Ғылым және оның қоғамдағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 13:10, реферат

Описание работы

"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Содержание работы

Мазмұны:
1. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
2. Ғылым және тұлға
3. Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы
4. Еркіндік мәселесі мен тағдыр
5. Пайдаланған әдебиеттер
6. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Философия срм.doc

— 104.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Мазмұны:

  1. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі

  1. Ғылым және тұлға

  1. Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы

  1. Еркіндік мәселесі мен тағдыр

  1. Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1. "Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдыльқтары, танымның өзі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропадағылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзіндік өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі


Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика,геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика,физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика —оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда.

Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т.б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді.

Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:

  1. ғылым субъектісі — ғалым. Бұл—ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
  2. объект (нәрсе, пән саласы) — алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
  3. ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
  4. табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).

Эмпириялық зерттеулердің негізі төжірибе болып табылады. Тәжірибе жасаушы жанама жағдайларды ысырып тастап, зерттелетін кұбылысты таза күйде бөліп алуға тырысады. Төжірибеде құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Көп уақыт бойы "кұралдардың ерекшеліктері зерттелетін құбылысқа өсер етпейді" делініп келді. Мысалы, термометрмен су немесе сынаптың қайсысын өлшесеңіз де нәтиже бірдей болады. Алайда өте ұсақ "элементар" бөлшектермен (электрондар, позитрондар) жүргізілген тәжірибе нәтиже кұралдың тұрпатына тәуелді болатындығын көрсетті. Эмпириялық таным әдістерінің арасында бақылау әдісі жиі қолданылады. Мысалы, астроном-ғалымдар жұлдыздарды бақылайды, өйткені оларды зертханаларда зерттеу мүмкіндігі жоқ. Бақылау биологиялық және әлеуметтік зерттеулерде де кең колданылады. Соңғы кездері ғылымда модельмен тәжірибе жасау деп аталатын әдіс көп колданылады. Онда тәжірибе түпнұскаға емес, оған ұксас үлгі — модельдің көмегімен жүргізіледі. Қазір компьютермен модельдеу жиі үшырасады. Модельмен тәжірибе жасау зерттелетін объектіге тура көл жеткізуге болмайтын жағдайда жүргізіледі. Мысалы, гидроқұрылысшылар тек тәжірибе үшін өзенге бөгет сала алмайды. Мұндайда жобалау институтының зертханасында модельмен тәжірибе жасалады.

 

2. Ғылым және тұлға

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. 
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.

3. Тұлғаның құндылық  бағытын қалыптастырудық методологиясы


  
          Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. 
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. 
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. 
          Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.

Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. 

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. 
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.

Еркіндік мәселесі және тағдыр

 

Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың , халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. 

Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Ғылым және оның қоғамдағы рөлі