жұмыс  орнында   мамандықты  тегін  оқып -  үйренуге мүмкіндік  беріледі . Оқыту  жүйесі  классикалық  мысал  болып  келеді . Сондықтан  жасөспірімдер  үшін  жалақының  тепе – теңдік  деңгейі  төмен  болып  келеді  және  жалақының  шегін   белгілеудің   жұмысшылардың  осы   тобы  үшін  үлкен  мәні  бар .

Көптеген  экономистер  жасөспірімдер  арасындағы   жұмысбастылыққа  төмен  жалақының  әсерін  зерттеген .  Зертеушілер  жұмысқа  орналасқан  жасөспірімдер  санының   белгілі  уақыт  аралығында  өзгеруі  мен  ең  төмен   жалақының  өзгеруін  салыстырған .  Бұл  зерттеулер  ең  төмен   жалақының  10  пайызға  өсуінен  жасөспірімдер  арсындағы  жұмысбастылық  шамамен  1 – 3 пайызға  төмендегенін  көрсетеді .

Жасөспірімдік   жұмыссыздыққа  төмен  жалақы  туралы  заңның  әсерінен  жеңілдету  үшін  кейбір  экрномистер  мен  саясатшылар  ол  заңның  жас  жұмысшылардың  еңбек  төлеміне  таратылуына  қарсы  шығады .  Бүл  жасөспірімдер  арасында   жұмыссыздықты  қысқартуға  және  оларға  оқып – үйренуге  және  еңбек  тәжірибесін  алуға  мүмкіндік  береді . Осындай   түрдегі  шектелген  вариантта  ең  төмен  жалақы  туралы   заңға   түзету  1990  жылы  шықты .  Алайда  бұл  шараның  қарсыластарға  оның  мамандандырылмаған  ересек   жұмысшыларды   жасөспірімдермен   ауыстыруды  туғызатындығын , соның  салдарынан  халықтың  басқа  топтары  арасында   жұмыссыздықтың  көбеюіне  әкелетінін  айтты .                                                                                             Енді  жұмыссыздықты  сипаттайтын  кейбір  қосымша  мәліметтерге   жүгінейік .  Олар  жоғарыда   қарастырылған   жұмыссыздық  теориясын  және  оны  қысқартуға  бағытталған  мемлекеттік  саясаттың  шараларын  бағалауға  көмектеседі .

 Айталық ,  сіз  жұмыстыңыз  деп  есептейік ,  сіздің  ұзақ  уақыт  бойы  жұмыссыз   болуыңыздың  ықтималдылығы  қанша ?  Жауабы  өте   маңызды ,  өйткені   ол  жұмыссыздық   себептетін  және  мемлекеттік  саясаттың   лайықты  шараларын  көрсетеді .  Бір  жағынан  егер   жұмыссыздық   қысқа  мерзімді  сипатта  болса ,  оның  уақытша  және  мүмкін  шарасыз  болуын  болжауға  болады . Адамдарға  мамандығына  және  тілегіне  жоғары  дәрежеде  сай  келетін  жаңа  жұмысты  табу  үшін  уақыт  керек  етеді .  Басқа   жағынан , ұзақ  мерзімді  сипат  алатын   жұмыссыздық - өзге  құбылыс ,  себебі  лайықты -жұмыс  табу  үрдісі  ұзаққа  созылмауы  керек .  Ұзақ  мерзімді  жұмыссыздық   көбінесе  жұмыссыздықты  күту  болады. Осыдан жұмыссыздық                  ұзақтығы  туралы  мәліметтер  біздің  оның  себептері  туралы  көзқарасымызға  ықпал  етуі  мүмкін       

Өткен  жылдың  соңғы  көрсеткішітері  бойынша  15–24 жас  аралығындағы  жұмыссыздардың  жалпы  саны  19.106 мың  адамды  ( 29 % )  құрады . Бұл  көрсеткіш  2003 жылмен  салыстырсақ  3 мың  адамға ,  яғни  1,6 % - ға аттық  екенін  көрсетті . Жастардың  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  14,3 % - ды құрап  отыр , яғни  бұл  мемлекет  бойынша  жұмыссыздықтың  орташа  5 – 9 % - ын  құрады. Жұмыссыздықтың  деңгейі  жылдан  жылға  әр  түрлі  көрсекіштермен  сипатталады . 2004  жылдың  жұмыссыздық  деңгейі  8,4 % - ға   дейін  жетті , егер бұл  көрсеткішті  2000  жылмен  салыстырар  болсақ ,  мұнда  жұмыссыздық  деңгейінің  4,4 % - ға  төмендегенін  байқауға  болады .  Жұмыссыздардың  жаппы  саны 658,8 мың  адам , яғни  бұл  көрсетілген   уақыт аралығында  247,6 мың  адамға ,  яғни  24,3 % - ға  және  де 13,3  мың адамға      2 % - ға  қысқарған .  Қалалы  жердегі  жұмыссыздардың   жалпы  саны  416,7  мың  адам  ( 63,3 %) ,  соның  ішінде   жұмыссыздар  деңгейі   9,4 % ,  ал  ауылды жерлерде   сәйкесінше  242,1 мың  адам  ( 36,7% )  және   7,1 % . Біздің  облысымыздағы  статистикалық  мәліметтерге  қарасақ  өткен  жылы 11868 жаңа жұмыс орны ашылып,жоспар181,5 пайызғаорындалды. Нақтылай  айтсақ ,  тоқтап  тұрған  2  мекеме ,  21 жаңа  мекеме  іске  қосылды , 18 кәсіпорын  кеңейтіліп ,  жаңа  өнім  түрлерін  шығару  жолға  қойылды .   Жұмыссыздарға  көрсетілетін  келесі  әлеуметтік  көмек – ақылы  қоғамдық  жұмыстар . Бағдарлама бойынша  межелеген  8000  жұмыссызды  осы  жұмыстарға  тартуға  облыстық  бюджеттен  54,8 млн  теңге  қаралған . Іс  жүзінде  9530  адам  жұмысқа  тартылып , бөлінген  қаржы толығымен  игерілді .               Қарыз жоқ  Бағдарлама  көрсеткіші  119,1 пайызға  орындалды . Бұл  жұмыстарды  ұйымдастыруда  тек  бюджет  қаржысынан  ғана  емес , жұмыс  берушілер  есебінен  1000 – нан  аса  жұмыссыздавр  тартылып , 3,6  млн  теңгенің  қаржысы  игерілді . Қоғамдық  жұмыстардың  әлеуметтік  маңызын  арттыру  мақсатында  16 пилоттық  жоба  жүзеге  асырылды . ˝ Тәртіп ˝ жобасы  бойынша 182  жұмыссыз   тәртіпті  сақтау  шараларына  қатысты . Оған  2,2 млн  теңге  жұмсалды . Екінші  әлеуметтік  маңызы  бар .˝ Әлеуметтік  жұмыс  орындарын  ашу ˝  жобасының  ерекшелігі , нысаналы  топтағы 150  жұмыссызды  6 ай  көлемінде  ақылы  қоғамдық  жұмыстарға  жібере  отырып  , нәтижесінде тұрақты  жұмысқа  орналастырылды . Бұл  мақсатқа  4,5 млн  теңге  жіберілді .   Еңбек  нарығының  мамандарға  деген  сұраныстың  өсуіне  сәйкес  жұмыссыздардың  кәсіби  деңгейін  арттыру ,  негізгі  бағыттардың  бірі .  Жұмыссыздарды  кәсіби  даярлау  үшін  оқу  орындарын  іріктеу  конкурстық  негізінде  мемлекттік  сатып  алу  басқармасы  арқылы  жүргізіліп , 10 оқу  орны жеңімпаз  деп  танылды . 1147 жұмыссыз  азаматтар  кәсіби  біліктілігін  15  мамандық  бойынша оқып  шықты . Осы  бағдарлама  бойынша  жұмыспен  қамтылмаған  1247  жұмыссыз  жастар ˝ Шынайы  өмір ˝ жобасы  бойынша  еңбек  рыногында  жұмыс  іздеу,  оның ішінде  интернет  арқылы  және  өзін  жұмыспен  қамту  мақсатында  бизнес – жоспарлау негізіне  оқытылды . Мониторинг  көрсеткендей ,  курсты  бітіргендердің  54  пайызы  өздеріне  жұмыс  тапқан. Дей  тұрсақ  та , облысымызда  әлі  де  болса жалпы  жұмассыздар  санының  кему  деңгейі  ойландырады . Жалпы  саны  75000 – ға жуық  адам . Жұмыссыздық  деңгейі  7,6  пайыз. Кәсіби  оқу  бітірушілердің  тұрақты  жұмысқа  орналасуы  қиынға  соғуда . Жыл  қорытындысы  бойынша  оқуға  жіберілгендердің   2  пайызы  ғана  тұрақты  жұмысқа  орналасты . Оралмандарды  тұрақты  жұмысқа  орналастыру – шешімін  күттірмейтін  мәселе . Жұмыс  іздеген  242  оралманнан  93 – і ғана  жұмысқа  орналастырылды . Бұған  олардың  сауатының  және  кәсіби  біліктілігінің   төмендігі  де  әсер  етуде . Жұмыссыз қалу қаупі — әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз  сезінеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары