Халықаралық туристік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:19, курсовая работа

Описание работы

Бүкіләлемдік туристік ұйымдар ( БТҰ ) туризм саласында халықаралық ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6 шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік ассоциациилер кірген.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ………………………5

1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері…………………………..5
1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі……………………………………………………………………………10


ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ……………………………………………………………………………13

2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы…………13
2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері………………………………………………………………………..14
2.3 Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері………………………...18


ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………25

Файлы: 1 файл

kurs_4024.doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

«Халықаралық  туристік ұйымдар»

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3

 

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ………………………5

 

1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың  қызметтері…………………………..5

1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі……………………………………………………………………………10

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ……………………………………………………………………………13

 

2.1 Қазақстандағы туристік  кәсіпорындардың дамуы және табысы…………13

2.2  Қазақстан Республикасында  туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері………………………………………………………………………..14

2.3  Туризмнің ұлттық  экономиканың дамуына әсері………………………...18

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………22

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………25

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бүкіләлемдік туристік ұйымдар ( БТҰ ) туризм саласында халықаралық ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6 шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік ассоциациилер кірген.

Соңғы 20 жыл ішінде шетел  туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны  жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз сома бөлінеді.

Мамандардың есептеуі бойынша  бір туристің келуінен түсетін табыс  мөлшері біздің елден әлемдік  нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

Мысалы, ТМД елдеріндегі  туризмнің даму қарқынына тоқталатын болсақ:

    • Қырғызстанда туризм үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл елде шетел туризмнің құндық көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады. Оған бүкіл табыс көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің барлық санының 43%-ті келеді). Бауырлас республикада туристік қызмет құрылымында ішкі туризм — 38,1%, ал одан түскен табыс — 32,2% құраған. Шығу туризмнен түскен табыс 4% болса, туристердің саны 18,3% тең.
    • Өзбекстанда қызметтің сапасы мен номенклатурасына, туристік-экскурсиялық қызмет көрсетудің формалары мен әдістерінің түрлілігіне жаңа талаптар қойылып жатыр.
    • Түрікменстанда туризмнің материалдық-техникалық базасын құру және дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық әлеуетті екі бағыт бойынша қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:

1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде туристік-экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.

2. Материалдық-техникалық базаны одан әрі қарай дамыту, туристік мекемелер торабын кеңейту және қосымша туристік ресурстарды игеру.

    • Қазақстанда аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.

Жұмыстың өзектілігі:

- Халықаралық туристік  ұйымдарды, олардың қызметтерін,  мақсаттарын және міндеттерін  зерттеу;

- әлемдік экономикадағы мәнін, туризм ұғымы мен түсінігін анықтап, зерттеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші факторларды ашып көрсету, халықаралық туристік ұйымдар, яғни фирмалардың жұмыс істеу нәтижелерін қарастыру  және  оның негізгілерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы:  курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ

1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері

 

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне жеті жыл болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы - туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы "туризм"' ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың" дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның қуыршақтай ғана Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас және маңызды саласы ретінде өрістету үстінде.

Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының  ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының  көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен  кірістің ұлғайюына әкеліп соқпақ.

Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек жайды. Олар алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады. Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл һәм тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шоп-туризм арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшерде импортталуы байқалуда және базардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне көз жүгіртсек, оның өте баяу дамып отырғанын көреміз.

Жалпы туристік ағынның 69,2%-і шығу туризмі, 11%-і кіру туризмі, ал 19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет елдердің үлес-салмағы үстем (96,1%), ТМД-ға 3,9% ғана. Кіру туризмінде де ТМД-дан келушілер 26,2% қана.

Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95% болса, кіру мен ішкі туризмге 3,5% пен 1,5% сәйкес келеді. Осы мәліметтерді қорытындылар болсақ, алыс шетжақ Еліміздегі туризмнің қазіргі халі: мәз емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан өзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас," сұлу табиғат жағдайларына: бай жеріміз, дүнім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түүсіруі әбден мүмкін.

Азаматтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес және өз азаматтарымыздың келуі мен республика ішінде қозғалуы айтарлықтай пайда әкелмейді.

Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда байлансының теріс жағын көрсетуде.

Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) анықтауынша, елдер ең алдымен туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушы болып екіге бөлінеді. Қазақстан осының алғашқы тобына жатады (1-кестедегі мәліметтер). Күллі әлемде "жеткізіп беруші елдерге" жоғары дамыған, ірі өнеркәсіп әлеуетіне ие мемлекеттер енеді. Біздің республикамыз "қабылдаушы елдер" санатына кіруі керек еді (Марокко, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың арзан тауар кездерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде "шоп-туризмнің" құрт өсуі бәсеңсір емес.

Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (1-кесте), жағдай былай боп шығады.

Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету мөлшерін қарастыра отырып (1-кесте), мынандай қорытынды жасауға болады: резидент еместер (ҚР азаматтары емес) мен резиденттердің (ҚР азаматтары) көп бөлігіне Алматы қаласында туристік қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77 һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігі Алматы қаласы үлесіне тиген, яғни резидент еместерден 93%, ал резиденттерден 54%. Тек аз ғана сыбағасы (28%) Орталық Қазақстан экономикалық ауданының резиденттеріне (7,3%) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола облысының өзі 5,9% резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің Алматыдан кейінгі ат басын көбірек тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15%).  Осыдан ұғынарымыз, шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызда шоғырланса, өз азаматтарымыздың дені "шоп-туризмді" солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып жатыр.

Қазақстанның табиғат  ерекшеліктері кез келген туристі  бейжай қалдырмайтынына біз кәміл  сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді түризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып көрсету. Олар:

- республикадағы бүкіл  туризм инфрақұрылымын жүйеге  келтіріп, болашаққа бағыт-бағдарын  анықтау қажет;

- туризм объектілеріне  көлік пөн коммуникация байланысының  қолайлылығын жақсарту;

- қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдерді салу кезінде маусымдық ерекшеліктеріне көңіл бөлу; :

- туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат  жұмысын озық технологиялық әдістерді  пайдалана отырып жүргізу;

 

       1 – кесте. Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсеткіші.

                                                                                                                                            

 

Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші еддерден қашық орналасуы әуе көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығыи дәлелдей түспек. Болашақта әлемдік деңгейдегі әуе порттарын республикамыздың барлық облыс орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.

Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000 километріне шаққанда 32,2 км келіп түр, Олардың 17,4 мың шақырымы республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бүның 11,8 мың километр жолы халықаралық жағдайға жетпек.

Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде  туризмнің қапыптасу кезінде  басымдық бағыттардың ішінде теңіз  қатынасының өрлеуі айқындалуда, Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының реконструкциясы мен кеңейтілуі жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге бетбұрысы круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл тұрғыда әуе көлігі туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде туризм индустриясының ажырамас әрі жылдамдығы жағынан елеулі бөлігі болып саналады. Туристік компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен көлтеген шарт жасасып, екі жаққа да түсімнің ортақ үлесін бөліседі.

       Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге жеткізу болашақта тұрған күрделі мәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49%-і Еуропада орналасқан, Ресейдің қонақ үй қоры (4878  қонақ үй) Европаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен пансионаттар басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында. Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысына арналған рекреациялық орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері, фирмалар, т.б. қосылады.

Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы  туристік қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында, шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.

Қазіргі кезде "Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы" , "Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы", Қазақстан Республикасының "Туризм туралы Заңы" сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық бағыттарын анықтаған едік:

- туризмді экономиканың  басқа салалары деңгейіне теңдестіріп,  оның      бір қалыпты  өрістеуін бақылау;

- туристік инфрақұрылымды  қайта жабдықтау және жаңа  талаптағы объектілерді салу;

- шет елдің алдыңғы  дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен қоян-қолтық қатынас жасап, тәжірибе алмасу;

- туризмдегі көлік  пен коммуникациялар жүйесін  әлемдік стандарттарға жеткізу;

- халықаралық туризм  үшін кадрлар даярлап, олардың  кәсіптік біліктілігін арттыру;

Информация о работе Халықаралық туристік ұйымдар