Машина жасау өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:23, контрольная работа

Описание работы

Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс.

Содержание работы

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мж2.docx

— 76.21 Кб (Скачать файл)

Сауда саясаты. Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету: 
ақпараттық, сараптамалық қызмет көрсету; 
өндірушілерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік-талдау ақпараттарын ұсыну; 
экспорттаушыларға көмек ретінде нұсқаулық материалдарды жариялау; 
нақты өнімдердің тауарлық белгілерін жылжыту; 
шетелдерде сауда миссияларын ұйымдастыру; 
шетелдік өкілеттіліктер желісін құру. 
Машина жасау өнімін экспорттаушыларды гранттық қолдау өз өнімдерін экспортқа шығаруға байланысты шаралар бойынша экспортшы шығындарының 50 %-ың орнын толтыру, оның ішінде: 
сыртқы нарықта нақты өнімді (қызметті) жылжыту (брендинг) және айналдыру; 
шетелде тауар белгісін тіркеу және сертификаттау рәсімдері; 
экспортты басқару сферасындағы кәсіпорын қызметкерлерін оқыту; 
қызметінің алғашқы үш жыл көлемінде шет елде өкілеттілік/өкіл/шоу-бөлме/офис ашу; 
саланың экспорттық өнімдерінің, нарық сегменттерінің, аймақтарының каталогтары; 
франшизаларды тарту; 
ағылшын тілінде экспортшының веб-сайтын құру және іске қосу; 
нақты нарыққа нақты өнім (қызмет) түрімен кіру бойынша маркетингтік зерттеулер. 
Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын жылжыту үшін қаржылық ынталандыру жасау 022 «Экспорттаушы — 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу» Республикалық бюджеттік бағдарламасымен қарастырылған экспортты қолдау шараларына шығындардың орнын толтыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Қажетті ресурстар. Бағдарламаны қаржыландыру даму институттары қаражатының, кәсіпорындардың меншікті қаражатының, отандық және шетелдік инвестициялардың есебінен және республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады. 
Республикалық бюджет есебінен қажетті қаржыландыру көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды: 
100 млн. теңге технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құруға; 
2 330,182 млн. теңге саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқу орнын соғуға. 
Оның ішінде: 
2010 жылы — 439,173 млн. теңге; 
2011 жылы — 1 991,009 млн. теңге; 
2012 жылы — көзделмеген; 
2013 — 2014 ж.ж. — 2013 — 2015 жылдарға бюджетті бекіту кезінде көзделеді. 
Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы негізінен кәсіпорындардың меншік қаражаты және қарыз қаражаттар есебінен жоспарланып отыр, барлығы — 425 242,15 млн. теңге. 
Оның ішінде: 
2010 жылы — 22673,4 млн. теңге; 
2011 жылы — 263 830 млн. теңге; 
2012 жылы — 54 380 млн. теңге; 
2013 жылы — 9261 млн. теңге; 
2014 жылы — 75 097,75 млн. теңге.

Қорытынды 

Машина жасау  кешені — шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие.  Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009
  2. Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур
  3. Мендебаев, Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: [жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы] / Т. М. Мендебаев. — Алматы: Эверо, 2005. — 321 б.
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
  5. Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2.

Информация о работе Машина жасау өнеркәсібі