Халықаралық әйелдер күні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:23, сочинение

Описание работы

Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады.
ΧΙΧ ғасырдың орта тұсына қарай әлемде нәсілдер мен түрліше тап өкілдері арасындағы теңсіздік мәселесі жойылғанымен, көптеген елдердегі әйелдердің құқы шамадан тыс шектелді. Кей елдерде оларға сайлау құқы мен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқы берілмеді. Осындай шектеулер олардың қарсылығын тудырды.
1908 жылы 8-наурызда Нью-Йорктік социал-демократ әйелдер ұйымының бастамасымен ”Әйелдер де тең құқылы болуы керек” деген ұранмен шеру болды.
1909 жылы 28-ақпанда Американдық Социалистік партия ”Ұлттық әйелдер күні” деп ақпан айының соңғы жексенбісін жариялады. Бірақ бұл мереке не бәрі 1913 жылға дейін ғана жалғасын тапты.

Файлы: 1 файл

Халықаралық әйелдер күні.docx

— 15.90 Кб (Скачать файл)

1910 жылғы 27-тамызда Данияның  Копенгаген қаласында өткен әлемдік  ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.

1914 жылы 8-наурыз елдердің барлығында әйелдер күні бірдей болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде ешқандай да әйелдер күні болмады.

1917 жылы Австралия, Финляндия, Норвегия, Дания және Исландия сынды елдерде әйелдерге жартылай немесе толықтай сайлау құқы берілді.

1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петербор қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.

1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.

Әйелдер қауымы талай күресті бастан кешіп, соңында өздерінің төл мерекелеріне де қол жеткізді. ”Басы қатты болса, соңы тәтті болады” деген осы болар.

Қазіргі таңда.

8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.

Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women-only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.

Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.

Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көр таралған түрі.

Бұл мереке Индиялық жұмысшы әйелдердің қазіргі қоғамдағы орнын, күш-жігерлерін айшықтай түседі. Көтерген іс-шаралар осы тақырыптың айналасында өрбиді.

Информация о работе Халықаралық әйелдер күні