Автоматтандыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 11:53, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыру туралы және электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн жақсарту жайында айтылған. Түйінді сөздер: электронды оқулық, ақпараттық, телекомуникациялық, дәстүрлі т.б.
Автоматтандырудың әлеуметтік және техникалық – экономикалық аспекттері.
Автоматтандырудың тарихы. Қол енбекті механизациялау және автоматтандыру. Еңбек өнімділігін көтеру мәселесі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Нурсултан.doc

— 148.50 Кб (Скачать файл)

- ең алдымен  әлемдік деңгейге сәйкес келетін  жаңа технологиялардың тізімін жасау керек;

- әлемдік нарыққа  ұсыныла алатын және онда бәселекестікке  төзе алатын жоғарғы технологияны  өнім түрлерінің тізімін жасау;

- жоғарғы технологиялар  әлемдік нарығын зерттеу, яғни  әлемдік нарық коньюктурасын  білу керек;

- жоғарғы технологиялы бәсекелестік қабілеттілігі жоғарғы өнімдерді, технологияларды сату.

Алғашқы кездерде республиканың немесе фирманың жоғарғы  сапалы өнімдер өндіретіндігін куәландыратын  имиджі болмайынша, бұл өнімдерге  өте төмен бағалар төлейді. Бір  кездерде әлемдік нарықта жапон тауарларының арзан болғандығын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Корея тауарларының арзан екендігін есте сақтау керек. Бізде осы жағдайдан өту керек, әйтпесе бізді әлемдік нарықта қабылдамайды.

Екінші бағыт - ғылыми жұмыстар едәуір нәтижелі орындалатындай орта құру. Мұнда, Республиканың ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің рөлі зор.

Республиканың әлемдік тәжірибеде жоқ ғылыми идеяларға, жаңа технологияларға иеленбейді деп  есептеуге болмайды. Барлығын ретке  келтіру керек. Ғылыми идеялар жаңа технологиялар тізімін жасау қажет. Өз кезегінде ғылыммен тек қана орталықта айналысады, ал қалғандары оның нәтижелерін өндіріске таратумен айналысады деп түсінеді.

Республикада пайда болған кейбір жаңа идеялар қабылданбады. Мысалығы: алғашқы кезде Лисаковск ГОК-н салу туралы екі жоба болаты: алматылық және ленинградтық. Алматылық жоба – тыңайтқыштарды, алюминий тотығын, темір рудасын шикізатын табуды және өңдеуді, ал ленинградтық - темір рудасын ғана шығаруды қарастырған. Мәскеу жобаны таңдап алды. Бірінші күні Қарағанды металлургия комбинаты Лисаковск рудасына тапсырыс қысқартты. Сондықтан Лисаковск ГОК-і басқа өткізу нарықтарын (Батыс Сібір, Орал) табуы және басқа да өңдеу салаларын дамытуы керек.

Қазіргі кезде  қазақстандық технологиялар артықшылықтарын танылып жатыр. Мысалы, қорғасын өндіруден жетекші орын алатын “Коминко” канадалық фирмасы – неміс мамандары ұсынған технологияны қабыл алмай, қазақстандық мамандармен және ғалымдармен шығарылған технология негізінде өз зауыттарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады. Фирма акционерлерінің ішінде неміс кәсіпкерлерінің болғандығына да қарамастан қабыл алмады. Біз жетекші болып табылатын немесе өндірілген өнімдеріміз әлемдік стандартқа сәйкес келетін, ғылым және техника салалары бар. Бірақ, осының барлығын әлемдік нарыққа республикамыздың экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып, жеткізе ала білуіміз керек. Бірақ Қазақстанды жоғарғы дамыған мемлекетке айналдыру сыртқы нарыққа нәтижелі қатысуына және халықаралық мамандануды ұтымды таңдауына байланысты. Республика экспортын ұлғайтудың негізгі көздері болып ғылыми сыйымды бұйымдар және жоғарғы технологиялар табылады.

Батыс эксперттері  жаңа технологияларға және жаңа бұйымдарға жоғарғы қызығушылық білдіреді. АҚШ Ресейден ғарыш кемелерін  қондырғанда қолданылатын “Топаз-2” плутоний-238 ядролық реакторын алдын-ала сатып алды. АҚШ үш мыңнан асатын технологиялар тізімін жасады. Осы технологиялар тізіміндегі Қазақстанның үлесі қандай немесе мүлдем жоқ па? Осыны анықтау керек. Ғылыми сыйымды өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы біздің кәсіпорындардың, біріншіден, олардың сыртқы экономикалық сапалығының жоғарылауын; екіншіден, жоғарғы технологиялар әлемдік нарығының ерекшеліктерін ұғынуын талап етеді. Қазіргі кезде технологиялық потенциал әрбір мемлекеттің экономикалық және қорғаныс күшінің негізі болып табылады. Сондықтан Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Жапония арасындағы экономикалық бақталастықта негізгі орынды технологиялық жетекшілік үшін күрес алады. ТМД (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссия) елдерін қамтыған экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның болашақтағы мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Экономика құрылымында аграрлық сектор үлес салмағының басым болуы, басқарудың қатаң түрде жүргізілуі, бай табиғи ресурстардың болуы, Қазақстан экономикасының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді. Батыс мұнайгаз корпорацияларының ірі инвестициялары жеке меншік капиталдың ағып келуін күшейтеді. Қазақстанның шаруашылық жағдайы жоғарғы экономикалық интеграция дәрежесіне қарай Ресей қарым-қатынасымен анықталатын болады. Сондықтан экономикалық және технологиялық саясат дүниежүзінің жетекші технологиялық елдерімен тең құқылы қарым-қатынасты дамыта отырып, ғылыми сыйымды секторды шаруашылық өсудің “қозғаушы күші” етіп жасауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, қазіргі кезде біздің кәсіпорындар батыс технологияларына үлкен қызығушылығын білдіреді. Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және халықаралық сауда палатасының тәжірибесіне сүйенуге болады.

Қазақстан тек қана шикізат  пен материалдарын ғана емес, сонымен  қатар жоғарғы технологиялы дайын  өнімдер (электроника, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар  және т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде беделді орынға ие бола алады. 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Менің бұл курстық  жұмысты жасай отырып түсінгенім, жаңа технологиялардың әсерін жақсы жағынан да, жаман жағынан да көруге болады екен. Яғни пайдасы да, зияны да бар екен. Қысқаша айтып өткенде пайдасын айтатын болсақ, жаңа технологиялар адам жұмысын жеңілдетеді және адамдардың қол жетімсіз жұмыстарды атқаруға болады, және де уақытты үнемдейді. Ал зиян жағынан қарайтын болсақ менің ойымша зиян жағы пайдасынан қарағанда аздау деп ойлаймын.Зиян жағын алатын болсақ мысалға, жұмыссыздық пайда болады екен. Жұмысшылардың орнын жаңа технологиялар, яғни машиналар басады, және ол технологиялар өздігінен ешкашан жұмыс істемейді оның өзіне арналған  бөлек құрал – саймандары, құятын майлары болады, ол жаңа технология болған соң әрине оған бәрі жаңадан болу керек, оған шығын шығады . Сонымен менің қорытындым жаңа технологиялар кез келген кәсіпорында керек деп ойлаймын. Өйткені адам өзіне зияны тиетін, өзінің қаншама күшін кетіретін жұмыстарды істегенше,оның бәрін машиналар,яғни жаңа технологиялар атқарған дұрыс деп ойлаймын. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Істеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007. - С. 120.
  2. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы. - С. 86.
  3. Түсіпова А.Ж. Компьютер жаңаоқытудыңтехнологиясы. Алматы, 2012. С. 12.
  4. Абубаева  А. Электронды оқулықтарды пайдалану.  // Информатика негіздері,  №4 - 2006ж.
  5. Бейсенова Г.  Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 - 2006ж.
  6. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж.
  7. Қазақ  тілі  мен   әдебиеті  журналы, 2007ж. № 2 Алматы.  

Информация о работе Автоматтандыру негіздері