Элеуметтік философияның пәні жэне анықтамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 15:38, реферат

Описание работы

Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның саяси- құқықтық ұйымдасуы туралы ілімдердің орасан зор ықпалын философияда пәндік тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағының бөлініп шығуына алып келді. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және фундаменталды заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен жэне жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдардың принциптері және логикасы, заңдылықтары және ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Элеуметтік философияның пәні жэне анықтамалары
Негізгі бөлім:
1.Элеуметтік философияның мәселелрі
2.Элуметтік философияның функциялары
Қорытынды
Элеуметтік философия - тарихтағы қоғамдық болмыстың философиялык бөлігі.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 50.50 Кб (Скачать файл)

 

                                                       Жоспар:

Кіріспе

  1. Элеуметтік философияның пәні жэне анықтамалары

       Негізгі  бөлім:

1.Элеуметтік философияның  мәселелрі

2.Элуметтік философияның  функциялары

Қорытынды

  Элеуметтік философия  - тарихтағы қоғамдық болмыстың философиялык бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   "Әлеуметтік философия" терминінің айналымға қашан және кімнің енгізгені туралы дәл жауап беру қиын. Философияға енуі XIX ғасырдың екінші жартысы - соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философияның немен айналысатыны, оның пәндік ерекшеліктері, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды.

   Сонымен, ең алдымен тарих  философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның саяси- құқықтық ұйымдасуы туралы ілімдердің орасан зор ықпалын философияда пәндік тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағының бөлініп шығуына алып келді. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және фундаменталды заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен жэне жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдардың принциптері және логикасы, заңдылықтары және ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

  Баспа ісінің қарқынды дамыған  қазіргі жағдайында әлеуметтік  философия пәніне қатысты жазылған  оқу кітаптары мен құралдардың  өте молдығына сілтеп, аяқтауға  да болар еді. Және мұның барысында  әр түрлі авторлардың пікірлерінің  қай мәселелерге байланысты әр түрлі пікірлерге сай қайшы келетінін де талдауға болар еді. Алайда, мұны іске асыру әрбір оқырманның өзінің де қолынан келеді.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдарының (Н.А.Бердяев, И.А.Ильин, П.А.Флоренский, С.Н.Булгаков және т.б.) пікірлерін атап өткен жоқ. Осылардың қатарына жатқызуға болатын С.Л.Франктың (1877-1950) әлеуметтік философияға қатысты пайымдауларына кеңірек тоқталайық.

1929 жылы ол өзінің негізгі  шығармаларының бірі - "Қоғамның  рухани негіздері" атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: "... әлеуметтік философия мәселесі - бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді". С.Л.Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап берудің төңірегінде:

1)   "Қоғамдық өмір" деген не?

2)   Адамның өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты не?

3)   Адам өзінің қоғамдық болмысының формасын құра отырып неге ұмтылады жэне неге жетуі мүмкін?

4)  Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?

5)    Қоғамдық өмірдің жалпы өмірдің негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?

Оның айтуынша әлеуметтік философия - "қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін" зерттеумен айналысатын философиялық таным. "Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады".

Енді осы келтірілген пікірлерде өзіміздің философиялық білімнің құрылымы туралы көзқараспен және схемалармен біріктірейік. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық "әлемдерінің" - тарих, мэдениет, дін, саясат, құқық экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық білімнің саласы.

   Бұған әлеуметтік философияның  әлеуметтік құбылыстар мен процестерді  танудың теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымымызды қосайық. Және ақырында С.Л.Франктың анықтауынша әлеуметтік философияның зерттеу аймағы - қоғамдық өмірдің мәні, оның адамның индивидуалды өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылықтық қырларының жалпы өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, "әлеуметтік философияның" көпқырлы, көпөлшемді "түпкілікті формуласын" тауып және оның тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда немен айналысатынын біле аламыз.

    Бұл "формуладан" шығатыны - әлеуметтік философияның функцияларын  тек философиялық жүйеде ғана  емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық  білімнің жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әрине, әлеуметтік философия бойынша оқу және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық функция атқаратынын бекітуге болады, өйткені ол "әлеуметтік әлемді" бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде "оны жаратады да". Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің "картинасы", оның бейнесі ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Екіншіден атқаратыны - методологиялық функция. Оны әлеуметтік философия пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялык бағдарлар мен жалпы философиялык принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып аткарады. Олардың катарына, мысалы, диалектика принципі (тарихилык принципі, абстрактылыдан нақтыға өту принципі және басқалары) жэне синергетика принципі (бүтін, органикалық, өзін-өзі басқарушы және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің жүйелік-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді (мысалы, кешегі өткенде ғана ол "тарихи материализм" рөлімен көзге түсті).

Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да түсіндіру және интерпретациялау философиясы ретіндегі үлкен маңызы бар. Әлеуметтік философия мен "әлеуметтік философтардың" қазіргі жағдайы екі христианды еске түсіреді: біріншісі өз құдайына сыйына отырып, оны үнемі мадақтап отырса, екіншісі оған үнемі сұрақ жаудырумен өтеді. Әлеуметтік философияда да сол сияқты: біріншілері өзінің "құдайы" - қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетістігінен және прогресінен үміт күтсе, екншілері - "Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегі біздің болмысымыздың мәні неде?" - деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешімін іздейді. Бұлардың екеуінің арасындағы ұқсастық олар ең алдымен түсінуге ұмтылып, сонан кейін ғана "түсіндіруге" тырысады (ал Құдай болса өзін түсінуді емес, өзіне сенуді қалайды, бірақ қоғам Құдай емес қой!)

Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде нақтылықты тек "бейнелеп" қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бірнәрсені ашуға кабілеті бар, белгілі бір эвристикалык ерекшеліктерімен айрыкшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың кұндылықтың негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық функцияны атқарады. Оның ішінде белгілі дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік философия, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі кұндылықтық бағдарларын тәрбиелейді, қалыптастырады.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжаудың сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Сонымен, әлеуметтік философия, ең алдымен, тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялык негіздерін зерттеумен айналысатын философиялык білімнің бөлігі. Неге біз қайтадан оның тарихи қырына үлкен мән береміз? Өйткені, адамдардың қоғамдық өмірі де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттік-кұқықтық және әлеуметтік-мәдени өмірі де, ең алдымен Тарихтың ағымында өтеді. Ол біздің әлеуметтік болмысымыздың ерекше "үйі". Қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәні және мақсаты туралы барлық сұрақтар - бұл біздің тарихи болмысымыздың мәні, заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Дәл осы Тарихта, жэне тек Жерде ғана адамдар өз болмысының негізін жаратады, ол туралы ойды дамытады және барлық "методологиялық мәселерді" қарастырады. Оның үстіне бұл ілімдер, концепциялар, көзқарастар өздерінің қандайда бір тарихи уақыттың кезеңдеріне жатқызылғандықтарынан және олардың өткінші, өзгеруші сипаттарына орай белгілі бір тарихи өлшемге ие болады. Сондықтан да егер "Тарих философиясының лекцияларында" айтылған "философия - оймен ұсталып қалған дәуір" деген Гегельдің пікірін назарға алар болсақ, онда бұл пікір ең алдымен әлеуметтік философияға өте сәйкес келер еді.

Белгілі философ М.К.Мамардашвили өзінің лекцияларында былай деген: "әлеуметтік философия" деп аталатын пәндегі бар нәрсе - бұл әрқашанда ең алдымен "адам феномені", яғни біздің нақты өміріміз. Біздің бүкіл өміріміз - өзімізді "жинау", өзімізде адамды жинау. Біз ең алдымен өз өмірімізді "біз үшін пайымдалған қандай да бір бүтінге жинаумен" айналысамыз. Ал өзіңді "сөздердің шырмауынан шығып өзіңді өз санаңда игергенде ғана" белгілі бір "кеңістікте", " топоста" жинауға болады.

Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлердің шырмауынан шығып адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір "нағыз Сөзге" ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасының көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін "жинақтауға" деген саналы рухани жігері ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі "дәуірдің талабына" жауап іздеудің негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болатын теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.

Бұл бөлімді аяқтай отырып, кез-келген философиялық білімнің метафоралық білім екендігін ескерте кетейік.

"Метафора" деген не? В.И.Дальдің "Түсіндірмелі сөздігі" "метафораны" бөтен сөздеп түсіндіреді.

Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып философия адамдар әлеміндегі жүріп жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен бейнелеуге ұмтылады. Тарихи тұрғыда бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады.

Айталық Гегель дәуірінде әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын білдіретін "Сөз" "халықтар рухы", "еркіндік" ұғымдарымен байланысты болды. Маркс үшін қоғамның тарихи дамуының мәнін бейнелейтін метафора "қоғамдық-экономикалық формация" ұғымы болды. Біздің казіргі заман да мұнан қалыс қала алмайды. Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына "мэдениет", "өркениет", "этнос", "менталитет", "құндылықтар" ұғымдарын жатқызуға болады. Біздің пікірімізше қазіргі әлеуметтік философия негізінен мэдениет философиясы болып табылады.

Мұндай сапада ол өзінің өткен дамуы, принциптері мен методологиясының тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің барлық өзекті мәселелерін талдап және шешуге ұмтылады. Әрине, қазіргі бағдардағы өзгерістерді ескере отырып, әлеуметтік философия өзінің методологиялық "құмарлығын" заманға бейімдеп, төзімділігімен, икемділігімен көзге түседі. Бұдан онда қатаң концептуалдық позициялар мен басымдылықтар жоқ деген ой туындамауы тиіс. Бір нәрсе күмәнсіз және өзгеріссіз: заман мен нақтылықтың динамикасына байланысты әлеуметтік философияның "метафорлық бағдары" сапалы өзгергенімен, ол қоғамдық өмірдің онтологиялық негіздерін игеруге, ұғынуға және түсіндіруге бағытталған жүйелі, методологиялық және құрылымдық тұрғыда ұйымдасқан білім болып табылады жэне солай болып қала береді. Басқаша айтқанда әлеуметтік философия бұрынғысынша адамдардың әлеуметтік болмысының онтологиясы болып қала береді.

      Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және индивидуалданған адам болмысының мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің бүкіл комплексіне қатынасы бар екені де белгілі. "Әлеуметтік және индивидуалды болмысқа" тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да жэне т.б. кіреді. Тарихтың, мәдениеттің, экономиканың (шаруашылықтың) және т.б. "жеке философиялары" бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтау қиынға түседі.

Шындығында қиындықтар да, сұрақтар да бар. Алайда бұл мәселеге келгенде әлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дұрыс. Оның мәліметінше адамдардың әлеуметтік және индивидуалды болмысының әртүрлі қырларын зерттейтін бүкіл "жеке философиялар" тарихи тұрғыда қазіргі кезде "әлеуметтік философия" деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Бұл философиялық білімнің аймағы - тарих философиясы. Осы тұста "даналыққа құштарлық" ретіндегі философия түсінігіне қайта оралуымыз қажет. Бұл сөз тіркесіне текст және контекст тұрғысында көз жіберейік. Және де "тарих философиясы" деген сөз тіркесіне де назар аударайық. Онда тарих философиясы - бұл "тарих даналығына құштарлық" болып табылады. Бұл қандай "даналық?" Бұл, әрине, бір жағынан тарихтың өсиеті де, екінші жағынан өсегі де. "Мұның арғы жағында не жатыр"? деген сұрақ осы жерде интуитивті түрде (белгілі бір рухани күш-жігер сияқты интуициясыз да философиялық пайымдау мүмкін емес) пайда болады. Басқаша айтқанда, тарихи өмірдің құбылыстары мен оқиғаларының, барлық алуан түрлі айғақтар мен процестердің арғы жағында не жасырылған?

     Міне осы жерде  Тарих туралы философиялық пайымдау  тарихының өзі тарихтың заңдылықтары  туралы, логикасы туралы, қозғаушы  күші туралы сұрақтарды алға  тартады. Бұл заңдылықтар, осы логика, осы күштер бар ма? Әлде барлығы да хаостық, кездейсоқтық және жүйесіздік сипатта ма? Тарихтың қозғаушы күштерін, логикасын, заңдылықтарын және т.б. ашу және игеру - мұның бәрі "Тарих даналығына құштарлық" ретіндегі тарих философиясының пәндік аймағын құрайды.

 

 


Информация о работе Элеуметтік философияның пәні жэне анықтамалары