Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:33, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.

Содержание работы

Негізгі бөлім
1.Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
2.Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
3.Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
4.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуының құқықтық негізі және жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

К_с_пкерл_кт__ дамуы.DOC

— 90.00 Кб (Скачать файл)
    • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
    • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік  немесе акционерлік  түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын  ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына  және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

    • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
    • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
    • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Кәсіпкерлік әртүрлі формада  болады. Оларды топтастыру негізінде екі  белгі жатыр: меншік формасы және фирма  көлемі.

Меншік  формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік  және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың  ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандару кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.

Жеке  кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершідігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның  артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына  өзі ие, кез келген өзгерісті өзі  жасай алады. Ол тек  табыс салығын  төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлісіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация  деп кәсіпкерлік  қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық  акциялар бойынша  бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысына корпорацияға салынған салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерліктің формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Кәсіпкерлік көліміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.

Орта  бизнес елеулі рөл атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес.

Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте  қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.

Коммерциялық  емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады.

Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Шағын бизнес кәсіпорынды  ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет  етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында  кеңөріс алады. Өе жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

Шағын кәсіпорындардың  ең басты маңыздылығы  – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын  кәсіпорындар жұмыс  орындарын көбейтуге  жағдай жасайды, сөйтіп, жұмысссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуынна қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

    1. ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықтық негізі және

                                                           жолдары

 

Қазақстандағы экономикалық реформаның жетістіктерінің бірі шағын бизнестің құрылуы мен дамуы. Кәсіпкерліктің қазіргі нарықтық жүйені құрастырушы бөлігі және нарықтық механизмінің қүрылуының басты қүрылғысы болып табылатындығын бүгінде қоғам мойындаған тәрізді. Бұл жаңа жұмыс орнын құруға, нарықты тауарға және қызметке толтыруға, бәсекелестік ортаны құруға, қоғамда орта класты құруға негізделген экономикалық және әлеуметтік қызметтердің кең көлемділігімен түсіндіріледі.

Әлемдік практика көрсеткендей шағын бизнес мемлекет дамуына үлкен рөл қосады және қазіргі экономикада өз орнын алады. Бірақ кәсіпкерліктің кең көлемде дамуы мемлекет жағынан барлық - мемлекеттік, аумақтық, жергілікті деңгейде әр жақты және белгілі қолдау көрсетуді қажет етеді. Бұл әсіресе Қазақстан үшін өте қажет. Жалпы экономикалық құлдырау жағдайында әйелдер мен жасөспірімдер арасында Жұмыссыздықтың өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдық мамандық деңгейін көтеру, ішкі көшірмелеу және мамандануды қолдану өте қажетті мәселелер болып табылады. Бұл жерде кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылған, осы бағытта кең көлемде жұмыс жасауда, бұл жағдайдан тек қана көпшаралы және икемді мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана шығуға болады.

Шағын кәсіпорынды қаржыландыру мәселесі өте шиеленіскен. Шағын  бизнеске өзіндік қорлар жетпейді, біздің банктердің оларға несие бергілері  келмейді, ал мысалға, халықаралық қарыз  алу негізделген сауатты бизнес-жоспар ұсынылуы қажет. Бүның өзі де қарыз  алуға үнемі кепілдік болмайды. Сондықтан бұл мәселені шешуге келесі жағдайлар ұсынылады: кәсіпорынның уақытша бос қорын шоғырландыратын қарама-қарсы несиелеу ұйымы немесе консорциумын, яғни шағын бизнесті қаржыландыру фондын құру.

         Орнында көмек көрсетуге арналған ҚР- сы реформасы және стратегиялық жоспарлау агентствасы жанынан шағын бизнесті қолдау департаменті ұйымдастырылған.

ҚР Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті дамуын белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" жарғысы республика аумағындағы кәсіпорындарға, әсіресе өндірістік сферадағы, сонымен қатар жеке және жанұялық қожалықтарға жағымды режим жасауға арналған. Бұл жарғы мемлекеттік органдардың алдына қажетті тапсырмалары бар саяси мәселелерді қояды, ал мазмұны мен маңыздылығы жағынан шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалы құжат болып табылады.

            Қазақстандағы шағын орта кәсіпорындар көптеген қиыншылықтармен кездеседі.

-кредитке қол жетпестік,  яғни банк тағайындаған пайыз  мөлшелемесі мен инфляция деңгейі арасындағы үлкен айырмашылық;

-нормативті базадағы  түрақсыздық;

-өнімге сүраныстың  аздығы;

-сатылар қызметі арасындағы  келіспеушілік;

-кәсіпорынның ішкі ұйымдастыру мәселелері;

Көптеген кәсіпорындарға табысты стратегиялық қызметті анықтауға мүмкіндік жетпейді. Сол себепті көптеген шағын кәсіпорындарда жауапкершілікті және еңбекті дұрыс бөлмеу, серіктермен және бәсекелестермен қарым-қатынаста жүмысшылардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі орын алуда. Көп жағдайда шағын және орта бизнес кәсіпорындары басқа да шаруашылық субъектілерімен кеңеседі, бұл мүлде дұрыс емес.

Біздің республикамызда  аз деградацияланған қалалары мен артта  қалған аудандарындағы рентабельділігі  төмен саладағы шағын бизнеске қолдау көрсету керек, өйткені бұл жедел  кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтитын әлеуметтік қызмет атқарады.

Сондықтан шағын бизнес мәселесін шешуге жүйелі жақындау ғана, бұл сектордың Қазақстан экономикасында тиісті деңгейге көтерілуіне және республиканың экономикалық өсуіне септігін тигізетін фактор болуына жағдай жасайды. Мұндай жағдайда кез келген кәсіпкер іскер адам бола алады, ал кез келген іскер адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерліктің дамуы осы қызмет аясындағы субъектілер болғанда ғана мүмкін. Бүл субъектілер нарықтық қатынастың дамуына ықпал жасайды.

 Кәсіпкерлік субъектілердің пайда болуы идиологиялық, саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың "кәсікерлік жарылыс" жасаушы нақты қоғамдық жағдайдың болуын білдіреді.

Тиімді деңгейде кәсіпкерлік дамуы осы қызметті іске асыру, тек нақты қоғамдық жағдай-кәсіпкерлік орта болғанда ғана мүмкін. Кәсіпкерлік орта бұл ең алдымен нарық, қатынастың нарықтық жүйесі, сонымен қатар кәсіпкердің жеке еркі, яғни өз көзқарасы бойынша өте тиімді, максимум пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен  төртке топтастыруға болады: өндірістік, комметциялық, қаржылық, консультативтік.

Өндірістік  кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге  және қызмет көрстеуге, жинауға, өңдеуге  және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға  бағытталған қызмет.

Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда-айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерліктен қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет етпейді.

Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір  түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату айырмашылығы тауарға шығады: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер), яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқытық жағдайлар жасалу қажет.

Кәсіпорын экономикасы кәсіпкерлік  қызметін, процестерді  зерделеу және шаруашылық шешімдерін қабылдайтын  дербес экономикалық пән болып табылады. Ол өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақталы өндірістік, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыруда тиянақты шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді, экономикалық заңдардың әрекет ету көрінісін өндіріс процесінде және өнімді сатуда, ресурс шығындарын ең аз мөлшерде жұмсай отырып, өндірістің нәтижелігін арттыруды қамтамасыз ететін кәсіпорынның түрлі салалары және меншік нысандары, шаруашылық тетігін көрсетеді.

Кәсіпорынның  сыртқы экономикалық қызметі елдің  экономикасын тұрақтандырудың  маңызды факторы. Қазіргі кезде шаруашылық қызметінің негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады. Осы деңгейде сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысандары іске асырылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары