Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 13:47, реферат

Описание работы

Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

Содержание работы

Кіріспе;
Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті;
Қазақ халқының ақын-жырауларына Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды жатқызамыз;
Қорытынды;
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

казак философиясы.pptx

— 750.81 Кб (Скачать файл)

Қазақ философиясы

 

     

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ  АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

                                                                   СӨЖ                                                                                                                

   

 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

Орындаған :Сләмханова С.А.

Факультет :  Фармация                    

Топ: 002-2

Курс:2                                          

 

 

Алматы 2013 жыл

Жоспар:

 

  1. Кіріспе;
  2. Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті;
  3. Қазақ халқының ақын-жырауларына Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды жатқызамыз;
  4. Қорытынды;
  5. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

       Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. 

          ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. 

     Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.  
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған. .  
    Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады. 

            XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:  
 

  
Алаң, алан, алаң жұрт  
Аққала ордам қонған жұрт. 
Атамыз біздің бұ Сүйініш  
Күйеу болып барған жұрт.  
Анамыз біздің Бозтуған  
Келіншек болып түскен жұрт.  
Қарғадай мынау Қазтуған  
Батыс болып туған жұрт.  
Кіндігімді кескен жүрт…  
Қайран да менің Еділім! 
Қайран да менің Еділім!

  Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.  
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. «Телағыс» жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.  

     Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан. 

    Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.  
    Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа: 

  
Айырдан туған жампоз бар,— 
Жүгін нарға салғысыз.  
Арғымақтан туған будан бар,— 
Күнінде көрінім жерді алғысыз.  
Жаманнан туған жақсы бар,— 
Адам айтса нанғысыз. 
Жақсыдан туған жаман бар,— 
Күндердің күні болғанда  
Бір аяқ асқа алғысыз. 

    Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:  
  

Жығылғанды тұрғызсаң,  
Жылағанды уатсаң,  
Қисайғанды түзетсең,  
Төңіріңнің үйі көбені,  
Сұлтан ием, 
Қарсы алдыңнан жасапты. 

   Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. 

     Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей ме», «Қоғалы көлдер, құм, сулар», «Айнала бұлақ басы тең…» т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады. 

     Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, кұм, сулар», «Азау, Азау дегенің», «Айналайын Ақ Жайық», т. б. өлеңдері белгілі.  
 

  
Айналайын, Ақ Жайық,  
Ат салмай өтер күн қайда?  
Еңсесі биік боз орда 
Еңкеймей кірер күн қайда? 
Қара бұлан терісін  
Етік қылар күн қайда?  
Күдеріден бау тағып,  
Кіреуке киер күн қайда?  
Күмбір-күмбір кісінетіп  
Күреңді мінер күн қайда? 

     Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді. 

   Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар: 
“ Тәуке хан мемлекет шаруасын Шығыс дәстүрімен жүргізіп, күз бен  
қыста мемлекет ішіндегі ғалым, білімдар адамдарды, діндарларды, сал-серілерді хан ордасына шақырып алып, кеңес құрады екен. Ел сыйлыларынан халық жағдайын, жұрт аузынан сыр тартып, біліп отырады екен. Қайтарда бәріне сый-сияпат беріп, үлкен қошемет керсетеді екен. Сондай бір жиында қонақтар ас ішіп болғаннан кейін, хан бір сауал кояды: «Дүниеде не нәрсе өлмейді, соны тауып беріңдер», — дейді. Сонда біреулер: «Тау өлмейді», енді біреулер: «Су өлмейді», енді бірі: «Аспандағы жұлдыз өлмейді», — дейді. Төрде піл сүйегінен жасалған биік тақта отырған патша «таптың» демеген соң, жұрт тосылып қалады. шешіп, Бұқардың иығына жапқан екен

Сонда ширығып отырған Бұқар: «Алдияр тақсыр, мен тауып берейін», — деп сөйлеп кетеді: 

  
Асқар таудың елгені — 
Басын мұнар шалғаны. 
Көктегі бұлттың өлгені — 
Аса алмай таудан қалғаны. 
Ай мен Күннің өлгені — 
Еңкейіп барып батқаны. 
Айдын шалқар өлгені — 
Мұз болып тастай қатқаны.  
Қара жердің өлгені — 
Қар астында қалғаны.  
Өлмегенде не өлмейді — 
Жақсының аты елмейді, 
Ғалымның хаты өлмейді.  
 

Сонда тақта маңғаз отырған хан Тәуке иығына жамылған қамқа тонын кигізеді.

     Бұқар жырау Абылай ханға қоғамдық пікірді айта білген. Бұл ханға бұқараның ойын біліп, ел ішінің ахуалын тануға, күнделікті һәм күрделі қаракет қимылдарының оң-терісін бағамдап отыруға әрі алдағы ісін бағдарлауға ой салып отырған.

    «Ай, Абылай, Абылай»-лап бетті ханға басқаның тілі жетпес ел сөзін Бұқар ғана айтқан. Бұқар сөзі ел сөзі болғандықтан да халық жадында сақталып, бізге жеткен. Абыз жыраудың дана қартқа лайықты ғибратты сөздері бүгінгі ұрпаққа да ой салардай мағыналы.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Әлемдегі көптеген өркениеттердің арасынан қазақ философиясы мен мәдениетін бөліп алудың да себебі бар. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ философиясының ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – феникспен теңеуге болады.

Әлемде өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда философия мен мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі. Шын мәнінде философия әмбебапты дүниетаным және оның рухани тамырлары дүниежүзілік сұхбат аймағынан нәр алады. Бұл тұрғыдан алғанда Платон мен Аристотельді, Бэкон мен Спинозаны, Кант пен Гегльді білу арқылы біз әл-Фараби мен Абайды терең түсінеміз.

Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. ХХ ғасыр шығыс пен батыс философиясының компаративистік тәсілделуі арқылы ұлттық философияның ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның ерекшеліктерін зертеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой кешу үрдістері – А.: 1994

2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001 – 272 б.

3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы

4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.

5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.

6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.

7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы – А.: 1996, 168 б.

8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985

9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001 – 378 б.


Информация о работе Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті