Болмыс философиясы. Материя

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 11:21, реферат

Описание работы

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды.

Содержание работы

1.Болмыс ұғымы
2.“Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3.Қозғалыс және қозғалыс формалары
4.Кеңiстiк пен уақыт

Файлы: 1 файл

Болмыс философиясы.docx

— 37.62 Кб (Скачать файл)

3. Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.

Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегiадамзат өзгерiстерi.

Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi.     Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.

Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.

Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.

Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады.  Гераклид

Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс

Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах

Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және абсолюттi болып келедi

Мәселе шешу: Немiстiң белгiлi жаратылыстанушы ғалымы Освальд энергетизм ф-ң негiзiн қалады. Мұнда, ол қозғалысты материядан бөлiп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетедi, ал энергия болса материя емес, ендеше материя ғайып болады дегендi дәлелдеуге тырысты.   

Осы заманғы кейбiр энгертизм ф-н  қуаттағысы келетiн ғалымдар да Е=мс формуласын өздерiнше түсiндiргiлерi келедi. Олардың пiкiрiнше, жарықтың жылдамдығы тұрақты коэфицент болғандықтан, бұл формула материя мен энергияның өзара баламалылығын бiлдiредi. Немесе олар электрон мен протонның фотонға айналуын (е +е >Ф) да материяның жойылып, ғайып болуы деп есептейдi.

Олар, қандай методологиялық қате жiберiп отыр?

Жауап: 1) энергия материядан бөлек, одан тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиетi, қозғалыстың сан өлшемiн бiлдiредi. Материя бар жерде қозғалыс та бар, ендеше энергия да бар. 2) бөлшектердiң фотонға ауысуы бар болғаны материяның бiр қалпынан, яғни заттық қалпынан- екiншi, өрiстiк қалпына өзгеруiн көрсетедi.

Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс).

Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады.

Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).

Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi,  теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ.

 

4. Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады. Философия мен ғылымда бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды. 1) субстанционалдық тұғырнама- көне грек атомистерiнең басталған (Евклид геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос құыс деп ұқты) кейiнгi ф-тар мен ғалымдар идеяларында жалғасын тапты, олар әлем жайында механистiк  көзқарысты ұстады – кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннаң кейiн қалатының бәрi. Ол- бос құыс, оның қасиеттерi қашықтықта созылу және өзiнде бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт- ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда болып және жойылып жататың бiркелкi ұзақтық.

Бұл концепцияда к/у материядан тыс, дербес субстанция ретiнде қарастырылады. Әсересе, мұндай көзқарас Ньютонның классикалық механиканың заңдылықтарын ашқаннаң кейiн, одан ары нығайта түстi.  Ол кеңiстiк пен уақыттың абсолюттiгiн мойындап, кеңiстiктi iшiнде заттар қозғалыста болатын, бiрақ ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма ретiнде қарастырады. Сөйтiп, материя мен қозғалыстың, қозғалыс пен кеңiстiктiң  және уақыттың бiр-бiрiмен байланыстары бiр-бiрiне тәуелсiз құбылыстардың сыртқы қатынастары сияқты сипатталады.

2) реляциондық тұғырнама- кеңiстiк пен ауқытты өзара әрекетте болатын, бiр-бiрiмен сондай-ақ табиғатпен немесе қандай да болсын объектiмен байланысты екенiн мойындайды. Бұл концепция өзiнiн дәлелiн Энштейннiң (саллыстырмалы теориясы), Лобачевскийдiн, Больяидiң, және Риманның (евклидттi емес геометрияда) алды.

Cалыстырмалы теория  кеңiстiк-уақыттық қасиеттернiң материалдық  объектiлердiн қозғалысына тәуелдiгiн  дәлелдедi, олардың геометриялық  қасиеттерi гравитациялық қыруарларына (салмақ) қоөғалыс жүиесiне себептiлiгiн көрсеттi (кеңiстiктiң шалыстық- қисықтық өзгерiстерiнiң уақыттың жылдамдығына немесе бәсендету- ақырындатуына). Евклидттiк емес геометрия бұл қасиеттердi ашып көрсетуге және кеңiстiктiң қисықтығының (оң, терiс) қатынасың айқындауға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар бұл теория қеңiстiктiк пен уақыттың үзiлмес байланысын айқындады. Басқалай айтқанда, кеңiстiктiң шалыстық өзгерiстерi (гравитациялық өрiсi) уақыттында барысы өзгередi(ол немесе ақырындайды, немесе жалдамдайды).

Ал философияда, кеңiстiк пен уақытты қалай түсiнедi?

Дүниенiңқұрылымдық қасиеттерiн, материалдық объектiлердiң және жүйелердiң, оларды құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа заттардың, денелердiң, құбылыстар мен процесстердiң арасындағы алатын орынын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңiстiк ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, кеңiстiк дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы, ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек өмiр сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiрне қатысты алғандағы орналасу тәртiбiн бiлдiредi.

Оның қасиеттерi: 1) ұзындық, қашықтықта созылу- әр объектi келесi бiр объектiнiн қасында орналасады, соған байланысты материяның құрылымы да айқындалады; 2) болмыстын (макро әлем) реалды кеңiстiктегi өлшемi- үш, осы үш өлшемдiк кеңiстiкте болмыстың шексiздiгi мен таусылмастығы өз көрiнiсiн табады. (бiрақ, қазырғы ғылымда микро- немесе мега әлемде кеңiстiктiн басқада өлшемдерi бар екенi байқалады, мысалы оның тоғыз өлшемi болуы мүмкiн, сондықтан жаңа философия көп өлшемдi кеңiстiктердiн  жаңа матем-қ теорияларын қажет етедi);

3) бiртектiлiгi- кеңiстiкте нақты “белгiленгең” нүктелер жоқ; изотроптылық- кеңiстiкте барлық бар болатың бағыттардың теңқұқықтығы.

Кеңiстiктiң осы жалпы қасиеттерiнен басқа да жеке, спецификалық қасиеттерi де бар: симметрия және ассиметрия, олардың формалары ман көлемi, элементтер мен жүйелердiн арасындағы қашықтық, олардың шекаралары т.б.

Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының, үнемi өзгерiп, дамып, бiр күйге, бiр жағдайдан келесi жағдайға ауысып жататың процесстi уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы. Уақыт материалдық процестер өрiстеуiнiң жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының бiр-бiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.

Оның қасиеттерi: 1) ұзақтығы мен үздiксiздiгi заттар мен құбйлйстардың бiр-бiрiн ауыстырып, бiр-бiрiнен кейiн жүрiп, өз күйлерiн өзгертiп отыратындығын бiлдiредi (түн мен күн, жыл мезгiлдерi, бiр күнде адамның көнiл-күйi бiр нешерет аысып отырады); 2) бiр өлшемде ғана болу, санамен дiттелген (зафиксировать) оқиғаны басқа екi уақиғамен байланыстыруға болады, бiреуi алғашында болған ал екiншiсi одан кейiн. Сонда, дiттелген оқиға үнемi екi оқиғаның арасында болады. Мұнда оны белгiлеу үшiн бiр координата, бiр өлшеуш жеткiлiктi болады. Сондай-ақ, “бүгiн” дегенiмiз- бұл “кеше”мен “ертеннiң” арасындағы, басқалай болмайды. 2) керi қайтпайтыны, бұл уақытта болғанның бәрiн де еш уақытта керi қайтаруға болмайды. Ол тек бiр бағытта өтiп жатады: өткеннең- келешекке. Мысалы, қазырғы өркениеттi қайта алғашқы қауымдық құрылысқа қайтадан аударуға, қарияны қайта жасарту да мүмкiн емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

 

 

 

 

 

 

Болмыс философиясы. Материя

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         

 

                                                                                              Орындаған:Темірхан А

                                                                                                Тексерген:  Сембиева М     

                                                                                                   Факултет:  МІ 001-02                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Болмыс философиясы. Материя