Бағдаршамдарды гелиоэнергетикалық қондырғылардың көмегімен қуаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 15:30, реферат

Описание работы

Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – ЭКСПО-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Астананың ЭКСПО-2017 арналған негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл тақырып альтернативті энергия көздерін, «жасыл» технологияларды іздеу мен дамыту мәселесіне арналған.
Осы тұста болашағы жаңа бағыт күн батерия саласы. Күн батарея немесе күн панелі термині арқылы бірнеше біріккен фотоэлектрлі түрлендіргіш – жартылай өткізгіш құрылғыны айтамыз. Ол күн сәулесін тікелей тұрақты электрлі тоққа түрлендіреді. Кішкентай кезімізде күнделікті көріп жүрген калькулятор, плеерлер, фонарик, және тағы да басқа бұйымдарда күн сәулесінен қуат алатын батарейлердің қолданылатынын білеміз.