Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 14:26, реферат

Описание работы

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Ғылым философиясы.docx

— 119.82 Кб (Скачать файл)

Оның бiрiншi формасы ұғым-  заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы.   Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық).    Ойлаудың қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.

Пiкiр ұғымдардың логикалық байланысынаң құрылады. Пiкiр арқылы адам шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысың анықтайды. Басқалай айтқанда пiкiр  адамның ойлау қабiлетi  деуге болады.  Пiкiр-ұғымның байланысының көмегiмен бiрдене жайында не қостайтын не терiстейтiн ойдың формасы. Пiкiрдiң негiзгi элементi ұғым болып табылады, өйпкенi пiкiр ұғымның мiнiң ашып бередi. Басқаша айтқанда ұғымдарды “ұғуға”, түсiнуге көмектеседi. Мысалы: оқыту-ұғым, оқыту- диалектика заңдарына сай келетiн булумдер алмасу және жаңа бiлiм алу процессi- пiкiр.     Пiкiрдiң тiлдiк формасы граматтикалық сөйлем болып табылады. Пiкiрдiң таным формасы- ақиқатты немесе жалғандықты бiлдiредi. Ештене бiлдiрмейтiн пiкiр болмайды.

Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ойқортынды болып келедi. Ол- белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн- пiкiр  болып табылады. Ойқортынды- екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып табылады  Ойқортындының маңызды белгiсi: ол арқылы адам шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарың  тiкелей  байланысқа кiрмей ақ, ол туралы бiлiм ала алады, пайымдау арқылы, жаңама түрде.

Рационалды таным  туралы сөз қозғағанда, пайым (рассудок) және зерде (разум) өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.

Пайым мен зерденiн өзара қатынасын түсiндiруге И.Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан сон ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде  одан жоғары ештене жоқ”.  Канттың айтуынша пайым- пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным нагiзiнде алыңған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi классификациялап, жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi.Ал зерденiң, өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiн қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнең шықпайтың болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiн бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, терендетедi.Пайым мен зерденiн ерекшiлiктерiн анықтай отырып Кант оқушының интелектуалды қасиеттерiн дамыту жолдарың ұсынды: 1) жалпыны тану, пайымдау қабiлетiн қалыптастыру, ережелер құруға үйрету; 2) пiкiр қалыптастыру, ерекшенi жалпыға келтiруге үйрету; 3) жалпыдан ерекшенi белгiлеу, принциптердiн өзiң қалыптастыруға үйрету, зерденi қалыптастыру.

Мәселе шешу: Канттың негiзгi принциптерi (максималары) даналыққа әкеледi:

· өзiнiң пiкiрiн болуы;

· өзiн басқаның бәрiнде көре бiлу, өзiн ойлау (қарым-қытынас);

· үнемi өзiмен үйлесiмдiлiкте ойлану.

Осы принциптердi данышпан болуға жеткiлiктi деп ойлайсындарма?

Қандай максималарды, даналыққы әкелетiн, сендер ұсына аласындар?

Қазырғы педогогика мен психология пайымдау қабiлетi Канттың түсiнiгiне қарсы, туғаннаң болмайтының көрсетедi. Бұл қабiлет тек нақты практикалық және теориялық әрекет барысында қалыптасады.Ақыл-ойдың екi компонентi ретiнде пайымдау мен зерденi ғылым да мойындайды: сол жақ жарты шарлық ойлау- пайымдаулы ойға жатады, ол қаталдау, абстрактiлi, кестеленген, логикалық тұрғыдан реттелген болып келедi; оң жақ жарты шарлық ойлау- бұл зерделi, түсiнү-мәндi ойға жатады, жалпы бейнелеу, ңақтылық, бiртұтастық болып келедi, бұл шығармашылық-құрылымдық ойлау, нақтылықтын жалпы бейнесiн бiртұтас күйде қамтитын.

Таным процесiнде  маңызды орынды сезiмдiк және рационалдының өзара қатынасы мәселесi алады. Бұл мәселемен байланысты екiқарама қарсы пiкiрлер қалыптасты: сенсуалистер- танымда сезiмдiк формалардың маңыздылығын арттыра бағалайды; ал рационалистер-керiсiнше абстрактiлi ойлау формаларына шешушi орын бередi. Ал сонғы кездерi бұл танымның екi түрлерiде маңызды екенiң, екеуiнде бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға, ажыратуға болмайтының дәлелдедi, өйткенi олар бiрi-бiрiнен өтiп жатады.

2. Адамға дүниенiн iшкi мәнiн үңiлуге, табиғаттың, қоғамның, тухани өмiрдiң даму заңдылықтарың бiлуге, адам санасының ең жоғары бейнелеу формасы- ғылыми абстракциялық, теориялық ойлау көмектеседi.

Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтiпсихологиясында ойлау- есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм-сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тстайды; вирцбург мектебiнiң  психологтары- ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы- ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.

Жалпы, ойлауды- сезiмдiк  және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу)  қалыптасатының дәлелдейдi.

Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы  басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi.

Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi.  Ойлаудың  мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.

Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi  бейнелеу болып келсе, ойлау- iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де) жанама (косвенно, опосредованно) ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiн элементтерi ойлаудың абстракциялаужәне жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады.Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.

Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мәнқалыптастыру(смыслообразующая); 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдененi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады- коммуникативтi; 3)тiл, ойды жеткiзу құралы болғанымен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады-гносеологиялық, 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптар, ережелерi мен идеалдар) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу,  бiлiм беру iске асады- әлеуметiк-мәдени.

Сонымен, адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi роль ойнайды. Ол адамға дүниенiигеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрек барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi. Мысалы: Гумбольт- тiл туралы ойды дамытып, оны “халық рухынын” көрiнiсiнiң формасы деп түсiндi; Кассирер- тiлдi адамның туғаннаң бар, символдармен қолдану  қабiлетi деп түсiндi; Бергсон мен Гуссерль- сезiмдiк тәжiрибенi ерекше түрде өзгерту (трансформациялау) тiлдiн қасиетi туралы идеяны усынады, Айдукевич- ұғымдық аппаратты өзгерту жолымен жалпы әлемнiң беәнесiн де соған сай өзгертуге болады деп, тiлдi әсерледi.

Әрине, тiл- шындық дүниенiң адам санасында бейнеленуiнiң қажеттi құралы болып табылатыны еш күмән келтiрмейдi. Тiлдiк құралдардың дамуы мен жетiлдiруi адамның бiлiмi мен практикалық әрекетiне тiкелей байланысты болатынның да ескеру қажет. Тiл-дегенiмiз, ойлауды, танымды, коммуникацияны, информацияны сақтау және оны жеткiзу, сондай-ақ адамды басқарудың құралы қызметiн атқаратың, әлеуметтiк-мәдени детерминацияланған белгiлер жүйесi болып табылады.

Әр таңба- бұл материалды объект, ол қарым-қатынас пен ойлауда басқа объектiнi алмастырады. Сондықтан, нақты объектiлердi алмастыру қасиетi тiл таңбалары, бiзге заттармен емес, олардың бейнелерiмен қолдануға мүмкiндiк бередi. Көптеген тiл таңбалары үш топқа бөлiнедi: а)таңба-индекстер-олармен белгiленетiн заттар өзара себептiлiк қатынаста болады, оттың орынына түтiн, уақытты белгiлеу үшiн сағаттын тiлдерiн ынғайлы орналастыру; в)таңба- бейнелер бұл нақты заттарды алмастыратын бейнелер, фотография, сурет, кестелер, схемалар,иконалар; с)таңба-символдар белгiленетiн затпен физикалық қатынасы жоқ, светофор, теарт маскалары, көгершiн.

Екi түрлi таңба бiр объектiнi белгiлеу мүмкiн, бiрақ әр түрлi мән-мағынада. Керiсiнше болу мүмкiн емес. Мысалы: “Дүниеде ең терен көл ” және “Бұл көлге, 300 өзен құйылады, ал одан тек бiр      өзен өз бастауын алып ағады”- Байкал.

Тiлдiн мән-мағынасың түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiн бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты. Бұл мәселемен (тiлдiн пайда болу негiзi) байланысты әр түрлi түсiнiктер бар:1)дiни түсiнiк- тiл адамға Құдай мен берiлген (Библия-құдай дүниеде бар жануарлар мен құстарды адам алдына әкелдi, ол оларға ат беру үшiн; Гермес- адамдар мен құдайлар арасында аудармашы қызметiн атқарды); 2)конвенциональды теория- келесем-шарт теориясы, мұнда адамдар заттарды қалай атауды келiсiп алдын-ала келiсiп алды деп есептеу;  3)еңбек теориясы- тiлдiн пайда болуын табиғи, аяқ-астынан пайда болған күрделi әлеуметтiк құбылыс деп түсiну, оның пайда болуын ойлау мен қоғамдық еңбекпен байланыстыру.

Қазырғы философияда тiлдiн пайда болуын келесi аспектiлерде қарастырады:

1)  әлеуметтiк-мәдени шеңберде, мұнда тiл болмыс сферасы ретiнде мәдениеттiн аса маңызды белгiсi болып қаралады, ал белгiлi бiр адамдар қауымы оның мәнiң айқындайды. Мұнда тiл диалог, сухбат жүргiзу мүмкiндiк ретiнде түсiндiрiледi, өз ойын жеткiзу  және басқаны түсiну мүмкiндiгi, әр-түрлi тiлдердi жоғары тұрғыда бiрiктiру, ал жеке индивидуалдықты- жалпы ойлауға айналдыру;

2) философиялық- психологиялық контексте тiлдердiн негiзгi типтерi мен (заттық, образдық, таңбалы, символдық) және ойдың түрлерiн (практикалық, гуманитарлық, операторлық, көркемдiк, техникалық және теориалық) сараптап, олардың ерекшелiктерiн айқындап, екi жүелердiн арасындағы  байланыстарды анықтау; 3) логико-гносеологиялық аспектiде, тiл болуы мүмкiн әлемдердiн бiрi ретiнде көрiнедi, оған белгiлi бiр логика және ойдың спецификалық заңдары тән. Мұнда логикалық заңдардың универсалдылығы және тiлдiн  заттық аймағымен өзара байланысы маңызды болып келедi.

3.Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар,  мәселелермен  кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөң. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан  көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

Информация о работе Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде