Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары туралы қазақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 12:45, реферат

Описание работы

Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды, оның ішінде салық жүйесіндегі мәселелер шешудегі бағыттар да аталып өтті.
Экономиканың әртүрлі сатыда дамуына байланысты Салық кодексінің өзгеріп, жетіліп отыруы – табиғи нәрсе. Салықтың бірінші мақсаты мемлекет қазынасын толтыру болатын болса, екінші бір мақсаты – салық салу механизмдері арқылы салық төлеушілердің ынтасын арттыру, мәдениетін қалыптастыру.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары.docx

— 73.37 Кб (Скачать файл)

Жалпы, экономикасы «ашық, мөлдір болсын» деген кез келген мемлекет салыққа қатысты нақты жүйе ойлап табары анық. Осыған орай біздің де мемлекетіміз жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізді. Жаңа кодексте кейбір салықтардың төлемдерін біршама жеңілдету, салықтық әкімшілік жүйені жетілдіру, экономиканың шикізаттық емес секторына салынған жалпы жүктемені төмендету, сондай-ақ өндіруші сектордан түсетін кірісті көтеру мәселелері қарастырылған-ды. Біздің елдеқабылданған  жаңа Салық кодексіне ресейлік сарапшылар оң баға берді. Ресейліктер Қазақстандағы салық реформасын жоғары бағалап және оны талқылау барысын да мұқият қадағалады. Бұл жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген сәтте біраз қауым енді көптеген «әкімшілік кедергілер жойылады, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, көлеңкелі экономика ауыздықталады» дескен-ді. Әйтсе де бізге нақ осы мәселеге қатысты «майлы жіліктің басынан дәмету» әлі ертерек тәрізді. Себебі елде көлеңкелі экономика әлі жалғасуда. Осыған орай біз «көлеңкелі экономикамен тиімді күресу үшін Салық кодексін одан әрі жетілдіру керек пе? Мүмкін, басқа тетіктерді де қарастыру қажет шығар» деген сауалды мамандардың талқысына салып көрді.

Экономиканың әртүрлі сатыда дамуына байланысты Салық кодексінің өзгеріп, жетіліп отыруы – табиғи нәрсе. Салықтың бірінші мақсаты мемлекет қазынасын толтыру болатын болса, екінші бір мақсаты – салық салу механизмдері арқылы салық төлеушілердің ынтасын арттыру, мәдениетін қалыптастыру. Егер салық төлеушіге салмақ көп салынса, оны жеңілдету де осы Салық кодексінде қарастырылған. Жалпы, заман талабына сай салық төлеу түрі өзгеріп, жетіліп отыруы керек.

Салық жүйесін жетілдіру салық төлеуден жалтарушылар легін азайтуы тиіс. Біздің мемлекетіміз осыған орай жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізді. Бұл жаңа кодексті сарапшылар көршілес ТМД елдерімен салыстырғанда, «жоғары деңгейде» деп бағалауда. Меніңше, біз көлеңкелі экономиканың жолына салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай басқада заңдарды жетілдірумен тосқауыл қоя аламыз. Мысалы, біздің елімізде салықтан жалтарынып, кәсібін жалғастырып жүргендер саны бүгінде жетіп-артылады. Меніңше, көлеңкелі экономикамен күресті жеңудің басты тетігі Салық кодексін жетілдіруде жатқан жоқ. Біз жыл сайын салық жүйесіне өзгеріс енгізіп, оны жетілдіріп келеміз. Ал бұдан елде көлеңкелі экономика ауыздықталды ма? Жоқ! Осыған орай айтарым, біз, керісінше, «салық төлеушілердің ынтасын арттырамыз, мойнындағы жүкті жеңілдетеміз» деп мәселені одан әрі өршіттік. Мысалы, жаңа Салық кодексінде шағын және орта бизнеске салынатын белгілі бір салық түрлеріне жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл ақпаратты ести сала, біздің елдегі көптеген алпауыт компаниялар бірден ірі компания деген атауларын шағын кәсіпорындар мен ТОО-лар етіп өзгертіп тастады. Сөйтіп, біршама ірі компаниялар ірі салықтарды төлеуден жалтарып, жаңағыдай қулыққа басты. Салық төлеуге қатысты алпауыт компаниялар нақ осылай «қолынан келсе, қонышынан басып» отырса, онда Салық кодексін өзгертіп, оны жиі жетілдірудің де пайдасы бар. Мен бұл орайда, бізге тек Салық кодексін емес, сонымен қатар Азаматтық кодексті де жетілдіру қажет дер едім. Бұл жерде ар-ұждан мәселесі ескерілуі тиіс. Бұған қоса, көлеңкелі экономикамен күресте жеңудің айқын жолы ол мемлекеттік бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ атқарушы биліктегі басқару жүйесін жетілдіру қажет. Бір сөзбен айтқанда, елдегі көлеңкелі экономикаға, көлеңкелі бизнеске қатысты кешенді, жүйелі өзгеріс керек. Мәселені тек салыққа қатысты еткен дұрыс емес. «Бір ғана салық жүйесін жетілдіру арқылы экономикамыздың көлеңкелі тұсын жеңеміз» дегенге келіспеуге де болады. Бұл – жан-жақты талқыланып, жүйелі бағытпен, арнайы бағдарламамен кешенді түрде іске асатын жайт.

Ал біздің қолданысқа енгізген Салық кодексінде салық төлеушінің ынтасын арттыру жайы ашық-айқын көрсетілген. Сондай-ақ салық төлеушілерге әртүрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Мұндай қадамдар жаңағыдай салық төлеуге құлықсыз кәсіп иелерінің ынтасын ашуға мұрындық болады. Негізінен, мемлекет қазынасын салық төлеу жүйесі толықтыратынын ескерсек, біздің заманға сай Салық кодексін жетілдіріп отырудан бас тартпауымыз керек. Бұл – нарықтың заңы.

Салық жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне айрықша маңыз беріледі. Өйткені еліміз үшін жемқорлықты жою – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Президент Қазақстан халқына  Жолдауында  мемлекеттің,  сондай-ақ  салық қызметі органдарының  жеті  басымдылығының  бірі ретінде сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  аяусыз және батыл күрес екендігін атап көрсетті.

Министрліктің барлық қызметі, барлық рәсімдер сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар мүмкіндіктерін барынша азайтатындай болуы тиіс. Электрондық Үкімет, электрондық Қаржы министрлігінің шеңберінде  бұл мәселені шешті әрі шешіп келеді. Заңнаманың, рәсімдердің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін азайту көбіне мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың деңгейіне байланысты. Бүгінгі таңда министрліктің комитеттері біршама жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, Салық комитетінде салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) енгізілді. Ол салықтық тексерулерді жүргізу және асып кеткен қосымша құн салығы сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібіне құқықты анықтау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) автоматтандырылған іріктеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде салық төлеушілердің банктік шоттарына инкассалық өкімдерді шығару, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерден салық төлеушілердің барлық екінші деңгейдегі банктермен банктік шоттарды ашуы және жабуы туралы хабарламалар алу жөніндегі электрондық іс-қимылы іске асырылды. Нәтижесінде: құжаттар бір жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық тәсілмен жіберіледі. Ол салық органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын болдырмайды. Қорыта келгенде, сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға көмектеседі. Нәтижесінде салық органдары салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы тиісті өкімдерді электрондық тәсілмен жібереді, ол да адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алу және Салық кодексінің асып кеткен ҚҚС қайтару мәселелері жөніндегі ережелерін іске асыру мақсатында асып кеткен ҚҚС қайтарудың барлық рәсімі регламенттелген. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша, 2009 жылы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда «0» ставка бойынша ҚҚС-ты бюджеттен қайтарудың өсу қарқыны баяулады (2009 ж. — 104,9 пайыз, 2008 жылы 136,8 пайыз болса, 2007 жылы 112,3 пайызбен шектелген. Бюджеттен «0» ставка бойынша қосымша құн салығын қайтаруды жалпы сомасы 266 357 млн теңгеге 479 экспорттаушы кәсіпорын жүргізді. Оның ішінде мониторингке жататын 24 ірі салық төлеушіге Салық кодексінің 274-бабына сәйкес 58 983,1 млн теңге сомаға жеңілдетілген қайтару рәсімі қолданылды.

Жемқорлықтың қазіргі заманда қоғамның барлық бұрышын жайлап, әлемдік деңгейдегі қатерге айналғанын халық жақсы түсінеді. Жемқорлық салық органдары қызметінің имиджіне кір келтіріп, салық төлеушілердің сенімін жоғалтады. Нарықтық экономикаға қауіп төндіреді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына нұқсан келтіріп, елдің болашақ дамуына кері әсерін тигізеді. Бір сөзбен түйіндесек, сыбайлас жемқорлық – экономикалық, заңи, әлеуметтік, тіпті этикалық мәселе.

Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, жаңа Салық кодексін тиімді пайдалана отырып салық жүйесінде сыбайлас жемқорлық түрлерін азайтуға, бизнеске қолдау көрсетуге, салық төлеушілердің құқығын арттыруға, салық органдары жұмысына бақылауды күшейтуге (соның ішінде: қызметтердің аражігін ажыратып, салық бақылауы рәсімдерін өткізу тәртібін анықтау) бағытталған жаңа категориялар енгізілген. Тұрғындардың және кәсіпкерлердің төмен дәрежедегі салық мәдениеті жемқорлыққа жағдай туғызатын факторлардың бірінен саналады. Салық заңнамасының ережелерін білмеудің салдарынан салық төлеушілер еркінен тыс тәртіп бұзушылықтарға жол береді. Соның салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сөйтіп, салық төлеушілер бұл жауапкершіліктен құтылу үшін әртүрлі сыбайластық әрекеттерге барып, жең ұшынан жалғасу жолын іздейді.

Қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығының Әлеуметтік және маркетингтік агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша, жалпы алғанда, республика халқы салық қызметі органдары қызметкерлерінің жұмысын сапалы бағалайды: барлық сипаттама бойынша теріс бағадан гөрі, қанағаттанарлық баға көп берілді.

Алайда салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған оң нәтижелермен бірге, төмендегідей шешілмеген мәселелер орын алуда:

Біріншіден, құқықтық кемшіліктердің болуы және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) нормаларын көрсету санының көптігі салық төлеушілердің сұрауларына қате жауап беруді немесе олардың салық салудан жалтаруын туғызады. Күрделі салық саясаты сыбайлас жемқорлық үшін ыңғайлы негіз туғызады, сондықтан салық салу мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерде әкімшілендіру және салықтық тәртіптерді оңтайландыру қажет. Жемқорлықты азайту үшін олар қарапайым, түсінікті және жалпыға белгілі болуы керек.

Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу, электронды салықтық қызмет көрсету санын көбейту, салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша ақпараттарды қабылдау мен өңдеудің заманауи Орталықтарын құру және оны дамыту жолдарымен салық қызметі органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын азайту қажет.

Үшіншіден, адам ресурстарын басқаруда тиімділіктің жетіспеушілігі орын алуда. Салықтық қатынастар саласында жемқорлықтың туындау себебінің мониторингі, оның деңгейі мен құрылымына баға беру мынаны көрсетеді, кінәлілердің көпшілігі салық төлеушілерге салықтық тексеру жүргізу, тіркеу құжаттарын беру, салық есептілігін қабылдау және тағы басқа да тікелей қызмет көрсететін әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің төменгі буыны болып табылады. Қазіргі уақытта олардың жалақысы функционалдық міндеттер жүктелген ауқымға сәйкес келмейді, осындай төмен әлеуметтік қорғау жемқорлық үшін экономикалық алғышартты құрайды. Қызметін жүзеге асыру халықпен тікелей байланыста болуы қарастырылмаған басқа мемлекеттік органдарға қарағанда, салық қызметі органдары үшін жоғары мөлшердегі еңбекақыны енгізу қажеттігі пісіп-жетілді. Жалақыны көтеру және басқа да жағдайларды жетілдіру шараларын қабылдау салық қызметі органдарының қызметкерлеріне кәсіби талап қоюға мүмкіндік береді, ол жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.

Төртіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында пара берушімен алдын ала күрес шараларын қолдану бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп ынтымақтасу деңгейі жеткіліксіз.

Бесіншіден, салық төлеушілердің салықтық мәдениетінің төмендігі және салықты төлеу өзінің мемлекет алдындағы парызы деп ұғынбаушылық, пара беруге итермелейтін факторлардың бірі болып табылады. Бүгінде еліміздің салық жүйесiнде оңды төңкерiс орын алуда. Салық жүйесiндегi кемшiн тұстар, нақтырақ айтсақ, бұрқыраған артық қағаздардан тұратын салықтық құжаттар ендi келмеске кеттi. Нәтижесiнде бақылаусыз кеткен бюрократизм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қойылады. Бұдан былай құжаттардың барлығы автомат арқылы қабылданып, салық та автоматты жүйеде төленетiн болады. Бұл әсiресе салықтан бас алмайтын кәсiпкерлер үшiн таптырмайтын жүйе болып отыр. Сондықтан елiмiзге енгiзiлiп отырған жаңа жүйе әлемдiк тәжiрибеде сыналған, көп жылдар бойында нәтижесiн көрсеткен әкiмшiлiк жоба. Жаңа әкiмшiлiк реформа бойынша салық жүйесiндегi кешендi өзгерiстер 2014 жылға жоспарлануда. Автоматтандыру арқылы жемқорлықтың мөлшерi де азаяды. Кәсiпкерлер үшiн салықтық есептi өткiзуге қажет уақыт екi есеге, ал құжаттардың мөлшерi 56 пайызға кемімек.

Міне осыған байланысты, Астана қаласы, Алматы аудандық салық басқармасының ақпараттарды қабылдау және зерттеу орталығында барлық салық төлеушілер санаттары үшін ақпараттық тақта ілінген. Онда құжаттардың атқарылуы салық есептерінің, салық төлеу уақытының мерзімдері нақты көрсетілген. Жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы сақтандыру жұмыстарын жүргізу үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға тура келеді. Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасын насихаттау;

2) Бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдерді өтеу жөніндегі өтем құжаттарын электрондық нұсқада жасау және электрондық есеп беру үшін арнайы бағдарлама қамтамасыз етіледі;

3) Салық төлеушілер (салық агенттері) қажетті құжаттарының жағдайын тексеру үшін арнайы терминалдар жүйесін құру және дамыту;

4) Салық міндеттемелерінің орындалуы жөніндегі бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы хабарлама беріледі;

5) Салық қызметі органдарының хабарламалары мен жұмыс істеу үшін арнайы орталықтар жүйесін құру және дамыту;

6) Салық қызметі органдарының арнайы сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

7) Міндетті зейнетақы жарналарын аудару, әлеуметтік төлемдерді, басқа да міндетті бюджет төлемдерін және салықтарды төлеу үшін банкоматтар жүйесін және басқа электрондық қондырғыларды дамытуға (материалдық көмектен басқа) жан-жақты жағдай жасау.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою мақсатында жаңа Салық кодексінде «Салық төлеушілерге жәрдем» бөлімі қарастырылған. Онда салық заңнамасын насихаттаудың негізгі сәттері белгіленген. Мақсаты – салық төлеушінің (салық агенттері) салық мәселесіндегі сауатын  көтеру, соның ішінде  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасының  баптарын,  оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды, сонымен қатар салық міндеттемесін орындауға байланысты мәліметтер мен мәселелерді түсіндіру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар салық мекемелерінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын семинарлар, мәжілістер, салық төлеушілермен  кездесулер  өткізу, бұқаралық ақпарат  құралдарында  мәліметтер жариялау, ақпарат қабырғалары, буклеттер және өзге де баспа өнімдері  арқылы  түсіндіруі  салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеруге  септігін  тигізеді. Бұл  өз  кезегінде жемқорлықтан туындайтын құқық бұзушылық деңгейін төмендетеді [22].

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілген, демек, жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта  жібермеуіміз қажет. Әрине енгізілген өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатын табыс салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада неліктен шикізаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдік баға алынып отыр? Оған себеп, кез келген шикізатты болсын, дайын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасалған келісім шарттарда төмендетіп жазып, сөйтіп табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін, ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсету мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымал шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Шын мәнінде туындайтын қайшылықтарды реттестіру қиын емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары туралы қазақша