Машина жасау өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:23, контрольная работа

Описание работы

Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс.

Содержание работы

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мж2.docx

— 76.21 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

I) Кіріспе

II) Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының  машина жасауды дамыту жөніндегі  2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.

2. Машина жасау  кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін  бағалау

3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

 

5. Саланы дамытудың  негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы 
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.

6. Бағдарламаның  мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары  және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері.  Қажетті ресурстар.

III) Қорытынды

IV) Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

Машина жасау  бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық  деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше  рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді. 
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады. 
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған. 
Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және  машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының  машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы  етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі .Ө. Исекешевке жүктелсін. 
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы; 
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің  18-тармағы 
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бағдарламаның паспорты.

Атауы:   Қазақстан Республикасында машина жасауды  дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.

Әзірлеуге арналған   негіздеме:  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан  Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5-тармағы

Жауапты орындаушы: Қазақстан Республикасы Индустрия  және жаңа технологиялар министрлігі

Мақсаты:  Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді  ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту

Міндеттер:  1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және 
жаңа өндірістер құру 
2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді 
пайдалану 
3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және 
дамыту 
4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті 
кадрлармен қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімдері:  2010 — 2014 жылдар 
Нысаналы  жалпы қосылған құнды 74 %-ға өсіру. Саладағыиндикаторлар  еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге дейін ұлғайту. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.

Қаржыландыру:    Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының  және   қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері    және шетелдік инвестициялар мен республикалық  бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады. 2010 — 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды.  Соның ішінде: 
2010 жылы — 439,173 млн. теңге; 
2011 жылы — 1 991, 009 млн. теңге; 
2012 жылы — көзделіп отырған жоқ; 
2013 — 2014 ж.ж. — 2013 — 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде  көзделеді.

Машина  жасау кешенінің қазіргі заманғы  жай-күйін бағалау. Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату. 
2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі — 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % — ын құрайды. 
2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы — 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.  Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті.  Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді. 
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады 
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды. Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі — ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 — Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі. 
Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.

Машина жасау  өнімінің импорты мен экспорты

 
 

 

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы, млрд. теңге, оның ішінде:

4012,7

5852,4

4558,0

8563,4

4190,3

6371,4

ТМД елдері

1788,4

976,1

2104,9

1332,7

1780,0

1001,7

әлемнің басқа да елдері

2224,2

4876,3

2453,2

7230,7

2410,3

5371,2

оның ішінде:

           

Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық

1078,9

42,9

1209,3

55,0

1140,0

40,3

ТМД елдері

245,5

34,3

287,4

40,6

233,8

25,6

әлемнің басқа да елдері

833,4

8,6

921,9

14,4

906,1

14,8

Жер үсті, әуе және су көлігі құралдары

698,5

69,9

551,5

96,5

421,9

16,2

ТМД елдері

199,9

16,1

182,5

26,0

125,1

5,3

әлемнің басқа да елдері

498,6

53,8

369,0

70,5

296,8

10,9

Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары мен аппараттары

91,7

2,2

100,8

3,0

93,8

2,5

ТМД елдері

17,4

0,7

18,2

1,3

15,9

0,9

әлемнің басқа да елдері

74,3

1,5

82,6

1,8

77,9

1,6

Машина жасауда  аталғандардың барлығы:

1869,2

115,0

1861,6

154,5

1655,7

59,0

ТМД елдері

462,8

51,1

488,2

67,9

374,9

31,7

әлемнің басқа да елдері

1406,3

63,8

1373,5

86,6

1280,8

27,2


Қазақстандағы машина жасау өніміне деген қазіргі  сұраныс импорт есебінен толықтай қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемі 1655,7 млрд. теңгені , ал ішкі өндіріс 282,5 млрд. теңгені құрады. 
Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады — оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады. Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады. 
Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым. 
Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.

Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау. Қазақстанда машина жасауды одан әрі дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді нақты айқындау қажет. 
Төменде келтірілген кестеде Қазақстандағы машина жасаудың негізгі күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер ұсынылған. Одан арғы шараларды айқындау үшін келеңсіз факторларды жою, қауіп-қатерлердің алдын алу және сонымен бірге оң факторларды күшейту, мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

Машина жасау  жағдайын SWОТ — талдау

Күшті жақтары: 
1. Ішкі сұраныстың бірінші кезекте жанама салалар тарапынан артуы. 
2. Көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның негізгі өндірістік кластерде болуы. 
3. Ірі кәсіпорындарда өндірістік инфрақұрылымның болуы. 
4. Қолда бар машина жасау кәсіпорындары.

Әлсіз жақтары: 
1. Ішкі нарықтың тіпті болашақта да салыстырмалы кіші көлемі. 
2. Білікті кадрлар тапшылығы, соның ішінде мамандардың шет елге кетуі. 
3. Қазақстанның машина жасау өнімінің бәсеке қабілеттігі деңгейінің төмендігі (негізгі қорлар тозуының жоғары болуы, қуаттардың төмен жүктемесі себебінен және т.б.).

Мүмкіндіктері: 
1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруіне байланысты нарықтың кеңеюі. 
2. Белгілі бір сегменттерде және тауашаларда технологиялық көшбасылар болып табылатын АҚШ және Еуропа компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру есебінен технологиялар трансферті (дағдарыс мүмкіндіктерін қолдана отырып). 
3. Елдің ішкі және халықаралық кооперацияларының дамуы, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және төменгі шектегі компонентті базаларды жеткізушілер ретінде Ресей және Қытайға жақындықты 1 пайдалану.

Қауіп-қатерлер: 
1. Шикізат тауарларына баға мен сұраныстың және өз кезегінде Қазақстанның машина жасау өніміне ішкі сұраныстың қысқаруына әкелетін әлемдік дағдарыс ұзақтығының сипаттамасы. 
2. Басқа елдердің машина жасау кәсіпорындары тарапынан бәсекелестік. 
3. Білікті кадрлардың жас шамасының ұлғаюы.


Мұнай-газ  машиналарын жасау. Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндірісінің ірі тұтынушысы болып табылуына негізделген.

2008 жылы Қазақстан  Республикасының нарық көлемі 168 млрд. теңгені құрады, оның 12 %-ын  отандық өнімді сату құрады. Қалған  мұнай-газ жабдықтарына қажеттілікті  импорт қанағаттандырды, оның  көлемі 2008 жылы 150 млрд. дерлік теңгені  құрады. 
Қазақстан кәсіпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшін әртүрлі күрделі жабдықтарды шығаруды іске асырады, бұл теңіз платформалары өндірісін игеруге мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерін жасау ойдағыдай игерілді, олардың көбі әлемдік стандарт бойынша өндіріледі. 
Осы сегменттің басымдығы мұнай-газ жабдықтарына сұраныс бірінші кезекте Қазақстандағы мынадай негізгі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына негізделген: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндіруші ірі компаниялардың жоспарына сәйкес 2020 жылға мұнай өндіру көлемі 2,4 есе ұлғаяды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында Каспий қайраңында жаңа ірі кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Сұраныстың жоғарлауының екінші маңызды факторы технологиялық артта қалудың және мұнай өңдеу өнеркәсібі қуатының тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының 80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусіз пайдаланылуда.

Информация о работе Машина жасау өнеркәсібі