Ғылым философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 18:48, лекция

Описание работы

Бағдарлама әдебиеттанудың заманауи мәселелерін қамтиды. Бағдарламада пәндері әдебиеттанудың өзекті мәселелерін ғылыми негізде, тереңдете қарастырылған. Пәндердің мазмұндары әдебиеттану ғылымында соңғы жылдарда зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілген мәселелерді

Файлы: 1 файл

Ғылым мен философияда ақиқат мәселесі.ppt

— 168.50 Кб (Скачать файл)

Қазақ Ұлттық  Аграрлық Университет 
Қоғамдық пәндер кафедрасы 
Ғылым тарихы мен философиясы пәні

 

Ибжарова Ш.А.

 

7-ші дәріс

 

Ғылым мен  философияда ақиқат мәселесі  

 

 

 

 
 
Ғылым мен  философияда ақиқат мәселесі  

 

1. Ғылымда ақиқат  ұғымы, анықтамасы және түрлері

2. Ғылыми ақиқаттың  белгілері мен көптурлері

Дәріс мақсаты:

 

  • Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесінің дамуына тоқтау
  • Объективтік, абсолюттік, қатыстымалық, нақты ақиқаттар түрлеріне тоқтау
  • Ғылыми ақиқаттың өлшемі (белгісі), ғылыми ақиқаттың белгісін анықтау түрінде әр-түрлі подходтар: К. Поппердің верификациялық, фальсификациялық, К. Гемпельдің «дәлельдеме парадоксы», Т. Кунның парадигмалық, И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламасы», В.В. Ильинның ғылымдылықтың белгісі, ғылыми ақиқаттың диалектикалық принциптері

Ақиқат мәселесі

 

  • білімнің объективтік реалдылыққа сәйкестігі туралы мәселе /яғни, объективтілік мәселесі, білімнің нақтылығы/.
  • негізгі сұрақ: біз адамзаттан, әлде нақты индивидуалды адамнан тәуелсіз өз біліміміздің мазмұның шығара аламыз ба, солай болса, қалай біз оның мазмұның объективтік реалдылыққа сәйкес мөлшерін шығарамыз?
  • бүкіл гносеологиялық мәселелер: ақиқатқа жету жолдарын алсақ ба, әдістері ма, әлде оның болу түрлері ма, түбінде ақиқат мәселесіне жиналып келеді, сөйтіп олар осы мәселені нақтылыққа әкеліп толықтырады

Ақиқат [грек aletheia, «жасырылмаған»]

 

1) классикалық  түсінігінде – өзінің пәндігіне  сәйкес білім;

2) қазіргі түсінігі  – мәдениеттің субъект-объектілік  реттік универсалиясы, мазмұны білімнің  құңдылық қасиеті болып табылады, бір жағынан, пәндік аймағымен  салыстырғанда, ал, екінші жағынан, ойлаудың процессуалдық аймағымен  салыстырғанда

Ақиқат концепциясы 

  • философия дәстүрінде «ақиқат» ұғымының, оның мүмкіндігінің, жету жолдарының, білімнің ақиқат белгілерінің альтернативалық түсініктер

Корреспонденция  концепциясы

 

  • ақиқаттың классикалық концепциясы бойынша – объект туралы білімнің мазмұны объекттің өзіне сәйкес 
  • корреспонденция концепциясының қолдаушылары: Аристотель, Ф. Бэкон, Спиноза, Дидро, Гельвеций, Гольбах, Фейербах, Ленин т.б.
  • негізгі сұрақ: біз өзіміздің білімімізден индивидуалды адамнан ба /объективті ақиқат/, әлде адамзаттан ба тәуелсіз мазмұнды шығыры аламыз ба, олай болса, қалай, яғни, сол мазмұнның реалдылыққа сәйкес мөлшерін қалай анықтауға болады/
  • Объективті ақиқат – біздің білімімізбен елестеріміз: а) адамнан, адамзаттан тәуелсіз; б) объективті реалдылыққа сәйкес
  • Абсолютті ақиқат – объект туралы шекті, нақты, толық, жетілген білім, «соңғы ақиқат» Корреспонденция концепцияны қолдайтын мектептердің өкілдерінің пікірінше, абсолютті ақиқатқа жету мүмкін емес, себебі, объективті өмір өзінің өзгеруіне тоқтатпайды және сарқылмас. Абсолютті ақиқат – танымның мақсаты, бағыты
  • Ықтимал /салыстырмалы/ ақиқат – объективті, әлі жетілмеген білім, келесіде толықтырылынады, анықталады
  • Когеренция концепциясы [лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу] – бұл концепция бойынша, ақиқат – ол идеалды аймақтың ішкі қасиеттеріне сәйкес білім: Абсолюттің мазмұнына /Платон, Гегель т.б./, туа біткен когнитивтік құрылыстарға /Августин, Декарт, кембридж платонниктары/, рационалдылық интуицияға анық /Теофраст/, субъектің сезіміне сәйкес /Юм/, ойлаудың априорлы түрлеріне сәйкес /Кант/ т.б.  
  • Прагматикалық концепциясы [грек pragma – іс-әрекет, тәжірибе] –объективті ақиқатты тану мүмкіндігі мен қажеттілігін жоққа келтіретін және оның ақиқаттық белгісін мақсаттық ұстанымға мен операционалдық пайдасына сәйкестікпен анықтайтын субъективті-идеалистік концепция (Джеймс, Дьюи)
  • Конвенцианалды ақиқат туралы концепция /лат. conventio – келісім, шарт, жағдай] – білімнің ақиқаты интерсубъективті конвенцияларға сәйкестік деп қабылдайтын пікір /Пуанкаре/. Ақиқаттың конвенцианалдық түсінігі Ежелгі Грецияда софистерге тәрізді /Протагор/

 

  • ақиқат дегеніміз – субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланыс, негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті
  • объективті ақиқат дегеніміз қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмүнды айтады. Егер объективті ақиқат болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы /ықтимал/ түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы /ықтимал/ ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз

Абсолютті  ақиқат терминінің үш мағынасы  бар:

  • Ол нақты толық білдіріледі. Яғни ақиқаттың ең соңғы шегі. Бұл мағынада ақиқат танымның бір де бір деңгейінде іске асырылмайды. Бұл метафора. Сол тұрғыда ол толық, нақты білімді білдіреді, яғни танымдық идеалдың бір түрі. Осы тұрғыда ақиқатқа танымның ешқандай деңгейіне жетуге болмайды
  • кейбір ақиқаттың қарапайым (инвариантты), тұрақты білімге келтіріледі. Мысалы, химиялық элементтер атомдық салмаққа ие
  • Абсолютті ақиқат ескі және алғашқы теорияны жоққа шығармайды, қайта дербес жағдай ретінде оны өз ішіне қоса қамтып, қолдану шекараларын анықтап береді
  • Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол зат пен ойлаудың сәйкестігінің үлкенге үлкені
  • Ақиқат туралы әр-түрлі түсініктер бар, қазіргі философияда оның ішінде негізгі үш концепция айқын:
  • сәйкестік концепциясы  – «Ақиқат – ол білімнің реалдылыққа сәйкестігі»;
  • когеренция концепциясы – «Ақиқат – ол білімнің өз-өзімен сәйкес келісімі»;
  • прагматикалық концепциясы, екі мағыналы түсініледі  – «Ақиқат – ол білімнің пайдалылығы, эффективтілігі»; «Ақиқат – ол тәжірибемен дәлелденген»
  • конвенционализм концепциясын (А. Пуанкаре, Р. Карнап и др.) «ақиқат» ұғымының анықтамасының мазмұны шарттық-келісім қасиетке ие болғансон еш қайсысымен келіспейді
  • Қорыта айытқанда, мәселе психиканың ақиқат түрлері туралы. Субъект-объекттік қатынаста субъективтілікке сәйкес құбылыс қасиеттері туралы мәселе. Ақиқаттың объективтілігі – гносеологиялық объективтілік 

Ғылыми ақиқаттың  белгілері мен көптурлері 

 

  • Ақиқаттың түрлерін бір-неше классификациялық белгілер арқылы шығарады: бейнелейтін /танымдық/ объект бойынша; пәндік түрлер бойынша, объекті меңгеру дәреже бойнша т.б.
  • Бейнелеу объект бойнша:Әуелі айтып кету қажет, ақиқат ұғымы объекті бағаламайды, оның идеалды бейнесін. Диалектикалық-материалистік позиция бойынша материалды мен рухани аймақтарға бөлуге болады /объективті мен субъективті/. Осындай подход бойынша ақиқаттың келесі түрлері айқын: материалды құрылыстың әр-түрлі құрылыстық деңгейлері /микро-, макро-, мега әлемдерде/, олар пәндік ақиқаты бойынша пәндік-физикалық, пәндік-биологиялық және басқа түрлерге бөлінеді.
  • «Рухтың» көп-түрлі аймақтарына қарай – сезім, идеялар, теориялар, рефлексивті қабылдаулар – рухани ақиқат деген ұғымды шығаруға болады.
  • Адамдар өздерінің рухани өмірінде сезімдерін, ойларын, іс-әрекетін «ақиқатты» әлде «жалған» деп бөледі, бағалайды. Рухани реалдылық көп түрлі. Сөйтіп, пәндік аймақта сияқты экзистенциалды, когнитивті реалдылықты шығаруға болады.
  • Экзистенциалды реалдылық адамдардың рухани-өмірлік құңдылықтарын кіргізеді, ігілік идеалын, ақиқат, әсемділік, махабатт сезімі, достық т.б. Адамдар осы мәселер бойынша өздеріні және басқаларын бағалайды, сол тұрғыдан экзистенциалдық ақиқатты қабылдауға болады.
  • Когнитивтік реалдылықты зерттегенде индивидтердің сенімдеріне сәйкес, діндік догматтардың кешеніне әлде бір адаммен ғылыми концепцияларды, теорияларды дұрыс түсінуде сұрақтар қойылады. Осы жағдайларда концептуалды ақиқат ұғымын қабылдауға болады. Және операционалды ақиқат – субъектің таным туралы әдістер мен тәсілдері туралы дұрыс түсініктер. Танымдық іс-әрекет бойынша, ғылыми, қарапайым, адамгершілік, өнер, діндік, авторитарлық  т.б. түрлерін шығаруға болады. Құбылыстың түбіне жету тұрғыдан ғылыми және қарапайым ақиқат туралы айтуға болады.
  • Қорыта айтқанда, ақиқат, ақиқаттылық – ол адамның объективті дүниені ғылыми әдістер арқылы зерттеуде және өмірдің басқа аймағының шеңберінде, реалдылықтың рухани меңгеру түрінде, танымдық және практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде айқын, яғни: дүниеде өзінің болмысын және қоршаған ортаны экзистенциалды түрде уайымдау; өзінің адамгершілік бейнесін дамыту, өмірдің әр жағдайында адамгершілікті таңдау;трансцендентік туралы – сенімде әлде атеизімде - өзіне жол ашу; эстетикалық құңдылықтар мен идеалдарды құрастыру процесінде;өмірдің мәні мен адам өмірінде өзінің арнауын анықтауда.

Информация о работе Ғылым философиясы