Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы уақытта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсекеге қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталатын жолдауында да бұл мәселеге арнайы тоқталып, дамыған кәсіпкерлік сектор – кез-келген ел экономикасының негізі деген болатын. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезге дейін де назардан тыс қалған емес және бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, қазіргі дағдарыс жағдайында кәсіпкерлікті дамыту, экономикамызды диверсификациялау және шикізаттық бағыттан шыға отырып, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, жоғары қосылған құнды дайын өнімдер өндіруге, өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту арқылы отандық кәсіпорындардың, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету нәтижесінде қол жеткізіледі. Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, экономиканы дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы тікелей ықпал етеді. Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту тек экономикалық дамуға ғана емес, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту жолымен әлеуметтік мәселені шешуге, ішкі нарықты жоғары сапалы отандық өнімдермен және қызметтермен қажетті көлемде толықтыруға, бәсекені күшейтуге және өзге де маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан елімізде кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, басқару және дамыту мәселелерімен И.Шумпетер, Р.Кантилона, А.Тюрго, Ф.Кэне, А.Смит, Ж.Сэй сияқты танымал шетелдік ғалымдармен қатар, ресейлік ғалымдар В.Д.Камаев, В.М.Власов, А. О. Блинов, М.Г. Лапуста және басқаларының еңбектерінде де қарастырылған.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, қалыптастыру, дамыту және тиімділігін арттырудың түрлі аспектілерін жетілдіруге отандық экономист-ғалымдар, Я.Ә. Әубәкіров, Қ.О. Оқаев, Е.Б. Жатқанбаевa,Оразәлі.С, Н.Т. Смағұлова, О.А. Яновская, А.Қ. Қаңтарбаев айтарлықтай үлес қосты. Дегенмен, елімізде кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қазіргі кездегі даму жағдайын талдау, даму болашағын анықтау және қызмет тиімділігін арттыру бойынша зерттеулер жүргізу қажеттілігі анықталып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – елімізде кәсіпкерлікті ұйымдастыру, басқару, дамыту және экономикалық тиімділігін арттыру бағыттарын зерттеу, талдау және нақты ұсыныстар жасау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

  • нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
  • кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
  • кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
  • қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
  • кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
  • кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
  • елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік.

Зерттеу пәні кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үдерісінде болатын экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастардың арақатынасы.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі – туындап отырған проблема бойынша отандық және шетелдік экономика ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Үкімет қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері, «Даму» бизнесті дамыту қорының сандық көрсеткіштері, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста қалыптасқан теориялық ережелер мен көрсеткіштер экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық теория, макроэкономика, менеджмент пен кәсіпкерлік негіздері курстарын оқыту кезіндегі оқу үрдісі қолданылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

1 Жеке кәсіпкерліктің теоретикалық - экономикалық аспектілері

 

    1. Жеке кәсіпкерліктің экономиқалық мәні мен маңызы

 

Қазақстан Республикасындағы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіндегі экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына  ерекше назар аударды.Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспары экономикадан нарықтық  экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды.Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы  және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне  жол  беру  кәсіпкерліктің  қалыптасуы  мен  дамуының бастапқы  алғышарты  болып табылады.

Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады.  Кәсіпкерліктің  мәне мен маңызды ашу, оның негізгі белгілерін анықтаға экономика ғылымы үш ғасырдан  астам уақыттан  бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде «кәсіпкерлік» түсінігі элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.

Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII-XVIII ғасырдың басында енгізген Оның пікірінше, кәсіпкер – ол тәуекел жағдайында  іс әрекетін  жүзеге асыратын адам .Кейінірек атақты француз экономисі Ж,Б Сэй (1767 -1832)  кәсіпкерлік қызмет  негізгі  үш өндіріс факторының  яғни жер  капитал  еңбектің өзара  үйлесуі  мен бірігуі нәтижесінде орын алады  деп сипаттаған. Ол  кәсіпкерді  тәуекелге бара отырып өз есебінен  өз пайдасы үшін қандай  да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Ал ағылшыннның экономист ғалымы А.Смиитті (1723-1790) пікірінше кәсіпкер капиталдың меншік иесі бола отрып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру  және пайда  табу үшін  тәуекелге  баруы.[1 ].

XIX-XX  ғасырларда кәсіпкерлік  институтының рөлі мен мәні күшейе түсті. Француз экономисі  А.Маршал (1907-1968)   жоғарыда  атап өткен үш өндіріс факторына (жер капитал еңбек) төртінші  фактор  ретінде  ұйымдастыруды қосты. Ал,  американдық  экономист ДЖ, Б Кларктың (1847-1938)  пікірінше өндіріс процесінде төрт фактор тұрақты түрде қатысады, Олар: капитал, капиталдық игіліктер жер мен өндіріс құралдары кәсіпкерлік қызмет жұмысшының еңбегі. Осыған байланысты әрбір факторға өндірістік  түсімнің өзіндік  тән болуы  керек: капитал капиталиске - пайыз түрінде, капиталдық игіліктер – рента түрінде  кәсіпкерлік қызмет – пайда түрінде  үлесті алып келсе, жұмысшылар еңбегі  оған жалақыны  қамтамасыз етеді. Танымал американдық ғалым Й.Шумпетер (1883-1950) кәсіпкер түсінігі «новатор» ретінде сипаттайды. Атап айтатын  болсақ кәсіпкер –бұл жаңа технологияларды әзірлейтін новатор (жаңашыл). Басқаша айтқанда, ол өндіргіш  күштерді жаңаша  ұйымдастырады, үйлестіреді жіне олардың қозғалысы  өз кезегінде жалпы  экономикалық өсімге немесе өндіріс цикілінің жеделдеуіне  алып келеді [2].

Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік мәселелерын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.

Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген мәселелер әлі де көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау қажет ашып және айқындалған орынды [3].

Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:

  • азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
  • дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
  • өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;
  • меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
  • өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
  • нарықтық экономиканың пайда болуы және т.б.

Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің өнімі болып табылады.

«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» эволюциясының барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады.[4].

ХIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтсе де тез ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік тұғызады.

Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (саяси экономикаға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектептер мен ілімдердің алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік пайда (табыс)» терминдерінің эволюциясын қарастыруға талпынайық.

Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды [5].

Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.

Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.

Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әрқашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары