Санитарлық ережелері және нормалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 17:36, реферат

Описание работы

Осы "Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы орналастыру жағдайына, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа арқылы жылыту режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, су және канализация жүйесімен қамтуға, медициналық қызмет көрсету және тазалық тәртібіне үйретуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.

Содержание работы

"Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелері және нормалары.
Жалпы ережелер.
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Балалардың дене және гигиеналық тәрбиесі бойынша
күн тәртібін ұйымдастыру.

Файлы: 1 файл

охрана труда.docx

— 27.32 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

  1. "Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелері және нормалары.
  2. Жалпы ережелер .
  3. Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
  4. Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар .
  5. Балалардың дене және гигиеналық тәрбиесі бойынша  
    күн тәртібін ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Мектепке дейінгі  ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану  барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар" Санитарлық ережелері  және нормалары

1. Жалпы ережелер      

1. Осы "Мектепке дейінгі  ұйымдардың құрылымына, оларды  пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы орналастыру жағдайына, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа арқылы жылыту режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, су және канализация жүйесімен қамтуға, медициналық қызмет көрсету және тазалық тәртібіне үйретуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.     

2. Осы санитарлық ережелер  меншік нысанынан тәуелсіз мектепке  дейінгі ұйымдарға арналады.     

3. Осы санитарлық ережелердің  талаптарының сақталуына мектепке  дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары  жауапты.     

 4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер қолданылған:  
      1) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымы - Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сай, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу-тәрбие беру жағдайының міндетті түрдегі мемлекеттік стандарттар негізінде әзірленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сай тәрбие беріп-оқытатын заңды тұлғалар;  
      2) топтық бөлік - бір топтағы балаларға арналған үй-жайлар жиынтығы;  
      3) топтың жинақталуы - топты құру үшін норма бойынша балалар саны;  
      4) күн тәртібі - балалар үшін белгіленген күн тәртібі;  
      5) ертеңгі жүргізілетін тазалық сақтау жұмыстары - жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін медициналық шаралар;  
      6) дене шынықтыру -адам денсаулығын арттыруға және адам денесінің мүмкіншілігін дамытуға бағытталған іс-қимыл аумағы;  
      7) тиімді тамақтандыру - физиологиялық және жас мөлшеріне қарай керекті тамақтандыру нормаларын ескере отырып, тамақтандыру балансын сақтау;  
      8) бракераж - тағамдық азық-түлікке және дайын тағамдарға түйсік органдарының көрсеткіштері бойынша баға беру;  
      9) оқшаулайтын бөлме - ауруларды оқшаулауға арналған үй-жайлар жиынтығы;  
      10) инсоляция - үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға беру үшін күн радиациясын нормалайтын көрсеткіш;  
      11) табиғи жарықтандыру коэффициенті (әрі қарай - ТЖК) үй-жайды табиғи жарықпен қамтамасыз етудегі нормалайтын көрсеткіш;  
      12) климаттық аумақ - климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;  
      13) септик - тұрмыстық жағдайда қолданылған шағын көлемдегі су қалдықтарын тазалауға арналған құрылғы. Ол жер астында горизонтальды орналасқан, бір немесе бірнеше камерадан тұратын және су қалдықтарын жинайтын тұндырғыш;  
      14) зарарсыздандырғыш заттар - қоршаған орта нысандарындағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар     

-. Мектепке дейінгі ұйымдар биіктігі екі қабаттан аспайтын жеке ғимараттарда орналасуы тиіс. Ұйымның құрылысын жүргізу және жоспарлау қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізіледі.     

-. Ғимаратта және учаскеде оқшаулау принципі максимальды түрде сақталып, топтарды бір бірінен (әсіресе, бөбекжай) және әкімшілік-шаруашылық үй-жайларынан бөлек орналастырылуы тиіс.     

-. Ғимаратқа кіретін есіктің алдында кеңдігі 1,6 метр болатын қосақталған екі кіреберісі болуы тиіс. Кіреберістің біреуінің есігі ішке қарай ашылуы тиіс.  
      Ішкі есіктер әйнектелуіне тыйым салынады.      

-. Сәби жастағы балаларға арналған топтық ұялар көпшілігінде бірінші қабатта орналасып, әр топқа кіретін бөлек есігі болуы тиіс.  
      Сәби жастағы балаларға арналған ұялы топтар құрамына қабылдау, ойын, ұйықтайтын бөлмелер, дәретхана және буфет (тамақтанатын орын) кіреді. Бірінші топтағы жас балаларды қабылдау бөлмесінде ата-анасына шешінетін орын және баланы емізетін орын қарастырылады.      

-. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтардың ұялары бірінші қабатта және сол сияқты екінші қабатта орналасуына болады. Мектеп жасына дейінгі балалар тобына төрт топқа дейін ортақ бір есіктен кіруге жол беріледі.  
      Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтардың ұялары құрамына шешінетін орын, топтың ойнайтын орны, ұйықтайтын бөлме, дәретхана, буфет (тамақтанатын орын) кіруі тиіс.     

-. Мектепке дейінгі ұйым ғимараттарының үй-жайларының терезелерін көкжиектің тұстарына бағыттау осы санитарлық ережелерге 2-қосымшаның 2 кестесіне сәйкес алу керек.      

-. Ұйықтайтын және ойнайтын топтық үй-жайларда тікелей немесе бұрыштан табиғи жолмен желдету қамтамасыз етілуге тиіс. ІV климаттық аудандарда тікелей немесе бұрыштан табиғи жолмен желдету ас блогы мен кір жуатын үй-жайларда да қамтамасыз етілуі керек.     

-. Әр үй-жайдың терезелеріндегі фрамугалары мен форточкалары жылдың барлық мезгілінде қолданылуы тиіс. Фрамуга мен форточка ауданының еденнің ауданына қатынасы 1:50 құрауы тиіс. Фрамуганың сыртқы бөлігі төменгі жағынан, ал ішкі бөлігі жоғарғы жағынан ашылуы тиіс. Ішкі бөлігінің бүйірінен шектегіш болуы тиіс.     

- Баспалдақтардың биіктігі 1,2 метр қоршауы болуға тиіс. Тұтқалары үлкен адамдар үшін 0,85 метр, балалар үшін 0,5 метр биіктікте орналасуы тиіс. Баспалдақтар қоршауының тігінен орнатылған элементтерінің арасы 0,1 метрден аспауы тиіс, оларды көлденең орнатуға жол берілмейді.     

-. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка және гимнастикамен айналысуға арналған залдар болуы тиіс:  
      1) жүз қырық орынға дейінгі залдың алаңы 75 шаршы метр;  
      2) жүз қырықтан жүз тоқсан орынға дейінгі залдың алаңы - 100 шаршы метр;  
      3) екі жүз сексеннен үш жүз отыз орынға дейін екі зал қарастырылуы тиіс, олардың көлемдері 100 және 50 шаршы метрден немесе екі зал көлемі 75 шаршы метрден;  
      4) залдардың едені жылу өткізгіштігі төмен материалмен қапталуы тиіс (паркет, ағаш, жылы төсенімі бар линолеум);  
      5) зал арқылы өтуге болмайды, екі залды жылжымалы арақабырғамен бөлуге рұқсат етіледі. Залдарда көлемі 6 шаршы метр болатын қойма қарастырылуы тиіс.     

-  Мектепке дейінгі ұйымда ваннасының көлемі 3х7 метр және тереңдігі ауыспалы 0,6-дан 0,8 метрге дейін болатын жүзу бассейіні болуы мүмкін. Ваннаның периметрі бойынша биіктігі 0,15 метр, ені 0,30 метр болатын ернеуі және оны айналып жүретін кеңдігі 0,75 метрден кем емес жолы болуы тиіс.      

-. Медициналық үй-жайлардың құрамында, бірінші қабатта орналасатын, бөлек, учаскеге шығатын есігі бар оқшауланған бөлме болуы тиіс. Ол палатадағы орын саны ұйымдағы орын санының 1,5% құрауы тиіс.      

-. Ас блогы үй-жайлары бірінші қабатта орналасып, сыртқа есігі болуы қажет. Көкөніс және құрғақ азық-түлікті сақтайтын қойма ас үйден бөлек орналасуы тиіс.      

-. Кір жуатын және үтіктейтін бөлмелер жапсарлас орналасады. Кірлеген төсек әбзелдері мен киімдерді қабылдайтын шлюздердің терезелері кір жуатын бөлмеге қарай ашылып, таза және кір төсек әбзелдері мен киімдерді қабылдау және жіберу кезінде араласпауы тиіс.     

- Кір жуатын бөлменің есігін топтық ұялардың үй-жайларына және ас блогына қарсы орналастыруға жол берілмейді; сол сияқты ас блогының, кір жуатын бөлменің, дәретхананың терезелерін топтық ұялардың үй-жайларының, ұйықтайтын, ойнайтын бөлмелерінің астына орналастыруға болмайды.     

- Мектепке дейінгі ұйым үй-жайларының қабырғасы мен едені тегіс болып және ылғалды әдіспен тазартуға мүмкіндік беретін материалдармен әрленуі тиіс.  
      Топтық ұяларға арналған негізгі үй-жайлардың, музыка мен гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердің қабырғалары ашық түсті бояумен сырланып, жууға және зарарсыздандыруға шыдамды болуы тиіс. Ас блогы үй-жайларының, кір жуатын, үтіктейтін бөлмелердің және дәретхананың қабырғалары 1,8 метр биіктікке дейін глазурленген тақтайшалармен қапталуы керек.     

- Топтарға арналған, ұйықтайтын, ойнайтын, оқшаулайтын үй-жайлардың едені тесігі жоқ, жылы болуы тиіс. Бірінші қабатта орналасқан (І-ІІ климаттық белдеу) топтық және ойнауға арналған үй-жайлардың едені жылу ұстайтындай болуы тиіс:  
      1) топтарға, ойнауға, ұйықтауға арналған үй-жайлардың, медициналық және оқшаулау кабинеттерінің, дәліздің едендеріне тақтай, паркет, линолеум төселуі тиіс;  
      2) ас блогы, кір жуу, үтіктеу және әжетхана бөлмелерінің едендері керамикалық плитамен төселуі тиіс;  
      3) қабырға мен еденді өңдеуге арналған полимерлі материалдарды іріктеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізілімі басшылыққа алынады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар     

- Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай су құбырымен, ыстық сумен қамту жүйелерімен және канализациямен жабдықталуы тиіс. Судың сапасы қолданыстағы стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.     

-. Орталықтандырылған поселкелік және қалалық су құбыры жүйелері мен канализациялар жоқ болған жағдайда, жергілікті су құбыры мен канализацияларды таңдау және орналастыру жұмысы тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде шешіледі.     

-. Ас блоктарына, кір жуатын жайларға, бөбек топтары бөлмелерінде, буфеттерге және дәретханаларға келтірілген ыстық сулар болуы тиіс. Ыстық су жүйесіне балалардың сыртқы киімін кептіруге арналған сөрелердегі қыздырғыш аспаптар қосылуы тиіс.     

-. Балаларға арналған санитарлық құрал-жабдықтар құрылымдарының еденнен биіктігі мынандай болуы тиіс:  
      1) кіші топтағы мектеп жасына дейінгі және сәби жасындағы балаларға арналған қолжуғыш - 0,4 метр;  
      2) мектеп жасына дейінгі орта және ересек топтағы балаларға арналған қолжуғыш - 0,5 метр;  
      3) постаменттегі ванналар - 0,6 метр;  
      4) сәбилер тобындағы және бірінші кіші топтағы балаларға арналған (су себезгісі табандықтан бір метр);  
      5) Мектепке дейінгі балаларға арналған (су себезгісі табандықтан 1,6 метр биіктікте орналасқанда) саяз себезгі табандығы - 0,3 метр.     

-. Ғимараттар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай орталық жылыту, желдету жүйелерімен жабдықталуы тиіс.      

-. Мектепке дейінгі ұйым ғимараттарын орталық жылу жүйесімен, аудандық және жергілікті қазандықтар арқылы жылуменен қамту алдын-ала ескерілуі тиіс. Ауылдық жерлерде орналасқан және елуден аса орын алмайтын бірқабатты бала бақшалары пешпен жылытылады. От жағатын тесіктерде дәлізге ашылатын герметикалық есіктер болуы тиіс. От жағу жұмысы балалардың келгенінен 1,5-2 сағат бұрын аяқталуы тиіс.  
      Орталық жылу беру жүйесінің жылыту құрал-жабдықтары алынып-салынатын, жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуылуға жататын торкөздерменен қоршалуы тиіс. Жаңқадан жасалған ағаш тақтайшасымен қоршауға болмайды.        

- Бірінші қабатта орналасқан ойнауға және топтарға арналған бөлмелерде, еден үстінің температурасы қысқы мезгілде қосу 22 о С-дан төмен болмауы тиіс.      

-. Балалар болатын бөлмелердегі ауаның ылғалдылығы 40-55%, асхана және кір жуатын бөлмелерде 60-70%-ға дейін болуы тиіс.     

-. Күнделікті балалар болатын бөлмелерде ауаның алмастыруы 1,5 есе болып, таза ауамен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Балалардың дене және гигиеналық тәрбиесі бойынша  
күн тәртібін ұйымдастыру      

-. Күн тәртібі ұйқының, дем алудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын жүргізудің, тиімді тамақтануды ұйымдастырудың, балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып дене тәрбиесінің гигиеналық нормасына сәйкес болуы тиіс.  
      Күні бойғы барлық жұмыстардың түрлері мен демалысты ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу және дамуы бағдарламасының негізінде құрылады.      

-. Балалардың жұмыс күнін жоспарлағанда, күн, апта, жыл бойғы оқу жүктемесі тең бөлінуі ұсынылады.     

-. Оқу жылының басында, дайындық тобындағы балалардың оқуға дайындығын анықтау қажет. Оқуға дайын емес, тілінің дамуында мүкісі бар және суықтан болатын аурулармен жиі ауыратын балалар үшін күн тәртібінде мамандармен өткізілетін арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру шаралары қарастырылуы қажет.     

-. Қозғалатын тәртіптің негізін дене шынықтыратын жаттығулар және әр түрлі ойындар және балалардың дербес қимылдары құрайды. Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медициналық қызметкерлердің бақылауымен топ жетекшілері және дене тәрбиесі бойынша нұсқаушылар жүргізеді.      

-. Дене тәрбиесі бойынша медициналық және педагогикалық бақылау мына түрлерде жүргізіледі:  
      1) балалар емханасы немесе мектепке дейінгі ұйымдардың дәрігерлері балаларды жоспарлы түрде алдын-ала тексергенде, денсаулығына, балалардың дене дамуы мен дене тәрбиесінің тиімділігін бағалауға;  
      2) қозғалу тәртібінің ұйымдастырылуына, сабақтарды дене шынықтыру жаттығуларымен және шынықтыратын емшараларды жүргізу әдістеріне;  
      3) ұйымның дәрігерімен, мейір бикесімен, басшысымен, тәрбиешілерімен, әдіскерімен дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері мен ата-аналар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарға.      

-. Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиена бойынша оқыту мен тәрбиелеу, өскелең ағзаның қалыптасуы, дене және психикалық дамуын есепке ала отырып жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.  


Информация о работе Санитарлық ережелері және нормалары